«Алматы Құс» ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруын талдау

0

        

Жоспар

    Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….3                                                                                                                  

1  Қәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың  

теориялық негіздері………………………………………………………………………………..5

1.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеудің мазмұны және түрлері……………….5  

1.2  Қәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді  ұйымдастырудыңпринциптері

 мен әдістері ………………………………………………………………………………………….8                            

2  «Алматы Құс» ААҚ-ның несиелеуді      ұйымдастыруын талдау………..11                                         

2.1 «Алматы Құс» ААҚ-ның шаруашылық қызметін талдау………………….11

2.2 «Алматы Құс» ААҚ-ның несиелеуді    ұйымдастыруды талдау………..15                                                                 

3  Несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары……………………………….19

3.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді       ұйымдастыруды жетілдіру жолдары………………………………………………………………………………………………19                                                                                                            

3.2 несиелеуді ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі……………………………20                                                      

Қорытынды…………………………………………………………………………………………23                                                                                                     

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………………..24                    

                    Кіріспе

Еліміздің нарықтық экономикаға  өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ.

Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті.

Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. «Тұрмыс – ақшаға» тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз етуде.

Адам Смиттің экономиканың қозғаушы күші «халықтың жинақ ақшасы» деп өз заманында айтып кеткен ойы бүгінгі танның өзінде де өз күшін орнамағанына еріксіз мойын.

Екінші деңгейлердегі банктарда шығарылған халықтың жинақ ақшасын экономиканың жекелеген салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті дамытуға бағыттау қажет.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың қатынастарға көшуіне байланысты елдің экономикалық өмірінде, соңғы жылдары ұйымдар арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесінде, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең, ауқымды өзгерістер көрініс тапты.  Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасын тұрақтандыру қажет болды. Барлық завод, фабрикалар жабылып, тоқырау кезең басталды. Жабылған кәсіпорындарды қайта іске қосу үшін ірі ақша-қаражаттары қажет. Бұл қаражат көзі инвестиция немесе банктерден алынған несие алу болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтердегі несиелеудің орны ерекше. Себебі, белгілі бір іспен айналысу үшін кәсіпкердің қолында күрделі қаржы ресурстары болуы қажет. Несие алып өз қызметімен айналысатын кәсіпкер өзіне ғана пайда келтіріп қоймай, мемлекеттің дамуына  өз үлесін қосады. 

Қазір Қазақстан Республикасының экономикасының негізін кіші, орта және ірі кәсіпорындар құрап тұр. Сондықтан бұндай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпкерлерге жағдай жасаудың бір жолы оларды ақша-қаражаттармен қамтамасыз ету. Несиелеу мәселесі қазіргі кезде алғашқы ағымдарда Президентіміздің 19-шы наурызда халыққа жолдаған жодауында бұл мәселе негізгілердің бірі болып табылады. Негізінен ипотекалық несие туралы сөз қозғалғанымен мемлекетіміздің несиелік механизмінің дамуына үлкен үлесін қосып отыр. Кәсіпкерлік қызметте несие алудың, неиелеуді ұйымдастырудың қаншалықты қиын екені келесі тарауларда қарастырамыз.

Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты ─ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды талдау. Қазіргі кезде кәсіпкерлік қызметте несиелеу қандай деңгейде жүргізіледі және несиелеу барысында қандай мәселелер тууын талдау.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде несиелеудің теориялық жақтары, қазіргі кәсіпкерлік қызметтегі орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде кәсіпорын бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорындағы несиелеуді ұйымдастыруы және несие қабілеттілігі. Үшінші бөлімінде несиелеуді ұйымдастырудың жетілдіру жолдары қарастырылған. 

Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі «Алматы Құс» ААҚ-ы болып отыр. Курстық жұмыста осы кәсіпорынның да мәліметтері пайдаланылады. 

1    Кәсіпкерлік қызметтегі несиені      

    ұйымдастырудың теориялық негіздері

    1. Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеудің мәні, мазмұны және түрлері

Несие ─ нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық  субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сфераларын емес, олардың айырбас сфераларын іздеу қажет. Тауар айырбастау ─ бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді, және  де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Несие ─ бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарыз) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып,несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстаушы экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында  да өзара айырмашылықтар бар. Несие ─ бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда ─ бұл ссудалық шот алумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде несие ─ кәсіпорындар, ұйымдар мен бірлестіктер, сонымен қатар халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Несие экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынандай қызметтерді атқарады:

  • Қайта бөлу;
  • Айналыс шығындарды үнемдей;
  • Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • Капиталдық шоғырлануын жеделдету;
  • Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, т.б.

Несиенің формалары, оның құрлымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты болып келеді.

Несиенің формасы ─ бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. 

Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені – банктік деп атайды. Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туындайды.

Коммерциялық несие ─ бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді. Комморциялық несие вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикада несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының негізгі мақсаты ─ тауарды өту процесінің жеделдету, сонымен бірге одан пайда табу.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынандай:

  • Қарыз беруші ретінде банктік мекемелер емес, яғни тауарды немесе қызметті сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола алады;
  • Коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
  • Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  • Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  • Қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие ─ бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несие. Бұл экономикада кеңінен таралған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынасың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк немесе арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады.мұнда қарыз берушінің басты мақсаты ─ пайыз түрінде табыс алу.   

