Антикалық өркениет туралы реферат

0

Тақырыбы: Антикалық өркениет

   Ежелгі Грекияның негізгі шарушылық-саяси бүтіндігі полис, яғни қала-мемелекет болған. Бүкіл ежелгі Эллада осындай салыстырмалы түрде жабық қала-мемлекеттерден тұрған. Полистердің өмірі демократиялық принціптерге бағынған. Әрине, олардағы демократияның өзіндік ерекшеліктері болған. Демократияның құлдарға, әйелдерге, азаматтығы жоқ жатжұрттықтарға қатысы болмаған. Ол тек жасы жиырмадан асқан еркін ер азаматтарға ғана қатысты.

Солай бола тұрса да, демократияның мұндай шектеулі түрінің өзі индивидуалдылықтың, жеке тұлғаның дамуына, көп әсерін тигізген. Философияда бұл көптүрлі көзқарастардың тууына жол ашады. Сондықтан ежелгі грек философиясы туралы оны біртұтас жүйе деп айтуға болмайды. Керісінше, қанша философ болса, сонша философиялық ілім болған. Оларды жалпы бағыттар мен мектептерге біріктіруге болады, бірақ соның өзінде әлемдік философияда әр филосов ерекше орын алады.

Жалпы ежелгі гректердің дүниеге көзқарасы оның Космос деп түсіндірілетін әлемге көзқарасымен ерекшеленеді. Космос, олардың түсінігі бойынша, аяқталған біртұтас дүние. Ол шекті, бірақ, біріншіден, ол жетілген, екіншіден, Космостан тысқары ешнәрсе жоқ. Бұл дүниеге көзқараста эстетикалық таным басым. Сондықтан Космос өте әдемі көркем шығарма – скульптура және сонымен қатар, күйі келген музыкалық аспап тәрізді. Ол тірі, жаны бар, тіпті рухты. Ежелгі гректер қазіргі ғылымдағы сияқты өлі табиғатты білмеген, олар үшін әлемде барлығы тірі, өсімдік, жануар, адам тәрізді өсіп-өнеді.

Космос шекті және аяқталған болғандықтан өлшем, шек, үйлесімділік сияқты ұғымдар оң мағынаға ие. Керісінше, шексіздік, өлшемсіздік сияқты ұғымдарға көзқарас теріс. Ежелгі гректердің дүниетанымындағы бұл көзқарастар философиясында да орын алады.

Классикалық грек философиясы екі периодқа бөлінеді. Бұлай болу Ежелгі Грекияның данышпаны – Сократтың философиялық іліміне байланысты: Сократқа дейінгілер, Сократтан кейінгілер. Сократқа дейінгі философияның ерекшелігі, онда көпшілік жағдайда жалпы өлшемге байланысты сұрақтар қарастырылған, яғни онтологиялық мәселелер басым болған. Олардың ілімдері біртұтас әлемнің негізінде не жатыр деген сұраққа жауап берумен ерекшеленеді. Біртұтас әлем көптүрлі құбылыстардан тұрады. Әлем біркелкі емес, көптүрлі. Көптүрліліктің негізінде не жатыр, бұл көптүрлілік неден пайда болады? Космос деп аталатын ағаш неден өсіп-өнеді?

Бұл элементтерден басқа ежелгі грек философиясында от та алғашқы бастаулардың бірі деп есептелінген. Оны Эмпедокл мен Гераклит мойындаған. Олар төрт алғашқы бастау, алғашқы элемент – су, ауа, жер және от – бар деп есептеген. Эмпедокл оларды бірдей, тең дәрежеде қарастырған. Гераклит болса, барлығы оттан жаралып, ең соңында қайтадан отқа айналады дейді. Бұл барлығына, бүкіл әлемге, яғни Космосқа да қатысты.

Алғашқы элементтер туралы сөз болғанда, мынаны ескеру керек: ежелгі грек философиясында жер, су, ауа, от тірі, жаны бар бастаулар болып есептеледі, химия, физикада түсіндірілетін заттар сияқты емес. Мысалы, Эмпедокл оларды «тамырлар» деп атайды. Осы тамырлардан Космос деп аталатын ағаш өсіп шығады. Бірақ ежелге Қытай философиясындағы алғашқы элементтермен салыстырғанда бұлар зат болып есептеледі.

Аспан днелері, жалпы Космос Платонның түсінуінде жанды нәрселер. Олардың жаны жануарлар мен адамдардың жанына қарағанда әлдеқайда жетіліңкіреген. Сондықтан да олардың қозғалысы айнымайтын қатаң бір орбитамен іске асады, олар қашанда өзі-өздігіне тең, яғни өзі өздігінде бара-бара қалып табылған. Сол қалыптан айнымау жетілгендікті білдіреді. Ендеше олардағы ойлау да, сана да адамдар мен жануарлардікінен жоғары. Жануарлар мен адамдарда олардың жетілген болмысы әлі орнықпағандықтан, қозғалыстары сан түрлі, яғни олардың қозғалыстарында космостағыдай қатаң тәртіп жоқ, олар тәртіпсіз, өзгермелі, тұрақсыз, қатаң бағытсыз.

