Алаш партиясы туралы реферат

0

Алаш партиясы туралы реферат

«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.

Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған.

Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Олар сол дәуірдің ең озық дәрісханаларында білім алды. Атап айтқанда: Қазан университетін бітірген Ахмет Бірімжанов, Мұхамеджан Қарабаев, Садық Аманжолов, Иса Қашқынбаев, Шафқат Бекмұхамедовтер, Петербург университетінің түлектері: Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Барлыбек Сыртанов, Жаһанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Жанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков, Санжар Асфендиаров, Халел Досмұхамедовтер еді. Осылардың барлығы «Алаш» туы астында бірікті.

Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі болшевиктер ұсынған кеңестік даму бағытымен қатар дүниеге келді. Сондықтан да Ресейдің байырғы отарлау саясатын ұстанған коммунистермен «бір қазанға» бастары сыйған жоқ. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев Алаш арыстары басшылыққа алған ұлттық даму бағыты жайында: «… олар қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі жетілдіре түсуді көздеді. Ең негізгісі, бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін жол еді» — деп жазады.
Сол сияқты Алаш партиясының қатарына қандай адамдар қабылданады деген пікірге байланысты «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 253-інші санында: «Партияның программасын жақтырып, жөн көрген программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді. «Алаш» бағытынан таймайтын, өтірік айтпайтын, жақындық туысқа бүйрегі бұрмайтын, дүниеге қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі осы партияға кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі мүшелікке қабылданбайды» деп, нақпа-нақ көрсеткен.

1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін қазақ зиялылары кейбір нормалық қағидаттардың толымсыздығына қарамай жеке мемлекет құрудың, автономиялы республика орнатудың қажеттігін толық түсінді. Осы жолда қандай қиындыққа тап болса да қажымай еңбек етті. Мұндай мүмкіндік ғасырда бір туатынын бағамдай алды. Олар қазақ халқының аузын аққа жеткізіп, басына бұғауланған бодандық ноқтасын сыпырып тастау өздеріне берілген міндет деп ұғынды. Әлихан Бөкейхановтың: «Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпеген де болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар» дегенін, бүгін біздер көрегендік демей не дейміз. Сол сияқты Алаштың тағы бір ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың тергеушіге айтқан мына сөзіне қараңыз: «… Менің идеалым қазақ халқының тұрмыс жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру, ал мұның өзі игілікті дамудың алғышарттары болғандықтан мен осы мұратты қандай билік қамтамасыз етсе соған ризамын» — депті.

Осы Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің шаңырағы астына біріккен ұлт зиялылары шын мәнінде қазақ ұлтының тарихында қайталанбас тұлғалар еді. Бірақ заманның қилы-қилы өзгеруіне орай олар небір қиын күндерді бастан кешірді. Ақыры бәрі дерлік атылып тынды. Шақит кетті. Дәл осы адамдардай қазақ халқына адал һәм есепсіз қызмет ететін ұрпақтың шоғыры туар яки тумас.

«Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Тағы да Ахаң айтқандай: «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл осында айтылғандай Алаш идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері құл халықтың көзін ашпаққа керек.

Тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев өзінің көп жылғы зерттеу нысанасына Алаш көсемдерінің әрекетін саяси және тарихи тұрғыдан қарастырып келген ғалым. Осы кісінің айтқанына қарағанда Алаш идеясына топтасқан ұлтшыл зиялыларды Кеңес билігі қатаң бақылаудың астында ұстағаны соншалық ОГПУ бір жылда 4 дүркін Сталинге есеп беріп отырған.

1922 жылы Әлихан Бөкейхановты Мәскеуге алып барып, ешқайда шығармай ұстаған. Жөнді жұмыста бермеген. Сол кезде ел астанасы Қызылордаға жиналған қазақ зиялылары Әлекеңе ортасынан қаржы жинап жіберіп тұрған. Біз бұдан не ұғамыз?. Біріншіден, Алаш жолында басын бәйгеге тіккен арыстардың азаттық жолында құрбандықтан қорықпағанын көреміз. Екіншіден, Кеңес билігіне қызмет етіп жүрген ұлт зиялылары да Алаш арыстарына бүйрегі бұрып тұрған секілді.

Осы орайда, «Алаш арыстарының күрес жолындағы мақсаты не?» деген заңды сұрақ туады. Олар әуелі, ұлттын отаршылықтан босатып, орта ғасырлық мешеуліктен құтқармақ болды. Мысалы: Ахмет Байтұрсыновтың, мешеу, мәдениетті төмен жұрт аңқау, ақ көңіл, алданғыш, сенгіш келеді, деп айтуында үлкен мән жатыр.

Екінші сұрақ: Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі ұсынған ұлттық идеяның негізгі ұстанымдары қандай болды?.

