Алгоритмнің жазылу түрлері туралы реферат
Тақырыбы: Алгоритмнің жазылу түрлері
XXI- ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда.
Дегенмен алгоритмдік бейімділікті қалыптастырып оқыту жалпы оқу іс-әрекетіне және дамуына әсері қарастырылмаған. Сонымен бастауыш сыныпта оқыту тиімділігін арттыруда, оқу іс-әрекеті мен дамуына алгоритмдік бейімділікті қалыптастырудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы мен оның дидактикалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеу салдарынан жеткілікті дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы арасында қарама-қайшылық пайда болды.
Алгоритм ұғымы мынадай қасиеттермен сипатталады :
- бастапқы бөлімдері болады,
- атқарушы ұғынықты тілі болуы тиіс,
- әмірлердің бір-бірінен айқын ажыратылған қадамдары берілуі шарт,
- соңғы әмір нәтижеге жеткізуі тиіс,
- алгоритмдік нұсқау-ереже бір ғана есепті емес, соған ортақтас есептер жинамының ( класының) баршасына жарамды болуы керек.
Алгоритмдік бейімділік пен машық деп біз оқушылардың алгоритмді құрастыруға, орындауға және қолдануға қажет негізгі іс-әрекетінің қалыптасқан жүйесін айтамыз. Бұл ретте, алгоритмді «алға қойылған мақсатқа жету жолында немесе берілген есепті шешу бағытында біртіндеп, қандай әрекеттер жасау керектігін орындаушыға түсінікті түрде әрі дәл көрсететін жарлық (нұсқау)» деп түсінеміз.
- Алгоритм ұғымы мен оның қасиеттерін оқушылардың интуициялық деңгейде игеруі. Алгоритмнің — орындаушыға арналған жарлық ретінде берілген түсініктің — жеке-жеке пункттерден тұратынын, оның көмегімен көптеген есептер шешілетінін, көрсетілген амалдар тізбегінің қайталану мүмкіндігі бар екенін оқушы жете түсінуі керек. Сондықтан алынған алгоритмді орындау барысында оның пункттерінің реті, әрбір нұсқауы жазылуында келтірілгендей қатал сақталып, дәлме-дәл орындалуы қажет.
- Алгоритмнің кейбір жазылу әдіс-тәсілдерін, яғни оның толық жазылуын және көрнекі блок-схема ретінде берілуін білу.
- Математиканы оқып-үйрену барысында есептеулер схемасын құру, таблицалар толтыру, алгоритмді жазудың формулалық түрін пайдалану.
- Алгоритмді жазудың бір түрінен екінші түріне көшу.
5.Бастауыш сыныптардан белгілі алгоритмдерді білу және оларды қолдана алу.
- Бір есептің әр түрлі шешуі болатын бірнеше алгоритмдердің ішінен ең тиімдісін таңдай білу.
- Бұрыннан белгілі немесе есепті шығару барысында құрастырылған алгоритмді ұқсас есептер шығару үшін пайдалану.
Алгоритмдерді сабақтың әрбір сәтінде түрліше мақсатпен белгілі бір жаңа ұғымды енгізу, жаңа сабақты оқытып үйрету, жеке есептерді шығару, тақырыпты бекіту, өзіндік және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру, пысықтау, қайталау кездерінде және үй тапсырмаларын орындауда пайдалануға болады.
Санды өрнектердің мәндерін тапқанда амалдарды орындау тәртібінің мынадай ережелері қолданылады:
- егер өрнекте жақшалар болмаса, онда жазылу тәртібі бойынша әуелі көбейту және бөлу, сонан кейін қосу мен азайту амалдары орындалады;
- егер өрнекте жақшалар болса, онда әуелі жақшалар ішіндегі амалдар орындалады.
«Ең алдымен осылардың қайсысы пайдаланылатынын білу үшін не істеу керек?»— деген сұрақ қою арқылы, алгоритмнің бірінші қадамы анықталады. «Содан соң не істейміз? Ереженің қайсысын қолданамыз?»—деген сұрақтар арқылы алгоритмдегі шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты бірінші немесе екінші ережені қолдану керектігі айқындалады.
- Өрнекте жақшалардың бары немесе жоғы анықталады.
- Өрнекте жақшалар бар, онда:
а) жақша ішіндегі амалдар орындалады;
б) өрнекті басынан бастап қарап, көбейту мен бөлу орындалады;
в) өрнектің басынан бастап қарап, қосу мен азайту орындалады.
3) Өрнекте жақшалар жоқ, онда:
а) жазылу тәртібі бойынша көбейту мен бөлу орындалады;
б) жазылу реті бойынша қосу мен азайту орындалады.
