Алдын алу шаралары туралы реферат
Тақырыбы: Алдын алу шаралары
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Аурудың қоздырғышы
- Ауру белгілері
- Алдын алу шаралары
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Оба — ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру.
Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді.
Тарихы. Оба адамзатқа ерте заманнан қаһарлығымен белгілі, көп көлемді жерлерді ойрандатушылығымен танымал. Көп жерлерге таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы (көп құрлықтарға тараған ауруды осылай атайды) болып өтті. Бірінші тарихқа «юстинианов обасы» (531-580ж.ж.) деп аталды. Ол Египетте басталып жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Европа елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млнға жақын адам өлген. Екінші пандемия XIV ғасырда «қара өлім» аталды, 1334 жылы Қытайда басталып, кейіннен Иңдияны, Африканы және Европа елдерін қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адамдар өлген. Сонда оба ауруы Ресейдің солтүстік -батысына, орталық және оңтүстік – шығыс облыстарына кірген.
Обаның үшінші пандемиясының басталуы 1894 жылға жатады. Кантоне және Гонконгте ласталып 100 мыңнан астам адамдар өлген Соның 10 жылдары оба ауруы 87 порттағы қалаларға негізгі пароходтар жүретін барлық кұрлықтарға тараған. Ең адамы көп өлген Индия болыпты, өлген адамдары 12 млн-нан асқан. Оба ауруы Ресейдің Одесса қаласында 1901,1902 және 1910 жылдары болғаны байқалған. Обаның үшінші пандемиясы зерттеген ғалымдардың өте үлкен- жаңалық ашқандарымен танылды: қоздырғышын тапты, егеуқұйрықтың (крыса) жұқпалы ауруды үзбей жалғастырып отыратын маңызы дәлелденген. Орыс ғалымдары Д.С.Самойлович, Г.И.Минх, Н.Ф.Гамалея, Д.К.Заболотный, И.И.Мечников, Н.Н.Клодницкий, В.А.Хавкин и Д.А.Деминский оба ауруын зерттеп мың жылдық адамзаттың жауымен күресіп, батырлық еңбектерін тарихтың бетінде қалдырды.
Қазақстанда 1926 жылы оба ауруы тышқандардың арасында көп тарағаннан кейін адамға да жұғып үлкен өріс алған. Эпизоотия түйелер мен қояндарға тарап екі айға созылған. Түйенің обасы кейінгі жылдары Индияда, Пакистанда, Индонезияда, Индоқытайда, Африканың экватория аймағында, Бразилияда, Перу және Аргентинада кездесіп тұрады. Егеуқұйрық арқылы обаның таралуы соңғы уақыттарда Азия, Африка, Америка, Франция, Испания, Италия порттық қалаларыңда
болып жүр. Біздің Қазақстанда сирек кездеседі. Көбінесе Арал аумағының құмдарында, Қызылқұммен Мойынкұмдарда құмтышқанмен үлкен сұр тышқандардың арасында кездесіп, олардың денесінен оба қоздырғышы табылып тұрады. Осы жұмыстарды Арал, Ақтөбе, Оңүстік Қазақстан, Атырау обаға қарсы станциялары өз уақытысында анықтап оба ауруының қоздырғьшттарын табылған жерлерде қарсы көп жұмыстар жүргізеді Тышқаңдардың ініне түрлі улы заттар тастап, оларды өлтіреді. Алматыдағы Орта Азиялық обаға қарсы институтта тиянақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Аурудын қоздырғышы
— Осы қоздырғышты бірінші рет француз ғалымы Иерсен Гонконг қаласындағы эпидемия кезінде 1894 жылы ашқан. Қоздырғыш — қозғалмайды, спора шығармайды, кілегейлі капсуласы болады, ауа жоқ жерде өседі.