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді, олар  мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі.

І  Қарыз алушылар категориясына қарай:

1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер;

  • Мақсатты қорларға
  • Банктерге 

2. Қаржылық емес агенттіктерге берілетін несие;

  • Өнеркәсіп салаларына 
  • Ауыл шаруашылығына 
  • Саудаға 
  • Дайындау ұйымдарына 
  • Жабдықтау-сақтау ұйымдарына
  • Кооперативтерге
  • Жеке кәсіпкерлерге

ІІ  Мерзіміне қарай:

  • Қысқа мерзімді (1 жыл)
  • Орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін)
  • Ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)

ІІІ  Тағайындау және пайдалану сипатына қарай:

  • Негізгі қорларға жұмсалатын
  • Айналым қаражаттарына жұмсалатын

ІV  Қайтару дәрежесіне қарай:

  • Стандартты несие – қайтару уақыты жетпеген, бірақ қайтуында күмән жоқ несиелер;
  • Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер;
  • Үмітсіз несиелер – қайтарылу  уақыты кешіктірілген мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

V  Берілу шартына қарай:

1. Тұтыну несиесі – жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие;

2. Ипотекалық несие – қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып ұзақ мерзіиге берілетін несие;

3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы;

4. Овернайт несие — өтімділікті  қорғау мақсатында  бір түнге берілетін банкаралық несиесі;

5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша  өтелетін қысқа мерзімді несие;

6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі;

7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепіл алып берілетін несие;

8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие;

9. Рамбустық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді сыртқа шығару тәжірибиесінде пайдаланатын несие;

10. Сенім несие – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие;

11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсім алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

    1. Кәсіпкелік қызметтегі несиелеуді   ұйымдастырудың принциптері мен әдістері

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдар талаптарын бейнелейді.

Несиелік принциптері негізінде нгесиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастар ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:

І топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:

  • Несиенің мақсаттылығы
  • Несиенің дифференциалдығы

ІІ топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:

  • Несиенің мерзімділігі
  • Несиенің қайтарымдылығы
  • Несиенің төлемділігі
  • Несиенің қамтамасыз етілуі

Қазіргі несиенің дифференциалдық принциптерінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімдік принциппен  байланысты. Яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілеті сипатталатын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұратып отырған несиенің қамтамасыз ету сипатын және олардың банк үшін пайдаланылған, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.

Мерзімдік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі, несие берушінің қарыз алушыға берген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытылады.Осыдан келіп несиенің қайтарымдылық принципі туындайды. Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да категорияларынан ажыратылатын ерекшелігінен сипатталады. 

Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылғандығын білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы түрінде беріледі. Еркін реттелетін арық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.

Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескерілетін басты факторлар:

  • Орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелер бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
  • Банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшері;
  • Өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
  • Банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған;
  • Несиеге деген сұраныс;
  • Несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
  • Еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.

Сонымен бірге, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсерін тигізеді. Шын мәнінде заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді. Банктің тәжірибиесінде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.

Жай сыйақы есептеу формуласы мынандай түрде беріледі:

                     І=i x P x n/360 x 100    (1.1)

Мұндағы:

i – сыйақы мөлшері

P – қарыз қалдығы

n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны

I – жай сыйақа сомасы

Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақы есептеу формуласы мынандай:

                   I=P x [(1+i/1200)n-1]   (1.2)

Мұндағы:

i – сыйақы  мөлшерлемесі

P – несиенің бастапқы сомасы

I – барлық мерзімге есептелетін сыйақы сомасы

n – аймен берілген несиенің ұзақтығы

Несиелеудің келесі бір принципі ─ берілетін несиелердің материалдық жағынан қамтамасыз етіуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. 

Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде жүргізіледі. Ал бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолдануда.

Несиелеу әдістері ─ несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банк несиесінің  кәсіпорын қаражат айналымының шеңберінде қатынасу тәсілдері.

Қазіргі банктік тәжірибиеде несиелеу әдістерінің үш түрі қарастырылады:

  • Айналым бойынша несиелеу әдістері
  • Қалдық бойынша несиелеу әдістері
  • Айналым қалдық

Айналым бойынша – несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымдағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңарып отыратын процесс болып табылады.

Қалдық бойынша ─ несиелеу базасында несие несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтармен өзара байланысты. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің жартылай көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете отырып, банктен несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған шығындарды өтейді.

Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдық әдісі түзеледі. Мұндай бірінші кезеңде несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.

