Антропогендік ландшафт туралы реферат

0

Тақырыбы: Антропогендік ландшафт

Тірі ағзалардың жағдайының өзгерісіне байланысты дамып, жетіуін эволюциялық даму дейді. Ол тірі организмдердің экологиялық жағдайына бейімделіп сұрыптау процесі арқылы жүзеге асады. Экологиялық жағдайға бейімделу тірі организмдердің барлық ерекшеліктері мен қасиеттерін ұрықтану, төлдеу, көбек таралу ерекшеліктерін, формасыон түсіну, физиологиялық әрекетін, мінез – құлқынт.б. толық қамтиды. Атап айтқанда суық белдеудің өсімдіктері жатаған, жануарлары түкті, құрғақ белдеудегі өсімдіктер жапырақсыз ал жануарларының терісі мүйізденген болады. Тірі организмдердің ортаның экологиялық жағдайына бейімделуі табиғат ырғақтығына да байланысты. Мысалы, Қазақстам территориясында маусымдық өзгерістер айқын байқалады. Сондықтан өсімдіктер де, жануар-лар да жылдын жылы мезгілдерінде өнім беруге, суық мезгілдерінде бойына сіңірген нәрін, жинаған азықтық қорын үнем етіп, тіршілігін жалғас-тыруға өніп — өсуге, көбеюге бейімделген.

Чарльз Дарвин дамытқан эволюциялық теория бойынша өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің өзгергіштік қасиеті болады деп қарастырады. Олардың өзгергіштік қасиеті ортаның экологиялық жағдайының әсері мен тірі ағзалар мүшелерінің және олардың әрекеттерінің арасындағы корелляциясына (өзара байланыстылығына, арақатынастылығына) байланысты болады да, бір түрдін  өзгерісі екінші түрдің өзгерісін туындатып отырады. Мы­салы, климаттың өзтерісіне байланысты тас көмір дәуірінде құрлық беті өсімдіктері жетіліп, ормандар өсті, осыған орай құрлық бетінде бауырымен жорғалап жүріп тіршілік етуші жануарлар ағаштан ағашқа секіріп, одан ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделген. Демек, бауырымен жорғалаушы жануарлардың прогресті бағыттағы дамыған өкілдерінен орман ландшафты сына бейімделіп сұрыпталған құстар (Архиоптерикс) пайда болған. Алайда сұрыпталу процесі нәтижесінде жаңа түрлердің пайда болуы тірі ағзалардың тұқым қуалау-шылық қасиетіне байланысты.

Тірі ағзалардың өніп — өсу, тіршілік ету әрекеті орталық экологиялық         жағдайына тікелей байланысты болғанымен, олардың да соңғыларға тигізетін қарсы әрекетін ескермеуге болмайды. Тірі ағзалардың эволюциясы аз да болса айналадагы органын экологиялық жағдайын өзгертеді де, белгілі бір межеден өткен сон, ландшафтының, тіпті ландшафт сферасының тұтас бетіне қатысты жаңа сапаларға ие болады. Планетадағы тіршіліктің пайда болуы жер беті ландшафтысының құрамдас бөліктер санын көбейтіп қана қойған жоқ, сонымен бірге ландшафт сферасын құрайтын ауа қабатын бос өттегі, көмір қышқыл газы сияқты заттармен, жер қыртысын органогенді шөгін-ділермен толықтырады, құрлық бетінде жер бедерінің органогенді морфо-мүсіндік кешенін түзеді. Тіпті, осы кездегі жер бегі ландшафтысының құры-лымын неоген — антропоген дәуіріндегі биогикалық факторлардың туындысы деп қарастыруға болады. Өйткені палеогеографиялық зерттеулер неогенге дейінгі жер беті ландшафтысының зоналық құрылымының өте қарапайым-дығын, ал бөліктік (секторлық) ландшафтысы жүйесінің бөлінбегенін дәлел-деп отыр. Биотикалық факторлардық органы бейімдеуін адам әрекеті нәтиже-сінде байқалатын ландшафт өзгерістерінен айқын көруге болады.