Қоздырғыштың тұрақтылығы ағзадан басқа жерде 0 — + 10°С да 10 айға дейін сақталады. Суда, тармақтарда үйдегі түрлі ыдыстар мен заттардың үстінде 30-90 күнге дейін сақталады. 30° С суықта ұзақ уақыттарға төзеді. 60″ С ыстықта жарты сағаттан кейін өледі, 80°С ыстықга 5 минутта, 100″С — бірнеше секундта өледі. Сулема, Лизол, формалин, хлорамин, хлор кездесті ерітінділері тағы антибиотиктерден — стрептомицин, тетрадиклин т.б. оба қоздырғыштарын жояды.
Эпидемиология мен эпизоотология. Академик Е.Н.Павловскийдің жұқпалының табиғи ошақтар- туралы ғылымына оба ауруында табиғи ошақтар трансмиссивтік жұқпалы аурулар тобына жатқызады. Оба қоздырғышының табиғаттағы бұлағы денесінде өсіріп, сақтайтын кеміргіштер болып табылады. Олардың 300 астам түрлері белгілі. Орта Азияда өз денесінде оба микробын өсіріп, сақтайтын кеміргіштердің саны мол. Олар: құмтышқан, сұр тышқан, саршұнақ, атжалман. Кеміргіштер оба ауруымен ауырып, көп өлім-жетімге ұшырайды. Огата 1897 жылы және осы аталған кеміргіштердің денесінде болатын бүргелер оба қоздырғышын ауру егеукұйрықтан сау егеуқұйрықтарға жұқтырып отырады, адамға да бүргелер қан сорғанда жұқтырады. Түйелерге оба ауруы бүрге арқылы, жанасумен, тамақпенен және демалу жолдары арқылы жұғады. Бүргелердің 120 түрлері болады, соның біразының ішінен оба ауруының қоздырғышы табылған. Кеміргіштердің обамен ауырып, өлер алдында бүргелердің қан соруы көбейе түседі. Обаның қоздырғышты бүргенің ағзасында тез таралып, өсіп көбейеді, келесі қан сорарында кеміргіштерге, түйелерге және адамға жұқтырады.
Адамға обаның жұғу жолдары бірнеше: жұқпалы бургенің шағуы, ауру кеміргіштердің терісін алғанда жанасу арқылы және ауру түйелерді сойып, еттерін бөлгенде; тамақ арқылы — ауру түйенің еттерін жегенде; ауа-тамшы арқылы — өкпе түрімен ауырған түйелердің жанында болғанда.
Ауру белгілері
Оба ауруының жалпы келісілген топтастырылуна сәйкес (Руднев, 1936) адамның ауру белгілерінің түрлері төмендегіше аталады:
А. Көтпшілікті жергілікті түрі.
- Тері.
- Бубонды.
- Тері-бубонды. Б. Ішкі таралу түрі.
- Бірінші — септикалық.
- Екінші — септикалык, В. Сыртқы таралу түрі.
- Біріші — өкпедегі.
- Екінші — өкпедегі.
- Ішектегі.
Аурудың жиі кездесетіні бубонды түрі сирек — ішектегі.
Жасырып кезеңі бірнеше саға 10 тәулікке дейін, жиі — 3-6 күн.
Ауру кенеттен пайда болады. Ағзада өте тез ауыр жалпы улану кұбылыстары өседі. Қатты және көп рет қайталанған қалтыраудан соң дене қызуы 38Ә-39ӘС, кейде одан да жоғары көтеріледі. Аурулар бас еттерінің азаптаяып ауырғанын байқайды, кенеттен ұрынған сезімі, ауыр жағдайларда қорқыныш сезінеді. Беті және көзі қызарады. Тіл үлкейіп, бетіне ақ түседі және ауыз құрғақтанып сөйлеуіне қиыншылықтар туып, сөзіне түсінбейсіз. Көтеру және үрейлену басталады, елестеушілік, есінен тану ұлғая бастайды, төсектен атып тұрып қашқысы келеді. Жүру қозғалыстары бүзылады, сөзіде анық емес, қызарып мас адамның түріндей болады. Жүрек қан тамырларының жұмысы нашарлайды, жүрек 1 минутта 160 ретке дейін соғады, қан қысымы төмендейді. Осындай аурудың жалпы белгілерінен баска, қоздырғыштың ағзаға енген қақпасына лайықты белгілері болады. Жүректің әлсізденуімен қан айналысының нашарлануынан қайтыс болады.
