Америка туралы реферат

0
134

Тақырыбы: Америка

Бат. жарты шардағы  екі құрылықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант  және Тынық мұхиттары аралығында. Жалпы ауданы 42,5 млн км2, халқы 490 млн (1967 ж). Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі аса ірі арал- Гренландия т.б. жағалауға жақын аралдар кіреді. Солтүстік Американың бір- бірінен бөлек және дүниенің  басқа бөліктерінен алыс жатуы, ірілігі, табиғат жағдайында зор айырмашылық болуы оларды жеке, дербес құрылықтар мен санауға негіз болады. Олар бір-бірінен  Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Екі материк аралындағы Теауантепек және Панама мойнақтарының аралығы және Вест-Индия аралдары Орта Америка жатады.

Тарихи анықтама. Солтүстік Американың солтүстік-шығыс жағалауы мен Гренландия аралын алғаш рет 900 ж шамасында нормандар ашты. Антиль аралын және Оңтүстік Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб теңізі жағалауының оқңтүстік бөлігін 1492-1503 ж Христофор Колумб ашты. Бұл дүниенің жаңа бөлігі Италия теңізшісі Америго Веспуччидің есімімен аталады. Ол батыс жарты шардағы Х.Колумбтың ашқан жерлері бұрын белгісіз  болып келген дүниенің жаңа бөлігі екендігі туралы алғаш пікір айтты. Х.Колумб ашқанға дейін Американың байырғы халқы көптеген үндіс тайпалары мен эскимостардан ғана тұратын. Европалықтар келіп үстемдік жүргізгенде, жергілікті халықты адам төзгісіз қуғындау, қанау тәртібін орнатты. Отаршылармен бірге неше түрлі аурулар да келді, одан үндістер көп қырғынға ұшырап, күрт азайды, кейбір тайпалар мүлдем құрып та кетті. Олардың орнына Африкадан құлдар әкелінді. Американың қазіргі халқы бұрынғы еуропалықтардың ұрпақтарынан және құл ретінде әкелінген африкалықтар мен жергілікті үндістердің араласуынан пайда болған. Американың халқы антропологиялық жағынан әр түрлі. Онда  адамзаттың белгілі үш нәсілінің  өкілдері араласып кткен. Американың  әр бөлігінде бұлардың араласу сипаты әр түрлі. Саны жағынан  ең көбі- европеоид, оның өкілдері Солтүстік Америка халқының 90 % -і, Оңтүстік Американың 1/3 бөлігі. Екінші орында- будандар (үндістер мен еуропалықтардың аралсуынан шыққан). Олар- бірқатар елдердің негізгі халықтары. Үшінші орында- мулаттар (еврпалықтар мен африкандықтарды араласуынан шыққан). Венесуэланың, Бразилияның, АҚШ-тың, Кубаның, Орта Америкадағы бірқатар елдердің халықтары – солар. Монголоид нәсілінің ерекше бір тармағына  жататын байырғы халық- үндістер. Орта және Оңтүстік Американың бірқатар аудандарында сақталған.

Америка аралық конференциялар- Америка республикаларының  1889 жылдан  бері дүркін-дүркін шақырылып тұратын конференцияларды щақырып тұру идеясын ең әуелі  Лат.Америкасы мемлекеттері ұсынған. АҚШ бұл идеяны  Лат.Америкасында өз үстемдігін күшейту, империалистік бәсекелестерін сол ауданнан ығыстыру мақсатында пайдаланып, Америка республикаларының 1- конференциясын шақырды (2октябрь 1889-19 апр. 1890). АҚШ мұнда өз ара  экономикалық хабар араласып тұру үшін америка республикасының Халықаралық одағын құру және оның жағынан шын мәнінде Мемлекеттік департаментке бағынатын тұрақты коммерсиялық  бюро құру  жайлы шешім қабылдатты. 4- конференцияда АҚШ-тың америка мемлекеттерін Монро докторинасына бағынуға  зорлап көндіру әрекеттеріне делегаттардың көпшілігі қарсы шықты; америка республикасының Халықаралық бюросы  қайта құрылды.

