Алматы экологиясы туралы мәлімет

0

Тақырыбы: Алматы экологиясы

Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстықкоммуналдық қүрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд3 деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі — оңтүстік астана атанған Алматы қаласы.

Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық-коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинакталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.

Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып-жарып, Қапшағай суқоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқүм су жинақтау орнының жойылуы Сорбүлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбүлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті. Суды азайтатын каналдар қалыпты жүмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбүлақтағы су айдыны 60 км2 артып, үзындығы — 15 км, ені — 8 км, терендігі — 18 метрге терендеп, жинақталған судың көлемі -1 млрд м3-ға жетіп отыр.

Жасанды көлдің жиегін бүзып кету қаупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбүлақ апаты болған жағдайда Іле -Балқаш алабы бүрынсонды болмаған апатқа үшырап, 50000 түрғыны бар Балқаш өңірі зардап шекпек. Іле бойындағы гидромелиорациялық станциялар, елді мекендер, егіс алқаптары мен шүрайлы өзен бойындағы тоғайлардың ақаба су астында қалу қаупі төнуде.

Сорбүлақ апаты әкелетін зардаптар қандай болмақ. Сорбүлақ жасанды көлі суының күрамы өте қауіпті. Су қүрамында көп мөлшерде улы токсиндер, фенолдар, мүнай енімдері, нитриттер, ауыр металдар, т.б. белгісіз зиянды химиялык заттар жинақталған. Зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері есепке алынбаған. Су қүрамындағы химиялық қоспалар тіршілікке өте қауіпті диоксин тәрізді заттарды түзуі мүмкін. Ал диоксинді екінші дүниежүзілік соғыста улағыш қару ретінде қолданған. Әрине, Сорбүлақ көлінде судың өздігінен тазалану процесі жүріп жатыр. Бірақ оның түрақты тазалану механизміне үздіксіз ағып келіп косылып жатқан лас сулар мүмкіндік бермей отыр.

Тағы бір қауіпті мәселе көлдегі органикалық заттардың есебінен жәндіктердің еркін көбейе түсуі. Нәтижесінде, Сорбұлақ жағалауында кұстардың, суында балықтардың кебеюбі аргып отыр. Көлден айналадағы малдар еркін су ішеді. Осының бәрі айналып келіп қоректік тізбектер арқылы: өсімдіктер, жәндіктер, жануарлар, құстар, адамдар болып жалғасып, ақырында, адам организміне айықпас дерт әкелмесіне кім кепіл?

Сорбұлақ мәселесін шешуге бола ма? Бүгінгі өмір сүріп отырған ғасырымыз ғылым мен білімнің шарықтаған дәуірі. Адамның ақыл-ойы табиғат апаттарының бәрін шешуге дайын. Сорбұлақ мәселесі ғалымдарды, қоғамдық ұйымдарды бейжай қалдырмауда. Кейбір жобалар ұсынылып та үлгерді. Соның бірі — Сорбұлақ көлінен канал арқылы суды Күрті сукоймасына жеткізу. Жол бойы суды тазартудың лазерлік агрогидромодуль жүйесін қолданып, суды залалсыздандыру қүрылысын салу.

Екінші жоба — Сорбүлақ суын канал арқылы Күрті суқоймасына әкеле отырып, оны қосымша тазартып, одан соң Іле езеніне қүю. Мүны жүзеге асыру үшін суды қайтара тазалау және жасанды биотоғандар салу, суды хлорлау станцияларын іске косу жүмыстары талап етілуде.

Ушінші бір топ ғалымдардың пікірі бойынша — қала суын қайта тазартудың жаңа технологиясын қолдана отырып, судың сапасын жақсартып, қайта пайдалану.

Келесі бір болашағы зор бағыт Сорбүлак суын қүрылыс ағаштарын өсіруге пайдалану. Бүл мәселе экологиялық жағынан қауіпсіз әрі шаруашылық салалары үшін арзан ағаш материалдарын дайындаудың көзі болмақ. Бүл салада «Мерей-Терек» ЖШС бірлестігі терек өсіруді жоспарлап отыр. Егер де жоспарланған 400 мың га жерге терек отыр-ғызылатын болса онда оған жылына 30 млн м3 су жүмсалып, Сорбүлақ суының деңгейін түрақтандыру жүзеге асары сөзсіз. Ал бүл мәселені көкөніс пен дәндідакылдар егіп шешуге мүлдем болмайды.