Тері түрі
Аурудың бұл түрінде терінің бетінде бірінен соң бірі өзгерістер өседі: қызарған түйін, іріңсіз кішкене ісік, күлдіреуік — іші мөлдір не лай суға толған бөртпе, іріңді безеу соңыңда қабыршақ пайда болады. Іріңді безеудің ішінде қанды ірідге және обаның қоздырғыштарына тола болады. Келешекте жарылып, орнында жаралар калады. Жараның түбі ісіктеніп сары түрленіп, келе-келе қара түске қабыршанақтанады. Айналасы қызылданып, ісіктеніп, қып-қызыл белдік пайда болады. Обаның тері жаралары ұзақ ағымды және баяу жазылады да орнында тыртық калады. Обаның тері түрі ережедегідей тері — бубонды түріне өтеді.
Бубонды түрі
Негізгі аурудың белгісі бубон болып табылады. Қоздырғыштың кіретін қақпасының жанындағы лимфа түйікі қабынады. Ең бастағы белгісі бубонның пайда болған аумағы өте ауыршаң болады, нәтижесінде амалсыз жағдайға әкеледі (қолы тартылып, не аяғы, мойны т.б.). Бірінші тәртіптегі бірінші бубондар денеде ауру басталысымен бірінші күндерінде пайда болады. Өсіп келе жатқан бубон көлемі кішігірім, кенетген ауырып қатаяды. Лимфа түйіндерінің барлығы Қабынуымен оның айналасындағы өзектер қатайып, топтасып үлкейеді.
Келешекте бубондар тегіс таралыр кетуі, сияқты жұмсақ алуы немесе қасарып қатайып қалуы мүмкін. Бубонның тегіс таралуы бір айдың көлемінде болады және одан да артық уақытта. Бубон іріндеген кезде босап қамырдың жұмсақтығындай болады және де ортасы сұйықгалады. Бубон келешекте жаңылып, ішінен қанды ірің шығады. Бубон жарылған соң орнында көп уақытқа дейін жазылмайтын тесік ауыз пайда болады. Сол кезде екінші жұқпалы асқынданып бездің өзімен қатар айналасындағы ұлпаларда ісінеді (аденофлегмона). Келешекте бубондар ағзаның көп жерлерінде де өсуі мүмкін. Көбірек қауіп туғызатын қолтық астындағы бубондар мен бұғананың үстіндегі және астындағы лимфа түйіндері мен емшектің қабынулары нәтижесінде екінші өкпе обасына соқтырады, кейіннен өкпе қабынады.
Бубон обасы асқынданып, ауру қоздырғышы бүкіл денеге таралып (сепсис), жиі жағдайда өлімге соқтырады. Бубонды түрінің қаһарлы асқындағаны екінші рет обаның менингитіне (ми қабықтарының қабынуы) әкеліл жеткізеді, әдетте бұл жағдайда өлімге әкеледі.
Оба ауруының басқа түрлеріде өте қауіпті, қиын емделеді. Бірақ, уақытылы ауру анықталып, тез жағдайда түрлі, жан-жақты емдеу жұмыстары жүргізілсе ауырған адамды аман сақтап қалуға болады.
Алдын алу шаралары
Екі жақтама жүргізіледі: бірінші — аурудың табиғи ошақтарында, екінші — ауруды таратпау жолында карантин қойылған елді мекен жайында.
Аурудың табиғи ошақтарыңда алдын алу жұмыстарын жүргізу арнайы обаға қарсы мекемелерге жүктеледі. Бұл жұмыстың ең маңыздысы оба ауруының қоздырғышын денесінде алып жүрген жұқтырушы болып табылатын кеміргішпен оның бүргесін тауып алу, бүрге арнайы ауру таратушы.
Кеміршекпен күресу (дератизация) және бүргелерді өлтіру (дезинсекция) үй інінде және кеміршектердің інінде жүргізу мәселелер аддын алу жұмыстарының міндетті түрі болып есептеледі.