Осындай ауызша жүргізілген қайталау жұмысының барысында оқушылар ережені жаттанды түрде қайталап қана қоймай, оны есептеулерде қолдану алгоритмін құрастыруды үйренеді. Осы жұмыстың нәтижесі төмендегі таблица (1-таблица) түрінде жалпыланып, кабинетке ілінеді.
1-таблица
Арифметикалық амалдарды қолдану тәртібі
Өрнекте жақшалардың барын немесе жоғын анықтау
Таблицадағы алгоритмнің схемасын құрастыруға оқушылар тікелей қатынасқандықтан, санды және әріпті өрнектердің мәнін есептеп табу барысында оны дұрыс қолдануға бейімделеді.
Бұл алгоритмді сабақтың әр түрлі мезеттерінде қолдануға болады.
Ережені әріптермен жазып көрсетуге, формуланы пайдаланып, ондағы кез келген бір шаманың мәнін табу үшін орындалатын амалдар тізбегін құрастыруға жаттықтыратын мысалдар қарастырайық.
1 — м ы с а л. Тік төртбұрыштың ауданын есептеу. S = а • b формуласын (а әрпімен тік төртбұрыштың ұзындығы, b әрпімен ені, S әрпімен ауданы белгіленген) есептер шығаруға қолдану үшін оны рет-ретімен орындалатын нұсқаулар тізбегі түріне келтіріп алу керек, яғни:
- тік төртбүрыштың ұзындығын анықтау;
- тік төртбұрыштың енін анықтау;
- тік төртбұрыштың ұзындығын еніне көбейту;
- алынған көбейтіндіні тік төртбұрыштың ауданының мәні деп есептеу.
Жаттығуларды орындау барысында, әсіресе бастапқы кезде, осы алгоритм бұлжытпай қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қ. Өтеева Математика сабақтарында оқушылардың алгоритмдік бейімділігі мен машығын қалыптастыру. Алматы «Мектеп» 1988ж
- 2. Балапанов Е. // Информатика негіздері 3-2005
- Т.Қ.Оспанов, Б.М.Қосанов т.б Математика. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2000ж.
Аквариум ұзындығы 9 дм, ені 4 дм, биктігі 6 дм тік бұрышты параллелепипед тәріздес. Аквариумның көлемін тап. 4- сынып математикасындағы 107-беттегі №3 есеп:
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу үшін, оның:
- ұзындығын анықтау,ол белгілі: 9 дм;
- енін табу,ол белгілі: 4 дм;
- биіктігін анықтау, ол белгілі 6 дм;
- ұзындығын еніне және биіктігіне көбейту, яғни 9•4•6=216 (дм3);
5)көбейтіндінің мәні көлемге тең деп есептеу керек, яғни V=216 дм3.
Жоғарыда көрсетілген тақырыптарды оқыту барысында жасалған алгоритмдерді қолдану бір жағынан оқушылардың алгоритмдік бейімділігі мен машығын жүйелі түрде қалыптастыруға мүмкіндік туғызса, екінші жағынан оқушылардың білім деңгейін арттыруға, оны іс жүзінде пайдалана білуге себін тигізеді.Сабақта әрдайым формула бойынша есептер шығару үшін қолданылатын әрекеттердің орындалу тәртібін құрастырып, оны бұлжытпай орындауға үйренген оқушылар машығы әлдеқайда жоғары болады және олар қиын есептердің әр қадамын ойланып, оны түсініп шығарады.
Геометриялық материалды окып үйренгенде геометриялық салуларды тез және дұрыс жүргізе білу үшін салу алгоритмдері колданылады. Ол ұзындығы белгілі кесінді салудың алгоритмінен басталып, VI—VIII сыныптардағы геометрияның жүйелі курсында одан әрі жалғастырыла береді.
III-IV сыныптарда салуға берілген есептерді шығарған кезде оқушылардың қатысуымен геометриялық фигураны салу алгоритмі құрастырылады, амалдарды орындау реттері жазылады, салу орындалады. Бұл өте ыңғайлы, оқушылардың пайымдау барысын тәртіпке келтіреді. Оқушылар сабақта немесе үйде басқа ұқсас есептерді өз бетімен шығарғанда, жазылған алгоритм бойынша орындайды, тек шамалардың сан мәліметтері басқаша болады.
Транспортирдің көмегімен мынадай бұрышты салып көрсет:
<АВС=800 [ 4, 265 бет]
Салу оқушыларды қатыстыра отырып құрастырылған алгоритм бойынша жүргізіледі (2- сурет)
Алгоритм амалдарын меңгеру оқушылардың кейбіреулеріне қиын тиюі, тіпті қайсы бір оқушылар транспортирдегі шкала бөліктерінің құнын айыра алмауы да мүмкін. Мұның өзі мұғалімнен оқушылар біліміндегі олқылықтарды көріп, оны жою үшін жекелей немесе оқушылар тобымен қосымша жұмыстар ұйымдастыруды талап етеді. Геометриялық фигураларды салу алгоритмін IV сыныпта пайдалану оқушыларды VII сыныпта геометрияның жүйелі курсындағы салу есептерін дұрыс және саналы шешуге дайындайды.