2  «Алматы Құс» ААҚ-ның несиелеуді    

       ұйымдастыруын талдау

2.1 «Алматы Құс» ААҚ-ның шаруашылық қызметін 

         талдау

«Алматы Құс» ААҚ 1998 жылдың 13 наурызында Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында тіркелген, Қоғам 4 құс фабрикалар активтерінің қосылуымен құрылған: «Алматы Құс»  ААҚ (Чапаев 1960 жылы құрылған),  «Феникс»  ( Қаскелең 1981 жылы құрылған), «Абай» (1963 жылы құрылған) және «Ават құс» (Ават, 1965 жылы құрылған). Тіркелгенге дейін жоғарыдағы құс фабрикаларының компаниларысенімдік басқаруда болып, кейін «Концерн Сеймар» АОЗТ-ң меншігіне көшті.

1996 жылдың мамыр айында мемлекеттік меншік бойынша Алматы облысының комитеті  «Алматы Құс» АООТ-ң мемлекеттік акция макеттеріне тендер жариялады. Бұл тендерді «Концерн Сеймар» ұтып алып,  65,1% мөлшерінде мемлекеттік акция пакетін иемденді.

1997 жылдың тамызында сенімдік басқару міндеттемелерін толық орындауына байланысты акция пакеті қайтарымсызтүрде концерн басқарылуына берілді. Акцияның 34,9% еңбек ұжымның негізінде болды.

1996 жылдың қарашасы мен 1997 жылдың ақпанында  «Концерн Сеймар» тағы да екі ірі құс фабрикасының мемлекеттік пакет акцияларын тендрде ұтып алды. Бұл АООТ  «Феникс»  және АООТ  «Абай». 1997 жылдың қарашасында  «Концерн Сеймар» сенімділік басқару міндеттемелерін толық орындағаннан кейін «Абай» АООТ-ң 72,1% мөлшеріндегі акциясын және «Феникс» АООТ-ң 52% мөлшеріндегі акциясын иемденді. Ал қалған 48% және 27,9% еңбек ұжымының меншігінде қалды.1998 жылы «Алтын Диірмен» АҚ  «Концерн Сеймардың» алдында қарызын жабу үшін «Ават құс фабрикасы» ААҚ-ң 66% акциясын береді, еңбек ұжымының үлесіне акцияның 34% қалады.

«Сеймар» концерні сенімдік басқарудан кейін барлық құс фабрикаларының ғимараттарына, құрал-жабдықтарына, инфрақұрылымына жөндеу жүргізді.

1998 жылдың көктемінде 4 құс фабрикасының активтерінің бірігуі нәтижесінде «Алматы Құс» ААҚ қалаптасты. Жарғылық капитал 4 құс фабрикасының активтерімен қалыптасты. Сонымен қатар концерн жарғылық капиталға «Сеймар» сауда белгісін енгізді. Бұл сауда белгісі 1995 жылдың19 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тауарлар белгісінің мемлекеттік реестірінде енгізілген.

1998 жылдың қыркүйегінде «Концерн Сеймар» 4 құс фабрикасының акциясын иемденген жеке тұлғалар – фабрика жұмысшылары «алматы Құс» ААҚ-ң акция иемденушілері болды. Олардың саны 2116 акционер болатын.

Қазіргі кезде «Алматы Құс» ААҚ-ның «Сеймар» сауда белгісімен Республикалық нарықта лидерлік орынды алып отыр. 

Акционерлік қоғамның негізгі қызметтерінің түрі: 

    • Құс өнімін өндіру және сату;
    • Ел қолданылатын тауарларын өндіру және сату;
    • Көтерме және жеке сауда;
    • Сыртқы экономикалық қызмет.

Төменгі кестеде Акционерлік қоғамның құрылтайшылары 

(акционерлері) берілген.

Кесте 1.  «Алматы Құс» ААҚ-ның құрылтайшылары

Құрылтайшылар Мекен-жайы Үлесі,%
Сеймар ААҚ Алматы, Бөгенбай к,62 0,82%
«Айна Д.Т.» ЖШС Алматы қ 8,05%
Мамиров Махмуд Алматы, Заря Востока 12,92%
«Центральный Депозитарий» Алматы, Әйтеке би 67 34,28%

 

Алматы қаласы және облыс бойынша ақиқатты монопольдік статус иегері (75% нарық иегері) Қазақстан бойынша өндірілген жұмыртқаның үштен бірін шығарады. Қазіргі кезде компания инкубаторлармен жұмыс істейді. Оның ішінде:

«Алматы Құс» «Сеймар» сауда маркасы арқылы жұмыртқа мен етті өндіреді. Негізгі бәсекелестерден ұтысы «күннен күнге» сату жүйесі. Ал енді «Алматы Құс» ААҚ негізгі бәсекелестерін қарастырайық.

Кесте 2.  «Алматы Құс» ААҚ-ның бәсекелес болып табылатын ұйымдары

Ұйым атауы Баға (теңге) Өнім үлесі,%
Алматы Құс 127-150 74,6%
Ақ құс 120-145 14,2%
Бент 135-160 3,0%
Бертра 130-155 2,6%
Далия 127-155 1,7%
Басқалары 125-155 3,9%

«Алматы Құс» ААқ өз өнімін тек отандық нарықта ғана емес, сонымен қатар шетел нарығына да шығарады. 1.11.2004 күніне қоғамның жалпы тауар айналымдағы импорт үлесі 5,6 пайызды құрайды. Импортерлардың тізімі кестеде көрсетілген.