Қорыта айтқанда, Сорбүлақ мәселесі барлық ірі қалаларға тән жағдай. Оны шешу қоршаған ортаның тазалығы мен адам баласының салауатты емір салты үшін ауадай қажет мәселелер. Ең бастысы өнідіріске түрмыстық-коммуналдық суларды тазартудың бүгінгі күн талабына сай жаңа технологияны енгізу жолы ғана бүл мәселені дер кезінде шешері сөзсіз.

Қалалардың саны мен олардың түрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. «urbs» латынша қала деген сөз ертеден белгілі болғаыымен, «урбанизм» немесе «урбанизация» түсінігі соңғы жылдары жиі қолданыла бастады.

Халықтың қалада түруға ұмтылуы, қаладағы түрмысты үнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келді. Қазақстан республикасы да дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың түрғындары 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада түратын болды. Болжам бойынша, қалалар саны жақын арада көп өзгере қоймайды, ал қаладағы түрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200-ден аса адамнан келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашар-лауына себеп болуды.

Дүние жүзінде 1850 жылы халқының саны миллионнан астам 4 қала болса, 1920 жылы олардың саны 25-ке өсті; 1950 жылы қаланың саны 90-ға, 1960 жылы 140-ка, 1970 жылы 160-қажетті.

Қазақстан Республикасы 2717 мың шаршы км аумақты иемденіп жатыр. Қазақстанда- 14 облыс, 84 қала және 210-дай қалатиптес елді мекендер бар. Осы облысытардағы қалалардың орналасуы және олардың сандық сипаттамасы, Ж. Әділовтың дерегі бойынша 5.5-кес-теде келтірілген. Берілген мәліметтерден байқалғандай, 1970 жылға дейін қала халқының саны өсіп келген (қалада 50 %, ауылдық жерлерде 50 %). Одан бері қарай, қала халқы екпіндеп өспегенімен, баяулап арта отырып, 1989 жылы қалаауыл халқынын, ара салмағы 57 және 43 % болған.

Жеке қалалар мен олардың түрғындары өсіп қана қоймай, қазіргі қалалар бір-бірімен қосылып, аумағы үлкен, халқы аса зор аймақтар пайда болуда. Оларды — мегаполис (қосылып кеткен) деп атайды. Бірінші мегаполис ретінде, АҚШ-тың Атлант мүхиты жағалаубшдағы Босваш мегаполисін айтуға болады. Оның үзындығы 850 км, халық саны 35 миллион. Тынық мүхит жағасында үзындығы 120 км, ені 60 км Лос-Анджелес-Сан-Франсиско мегаполисі бар. Үлкен Токио (Токио мен Иокогама қалалары) мегаполисінде 25 миллионнан астам адам түрады. Ресей мемлекетінде де — Москва, Владимир, теменгі Новгород қалалары бір-біріне қарай «жылжып», аралары жақындап келеді.

Сонымен ірі қалалар маңайындағы кіші қалаларды, елді мекендерді өздерінің қүрамына қосып, қоршаған ортаны одан әрі нашарталуда. Қала түрғындары, ауыл адамдарымен салыстырғанда екі есе көп науқастанатыны да сондықтан.

Алдын ала болжамдар бойынша, алдымыздағы ғасыр соңына қарай халықтың 3/4 бөлігі өнеркәсіп орындары шоғырландыан қалалар

   
Облыстар   Қалалар Елді  мекендер
    Барлығы Соның ішінде Елді мекендер
      обылыстарға, мекендер
      республикаға  
      бағынатыны  
Қазакстан        
Республикасы   84 49 210
Актөбе   7 1 3
Алматы   4 2 9
Шығыс Қазакстан   6 4 20
Атырау   4 4 15
Жамбыл   4 4 13
Қарағанды   6 5 16
Қызылорда   3 1 11
Қостанай   4 4 13
Маңғыстау   3 3 13
Павлодар   4 3 13
Солтүстік Қазақстан   4 1 1
Шығыс Қазакстан   3 1 13
Батыс Қазакстан   3 1 6
Акмола   5 2 12
Онтүстік Қазакстан   8 5 10
Алматы каласы   1 1 1
Риддер каласы   1 1 1