Адам мен табиғат арасындағы өзара әрекет әр уақыгта да күрделі бір ғылыми проблема болып қала бермек. Адам іс — әрекеті техникалық прогрестін, артуына байланысты соңғы кезде ландшафтынын әсер етуші өте күшті факторлардың қатарына қосылуда.

Антропогенді процестердің қарқыны да, аумағы да күн сайын артып келеді. Қазір жер бетінде адам әрекетінің тікелей және жанама әсерлері тимеген бірде — бір ландшафт жоқ. Көптеген ландшафт адам әрекетінің, нәтижесінде табиғи қалпын өзгертіп, антропогенді ландшафтының тобын құрастыруда. Мысалы, Алматы қаласының маңындағы бау — бақшалар мен техникалық дақылдар бұрынғы құлазыған шөл далаға орналасқан. Олар қазір өте көп өнім береді, табиғи жағдайымен салыстырғанда биомассасы 250-300 есе артық, басқаша айтқанда, бұрынғы қара жұсамды шел дала жылына 2-3 ц ғана өнім берсе, оның орнына етілген қызылша тәлімдері тек  қазір 300-4О0 ц өнім алынады.

Адам әрекеті ландшафтыны құрайтын құрамдас бөліктердің, бәріне бірдей әсер етпейді. Антропогенді факторлар лаидшафтынық геололиялық негізін, жер бедерін, климаттың басты элементтерін түбірлі өзгерте алмайды. Адам әрекетіне байланысты, негізінен, ландшафтының өзен жүйесі, жылу және ылғал балансы, топырақ, жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзгереді. Бірақ адам әрекеті тоқталысымен, ландшафт табиғи жағдайын қалпына келтіруге тырысады. Бұдан антропогенді жолмен қалыптасқан туындылы ландшафтының, да территориялық табиғат кешендер қатарына жататындығын  тусіну қиын емес.

Антропогенді фактор нәтижесінде жаңа сипатқа ие болатын ландшафт құрамдас бөліктертерінің, тұрақтануы ортаның экологиялық жағдайынан үйлесім тапқанда ғана байқалады. Олардың құрамдас бөліктер тізбегінен орын алуы тарихи жағдайлармен ландшафтының өздігінен да­му ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Мысалы, 1859 жылы Австралия, жеріне Еуропадан алып барған қояндар, 1935 жылы біздің елге Америкадан әкелген ондатралар жані жерлерден қолайлы мекен тауып, ландшафт құрамына араласып кетті. Ал өткен ғасырдың 50-жы дарында Воронеж жерінен келген орыс шаруалары жерсіндірген Алматының апорт алмасы қазір сапасын қайта түлетуді қажет етуде.

Антропогенді фактордың тікелей әрекеті көбіне ландшафтының морфологиялық құрылымдық бөліктерінің өзгерісінде тез байқалады. Ондай құбылыстар мен процестерге жер бетінін, жыралануын, топырақ жамылғысының шайылуын, құм шағылдардың көшпелі құм жондарына айналуын, т.б. жатқызуға болады.

Жанама әсер ететін адам әрекеті негізінен ландшафт құрамдас бөлікті байланыстарын бұзады, Олар алғашқыда көзге көрінбейтін табиғат құбылыстарын қоздырады да, ұзақ уақыттардан кейін ғана нәтиже береді. Көпшілік жағдайда ландшафтының қалпына келмейтін өзгерісін тудырады. Ф.Энгельс «Табиғат диалектикасы» деген кітабында: «Месопотамияда, Грецияда, Кіші Азияда және басқа жерлерде егістік жер таппақ болған адамдар орман ағаштарын тұп-тамырымен қопара қазғанда, осы арқылы өздерінің бұл елдерді ормандарымен бірге ылғалды жиын, сақтайтын орталықтарынан айырғаны, бұл елдердің қазіргі тып-типыл қалыпқа түсуін бастап бергені түстеріне де кірген жоқ», — деп жазған. Кітапта: «Альпілік итальяндар таудың теріскей беткейінде мұқият сақталып күтілетін қылқанды ағаштарды.., кесіп тастағанда, олар осы арқылы өз аймағында биік тау баурайларындағы мал шаруашылығының тамырына балта шабамыз деп ойлаған жоқ, олардың мұнан да бетер бір болжай алмаған нәрсесі — олар осы арқылы өздерінің таудан шығатын бұлақтарын жыл ішінде көп уақыт бойы сусыз қалдырды» , — деп адам әрекеті мен табиғат құбылыстарының бір-біріне өтулері арқылы әсер ететінін өте нанымды тұжырымдады.