Кесте 3.  «Алматы Құс» ААҚ-ның импортерлары

Импортерлардың атауы Мекен-жайы Жалпы үлесі,%
Hy-LineInternational company USA 50265 West des Moines LA 1755 West Lfkers Parkway 1,83%
Инструментальный завод «Сибсельмаш» Россия, г. Новосибирск, ул.Станционная 38 0,61%
OFFICINI FACCO company Italy Via Venice 3035010 Marsango 2,97%

 

Бұл кестеден көріп тұрғанымыздай Қазақстанда шығарылатын тауарлар аз да болса шетелге шығарылады екен.

«Алматы Құс» ААҚ-ның негізгі көрсеткіштері келесі кестеде берілген.

Кесте 4.  «Алматы Құс» ААҚ-ның 2003-2004 ж.ж. негізгі қаржылық-шаруашылық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер Өлш

бір

2003 2004 Ауытқу
+;- %
1 Өткізілгендайынөнімкөлемі мың

тг

285153 339890 52737 119,2
2 Өткізілген өнімнің өзіндік құны мың тг 150657 190399 39742 126,4
3 Жалпы табыс мың тг 134496 149491 14995 111,2
4 Кезең шығындары мың тг 108152 89623 -18528 82,9
5 Негізгі қызметтен түскен табыс мың тг 26344 59868 33524 227,3
6 Негізгі емес қызметтен түскен табыс мың тг 13608 15648 2040 115,0
7 Салыққа дейінгі жиынтық табыс мың тг 39952 75516 35564 189,0
8 Таза табыс мың тг 27966,4 52861,2 24895 189,0
9 Негізгі қордың орташа құны мың тг 151173 264287 113114 174,8
10 Қор қайтарымдылығы тг 1,9 1,3 -0,6 68,2
11 Қор сыйымдылығы тг 0,5 0,8 0,3 146,7
12 Сату рантабельділігі % 9,8 15,6 5,8
13 Өнім рентабельділігі % 10,8 18,8 8,1

   Кестені қарастырсақ 2 жылдағы мәліметтер арасында біршама айырмашылықтар байқаймыз. Енді сол өзгерістердің анықтап талдап көрейік. 

 1-ші көрсеткіш ─ өткізілген өнімнен түскен табыс 2003 жылы 285153 мың теңгені құраса, 2004 жылы 339890 мың геңгеге көтерілді. Оның себебі 2004 жылы нарыққа жаңа тауарлар шығарылды. Сонымен қатар, жаңа инкубатор іске қосылып, өнім сапасы жақсарды.

2-ші көрсеткіш ─ өткізілген өнімнің өзіндік құны базалық жылда  150657 мың теңге болса, 2004 жылы 190399 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұның себебі 2004 жылы шикізатқа деген шығыс көбейді.

3-ші көрсеткіш ─ жалпы табыс 2003 жылы 134496 мың теңге болса, 2004 жылы 149491 мың теңгеге жеткен. Базалық жылмен салыстырғанда 111,2.жалпы табыстың өсуінің себебі өткізілген өнімнен түскен табыс жоғары болды. 

4-ші көрсеткіш  ─ кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш базалық жылы 108152 мың теңге болса, есепті жылы 18528 мың теңгеге төмен болды. Яғни, 89623 мың теңге. Оның себебі 2004 жылы жалпы және әкімшілік шығындары азайды.

5-ші көрсеткіш ─ негізгі қызметтен түскен пайда. Бұл көрсеткіш бойынша есепті жылмен салыстырғанда пайда 227,3     %-ға өсіп отыр. Бұл өсу жалпы табыстың өсу есебінен болып отыр.

6-ші көрсеткіш ─  негізгі емес қызметтен түскен табыс 2003 жылы 13608 мың теңгені құраса, 2004 жылы 15648 мың теңге ні құрап отыр, екі жылдағы ауытқу 2040 мың теңгеге тең.

8-ші көрсеткіш ─ таза пайда. Кестеден көріп отырғанымыздай базалық жылмен салыстырғанда есепті жылы таза пайда 189 %-ға өсіп отыр. Бұның негізгі себебі өткізілген өнімнен түскен табыс пен жалпы табыс 2004 жылы өсіп отыр.

9-ші көрсеткіш ─ негізгі қордың орташа құны. Бұл көрсеткіштің сомасы 2003 жылы 151173 мың теңге болса, 2004 жылы 264287 мың теңгеге жоғарылап отыр. Бұның себебі 2004 жылы «Алматы Құс» ААҚ жаңа техникамен қаруланды.

10-ші көрсеткіш ─ қор қайтарымдылығы. Базалық жылы бұл көрсеткіш 1,9 теңге болса, есепті жылы 1,3 тг-ге төмендеді.

11-ші көрсеткіш ─ қор сыйымдылығы. 2003 жылы бұл көрсеткіш 0,5 тг, ал 2004 жылы 0,8 тг-ге өсті. Бұл көрсеткішке негізгі қорлардың орташа құны мен өткізілген өнімнен түскен табыс әсер етті.