Адамдарға вакцина ету жалпы эпидемиологиялық жағдайларға байланысты болады. Яғни тікелей ауру жұғу қауіпі төнер алдында аңшыларға, ауыл адамдарына және обаға қарсы мекемелердің қызметкелеріне вакцина етіледі. Біздің елімізде обаға қарсы құрғақ вакцина қолданылады.
Алдын алу шараларының ең бір маңыздысы ел арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады. Ауру малдардың, кеміргіштердің және бүргенің ауру таратқыштық маңызының қауіптілігін аудан көлемінде, ауылды мекендердің азаматтарына айтып, қалай сақтану жол арын түсіндіру қажет.
Оба ауруы түйелерінде
Сирек кездесіп тұрады. Түйеден басқа обамен есек, мысык шошқа, қой мен ешкілер ауырады. Лаборатория малдарынан теңіз шошқалары мен ақ тышқандарды қолдан ауыртуға болады. Ауру кеміргіштер даладағы шөптерге жұқтырады. Ол шөптерді жегеңде түйелерге жұғады. Аурудың қоздырғышын таратушы бүрге кеміргіштердің денесінде өсіп өнеді. Аурудың қоздырғышы бүргенің ағзасында өсіп өніп, бір жылға дейін сақталады.
Қорытынды
Жасырын кезеңі 3 күрнен 10 қүнге дейін. Ауру ағымы шұғыл және созылмалы.
Бүргенің шаққан жерінде 2-З ші күні ауыратын түйіндер пайда болады. Денедегі лимфа түйіндері екі еседей шошынады, басып қарасаңыз өте аурулы екенін байқайсыз. Дене қызуы 39°-41,5°С дейін өседі. Көңілсіз, әлсіз, тәбеті және қүйіс қайтарымы бұзылған, тоқтамай іш өту, арықтау, жылдам жүрек соғу. Терінің, созылғыштығы бұзылған, жүні үрпиген, оңай жұлынады. Буаз түйелер іш тастайды. Өкпесі қабынғанда тез демалады, жөтеледі, мұрыңынан ағады. Жөтел жиеленеді, қаттырақ байқалады. Аурудың шұғыл ағымыңда 5-12 күндері жүрегінің нашарлығы үдейе түсуінен өледі. Кей кезде шұғыл ашмы созылмалыға өтеді. Бұл ағымның түрінде жазылу өте сирек.
Оба ауруымен ауырған түйені емдеуге рұқсат етілмейді. Ауырып жазылған түйелерде иммунитет пайда болады.
Ауруға қарсы шаралар
Ауру шыққан елді мекенге , қараға тағы басқа жерлер карантин қойылады. Барлық түйелер есепке алынады. және вакцина егіледі; ауырға және ауруға шылдығады мүмкін түйелерді өлтіріп, жағып жібереді. Вакцина егу үшін Республиканың ауыл шаруашылық министрлігінің рұқсаты керек, егілгеннен кейін 6 айдан соң қайталанады. Түйелер аптасына бір рет тері жүнінің арасында дуспен себеді. Дустқа бүргені өлтіретін дәрі қосады. Кеміргіштерді өлтіреді. Барлық түйелерді күнде көріп, мал дәрігерлік бақылаудан өткізіп отырады. Егерде ауырған ы не ауруы мүмкін деген түйелерді бөліп, бөлек ұсталынады. Ол түйелерден оба ауруынан, ажырату үшін малдәрігерлік зертханаға не обаға қарысы станцияларға қанын алып жібереді. Осы аталған жұмыстардың арлығы арнайы тігілген обаға қарап костюм киіліп атқарылады. Әр күні жұмыстан соң костюм зарарсыздандырылады және көтіріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
- “Аса қауіпті вирустық жұқпалы аурулар” Төлемесов. Р. Шымкент 2004 ж.
- “Аса қауіпті бактериялық жұқпалы аурулар” Төлемесов, Шымкент 2004 ж.
- “Өмір қауіпсіздігін сақтау” Талқанбаев , Түркістан 2000 ж.
- “Азаматтық қорғаныс” Асылбеков , Тоқсейітов 1999 ж.
- “Өмір сүру қауіпсіздігі” Таженов Т., 2002 ж.