Ландшафтыны пайдаланудағы аһам әрекетінің жағымсыз жақтарын кейбір елдердегі жер өзгерісінен жиі байқауға болады. Мысалы, Вьетнам жерінің ландшафтысы 1965—1971 жылдары Америка Құрама Штаттары бом-балауынан айтарлықтай зардап шекті. Онда тасталған бомбалардың жалпы салмағы 6,2 млн. т-ға жетіп, диаметрі 9, терендігі 1,5 м-лік 21 млн. апан-шұңқыр пайда болған. Мұнымен бірге гербицидтерді пайдаланудың нәтижесінде Оңтүстік Вьетнамның 540 шаршы мильдей жеріндегі орман ағаштары біржолата жойылып кетті. Бұл мысалдан осы кездегі ғылыми-техникалық прогрестін, дамуына байланысты ландшафтының құрамдас бөлік аралық байланыстары мен морфологиялық түзіліс құрылымының, қарқынды түрде қатар күрделілене түсетінін айқын сезуге болады.

Тарихи деректер антропогенді фактор ізінің миллиондаған жылдармен есептелетінін дәлелдеп отыр. Ол техникалық прогрестің өзгерісіне байланысты бірпеше дәуірді қамтып келгеи. Алғашқы техникалық прогресс оттың пайда болуынан басталды. Ал оған дейінгі антропогенді өзгеріс адамның табиғат байлықтарын даяр өнім түрінде жинауына ғана байланысты болғандықтан, биотикалық фактор дәрежесінен асып кете алған жоқ.

Оттын, пайда болуы адам әрекеті мен табиғат арасындағы қатынастарды шиелеиістіріп, ландшафтынық антропогенді жолмен дамуындағы алғашқы дәуіріне есік ашты. От адамға табиғи заттарды бір сападаң екінші сапаға өзгертуге, еңбек өнімділігін арттыруға көмектесетін құрал-сайман жасап алуға, суық күндері жылынуға, жыртқыштардан қорғануға көмектесті. Отты сендіріп алмау үшін отын қорын жинауға тура келді. Отын қоры алғашында тоғайдан ағаш дайындау арқылы жиналын,» кейіннен шымтезек, көмір, мұнай және жанғыш газ өндіру арқылы толықтырылатын болды. Осылай отын қорын өндіру, жинау мақсатымен істелген әрекеттерден орманды алқаптар мен кенді жерлердің, ландшафтысы өзгергені сөзсіз.

Ландшафтының антропогенді дамуының екінші дәуірі техникалық прогреспен байланысты. Машиналы техника көлік байланысын, егістік, жайылымдық және шабындық жерлерді өңдеуді, кен өндіру жұмыстарын игеруді, т.б. планетарлық аумаққа дейін көтерді де, техникалық процестердің қарқының арттырады. Бұл процестер ландшафтың түзілістік құрылымының қайта түзілуімен бірге ауа, су, жер беті жыныстары, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі, жылу, ылғал, т.б. материалдық заттар балансының, аймақтық өзгерісіне әсер етті.

Химиялық заттарды халық шаруашылығында пайдаланудан антропогенді ландшафтының үшінші даму дәуірі басталды. Халық шаруашылығын химияландыру барысында егіншілік минералды тыңайтқыштармен тыңайтылып, егістік дақылдардын, өнімділігі артты. Пестицидтер, гербицидтер, ДДТ, т.б. химиялық заттар арамшөптер мен зиянкес жәндіктерге қарсы курес үшін пайдаланылды. Осылайша халық шаруашылығын химияландыру ландшафтының, химиялық және биохимиялық процестерінін, ырғағына күрделі өзгеріс енгізді. Соның нәтижесінде ғылым өндіргіш күшке айналды.