13-ші көрсеткіш ─ өнімнің рентабельділігі. Базалық жылы 10,8 % болса, есепті жылы 18,8 %-ға тең. Көрсеткіштің бұлай өзгеруіне әсер еткен факторларға жалпы табыстың 2004 жылы өсуін жатқызуға болады.

2.2   «Алматы Құс» ААҚ-ғы несиелеуді ұйымдастыруды   

        талдау  

Төлем қабілеттілікті сипаттайтын негізгі көрсеткіштері несие қабілеттілікті көрсетеді. «Төлем қабілеттілік» ұғымы «несие қабілеттілік» ұғымына қарағанда кеңдеу болып келеді. Төлем қабілеттілік кәсіпкерлік қызметтегі барлық қарыздарды ескереді. Нарықтық экономика жағдайында қарыз қаражаттардың негізгі көзі  банктік несие болып табылады. Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдардың әсерімен кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық – құқықтық  формасына қарамастан мемлекеттік және коммерциялық банктер несиелеу қызметін көрсетеді. Несие қабілеттілікті талдау қарыз алушыға сапалы баға қойып береді. Банк несие қабілеттілікті талдай отырып оның бухгалтерлік есеп беруіне аса назар көңіл бөлу қажет. Банк кәсіпорынның:

  1. төлем қабілеттілігін және өтімділігін;
  2. айналым капиталын тиімді пайдалануын;
  3. шаруашылық айналамдағы меншікті айналым қорларының   бар екендігін;
  4. кәсіпорынның рентабельділігін бағалау қажет.

Несие қабілеттілікті талдау кезінде көптеген көрсеткіштер қолданылады. Оның ішінде негізгілері өтімділік коэффициенттері, кәсіпорынның рентабельділігі. өтімдік деп кәсіпорынның барлық түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар көлеміне байланысты болып келеді. 

Ал енді «Алматы Құс» ААҚ-ның балансы бойынша барлық материалдарды пайдалана отырып, жоғарыда аталып кеткен көрсеткіштерді талдап көрейік. Осы  көрсеткіштердің нәтижесі бойынша «Алматы Құс» ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыру деңгейі қаншалықты екенін нақты көрсеткіштер бойынша талдау жүргізіледі.   

Ағымдағы  өтімділік коэффициенті = ағымдағы активтер /  ағымдағы міндеттемелер

                        2003ж = 856450/721446 = 1,98

                        2004ж = 3496106/592955 = 5,9

Бұл көрсеткіш 2-ден артық болуы керек. Бұл көрсеткіш компанияның қайшылықтарын ағымдағы активпен ағымдағы міндеттемелерді өтеуін көрсетеді.Бұл баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін көрсетіп қоймай, кәсіпорынның өзінің ағымдағы міндеттемелерін тез арада айырсатындығын көрсетеді.

Мобильдік коэффициенті = ағымдағы активтер / жалпы активтер

                             2003ж = 856450/1882364 = 0,46

                             2004ж = 3496106/4131830 = 0,85

Бұл коэффициент қарызды өтеудегі қаражаттың үлесін сипаттайды. Коэффициенттің мәні жоғары болған сайын несиемен есеп айырысуда тұрақты жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімді тартылған қарыз-қаражат коэффициенті = ұзақ мерзімді міндеттеме / меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттеме

                              2003ж = 13289/1134007+13289 = 0,01

                              2004ж =  2021419/1517456+2021419 = 0,57

Бұл көрсеткіш өндірісті ұлғайтуда және жаңартуда компания қаншалықты қарыз-қаражатты интенсивті қолданатынын бағалайтын көрсеткіш.

Қаржыландыру коэффициенті = меншікті капитал / тартылған капитал

                             2003ж = 1134007/ 734735 = 1,54

                             2004ж = 1517456/2614374 = 0,58

Өзіндік қаражаттар есебінен активтердің қандай бөлігін қаржыландыратынын көру үшін қаржыландыру коэффициентін қолданамыз.

Қарыз және өзіндік қаражат қатынасы = қарыз қаражаты / өзіндік қаражат

                2003ж = 734735/1134007 = 0,65

                2004ж = 2614374/1517456 = 1,72

Бұл дегеніміз компанияның өзіндік қаражаттың әр 1 теңгесіне 2003 жылы 1,54 теңге, ал 2004 жылы 0,58 теңге қарыз қаражаты келеді. 

Активтердің табыстылығы = ( таза табыс / барлық активтер )*100%

                 2003ж = (27966,4/1882364)*100% = 1,49

                 2004ж = (52861,2/4131830)*100% = 1,28

Активтердің табыстылығы жалпы активтердің 100 теңгесіне 2003 жылы 1,49 теңге, 2004 жылы 1,28 теңге пайда алатынын көрсетеді. 