Жануарлардың да, адамдардың да жан дүниелері қатаң тәртіпте орнықпаған. Көбінесе сезімдер билейді, ақыл, зерде адамдарда екінші қатарда. Тек ақыл, зерде ғана адамдарды мәңгі, тұрақты, қатаң тәртіпті білуге әкеле алады. Таным жолында сезімдердің туғызатыны тек пікір ғана. Пікір нәрселердің сыртқы белгілерімен, яғни айнымалы, өзгермелі, кездейсоқ жақтарымен шектеледі.мәңгіліктің айнымалы нәрселермен бүркемеленген бейнесіне жетуге, сол арқылы жетілуге, жетілген тәртіпке келуге адамдарға мүмкіндік берілген. Ол тек ақыл мен зерде жолы. Сезімдер мен ақылды алғаш қатаң түрде қарама-қарсы қойған Сократ пен Платон десе де болады. Оған дейін бұлар жалпы ажыратылып келсе де, Платондағыдай екеуі екі түрлі дүниеге қатысты дейтіндей мағынада мәселе қойылмаған еді.

Платон үшін космостың, адамның, қоғамның, немесе мемлекеттің құрылымы жалпы алғанда бірдей блуға тиіс. Космос құрылымында ішкі үйлесімдік табылған, тек адам тәртіпсіз қозғалыста. Адамдар үшін сондай үйлесімдікті табу қажет. Онсыз олардың өмірі үнемі әртүрлі әлеуметтік апаттарға ұшырай бермек.

Осы жалпы философиялық тұрғыдан Платонның әлеуметтік утопиясы да туындайды. Платонның өмір сүрген кезеңіндегі қоғам аумалы-төкпелі өзгерістерге толы болатын. Көптеген шағын қала-мемлекеттердің орнына ірі мемлекеттер қалыптасып келе жатқан.

Грекияда орын алып отырған осы мемелекеттік формалардың ешқайсысында да Платонның көңілі толмайтын. Олардың ешқайсысы оның негізгі метафизикалық өлшеміне тура келмейді, ол өлшем не нәрсе болмасын өзінің түпкі табиғатынан тұрақтылыққа ұмтылуы тиіс, ал ол тек өзіне тән жетілген үйлесімдікті тапқанда ғана бола алады, сонда ғана ол мәңгі тұрақтылыққа ие бола алады. Өзгермелілік – ол жетілмегендіктің салдары.

Платонның метафизикалық жүйесінде даму идеясы жоқ. Жетілген нәрсе дамымайды, өзгеруге де тиісті емес. Өзгеру бар, бірақ, ол табиғатынан кемістіктің көрінісі, толысқан, өзіне қажет барлық бөліктері болып, бүтіндік құралғанда ол тек өзіне-өзі тең қозғалыста болады. Өзіне өзі тең қозғалыс ешбір бұлталақсыз бар нәрсені үнемі қайталап отырады, үнемі қайта жаңғыртып отырады, яғни өзгерістерге әкеледі. Аспан денелерінің қозғалысы сондай. Олар мәңгілік өзіне өзі тең қозғалыстарда.

Үнемі әртүрлі бүліктерге, алауыздықтарға, араздықтарға ұшырап жататын грек мемелекеттерінде, ал варварлар дүниесінде бұл одан да жаман, мұндай беріктіктің тіпті нышаны да жоқ. Осындай пайдакүнемдікке, мансапқорлыққа, қайшылықтарға, шырмалған өз дүниесіндегі ахуалдан Платон алаңсыз теріс айналып, рухани жүзін алаңсыз қияли дүниеге бұрады. Ең жарамды, ең жетілген мәңгі өзгермейтін, өзгере алмайтын мемлекеттік құрылымды табу керек. Ешбір кемісітігі жоқ ол мемелекетті қиялда құру керек. Оған қажет болатын әрбір бөлікті, әлеуметтік топтарды, қатынастардың қатаң, сыншыл талдаудың сарабынан өткізіп алып барып, құрастырған жөн. Осылай құрастыру ісі аяқталғаннан кейін ғана оны адамдарға ұсыну қажет.