Атом энергиясын пайдалану жер шары ландшафтысының дамуындағы антропогенді фактор әрекетінің тари­хи бетін ашты. Оны халық шаруашылығында тиімді пайдаланған жерлерде күн, су, отын энергия қорлары үнемделіп, оларды пайдалануға байланысты болатын табиғаттың, регресті өзгерісі тежелді, ландшафтының құрамдас бөлік аралық тепе-теңдігінің сақталуына қолайлы жағдай туды. Алайда атом энергиясын пайдаланудын, оң көріністері кең етек жая алмай отыр. Көпшілік жағдайда, оны со­ғыс ісінде пайдалану көзделуде.

Ғылыми — техникалық революцияның, өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы және медицииадағы барлық жетистіктері, бір жағынан халықтардың саные өсірді. Егер жер шары халықтарының саны ауыл шаруашылығы дамығанға дейін небары бірнеше ғана миллион болса, 1980 жылы 5 млрд. болды, ал 2000 жылы 6,5 млрд-қа жетпек, басқаша айтқанда, алғашында әрбір мың жыл сайын 2% өсетін халық саны қазір жыл сайын 2%-тен де артық өсетін болды. Екіншіден, ғылыми — техникалық революция нәтижесінде геометриялық прогреспен өскен антропогенді фактордың қарқыны еселеп артты.

Тарих беттерін ақтарғанымызда палеолит дәуірінде адамдар тонтанып жүріп, аңшылық пен тағамдық өсімдіктерді теруді кәсіп еткенін көреміз. Аң аулауда жер өртеу әдісін жиі пайдаланған, соның нәтижесінде дуниежүзілік орман алқабының ареалы тарылған, жиі ауланатын ма­монт, жабайы түйе, жылқы сияқты жануарлар жойылып кеткен.

Неолит немесе жақа тас дәуірінде мәдениет артты. Неолит кезеңі қыш ыдыстардын, пайда болуымен басталып, металлургияның өмірге келуімен аяқталды. Неолит мәдениеті тараған аймақтарда алғашқы таптар мен мемлекеттер пайда болды. Халықтар аңшылық, балық аулау, мал бағу, егін салу кәсіпшілігімен айналысты. Казақстанда неолит қоныстары Жезқазған, Шығыс Қазақстан, Көктал, Байқадам, Үшбұлақ, Бүркітті жерлерінде табылған. Халықтардын, кәсіпшілігінің күрделіленуіне байланысты неолит дәуірінің өзінде-ақ осы кездегі антропогенді ландшафтының, негізгі түрлері түзілген болатын. Нақтылы әлеуметтік жағдайлар олардық бір сападан екінші сапаға өтуіне мүмкіндік туғызып отырған.

 

Антропогенді фактордың, әрекет ету көлемі, қарқыны халықтардың, орналасу тығыздығына, өндіріс құралдары мен өндіріс қатынастарына, т.б. әлеуметтік жағдайларына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді. Жер шары ландшафтысын адам әрекетінің әсеріне қарай төртке бе­луге болады:

  1. Адам аяғы баспаған табиғи ландшафты. Мұндай ландшафтыға Арктика, Антарктика және биік таулы белдеудегі адам қоныстанбаған жерлер жатады. Бұл жерлердегі ландшафтының, құрамдас бөлігі де, морфологиялық түзіліс құрылымы да табиғи фактордын, әрекетіне ғана байланысты дамиды.
  2. Адам әрекетінен көп өзгермеген ландшафты. Ланд­шафтынын бұл тобына тундра, тайга және шөлді аймақтарды жатқызуға болады. Бұл жердерге халықтар сирек қоныстанған, әзірше табиғат байлықтарын сарқа пайдаланудағы, қажеттілігі жоқ. Сондықтан ландшафтының құрамдас бөлік аралық тепе-теңдігі бұзылмаган.
  3. Адам әрекетінен бұзылған (дигрессияланған) ланд­шафты. Ландшафтының құрамдас бөліктер байланыстары жан-жақты зерттелмей табиғат байлықтары сарқа пайдаланылған жағдайда аңызақ, сел, індет сияқты дүлей құбылыстардан жер жыраланып, топырақ тұзданады, шабындықты арамшөп басады, жолдар мен жер азады, т.б. Дигрессияланған ландшафты жері тиімді пайдаланылмаған географиялық белдеулер мен табиғат зоналарының барлығында кездеседі.
  4. Адам әрекетіпен түлеп, қайта түзілген ландшафты. Ландшафтының құрамдас бөлік арқылы немесе құрылымдық түзілу байланыстары жан-жақты зерттеліп, табиғат байлықтары толығымен халық шаруашылығы айналымында тиімді пайдаланылған жерлерде адам әрекеті ғылыми негізде жоспарланады да, ландшафтыны түлетіп, биологиялық зат айналымын, түсімділігін арттыруға, жылу, су, минералды заттар балансын тепе-теңдестіруге, жерді аздыратын жел, су эрозиясы сияқты дүлей құбылыстарды болдырмауға бағытталады, басқаша айтқанда, жоғары өнімді мәдени ландшафттар тобы түзіледі. Олар ғылыми-техникалық революциянық туындысы. Мәдени ландшафтыларға шөбі шүйгін от жайылымдарды, түсімі мол шабындықтарды, егін жайларды, т.б. өнеркәсіпті агрокешендер мен рекреациялық (демалыс аймақтары) жуйелерін, орман алқаптарын, жасанды су жүйелері мен ылғалға қаныққан базистерді жатқызуға болады.

Антропогенді ландшафтысы табиғи ортамен үйлеспейтін географиялық кешендер қатарына жатады. Олардың зат айналымына қатыспайтын қалдықтардан тазаруы, түлеп жетілуі тек қана адам әрекетіне байланысты болады, өздігінен қалпына келе алмайды. Табиғи жолмен ұдайы дамып күрделене беретін географиялық кешендерге қарағанда, антропогенді ландшафтының, жас шағын болмысынан айқын ажыратуға болады.

Антропогенді ландшафтыны өзгертуші геоморфологиялық процестер, микроклимат пен жер беті, жер асты суының режимі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түрлері тез өзгереді. Мысалы, Қапшағай су қоймасынын салыныма байланысты көл жағасы небары 5—6 жылға жетпей-ақ халықтың демалыс орнына айналды. Құмдақ түбекшелерді су шайып, құмды қайрандар түзілді. Саздақты жерлерде су түбіне батқан топырақ жамылғысының биологиялық белсенділігіне байланысты гидрофильді белдеулер (құрақты, балдырлы фитоценоздар) қалыптасып, балық тіршілігіне қолайлы жағдай туды. Антропогенді ландшафтысы әбден жетілген шағында даму эволюциясының қарқыны кемиді. Оларды түзетін құрамдас бөліктер жергілікті жер жағдайымен сипатталатын зоналық, азоналылық факторлар әрекетімен үйлесім тауып, тепе-теңдік құрайды. Антропогенді ландшафтының қандай түрін болсын ұдайы жанғыртып отырмаса, бірте-бірте жойылып кетеді. Мәселен, республикамыздағы өткен ғасырларда гүлденіп көркейген Отырар, Сығанақ сияқты базистерді атауға болады, Олар моңғол шапқыншылығына байланысты жермен-жексен болып кеткен. Демек, жоқтан бар жасау қиын да, бардан жоқ жасау онай. Сондықтан ел игілігіне жұмсалып отырған егін жайлардың, саялы демалыс орындарының даму жолдарын ұдайы зерттеп, ерекшеліктерін танып-біліп, оларды азды­ратын табиғат құбылыстарына қарсы шара қолдану бүгінгі таңдағы ғылыми-практикалық мәселелер қатарына қойылып отыр.