Сызба | Амалдардың сипаттамасы |
А
800 В С
2-сурет |
1. Бұрыштың қабырғалары анықталады. ВС және ВА сәулелері.
2. Сәуле жүргізіледі. Ол ВС деп белгіленеді. 1. Транспортир сәуленің үстіне салынып, оның центрі сәуленің басымен дәл келтіріледі. 2. Транспортир шкаласындағы санақ басы ВС сәулесінің үстіне дәл келтіріледі. 3. Транспортир шкаласындағы 80°-ты көрсететін белгі тұсына нүкте қойылады. 4. Нүкте А әрпімен белгіленеді. 5. ВА сәулесі жүргізіледі. 6. АВС бұрышы — іздеп отырған бұрыш.
|
Бағдарламаның талаптарына сай, III-IV сынып оқушылары арифметикалық тәсіл мен теңдеу құру арқылы мәтінді есептерді шығаруды үйренуі керек. Ал әрбір есепті шешуді оның шығару алгоритмін құрып, орындау деп түсінуге болады. Есеп шығару барысында оқушылар белгілі ақпаратты қолданып, оның шарты бойынша амалдарды орындай келіп, жаңа ақпарат алады. Сабақта есеп шартын, оның шығару жолын талдап, шешуін алгоритм қадамдарының тізбегі ретінде айтып, амалдарды орындауға кіріседі. Бірақ барлық оқушылар есеп шығару алгоритмін өз бетінше тез игеріп кете алмайды. Сондықтан оқушылармен жеке жұмыс істеу үшін алгоритм қадамдарының тізбегі жазылған карточкалар қолданылады.
Үлгерімі нашар оқушыларға арнап дайындалған алгоритмдерге мысалдар қарастырайық.
Бір жеңіл машина 1200 км, ал екіншісі 800 км жол жүрді. Екінші машина біріншіден 4 сағ кем жүрді Егер олардың жылдамдықтары бірдей болса,әрқайсысы қанша уақыт жолда болған ? [4, 73 бет]
Қайталауға арналған осы есеп және оны шешу үшін дайындалған карточка-алгоритм жеке тапсырма ретінде нашар оқитын оқушыларға ұсынылады:
Амалдардың орында
лу реті |
Амалдардың сипаттамасы |
1
2
3
4 |
Екінші машина қанша км кем жол жүргені ізделеді.
Екінші машинаның кем жүрген жолы мен кем уақыты бойынша , жылдамдығы ізделеді. Бірінші машинаның барлық жүрген жолы мен жылдамдығы бойынша қанша уақыт жүргені есептеледі. Екінші машинаның барлық жүрген жолы мен жылдамдығы бойынша қанша уақыт жүргені есептеледі.
|
Мұндай алгоритм-карточкалар нашар үлгеретін оқушылармен жеке-дара жұмыс жүргізуге арналған есептерді шығару кезінде құрастырылып қолданылады.
Бастауыш сыныптарда алгоритмді оқыту оқушыларды дайын алгоритмдерді жазылуындағы берілген ретімен орындай білуге, өздерінің әрекеттерін жоспарлай алуға үйретіп, олардың есептеу икемділігі мен машығын қалыптастырады.
Бастауыш сынып математикасындағы көптеген жаттығулар, мысалдар және есептер оқушылардан күрделі әрекеттерді орындауды талап ететін болғандықтан, алгоритмдерді қолдануға сабақтың барлық кезеңінде- жаңа тақырыпты оқып-үйренгенде, оны бекітуде, өтіп кеткен материалды қайталауда, өзіндік және практикалық жұмыстарды сабақта және үйде орындау барысында-көңіл бөлінеді.
Сонымен алгоритмдік әдіс бастауыш сынып оқушыларының математикалық икемділік пен машығын қалыптастыруда негізгі әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады
Сонымен, негізгі алгоритмдік бейімділік пен машықтарын қалыптастыруға бастауыш сынып математикасының мүмкіншіліктерін толық пайдалану оқушылардың алгоритмдік интуициясының дамуына себін тигізіп, білім деңгейі мен сапасын көтеруге жәрдемдеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қ. Өтеева Математика сабақтарында оқушылардың алгоритмдік бейімділігі мен машығын қалыптастыру. Алматы «Мектеп» 1988ж
- 2. Балапанов Е. // Информатика негіздері 3-2005
- Т.Қ.Оспанов, Б.М.Қосанов т.б Математика. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2000ж.