Ал мемлекеттің тұрақты, іштей берік болуын не қамтамасыз ете алады, оның нақты өлшемі қандай деген сұраққа да Платонның жауабы сол қалыптасқан метафизикалық жүйесінен шығады. Мемлекет – ол бүтіндік, ал адамдар, азаматтар мемлекеттің жеке бөліктері, адамдардың әртүрлі топтары да оның бөліктері. Бүтіндік барлық уақытта бірінші, ол ең негізгі нәрсе, бүтіндік өзінің бөліктерін анықтайды. Бүтіндіктің сипаты қандай болса, оның бөліктері соған сай болулары керек. Сонымен қатар, бүтіндік өзінің әрбір бөлігіне тепе-тең емес, бүтіндіктің қасиеті оның әрбір бөлігінде болуы міндет емес, бүтіндік сапасыжағынан басқа нәрсе. Ендеше белгілі бір бөліктердің жәй ғана жиынтығы бүтіндікті құрай алмайды. Мемлекетке кіретін азаматтардың барлығының жәй қосындысымемлекетті құрай алиайды. Ол бөліктердің әрқайсысы басқаларымен өзінің өзіндік ерекшелігінде байланысқанда ғана олар бүтіндікті, яғни мемлекетті құрай алады.

Адамдарды қоғамға, мемлекетке біріктіретін нәрсе олардың әрқайсысына да тән бір ортақ мүдде болса керек еді. Бірақ, Платонның түсінуінде олай емес және олай болмауы тиіс. Неліктен? Егер мемлекеттің болу, не болмауы ондағы әрбір азаматтың өзіндік бір мүддесіне ол мүдде басқа азаматтардың бәріне де ортақ болған күнде де, тәуелді блатын болса, онда ол мемлекет мәңгі берік нәрсе бола алмайды. Адамдардың ондай мүдделері өзгере беруі мүмкін. Олай болса, мемлекет ешбір адамдық мүдделерге тәуелсіз өзі үшін ғана болуы тиіс. Сонда ғана ол берік бола алады. Платонның мемлекетінде жер өңдеушілер, қол өнершілер және сақшылар делінетін үш топ болуға тиіс. Олармен бір мемелекетті басқарумен айналысатындар даналар, олар бәрін де түпкі мақсаттың не екенін біле алатындар, оларды Платон философтар дейді. Сақшылар болса, қаруланған, соғыс өнеріне үйретілген әскери адамдар. Шын мағынасында, философтар да осы сақшыларға кіреді, өйткені олар мемлекеттің осы үш негізгі бөлігінің әр қайсысының тек өзіне ғана тән орны, атқаратын қызметі бар. Олардың әр қайсысы тек өз орнын біліп, оның шеңберінен ешбір шықпауы керек, ол топтардың мүшелері бірінен екіншісіне ауысуға тиіс емес. Жер өндірушілер, яғни егін егушілер мен қол өнершілерде  жеке меншік бола алады, сақшыларда, ел басқарушыларда  меншік болмайды, олар барлық нәрсемен қамтамасыз етіледі, оларда әйелдер мен балалар да ортақ, бәрі бірге тамақтанады. Балалар қоғамдық тәрбие алуы мүмкін. Бұларда, әсіресе, жеке адамның жекелік ерекшеліктерін қоздыратын ешнәрсе болмауы тиіс. Жекеліктің өзіндік өзгешелігін мәпелеу мемлекеттің бірлігіне қауіпті. Барлық адамдар мүмкін болғанынша бірдей болуы тиіс.

Бұл мәселелер Платонның көптеген диалогтарының арқауы болса да, өтн кең кңөлемді әрі біршама аяқталған деңгейде «Мемлекет» диалогында әңгіме болады. Оның негізгі тауарлары аударылып, ұсынылып отырған томда беріліп отыр.

Демократияны мойындамайтын Платон, тиранияны  айрықша жек көрушілікпен сипаттайды. Тирания, оның ойынша, тіпті мемлекеттің ең жарамсыз түрі. Тирания ешбір заңға сүйенбейтін, тек жалғыз билеушінің жеке басының ғана мүддесін көздейтін басқару формасы. Ал оның мүддесі үнемі құбылмалы болатындықтан, ондай, мемлекет жалпылықтың мәңгі заңдарына алаңсыз қайшы.

Сонда мәңгілік жалпы нәрсе деп нені түсіну қажет? Бұл әсіресе, бақыт туралы мәселені талқылағанда айқын көрінеді. Оның ең жетілген мемлекетінде бақыт деп нені түсіну керек? Ол әрбір жеке адамның бақыты емес. Ол тіпті негізгі оны құрайтын топтардың да бақыты емес, әрі мемлекеттің барлық азаматтарын түгел алғандағы да олардың бақыты емес. Бақыт – ол мемлекеттің тұтастығының бұлжымайтындығы, ол жалпы бүтіндіктің бақыты және ол бақыттың бүтіннің бөліктеріне ешбір қатысы жоқ. Яғни, ол бақыттың тіпті адамдарға қатысы жоқ.