Тәуелділік коэффициенті = меншікті капитал / шағын капитал

                  2003ж = 1134007/1882364 = 0,6

                  2004ж = 1517456/4131830 = 0,37

Біз жоғарыда ең негізгі көрсеткіштерді қарастырып, «Алматы Құс» ААҚ-ның несие қабілеттілігін қарастырдық. Жалпы алғанда кәсіпорынның жағдайы жаман емес. Енді «Алматы Құс» ААҚ-ның қандай банктерден несие алады және оның пайыздық мөлшерлемесі қанша екенін көрейік. Төменгі кестеден кәсіпорынның қандай банк және пайыз бойынша қанша қарызы бар екені көрсетілген.

Кесте 5.  «Алматы Құс» ААҚ-ның банктерден алынған несиелері 

Банктің атауы Валюта түрі Несие сомасы Пайыздық мөлшерлемесі Төлеу мерзімі
«Альянс Банк» ААҚ USD 184271 11 2007
«Нұр Банк» ААҚ USD 6000000 14 2008
«Нұр Банк» ААҚ USD 536840 14 2008
Облигациялар USD 18510000 10 2006
Барлығы 25881111

Кестеден көріп отырғанымыздай «Нұр Банк» ААҚ-ның пайыздық мөлшерлемесі «Альянс Банк» ААҚ-на қарағанда 3% жоғары. Қазіргі кезде «Алматы Құс» ААҚ-ны 3400000 АҚШ доллары сомасындағы «Нұр Банк» ААҚ-да ашық несие линиясы бар. Бірінші транш 536840 Ақш долларына 14 пайыздық жылдық ставкасымен құралады.Екінші транш 2863160 АҚШ доллары 14 пайыз жылдың сомасында құралады. 

Кесте 6.  «Алматы Құс» ААҚ-ның несиені төлеу мерзімінің графигі 

Мерзімі валютасы Несиелер
сомасы Пайызы
2003ж 4 тоқсан USD 4,867 13,7%
2004ж 1 тоқсан USD 7,300 13,7%
2004ж 2 тоқсан USD 156,238 13,7%
2004ж 3 тоқсан USD 6,257 13,7%
2004ж 4 тоқсан USD 615,632 13,7%
2005ж USD 2,321386 13,7%
2006ж USD 3303092 13,7%
2007ж USD 2857389 13,7%
2008ж USD 1524041 14%
Барлығы 10769202 13,7%

Кестеден көріп отырғанымыздай несиелеудің пайызы 13,7% құрап отыр. Ал несиенің қайтару мерзімі 8 жыл, яғни бұл несиелеу ұзақ мерзімді несие болып отыр.

3  Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді  ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

    1. Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді   ұйымдастыруды жетілдіру

Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді жетілдіру жолдары негізінен банктік қызметпен тікелей байланысты. Себебі, қазіргі қызметпен экономикалық даму кезеңінде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, оны әрі қарай дамыту қаржыландыруға келіп тіреледі. Қазақстан Республикасы банктерінің экономика салаларын несиелеумен қанағаттандырылуы әліде болса төмен деңгейде. Сонымен қатар, кейінгі жылдары банк тараптарының қысқаруы да өз әсерін тигізуде. Мысалы, 1998 жылдың аяғынан 2002 жылдың тамызына дейін банк саны 71-ден 38-ге дейін немесе 46% қысқарса, банк филиалдары 458-ден 368-ге дейін, яғни 20% қысқарды. Банктердің бұлай қысқаруы кәсіпкерлердің несие алуына бөгет жасап, оның сапасы мен қызметін төмендетеді. Қазіргі кезде несиелеуде алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болып отыр. Барлық несиелер бойынша 1999 және 2000 жылдары ғана төмен болды. Олардың орташа жылдық көлемі 2,3% және 6,6%  болды. Бірақ 2001 жылы нақты мөлшерлеме 7,6% өсіп, ал 2003 жылдың 9 айында 8,7%-ға көтерілді. Сонымен қатар, теңгелік және валюталық несие арасында да айырмашылық бар. 2003 жылы теңгелік несие валюталыққа қарағанда 2,6% төмен болды. Теңгелік несие бойынша пайыз мөлшерлемесі 8,8% болса, валюталық несие бойынша 11,7%. Ұзақ және қысқа несие қымбатқа түседі. Қысқа мерзімді несиенің пайыздық мөлшерлемесі 14,1%, орта мерзімдік 14,6% құрап тұр. Біздің зерттеп отырған «Алматы Құс» ААҚ-ң алған несиенің пайыздың мөлшерлемесі 14% құрап отырғанын алдыңғы бөлімде айтып өткенбіз.

Бұл пайыздық мөлшерлеменің жоғары екенін жоғарыда келтірілген мәліметтерден көріп отырмыз. Қазақстан экономикасы шағын кәсіпкерліктен құралғандықтан олардың несие алудағы пайыздық мөлшерлеме нақтыдан төмен болса әлде қайда жақсы болар еді. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындарға несие беру әлде қайда қатаңдау болып келеді. Себебі, несие кепілмен қамтамасыз етілуі қажет. Банк жағынан несие берудегі тәуекел аса үлкен болып тұр. Сондықтан, банктер шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлерге беретін несиенің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болып отыр. Сондықтан, нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпорындар несиеге деген қажеттілігін қанағаттандыра алмай отыр. Бұндай кемшіліктерді жеңу үшін мемлекетіміздің қаржы институттары арнайы механизм құруы қажет. Несиелеудің мұндай механизмі екі жақтың да қызығушылығын қанағаттандыруы қажет. Банктердің қызығушылығы несиелік тәуекелді төменднту болса, кәсіпкердің қызығушылығы несие алудың жеңілдігі және пайыз мөлшерлемесінің төмен болуына бағытталған. 

