Алтынсарин Ыбырай туралы реферат
Тақырыбы: Алтынсарин Ыбырай /1841-1889/
Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өлген. Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Атасы Ыбырайды Орынборда ашылмақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.
Патша үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өзінен миссионер қызметкерлер әзірлеу еді. Сондықтан оқушылар патшаның отаршылдық саясаты рухында тәрбиеленуге тиіс болды. Бірақ жасынан-ақ зерек Алтынсарин бұл мектептің оқу жүйусіне қанағаттанбайды, дүние жүзі әдебиеті классиктерінің – В.Шекспирдің, И.Гетенің, Д.Байронның, А.Пушкиннің, Н.Гогольдің, М.Лермоновтің, И.Крыловтың, Ә.Фирдаусидің, І.Низамидің, Ә.Науаидің тағы басқалардың шығармаларын өздігінен оқыды.
Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы мекткпті «өте жақсы» деген бағамен бітірді. Содан кейін ол екі жылдай өз елінде тілмаш болды. 1859 жылы Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып аусады. Сол жерде шекаралық комиссияның председателі, белгілі шығыс зерттеушісі, ғалым, профессор В.В.Григорьевпен танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және сылайтын Григорьев Ыбырайға аса ылтипатпен қарап, қзінің бай кітапханасын пайдалануға оған мүмкіндік берген. Оның кітапханасынан әдебиет, тарих, философия кітаптарын оқиды. Және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі туралы кітаптарды көп оқыған.
Алтынсарин өз халқын жоғары бағалған, оны жантәнімен сүйген, оның патриоты болған. Ильминскийге жазған бір хатында «Қазақ даласын үш жыл аралағанда қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту бастықтардың ойына кіріп шыңпайды. Бекінңстерде училищелер салудан гөрі үйінің, онсыз да қып-қызыл шатырын сырлауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды», — деп жазды.
1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тәләнен мұғалім етіп тағайындайды. Осындан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралы қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы әңіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады.
Ыбрайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.
Алтынсарин өзінің ардақты борышы – балаларды оқыту деп түсінді. «Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларда, ауыл шаруашылық академияларында оқып білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін»,- деп жазды ол. Баланы оқыту, тәрбиелеу жұмысына Алтынсарин дүние жүзі педагогика классиктерінің Я. А. Каменскийдің, К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тағы басұалардың гуманистіқ идеяларын басшылыққа алады.
Ы.Алтынсарин Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Өзі де қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.
Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды.
Алтынсарин — әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы, әрі аудармашы және публицист. Әдебиет саласандағы негізгі еңбегі балаларға арналған. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы қайтыс болды. «Оренбургский листок» газетінде берілген некрологта оның орыс достары «Ыбырай Алтынсарин өазаө арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты және Россияны сүюге шақырды» — деп жазды. Бұл Алтынсариннің еңбегіне берілген зор баға. Бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.