Америка банкісі (Bank of America National Truct and Saving  Association) – бір АҚШ тың ғана емес, бүкі капитал.дүниесінің ірі банк монополиясы. 1999 ж италиялық Амадео Н. Джаини Сан-Францискода Италия Банкісі деген атпен құрды. 1930 ж “Банк оф Америка оф Калифорния” банкісі қосылғаннан берңі А.б. деп аталады. Банк капиталдарын шоғырландыру мен орталықтандыру, АҚШ-тың басқа да банк моноплиясымен қиян-кескі әсеке күресте өнеркәсіп терең нуі оның елдегі ең ірі банкіге айналуына себеп болды. өзінің қызметі жағынан ол жартылай коммерциялық жартылай ипотекалық  және жинақ банкі болып табылады, шетелдік заемдарды орналастыруға белсене қатысады. 1969 жылдың басында банкінің Калифорнияда 948 бөлімшесі, шетелдерде 86 бөлімшесі мен 10 өкідігі және Калифорния мен шетелдерде  48 әскери бөлімшесі болды. Италияда  85 бөлімшесі бар “ банка Амрика эд Италия” банкін отау банкіге айналдырды және 39 елдің 50 кредиттік мекемесіне қатысты.

Америкадағы испан отарларының тәуелсіздік үшін соғысы-Америкадағы испан отарларының испан үстемдігіне қарсы азаттық соғысы (1810-26), Америка елдерінде Испаниящның отарлық үстемдігі 16 ғ-да орнады. 19 ғ-дың басында  Испанияның Америка құрлығындағы отарларының жер көл.27 млн км2-ге жетті. Отар елдегі халықтардың барлығына жуығы басшы әкімшілік жұмысына қатыстырлмады. Жер негізінен испандықтардың, дәулетті креолдар мен католик шіркеуінің меншігіне айналды. Олар үндістерді (индеец), негрлерді, будан халықтарды, мулаттарды аяусыз қанады. Испандықтар отар елдердің экономикалық дамуына әдейі кедергі жасады. Жергілікті  кедей халық, әсіресе үндістер отаршыларға  қарсы талай рет  ерлікпен күресті. Бірақ оның бәрі стихиялық сипат алды. 1810 ж Лат.Америкасындағы отар елдердің бәрінде (Перуден басқасы) көтеріліс басталды. Бұл тәуелсіздік үшін соғыстың бірінші кезеңнің (1810-15) бастамасы болды. Мұнда отар елдер әуелсіздік ала алмады. 1816 ж азаттық соғысының екінші кезеңі басталды. Соғыс аргідік үзіліспен 1826 жылға дейін созылды. Осы кезеңде  отаншылар тамаша жеңіске жетті.Ұлы Колумбия федерациялық республикасы құрылды, 1821 ж июньде Венесуэла, 1822 ж Кито азат етілді. Испан отаршыларына  қарсы өз тәуелсіздігі үшін күрес кезеңінде  1822 ж Португалияның отары Бразилия тәуелсіз деп жарияланды.

Америка мен еңбек федерациясы- АҚШ-тағы кәсіподақ ұйымы. 1881-1955 ж өмір сүрді. Негізінен  жұмысшы аристократиясын бірікті. АЕФ-тің  кәсіподақтары цехтың принцип бойынша құрылды; бұл жұмысшы табының кәсіпорын немесе өнеркәсіптің тұтас бір саласы бойынша бірігуіне бөгет жасады,жұмысшылардың күшін бөлшектеп, капитализмге қарсы күресін бәсеңдетті. АЕФ-тің оңшыл басшылары кәсіпкерлермен таптың ықтымасу саясатын жүргізді, жұмысшы табының дербес саяси күресіне қарсы болды, ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелері жөнінде АҚШ-тың билеуші топтарын қолдады, Сов.Одағы жөнінде дұшпандық бағыт ұстады.

Америка- Испания келісімдері- 1953- ж 26 сентябрьде Мадридте  қол қойылған келісімдер, 10 жылдық мерзімге жасалды, егер екі жақ келісімді бұзғысы келетін күні бұрын мәлімдемесе, тағы да  екі мерзімге (арасы 5 жылдан) ұзартылады. Қорғаныс туралы келісім бойынша АҚШ “Испания соғыс аэродромдары мен соғыс- теңіз базаларын кеңейтуге, салуға және пайдалануға”, сондай-ақ “құпия құрылыстар” тұрғызуға право алды. Испанияға Американ соғыс материалдарын беру де көзделді. Экономикалық жәрдем  туралы келісім бойынша испан үкіметі американ капиталына бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге міндеттенді.Өз ара қорғаныс мақсатын көздейтін жәрдем туралы келісім бойынша испан үкіметі “бірге пайдаланатын соғыс базаларын кеңейту және сақтау ісіне…….” қаржы болып тұруға міндетті болды.