Несиелеуді жетілдіруде менің ұсынғым келген ұсынысым несиелеу мерзімін ұзарту. Себебі, кәсіпкер алған несиесін айналымға қосып үлгерместен оның пайызы бойынша есеп айырысу уақыты жақындап қалады.

Алдағы үш жылда Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру көлемі 95 млрд. теңгеге жетеді. Бұл туралы  28-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кәсіпкерлерінің конгрессінде құлағдар етті. Н.Назарбаев ортаға салған мәліметке сәйкес, тек биылғы жылдың 7 айында екінші деңгейлі банктер шағын кәсіпкерлік саласына 400 млрд. теңгенің несиелерін берді. Жалпы саны 350-ге жеткен шағын несиелік ұйымдар биыл 9,6 млрд. теңгенің несиелерін таратты. Бұл шағын кәсіпкерлікке жасалған ауқымды қолдау. 

 Сонымен қатар, қазіргі кезде ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Республикасында жақын уақытта несиелеу бюросы ашылады деген болжам бар. Бұл бюроны құру идеясын жеке банктер, қаржыгерлер Ассоциациясы да қолдап отыр. Бұл бюроның көмегімен экономикада даму болады, активтер диверсификацияланады. Бұл бюро несиелеуді жеңілдетіп, шағын және орта бизнес секторларының дамуын ынталандырады. Бұндай несиелеу бюролары кәсіпкерліктің дамуына да өз үлесін көптеп қосады. 

3.2   Несиелеуді ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі

Шет дамыған елдердің тәжірибиесі мынаны көрсетеді: кәсіпкерлік қызмет мемлекеттік бағдарламаның қаржы-несие қолдауы бойынша қаржыландырылады. Осылай, АҚШ-та қаржы-несие қаржыландыру 2002 жылда 403 млн.доллар құрады. Жапонияда 2004 жылы осы мақсатта 1,7 млрд. АҚШ доллары бөлінді.Канадада соңғы бес жылда шағын бизнесті несиелендіру Заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 млн. канада долларлары бөлінді. Соңғы он жылдықтарда Австрия, Франция, Финляндияда шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру кезіндегі тәуекелді мемлекет пен коммерциялық банктер арасында бөлуге негізделген кепілдік механизмдерін жетілдіру жолымен шағын бизнесті қаржы-несиелеу қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға көп көңіл бөлінеді.

  Шет елдерде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агентіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісімшарт негізінде қызмет жасайды. 

Мысалы, фирма «Дан энд Бред форд» 3 млн. жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпарат жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларында жарияланады. 

Банктердің несие бойынша зиянға ұшырауына біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банктеріне мынандай қортынды жасауға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес несиелер бойынша зиян шегудің басты себебі 67% — ішкі факторлар, ал 33% — сыртқы факторлар үлесіне тиеді.    

Кесте 7.  

Ішкі фактордар 67% Сыртқы факторлар 33%
Ақпаратпен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі 22% Компанияның банкроттылығы 12%
Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында-ғы ақпаратты дұрыс бағаламауы 21% Кредиторлық қарызды қайтаруын талап ету 11%
Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі және операциялық бақылаудың әлсіздігі 18% Жұмыссыздық, отбасы мәселесі 6%
Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы 5% Ұрлық алдау 4%

Несиелік тәуекелдерді төмендетудің ең басты тәсіліне потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақытылы қайтарылуына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуда.

Шетелдік банктердің тәжірібиесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады. 

Қарыз алушыға  кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістерінің біріне PARSER немесе CAMPARI жатқызуға болады.                  

PARSER:

P-person ─ потенциалды қарыз алушы туралы ақпарат

A-amount ─ сұрайтын несие сомасының негіздемесі

R-repayment ─ несиені қайтару мүмкіндігі

S-security ─ қамтамасыз ету құралы

E-expediercy ─ несиенің мақсаттылығы

R-remuneration ─ несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі.

CAMPARI:

C-character ─ қарыз алушының беделі

A-ability ─ қарыз алушының бизнесін бағалау

M-means ─ несиеге деген қажеттілікті талдау

P-purpous ─ несиенің мақсаты

A-amount ─ несие сомасының негізделуі

R-repayment ─ несиені қайтару мүмкіндігі

I-insurance ─ несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.

Американдық банктер тәжірибиесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде «алтын си ережесі» қолданылады.

    • Character ─ (қарыз алушының сипаты)
    • Capacity ─ (қаржылық мүмкіндігі)
    • Cash ─ (ақшалай қаражаты)
    • Collateral ─ (қамтамасыз ету)
    • Conditions ─ (жалпы экономикалық жағдай)
    • Control ─ (бақылау)

Қарыз алушының сипаты  бұл оның беделін жауапкершілік дәрежесін, қарызды өтеуге дайындығын білдіреді.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несиені қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және олардың алдыңғы уақыттарындағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады. 

Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған кешені қайтаруының үш көзі болады:

1. Нақты ақшалар тасқыны 

2. Активтерді сату

3. Қаржыларды тарту

Көрсетілген көздердің кез келген несиені қайтаруға арналған қаражаттың қалдық сомасын  қамтамасыз ете алады. Бірақ банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқыны маңызды санайды, себебі активтерді сату қарыз алушының балансын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражаттар тарту банктің кредитор ретінде позициясын бәсеңдетеді.

                  

Қортынды

Жалпы несиелеу Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқатын көтеруге, кәсіпкерлікті дамытуға үлкен үлес қосады. Себебі несиелеудің арқасында шағын және орта, сонымен қатар ірі кәсіпорындар дамиды. Ал бұның есебінен мемлекетіміздің экономикасы жақсарып, халық жағдайы жоғары деңгейге көтеріледі. Бюджеттік түсімдер көбейген сайын еліміздің экономикасы тұрақтанады, банк ісінің алға жылжуына да мүмкіндік беріп отыр. Себебі қазіргі кезде кәсіпкерлерге ақша қаражаттары банк несиесі есебінен түсіп отыр. Несиелеу қазіргі кезде банктер қорланған ақшаны айналымға жіберіп, одан пайда табу, пайыз алып отыру өте жақсы нәтиже беріп отыр. Егер Қазақстан несиелеуді ұйымдастыру осы қарқынмен дамыта берсе ондаған жылдар ішінде халықтың жағдайы әлдеқайда жоғары болады. Мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, несие алуда біршама жеңілдіктер жасалса біздің елімізде кәсіпкерлер саны көбейіп, банктердің өздері де біршама пайда тауып қалар еді. 

Сонымен біз курстық жұмыста несиелеуді ұйымдастыруды талдап өттік. Несиелеуді ұйымдастыру қаншалақты қиын екені көзіміз жетті. Себебі несиелеуді ұйымдастырудағы негізгі мәселе кәсіпорынның несие қабілеттілігін бағалау. Ал ол үшін кәсіпорынның жалпы жағдайын қарастырып, қажетті көрсеткіштерін талдау керек.

Бұл курстық жұмыста  «Алматы Құс»  ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруы несие қабілеттілігі қарастырылды.талданған көрсеткіштері арқылы  «Алматы Құс»  ААҚ-ның жалпы жағдйы жаман емес қорытындыға келеміз. Себебі берілген көрсеткіштердің кейбіреуі нормаға сай келсе, енді біреулері артық немесе кем болып отыр.

Сонымен қатар өнімкөлемі өсіп, оны өткізуден түскен табыс көбейген сайын несиені жабудағы мүмкіндіктер ұлғайып отыр. Несиелеуді ұйымдастыру жағы да жаман емес. Себебі алынған несиені уақытысы жеткен кезде пайыздық мөлшерлемесімен қосып кешіктірілмей отыр.

Бұл курстық жұмыста алға қойылған мақсаттардың барлығы орындалды деп ойлаймын. Нақты кәсіпорын бойынша талдау жасалып, оның несие қабілеттілігін, несиелеуді ұйымдастыруы толығымен қарастырылып шықты.қазақстан бойынша несиелеуді ұйымдастырудағы кемшіліктер көрсетіліп, өз тарапынан ұсыныстар жасалды. Келтірілген шетел тәжірибиесінде несиелеуді ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді. Қорыта келгенде, несиелеу біздің экономикамыздың бәсекеге қабілетті болуының кепілі. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Мақыш С.Б.              Коммерциялық банктер операциялары

                                       Алматы: Маркет, 2004ж 

2) Калиева Т.Т              Кредитное дело

                                       Қаржы-қаражат, №3,1997ж.

3) Мақыш С.Б.              Ақша, несие, банктер

                                       Алматы: Маркет,2004ж

4) Көшенова Б.А.         Ақша, неисие, банктер, валюта қатынастары

                                       Алматы: Экономика,2000ж

5) Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә.       Кәсіпорын экономикасы    

                                        Алматы: Экономика, 2003ж.

6) Лапуста М.Г.,Старостин Ю.Л.    Малое предпринимательство

                                         Москва: Инфра-М, 2005г

7) Жолдасбаева Г.Ө.      Кәсіпорын экономикасы    

                                         Алматы: Экономика, 2002ж.

8) Савицкая В.Г.            Анализ финансового хозяйственной деятельности

                                        Москва,2000г

9) Кредитование малого бизнеса

                                        Банки Казахстана,№8,2003г

10) Под ред. Лаврушина О.И 

                                       Москва:Финансы и Статистика,1998г

11) Под ред. Сафронова, Зайцева  Н.Л.       Экономика предприятия            

                                                           Москва, 2004г.

12) Дюсембаева К.Ш.   Анализ финансового положения предприятия

                                         Алматы: Экономика, 1998г

13)  Новые подходы к определению возможности представления банковского кредита                          Финансы Казахстана, №2,2002г