Аса биік таулы аймақтардың ландшафтылары

 

Қазақстандағы аса биік тауларға Тянь-Шаньдағы Өгем, Талас, Қырғыз, Іле Сырты, Күнгей, Теріскей, Кетпен тау жоталары. Жоңғар Алатауындағы Қояндытау, Тоқсаибай, Тышқантау, Солтүстік Жоңғар Алатауы тау жоталары, Сауыр тауы, Алтайдағы Оңтүстік Алтай, Қатын тау жоталары жатады. Бұлардың тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы бір-біріне ұқсас Альпілік орогенезгс дейінгі жер бетінің бедері, қазіргі Сарыарқа сияқты жас қалқанды платформалық жазық болатын. Альпілік орогенез басталысымен жер қыртысы тектоникалық қозғалысының, белсенділігі байқалады. Атап айтқанда, жас қалқанды платформалық жазықтар жеке-жеке опырықты блоктарға бөлшектеніп, орқаш тау болып көтеріледі, топырықтары ойылып, төмен түсіп, тау іші және тауаралық жазықтарды қалыптастырады. Жер бетінің тектоникалық амплитудасы 3000—5000, 6000—7000 м-дей. Осылай; Қазақстан жеріндегі мезокайнозой кезендерінде тегістеліп жас платформалық жазыққа айналған ежелгі каледои және герцин қатпарлы тауларын альпілік кезеңіндегі тектоникалық белсенді бөліктерінде қазіргі қатпарлы-жақпарлы аса биік жаңа тау түзілген. Олардың, абсолют биіктігі (3000—4000 м, Хан тәқірі Қазақстанның ең биік нүктесі (6995 м). Аса биік таулар метаморфтаның тастанған қара, жасыл түсті тасты, кварцитті, гнейсті; мармерлеиген әктасты, құм тасты жыныстардап, гранитті, граиитоидты интрузиядан және жанартаулық эффузивтен түзілген. Жер бедері тектоникалық-эрозиялық, тектоникалық — денудациялық жолмен дамыған. Тектоникалық жарықтары бойынша тереқ шатқалдар тараған. Тay басында ұшқыр шындар жиі кездеседі, тау жота­лары көбіне қырлы болып келеді, беткейлері тік қиялы.

Қазіргі жер бедерінің дамуында жер қыртысының нео-тектоникалық қозғалыс қарқыны басылмаған, соның нәтижесінде жиі-жиі жер сілкіну болып тұрады. Есептеулерге қарағанда тау басы жыл сайын 5 мм-ге көтерілуде, таулардың кетерілуі мен денудацияланып тегістелу процестері қатар жүріп жатыр. Қазіргі денудациялық процестің ежелгі қатпарлы дамыған жерлері аз емес. Мысалы, Алтай тауындағы аса биік тау басындағы аридті-денудациялық жазықтар осылай түзілген. Мұнда таулы тундра мен жалаңаш кесек тасты тау басы ландшафтысы дамыған. Тегістелген тау басындағы жайлау, әсіресе Кетпен тау жотасында өте жақсы сақталған.