Америка Құрама Штаттары – АҚШ, United States of America.

Жалпы мәліметтер. АҚШ- Солтүстік Америкадағы мемлекет. Солтүстікте Канадамен, оңт-батыста Мексикамен шектеседі. Шығысын Атлант мұхиты, оңт-шығысын Мексика шығанағы, батысын Тынық мұхит қоршайды. Әкімшілік жағынан 50 штаттан және Колумбия федерациялық округтардан тұрады. Штаттар 3133 округқа (немесе соған сай келетін әкімш.бөліктерге) бөлінеді.  Жері 9364 мың км2, халқы 205 млн (1970), Астанасы- Вашингтон. Аса ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анжелос, Филадельфия, Детройт. АҚШ- отарлы мемлекет. Оның иелігіндегі жерлер: Пуэрто- Рико, Виргиния аралдары, Самоа аралы, Гуам аралы және Тынық мұхитттағы Каролина, Мариан, Маршалл аралдары АҚШ-тың Панама каналы аймағын Панамадан “жалға” алып, оны аса маңыздысоғыс базасына айналдырды.

Мемлекеттік құрылысы. АҚШ федерациялы республика. Қазіргі конституциясы  1787 ж 17 сентябрьде қабылданған, кейін оған 25 түзету енгізілді. Мемлекет басшысы-президент, сонымен бірге ол- үкімет басшысы және қарулы күштерінің бас қолбасшысы. Президент  пен вице-президент екі сатылы (жанама)сайлауда 4 жылға  сайланады. Президенттің конгресс қабылдаған заң жобаларын өткізбей тастауға, міндетті түрде орындалуға тиісті бұйрықтар шығаруға правосы бар. Бұл оның заң шығарушы  органдардың қызметіне мықтап ықпал жасауына мүмкіндік береді. Президенттің сыртқы саясат жөнінде өкілдері бұдан да күшті. Үкіметтің (кабинеттің) құрамына 12 министр (секретарь) енеді, олар сенаттың келісімімен президент сайлайды. Заң шығаратын өкімет билігінің жоғарғы органы- парламент (конгресс), оның 2 палатасы бар (сенат пен өкілдер палатасы). Өкілдер  палатасы (435 депутат)  2 жылға сайланады. Сенат  құрамының 1/3 (100 сенатор) бөлігі 2 жыл сайын өзгереді, әр сенатордың өкілдік мерзімі – 6 жыл. Өкілдер палатысна қарағанда, сенаттың правосы әлдеқайда кең. АҚШ-тың ең үлкен сот органы- Жоғарғы сот  федерация  мен штаттардың қай заңын болса да конституцияға сай емес деп танып, бұза алады. Әр штаттың өз конституциясы бар. Таттың ең үлкен әкімі- губернатор, ол төте сайлау жолымен 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге сайланады.

Табиғаты. АҚШ жерінің орталық және шығыс бөлігін ойпат, жазық дала  мен Аппалач аулары алып жатыр.

АҚШ пайдалы кендерге  отын энергет шикі аттарға, темір, түсті күкіртке, уран шикізатына, фосфориттерге, калий тұздарына бай. Ал никель, калий, хром және марганец кені, тех алмас т.б. мұнда өте тапшы. Сондықтан АҚШ оларды басқа елдерден алады. Боксит пен уран шикізаттарының көбі шеттен алынады.

Солтүстік ендіктің  400-нан  солтүстікке қарайтын жақтың климаты қоңыржай, Аляскада- арктикалық және субрактикалық, солтүстік ендіктің 400-нан  оңтүстікке қарай субтпропикалық, ал Флориданың оңтүстігінде тропикалық болып келеді. АҚШ-тың көп жерінің климаты континентальды. Тынық мұхит жағалауы мен оңтүстік шығыста мұхаттық климат басым. Кордильердің  ішкі жазығының солтүстігі мен таудың солтүстік шығысында қыс боранды, суық әрі желкем келеді, қар қалың түседі. Оңтүстігі- құрғақ, жылы, бірақ жиі-жиі суық соғады. Тынық мұхит жағалауы жылы, жауында келеді. Орташа температурада январьда Солтүстік және Орта жазықтықта –180 С, елдің оңтүстік батысында 120С, ал Флорида түбегінде 200С-қа дейін жетеді. Жазы жылы, солтүстік батыста және оңтүстік шығыста жаңбырлы, Кордильердің үстірттері мен қыраттарында және Ұлы жазықта ауа райы ыстық әрі құрғақ. Ең жылы айдың орташа температурасы батыс жағалауда 140С-тан 220С-қа дейін (август), шығыста 160С-тан 260С-қай дейін, Ұлы жазықтың оңтүстігінде және ішкі үстірт пен қыраттардың оңтүстік белдеуінде 320С-қа жетеді. Жылдық жауын-шашын слтүстік батыста әне оңтүстік шығыста 1200-1500 мм, ал орталық бөлігінде  400-700 мм, Кордильер үстіртінде 200-500 мм (кей жерлерінде 100 мм).

