Ақпарат және информатика туралы реферат

0
43

Тақырыбы: Ақпарат және информатика

    XXI ғасырдың бас кезіндегі адамзаттын даму процесі информатикалық қоғамның қалыптастыруымен  ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өндеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа айналып, ”ақпараттық мәдениетті қалыптастыру” яғни мәлімет өндеу мен оны тасымалдау ісін атқару болып табылады. Бұдан былайғы жалпы инфроқұрылым информация жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтаитын болады. Сондықтан біздін елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуі оның бір ойғағы ретінде Қазақстан Республикасының “Ақпараттандыру туралы” занының (8.05.2003.ж. )шыққаның айту жеткілікті шығар. Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет жәнежурнал оқығанда, радио тыңдап, ата аналармен достарымызбен әңгімелескенімізде әр түрлі информация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің,алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі-жұмыс істеу, оқу және ойнау-информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, ойнала ортамызда болып жатқан оқиғалар мен тығыз байланысты болады. Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы даберіле бастады.

    XVғасыр мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығаруісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. XIX-XX ғасырдағы телеграфтын,  телефонның, радионың шығуы информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ дүниеде не болып жатқаның біліп, кино, спектакілдерді көріп, оқып үйрену бағдарламалардың толық жүзеге асыра алатынкүйге жеткізді.                                                                                                         

  “Информация” термині латынның түсіндіру,баяндау,білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның “Information” сөзі немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, сонын негізінде белгілі бір ой түйеміз.    

     Информация-белгілі бір нәрсе (адам,жануар,зат,құбылыс ) туралы танбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағұлматтар. Информацияның түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін-дәлдігі мен толықтығын бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.

     Информация істін ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер информация оны түсінуге және белгіле бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Информацияның толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындылуы мүмкін. Информатика-ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оныпайдалану зандылықтары ментәсілдерін зерттейтін жана ғылыми пән.

    Информатиканы оқытудың маныздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принцептерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату зандары мен тәсілдері туралы түсініктер береді. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып,олардың даму процесі үздіксіз ғылыми техникалық прцеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өндеу, жинау және беру тәсілдері де күннен-күнге толып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен-күнге күрделеніп барады. Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан “Информация” ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі. Бұл күнде ЭЕМ информацияны өндеудің ең негізгі құралы болып саналады.

   70-жылдарда электрониканың дамуы комьютердін жана түрін жеке пайдаланатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға  жол

ашты. Олар қазірде мектептерде, институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда кенінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарды пайдалануға болады. Ең алдымен ЭЕМ-дер автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстіне, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын жана машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу машиналары “адамсыз” жұмыс атқара алатын өңдіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау, дайындау және өндеу жұмыстарын онайлатып,жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау, дайындау және өндеу жұмыстарын онайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. ЭЕМ-дер мектептерге де келе бастады, олар физика, математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып үйренуге үлкен көмек береді.      

   Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т.б. Қоғамның даму кезендерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар: қимылдар мен мимика тілі, сызу-сурет тілдері, музыка тілі мен сөйлесу тілдері т.б.  Адам үшін ақпарат қажетті.

   Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы-Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейінтолғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады. Көне Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінеді: брахмандар, кшатрилер, вайшьялар және шудралар. “Варна” сөзі  “түс, қабық, бояу” дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болады. Варна-тұйық жуйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатан сақталынды. Мысалы, некелік қатынастартек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен айналыса алады. Брахмандар-ой еңбегімен, кшатрилер әскери істерімен, вайшьялар-жер өндеумен, қолөнермен және  саудамен, ал шудралар-қара жұмыспен шұғылданды. Кейінірек көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы роль атқарады. “Веда” сөзі “білім” дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгенршілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді философиясының терминалогиясы шым-шытырық, ұғымдары аударуға қиын, бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді және оның себебін үнді еліндегі ойлау жүйесінен мүлдем бөлектілігімен оны белгілі бір логикалық жүйеге келтірудің мүмкін еместігімен түсіндіреді.  Бұл пікірмен келісуге болады. Шынында да әр халықтың өмір салты, дүние туралы түсінік-ұғымдары, пайымдау тәсілі әр түрлі. Сол себепті бір халықтың өз тілінде қалыптасқан философиялық ұғым-категориясын екінші халықтын тіліне аударып, терең мағынасын жеткізу көбіне қиынға соғып жатады. Мысалы: қазақ халқының адам, өмір, қоғам, табиғат туралы тамаша дүниетанымдық ойларын білдіретін ұғымдардыды орыс тіліне аудару оңай іс емес, аударған күнде  де олардың өзіндік терең мазмұнын, ұлттық сипатын дәл жеткізу көбіне мүмкін болмай қалады. Дегенмен де ежелгі Үнді философиясының негізгі ұғымдарының мазмұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық. Архат-“Жауды женуші” деген мағына білдіреді. Атаман-бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар:”мен”, ”өзімді”, ”дене”. Бірақ атаман ұғымының ең басты мағынасы –индивидуалдық болмыс ретіндегі “адам”.

    Брахман- бірнеше мағынаға ие ұғым: 1 абыздар кастасының, брахмандардың өкілі, 2 абыз, 3 қасиетті мәтіндер, 4 құдай, 5 субстанция. Будда-нұрланған, оянған деген мағына береді.

    Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, мандай алды ақын екені, тандаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен денгейлес тұрғаны-білген адамға айқын  шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қалын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнынан ерекше болуы тегін

емес. Ұлы ақынды заман туғызады дейміз. Бұл ап-айқын, үйреншікті қағида көрінгенімен, зер салып қарастыруды қажет ететін күрделі мәселе. Абай қазақтын жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарына аса қуатты және сан қырлы. Ол-

керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Абай поэзиясы ақын өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді, жан-жақты, барынша толық бейнелеп берді дейміз. Бірақ ақын творчествасы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, ұғым-түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқаннын, түп-тамыры арада жатқаның ескерсек, Абай поэзиясы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезенді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді дегеніміз жөн. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік, моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық, еңбексуйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа, жауыздыққа, екі жүзділікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәнін жаймантындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен халықтын ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жанғырып беретінін ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шындығын танып-білуге үлкен себебін тигізе алатынын мойындауымыз керек. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-84 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ақыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы 4 класты орысша-қазақша училишеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте, білім алады. 1895 жылдың 1 июнінен бастап: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тірлік, күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1913-1918 жылдар арасында “Қазақ” газетінде редактр болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады.

Қолданылған әдебиеттер: 

1Жана информациялық технологиялар

(Балапанов Е.Қ.,  Бөрібаев Б.Б. Дәулетқұлов А.Б.) 

2 “Философия тарихы”

(Н.Алтай., А.Қасабек., Қ.Мұхаметали.) 

3 Философия тарихы (Г.Ж.Нұришева.) 

4 Ахмет Байтурсынов Ақ Жол 

5Абай өлендер мен аудармалар. М.Әуезов атындағы       әдебиет немесе өнер институты.