Аса биік тауларда климаттың, биіктік белдеулігі байқалады Климаттық биіктік белдеулер таудағы ауа массасы мен айналасындағы жазықтардағы ауа массасынын, тәу ліктік, маусымдық циркуляцияеына, ауа температурасының биіктік артқан сайын кемуіне, температуралық инверсияға, ауа фронттарынық күрделенуіне, ауадағы су буының конденсациялану және сублимациялану процестеріне байланысты қалыптасады. Әрбір 100 м көтерілген сайын ауа температурасы 0,5° — 0,6 -қа суынады, орташа, жылдық жауын-шашын 50—60 мм артады, өніп-өсу кезеңі 3,-5 күнге кемиді. Таулардың, биіктігі артқан сайын кли­маттың, қалыптасуына атмосфераның жоғары қабатындағы ауаның еркін жағдайдағы циркуляциясы басым әрекет етеді. Климат суытады, ауаның орташа жылдық температурасы 5°С-тан 0°С-қа дейін төмендейді. Температураның 10 С-дей жоғары жылдық жиыны 1000°С-дей, жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 5013—700 мм-дей болады. Жауын-шашын көбіне қар күйінде түседі. Жазы қысқа, мамырдын, аяғында басталып, тамыздық аягына дейін ғана созылады. Қыркүйекте ауа температурасы күрт төмендейді де нағыз күз бастааады, көп кешікпей қыс түседі. Түнгі суық, қысқа өніп-өсу кезеңі, күшті жел, т.б. ландшафт биоқұрамдас бөліктерінің дамуына қолайсыз әсер етеді. Алтайда 2600, Сауырда 3150, Жоңгар Алатауында 3200, Теріскей Алатауында 3450, Күнгей Алатауы мен Іле Сырты Алатауында 3560, Қырғыз Алатауында 3660, Талас Алатауында 3230 м-ден жоғары көпжылдық мүздықтардың шекаралары басталады. Табиғи ландшафтының биологиялық белсенділігі тоқталады. Көпжылдық мұздықтардан өзен суы бастау алады, өзен торы баршылық. Негізгі өзендеріне Ертіс, Лепсі, Ақсу, Қаратал, Іле, Шу, Талас жатады. Өэендері жазда (мұздықтар ерігенде) толысады. Өзен бастауынық тұйықтарында мореналы үйінділермен тосылып бөгелген көлдер   бар.   Олар   онша   үлкен   емес,   гидрологыялық режимдері мұздықтардың еруі мен қатуына байланысты қалыптасқан.

Аса биік таулардың топырақ, өсімдік жамылғысы жылу аз, ылғалы мол жағдайда дамыған Гумидті процеске қарағанда өсімдік қалдықтарының шала шіріп Қара қордаға айналуы басым. Тасты жыныстары төменгі температуралық ортада суыққа шыдамай жарылып, үгіледі, сөйтіп ол кесек тастардан тұратын топырақ, өсімдік жамылғысы жоқ жалаңаш тасты ландшафт белдеуін құрайды. Аса биік таулардың төменгі бөлігінде шымды топырақпен жамылған шалғынды далалы ландшафтылар тараған. Олар субальпілік белдеулерін құрайды. Аса биік таулардың жоғары бөлігінде тауы тундра мен нивальды және гляциальды ландшафт типтері дамыған.

Субальпілік шалғын тараған ландшафт белдеуі абсолют биіктігі 2200-2500 м-ден 2600-3200 м-ге дейінгі тау жоталары меи беткейлерінде орналасқан. Кәбіне теріскей беткейінде, тегістелген тау жоталарында дамыған. Субальпілік шалғын таулы шалғынды қара топыраққа өсетін түлкі құйрық, қазтамақ сияқты дәнді шөптесін топтары мен әр түрлі шөптесін құрайды. Таулы шалғынның қарсысындағы күнгей беткейдің таулы далалы топырағында бетеге, атқонақ сияқты дәнді шөптесін өскен далалы және күреқсе, елеңшөп өсетін шалғынды далалы белдеу тараған. Шалғында да, далалықта да арша ағашы өседі. Онық беткейді бекітудегі маңызы зор. Күнгей беткейде жартас нен қорымтасты үйінділер жиі кездеседі. Олар шалғынды далалы жайылымның кұнын төмсндетеді.