 

мен қала типтес орталықтарда, ал дамып келе жатқан елдерде, олардың жартысына жуығы қалаларды мекендейтін болады. 1 млн-ға жуық халқы бар қала, сөткесіне өте үлкен су қорын, азық, жанар-жағар май қорларын пайлалану нәтижесінде, көптеген газ, сүйық және қатты күйіндегі қалдықтар қоршаған ортаға келіп қосылады. Соңғы кездері, үлкен қарқынмен дамыған мүнай өндіру, өңдеу кәсіпорындарының да табиғи қоршаған ортаның экологиялық климатын өзгертуде, ауаны ластауда алар орны ерекше. Ол — экологиялық пәнді, ілімді білмеудің, оны елемеудің салдары. Табиғат өзіне жасалған қиянатты ешқашанда кешірмейді. Оны дер кезінде тоқтатпаса, есесі үлкен шығындармен, орны толмас өкінішпен қайтатыны анық.

Өндіріс орындары қалада шоғырланғандықтан қоршаған ортаны ластаушылардың басты көзі сол екендігін Ж. Әділов өз еңбегінде былай сипаттайды: «Алуан түрлі өнеркәсіп салалары, өндіріс күшінің басым бөлігі қалада шоғырланғандықтан, онда халық көп, әрі тығыз орна-ласады. Сөйтіп, ол әлеуметтік-экономикалық және экономикалыққарама-қайшылықтың негізгі буынына айналды, бір жағынан, қалаларайналадағы табиғи ортаны ластайтын басты көз, екінші жағынан, олластанудан неғүрлым көп зиян шегетін және ондағы қоршаған ортаны сауықтыруды қажет ететін әлеуметтік-экономикалық объект. Сондықтан, қаланың көбею процесінде, яғни қалалар пайда болғанда және дамығанда бірінші кезекте қоршаған орта факторларын реттеуді ескеру қажет».

Қазіргі өнеркәсіп қалалары өте күрделі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жүйе болып саналады. Оларда, өндірістік және өндірістік емес салалардың, көліктің, түрмыстың, мәдениетгің түтас организмі тығыз байланысқан. «Тұтас организм ретінде, — деп жазды В. М. Розин, — қала жекелеген жүйе тармақтарының: ендіріс, түрғын, көлік, түрмыс, мәдениет салаларының бірігуі ғана емес, бірыңғай ортасы (адамдардың өмір сүруіне қажетті материалдық, табиғи, әлеуметтік және мәдени жағдайлардың табиғи байланысы».

Қаланы адамдарды қоршаған ортаның басты формасы ретінде қарастыру, әлемдік және аймақтық модельдермен салыстырғанда, қаланың экологиялық блок модельдерінің өзіндік ерекшелігін айқьшдайды. Қалаларда, бірінші кезекте қоғамның сонымен, қоса әлеуметтік және табиғи (биологиялық) ресурстың басты рөлі ретінде, тікелей адамдар проблемасы қойылады. Сондықтан да мүнда экологиялық функция ең әуелі әлеуметтік түрғыда және олардың емір сүруін қамтамасыз етуде, әрі қала ортасының дамуына орай өркендетуге бағытталады.

Тыныс-тіршіліктің әлеуметтік бағытына, әсіресе Дүниежүзілік ден-саулық сактау үйымының жарғысына (уставына) сәйкес қалада адамдардың денсаулығына, олардың рухани өсуіне, мәдениетті демалуына зор кеңіл бөлінеді. Ол үшін қаладағы қоршаған ортаның тазалығы үнемі басты назарда болады.

Географтар мен қала салушылардың жүмыстарында, қаланы қоршаған орта түтастай үш негізгі копмонент ретінде карастырылады.

  1. Табиғи орта (экожүйе):ландшафт;

климат, атмосфера ауасы, жер бетіндегі және жер астындағы сулар, геологиялық орта;биогендік элементтер, топырақ, биоценоз (өсімдік және жануарлар әлемі).

  1. Антропогенді жасанды орта. Қала атырабын қолдан үйымдастыру:
    инженерлік және көліктік инфракүрылымдар, салынған қүрылыстар,