Платонның мемлекеті жалпылықтың жалқылыққа абсолюттік үстемдігі, қоғамның жеке адамдардан аулақтанып, олардан тәуелсіз бір дүлей күшке айналуы. Сондықтан да, оның ұсынатын қоғамдық құрылысы – белгілі бір казармалық тәртіп. Онда жеке адам қоғамдық механизинің белгілі бір тетігі ғана.

Платонның диалектикасын философия тарихын зерттеушілер көбіне бүтін мен бөлік қатынастарының диалектикасы деуге бейім. Шынында бұл қатынастың жалпы логикалық мазмұнын ашуда Платон философиясының қосқан үлкен үлесі бар. Бірақ жоғарыда айтылған қоғам, мемлекет, адам мәселелерінде адамдарға жат күшке айналған, оалрға қарама-қарсы тұрған мемлекеттік құрылымды бүтін деп қарап, ал ол жүйені құрған адамдардың өзін оның тек бөліктері деп қарау ол диалектикалық қағиданың нақты мазмұнын өңін айналдырып көрсету болып шықты.

Бірақ, қалай десек те, жалпылықты түпкі құндылық, қандай да болмасын бір жалқылық, жекелік сол жалпылықтан туындайды, ол алғашқы, ал жекеліктерсоның тек бір жалт етіп, жоқ болатын өткінші көрінісі ғана дейтін, яғни олардың бағасытаным үшін де, өмірлік мәнділік тұрғысынан да мардымсыз дейтін ойлау үрдісі әрі әлеуметтік, мемлекеттік құрылымдарды анықтауда анықтауда  және орнатуда XX ғасырдың орта шеніне дейін жетекші бағытқа айналып алды. Кейінгі эллинизм дәуіріндегі ірі мемлекеттер, Македония империясы, Римнің республикалық кезеңінен императорлық тиранияға ауысуы, орта ғасырдағы Еуропада нығая берген моеархиялардың абсолюттік монархияға ұласуы, жалпы бүкіл жер бетіндегі тоталитарлық жүйелердің бәрі де жалпылықтың, немесе жалпылық  деп қаралатынның жекеліетерге қарағанда абсолюттік мәнділігіне құрылған. Платонизм мен неоплатонизмнен белгілі бір нәр алған христиан діні, оның барлық бағыттары, және де иудаизм мен ислам – барлығында да осы ойлау үрдісінің табы бар деуге болады.

Әлемнен тыс мәңгі қол жетпейтін, бірақ адамдардың үнемі соларға қарай ұмтылатын идеялар патшалығына сай деп құрылған, адамзат үшін тарту деп ұсынған Платонның ең керемет мемлекеттік құрылымы осындай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды  

Байталдар (әдетте) мені қалауыма байланысты апаратын, (бұл жолы) (мені қалауымнан тыс) сүйреді, өйткені олар менімен бірге білгір ерді жетелейтін құдай ананың өте танымал жолына түскен еді.

Міне, осы жолмен мен жөнелдім. Мәселе мынада еді, (қайталаймын), мені онымен ерен ақылды байталдар сүйреді, арулар (оларға) жол көрсетті.

Дөңгелектің темір істігі ұясында қызып, сыбызғының ысылындай дыбыс шығарды (себебі оның қозғалысы екі жағына да өте шебер қайралған дөңгелектермен жылдамдатылған еді), өйткені Күн Арулары Түн шаһарын тастап және қолымен басындағы орамалын шешіп, жарыққа асыққан еді.

Онда Түн мен Күн жолын айыратын дарбаза орналасқан. (оларды жоғары мен төменнен) босаға мен тас табалдырық қоршайды. Дарбазаның өзі эфирмен және нән қапсырғышпен бекітілген. Олардың өзгермелі кілттері қатаң жазалаушы Шындықтың қолында.

Міне, Арулар соған келіп, хикметті әңгімесімен жалынып-жалбарынып, дарбазаның темір ілгегін түсірткізеді.

Дарбаза ашылғасын қапсырғыштарының орнына нән тесік пайда болады. Және де ашылу үстінде олар шеге һәм түйреуішпен жалғастырылған жез істіктерді ұясында айналуға мәжбүр етеді. Міне, осы араға кең даңғыл жолмен дарбазадан тура өтіп, ат жіне арбасын түзетеді.

Құдай ана да мені мейірімін төге қарсы алып, мүбарақ қолымен менің оң қолымды ұстап, маған былаәй деді: «О, жас ұлан, мәңгі өлмес көлік жүргізушілері сақтаған, сен, біздің үйге байталдармен жөңкіп келдің, қуан!»

   Іс жүзінде бұл жолдағы сенің сапарыңды басқарған зұлым тағдыр емес, бірақ заңдылық пен шындық.

 

 

 

 

 

 

 

ПАРМЕНИД. Табиғат туралы.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:     

 

Әлемдік философиялық мұра. Антикалық философия. 2 том.

Алматы «Жазушы» 2005