Субальпілік ландшафт белдеуін альпілік ландшафт белдеуі алмастырады. Оның абсолют биіктігі таудын, табиғат жағдайына байланысты болатын таулы аймаққа түскен ылғал мөлшері артқан сайын тау басынан етегіне қарай   төмендейді.   Альпі   белдеуі   Алтайда   2000—2500 Сауыр-Тарбағатайда 2500-3000, Жоқтар Алатауында 2200-3300, Тянь-Шаньда 3000-3700 м биіктікте тараған. Белдеудің күнгей жане теріскей беткейінде бірдей болмайды, айырмасы 1(Ю—200 м-ге жетеді. Бұл айырма ландшафт құрылымынан байқалады. Теріскей беткейде таза шалғын тараса, күнгей беткейде ландшафт кешені шалғынды-далалықтан құралады. Топырақ пен өсімдік жамылғысы жоқ жартас пен қорымтас та кездеседі. Алып белдеуінің жер бедері жас болын келеді. Мыстар, қия беткейлер, қырлы тау жоталары осы кездегі жер бедері кешенінің, негізгі пішіні болын саналады. Климаты    —    ауаның бос тропосфералық қабатындағы циркуляциясына байланысты қалыптасады. Сондықтап жыл боны қатты жел соғып тұрады қысы суық, ұзақ 8—10 айға дейін созылады, жазы салқын, Қысқа 1,5— 2,5 -айдан аспайды. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 800—1000 мм-дей, көбіне қар күйінде түседі. Қар жауған кезде ұйытқып соққап жел оны тез арада жер бедерінің, теріскей жағына үйіп тастайды. Ойыс пен шатқал тұйықтарына жиналған омбы қар кей жылдары еріп үлгірмейді. Алып белдеуінде қар көшкіні, сел тасқыны жиі болып тұрады. Топырағы көбіне саздақты жамылғысы бар жерде ғана дамыған, қара шіріндісі 15—20%-ке дейін жетстін шымды таулы балғынды топырақ тараған. Онша биік емес әр түрлі шөптесіпді-кобрезиялық шалғын өскен. Арасында дәрулік қасиеті бар өсімдіктер кездеседі. Шалғыны жазғы жайлау ретінде пайдаланылады. Тұз тағыларынан таутеке, суыр, барыс, ұлар, т.б, тіршілік етеді.

2900—3100 м-деп 3400—3800 м-ге дейінгі биіктікте таулы тундралы ландшафт бслдеуі орналасқан. Бұл — таулы-шымды жартылай шымтезекті топыраққа өскен жатаған шөпті көгал жұрнақтары бар ірі-ірі құздар. Таулы тундра өсімдіктерінің өніп өсу кезеңі өте қысқа болады, күн сәулесі ауада сүзілмей түскенімен қызу бермейді, түн суық, күндіз салқып, жел күшті соғады, топырақ беті тон, болып жатады. Топырақ, өсімдік жамылғысы нашар дамыған. Таулы тундра топырағына мүк, қына, жатаған бұталар ғана өседі. Ландшафт кешеніиде жалақаш тасты жерлер басым орын алған.

Аса биік таулы нииальды және мұздықты ландшафтылар тау жоталарының қырқалары мен құзды шындарында бір-біріне кірігісе орналасқан, Олардың ландшафтылық белгілерін ажырату өтe қиын. Мұндай әрекеттің практикалық мәні де жоқ. Қарлы және мұзды ландшафт белдеулерінің төменгі шегі биіктік жөнінен қар жиегінін, биіктігіне сәйкес келеді. Теріскей беткейдегі абсолют биіктігі Алтайда 2700-2800, Сауыр мен Тарбағатайда 3000-3100, Жоңқар Алатауында 3200-3300, Тянь-Шаньда 3500-3600 м-ден жоғары тараған. Ландшафтылары арктикалық кли­мат секілді қатал суық жағдайда қалыптасқан. Ішкі ланд­шафт құрылымы тay жоталарының, үшкір шынды басынан, мұздықтан, морсиалы үйіндіден, мореналы келден түзілген. Бұл белдеуде жер беті жынысы суыққа шыдамай күшті үгіледі. Қар мен мұздықтың шұғыл еруі кезінде үгінді жыныстан балшықты тасты сел тасқыны пайда бодады. Ландшафт кешенінде таулы-антарлы мұздық, қайранды мұз, биік таулардың беткейіндегі мұзды алаң, көшкінді қорымтас, мореналы қайраң жиі кездеседі. Аса биік таудың мәңгі қар мен мұздық ландшафт белдеулерін халық шаруашылығында игеру өте қиын. Мұнда мұз болып қатқан тұщы су көздері бар. Олардан жергілікті өзендер басталады.