Аппалач таулары мен Атлант жағлауы жазығының қысқа да суы мол (жыл мезгілінің бәрінде де) өзендері АҚШ-тың шығыс шетіне қарай ағып тікелей Атлант мұхитына құяды Орталық және Ұлы жазықтың көп жері құрғатылған, сулары жыралар арқылы Миссисипи өзеніне  (Мексика шығанағына) құяды. Миссисипидің сол жақтағы тармақтары мол сулы келеді, көп жерлерінде кеме жүзеді. Су энергиялық  қоры көп. оң ақтағы тарамдардың суы аз, ағысы жылдам және су деңгейі шұғыл өзгеріп, көбінесе жер суаруға пайдаланылады. Кордильерден ағатын тау өзендерінің ірілері- Колумбия, оның Снейк тармағы, Колорадо. Блардың суы мол (әсіресе жазда), су энергиялық қоры едәуір көп. Кордильер белдеуінің оңтүстік бөлігіндегі қыраттар мен үстірттерді басып өтетін өзендерішкі су қоймаларына- көлдерге құяды, әрі қысқа келеді. Көлдердің ең үлкендері елдің солтүстік шығысында жатыр, олар тұщы көлдердің дүние жүзіндегі ең ірілеріне жатады.

Елдің шығысында  орманды жерлер көп, мұндағы  ауа райы қоңыржай белдеудің жері шымды, күл топырақты  және қоңыр топырақты, ал субтропикалық белдеу қызыл және сары топырақты болып келеді. Орталық жазықтың батысында бұлар прерийдің  қара топырақ тәріздес жеріне және қара қошқыд топырағына ауысады, ал құрғақшылықты Ұлы жазықта ол енді қара топыраққа және  күрең қызыл топыраққа айналады. Кордильердің ылғалдығы төменгі етегінде  таудың орманды топырағы, ал жоғарғы жағында таудың көгалды топырағы басым. Құрғақшылықты оңтүстік ьпен  оңтүстік шығыста таудың сұрғылт күрең топырағы, ал шөлейтті қыраттарда сұр топырақ жиі кездеседі. АҚШ жерінің жартысында жуығын орман алып жатыр. Оның 40% кесілген.

Ішкі үстірт  пен қыраттар белдеудің солтүстігі- құрғақ далалар мен жусады  шөлейттер; оңтүстігі- креозотты шөлейт.

Халқы. АҚШ халық саны жағынан дүние жұзіндегі 4-орында  (ҚХР, Үндістан, СССР-ден кейін). Негізгі  ұлты американдар- Еуропалық әр түрлі елдерден Америкаға қоныс аударғандардың араласуынан пайда болған. 19 ғ-дың ортасынан бастап қоныс аударушылардың басым көпшілігі Ирландиядан, Германиядан, Скандинавия елдерінен, ал 19 ғ-дың 80 жылдарынан бастап Италиядан, Австрия-Венгриядан, Россиядан басқа елдерден де барды. Американдықтар ағылшын тілінде сөйлейді, бірақ сөйлеуінде және сөздік құрамында өзгешіліктер бар.

АҚШ негірлері  (Африкадан әкелінген құлдардың ұрпағы) 25 млн-ға жуық (1970). Олар да ағылшын тілінде (көпшілігі оңтүстік штаттардың диалексінде) сөйлейді, өйткені негірлердің 2/3-сі оңтүстікте тұрады. Еовропа ьмен Азиядан кейінгі кезеңде барған иммигранттар мен олардың тікелей ұрпақтарының бір бөлігі (мыс, немістер, итальяндар, ирландар, поляктар, орыстар, қытайлар, жапондар) ағылшын тілімен қатар өздерінің ұлттық тілі мен дәстүрін сақтаған. Еуропа мен Азиядан шыққан еңбекші халық, әсіресе негрлерге тең праволы емес: оларға ең ауыр жұмыс, ең аз жалақы беріледі, саяси және азаматтық праволарына шек қойылады.

Тарихы. АҚШ-тың оңтүстік батыстағы жергілікті халқы- үндістер мен эскимостар; бұлар  алғашқы қауымдық  құрылыстың әр түрлі даму сатыларында болған. 16 ғ-да АҚШ жерін 1 млн-ға жуық үндістер мекендеген. Солтүстік Американы еуропалықтар 16-17 ғ-да отарлай бастады. 18 ғ-да орыстар Алясканы ашып, игере бастады. 19 ғ-дың басында  Калифорнияда  орыс мекендері пайда болды. Ағылшын отарлары  жеделірек дамыды. 18 ғ-дың 60 жылдары қарсаңында Англия Солтүстік Американың күллі жерінтүгелдей басып алды. Отаршылар үндіс тайпаларын шұрайлы жерлерден ығыстырып, қырып-жойды. Елде қапиталистік қатынастар дами бастады, сонымен бірге әсіресе Оңтүстікте феодализмнің және құл иелену қауымның кейбір қалдықтары болды. Отаршыларға негізінен Англия мен Ирландиядан эмигранттар келіп қоныстады. Жаңа Анлияда 17 ғ-дығң 2 жартысынан бастап капит мануфактура дамып, ірі буржуазия шыға бастады. Алайда, Англия отарларының экономикалық дамуын тежеп бақты. 18 ғ-дың 60 жылдарында фермерлер қоғалысы едәуір өріс алды.

Англияға қарсы соғыста  американдар жеңіп шықты. 1783 ж Версальда қол қойған бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін таныды. Соғыста халық бұқарасы шешуші роль атқарғанмен, өкімет басына буржуазия  мен плататорлар келді.

19 ғ-дың басында АҚШ жері едәуір кеңейді. 1803 ж Джефферсон үкіметі Франциядан  Батыс Лузиананы алды. 1819 ж АҚШ Испанияны флориданы сатуға көндірді. 1823 ж Монро докторинасы жарияланып, ол АҚШ-тың Лат.Америкасы мен басқа да елдегі  басқыншылық әрекеттерінің құралына  айналды. 1846-48 жылдардағы  шапқыншылық соғыстан кейін АҚШ Мексика жерінің қақ жартысындайын өзіне қаратты. 1867 ж АҚШ Россиядан Алясканы сатып алды.

19 ғ-дың аяғында американ капитализмі империализм сатысына көшті. Испания- Америка соғысы (1898) нәтижесінде  АҚШ Франция аралдарын, Пуэрто-Рино, Гуам аралдарын басып алды, Куба іс жүзінде АҚШ отарына  айналды. 1899 ж АҚШ Қытайда “Ашық есік” докторинасын жариялап,бүкіл Қытайды билеуге бағыт ұстады. 1900-01 ж ондағы  халық көтерілісін басуға қатысты. АҚШ Лат. Америкасы елдеріне қарсы үздіксіз интеграция жсаумен болды. 1903 ж американ империалистері Панама қамалы аймаын басып алды, Панаманы бағындырды.

1935 ж бейтараптылық туралы заң қабылданды; АҚШ мұны Испания республикасына қарсы тікелей герман- итальян интервенциясын  тікелей қолдауға  пайдаланады. АҚШ Мюнхен келісімін  (1938) жасауға  жәрдемдесті, Жапонияның Қытайдағы агрессиясын қолпаштады. Германияны СССР-ге қарсы айдап салу үшін АҚШ фашистік агрессияға  ол беру саясатын жүргізді. Англия мен Франция  сияқты АҚШ-та 2 дұн жүз соғыстың (1939-45) шығуына жәрдемдесті. Гитлершіл Германия СССР-ге басып кіргеннен кейін ағылшын үкіметі мен американ үкіметі Сов Одағын  қолдайтындықтарын ьмәлімдеді. СССР, АҚШ, Ұлыбритания бастаған антифашистік одан қалыптасты. Бірақ, фашистік шапқыншылықтарға қарсы күрестің негізгі ауырпалығын Сов Одағы көтерді. 1941 ж 7 декабрьде Жапония АҚШ пен Англияның Тынық мұхиттағы  жерлері мен соғыс базаларына шабуыл жасады. 11 декабрьде  Германия мен Италия АҚШ-қа қарсы соғыс жариялады. 1942 ж 11 июньде Вашингтонда өз ара көмек принциптері туралы совет-американ келісіміне қол қойылды.