  1. Олар таптық бөлінуді (бай, кедей, орташа) қолдамаған.
  2. Жерді сатуға қарсы болған.
  3. Жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың төл меншігі деген.
  4. Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ бұл тоқылатын болса, ол алдымен қазақтың үстінен табылсын!
  5. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын!. 6. Мемлекет құруда ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып дамыған Жапония елінің тәжірибесі қолданылсын!

    Міне бұл ұстанымдар осыдан 90 жыл бұрын Алаш арыстарының бағдары болған. Бұл бағдар арман күйінде қалды. Қазіргі тәуелсіз еліміздің мемлекеттік идеясының іргетасы осылай болуы керек сияқты.

    Үшінші сұрақ: Егер Алашорда үкіметі орнап, Алаш идеясы іске асқан жағдайда қазақ халқы үшін қандай игілік болуы мүмкін?. Тағы да ғалымдардың пікіріне сүйенсек: 1921-22 жылдары аштықтан 1 млн. 758 мың қазақ қырылып қалмас еді (осы дерек әлі айтылмай келеді). 1931-32 жылдардағы аштық болмас еді. Қазақ ұлттының рухы дәл осылай құлдырамас еді. Қазіргі дүбәрә тілді трикомедиялық жағдай қалыптаспаған болар еді.

“Алашорда” үкіметі мен “Алаш” партиясы қайраткерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғау үшін тергеу орындары ұзақ әрі тыңғылықты дайындалды. Әсіресе, 1927 жылы Голощекиннің Қазақстандағы жер реформасын жүргізу науқанына Әлихан Бөкейханов қатты соққы беріп, оның жоспарын Мәскеудің өзінде қабылдатпай тастағаннан кейін аңду күшейді. Өйткені, жер жөнінде алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтан асқан білімді маман сол кездегі Кеңес өкіметінің мемлекет басында да жоқ болатын.

Патшалық Ресейдің ең беделді ғалымдары мен әскери барлаушыларынан, отарлау жүйесінің идеологтары мен теоретиктерінен құралған академик Щербинаның экспедициясының құрамында он жыл бойы зерттеу жүргізген Әлихан Бөкейханов ел мен жер жөніндегі мәселенің астарын бүге-шігесіне дейін білетін. Жер мен қоныстану туралы қарарлар 1922 және 1925 жылдары аса құпия түрде дайындалды әрі дәл сол кезде Әлихан Бөкейхановты Мәскеуде мырзақамақта ұстаған болатын. Соған қарамастан патша мен большевиктердің жазалау және тыңшылық мекемелерінің әдіс-тәсілдерін барынша жетік меңгерген Әлихан Бөкейхановтың араласуының және ақыл-кеңесінің нәтижесінде: патшалық Ресей тұсында 1914 жылы, ал Кеңес өкіметі тұсында 1927 жылы атқарылуға тиісті “тың көтеру науқаны”, яғни Ресейден алғашында 360 мың қарашекпенді Қазақстанға әкеп, “коллективтендіру” деген желеумен жер бөліп беру туралы жасырын жоспар жүзеге аспай қалды.

Мұның өзі ұлт көсеміне одақтық бедел әкелді. Сонымен қатар Қазақстандағы жер нормасын белгілеу мен артық жерді анықтау мақсатында Әлихан Бөкейхановтың 1926 жылы С.Ф. Барановпен, С.И.Руденкомен бірігіп Атырау өңірінде жүргізген ғылыми экспедицияның қорытындысы “Қазақтар. Антропологиялық зерттеулер” деген атпен Ленинград қаласында 1927 жылы жеке кітап болып басылып шығып, өзінің пікірін ғылыми тұрғыдан көпшілікке жария етті. Енді одақтас республикалардың барлық өкілдері ашықтан-ашық қолдап отырған Ә.Бөкейхановты қалайда ауыздықтау қажеттігі туды. Өйткені, Кеңес өкіметінің “коммунистік-колонизаторлық” ұлт саясаты мен “артық жерге қоныстандыру” науқанын жүргізу Ә.Бөкейханов тұрғанда үлкен кедергіге ұшырайтыны сөзсіз еді. Сондықтан да Мәскеудің де, Қазақстанның да тергеушілері оның соңынан қатаң бақылау қойды. Ә.Бөкейхановқа Қазақстанға келуге тыйым салынды. Оны қамаққа алу үшін алдын-ала сұрақ-жауап жүргізген түрме тергеушілеріне: “Е, тағы да жер мәселесі туралы заң шығарғалы жатыр екенсіңдер ғой. Бұдан бұрын да екі рет Халық комиссариаты жер мен жерге қоныстандыру туралы шешім шығарардың алдында мені абақтыға қамап еді. Бірақ та аз ұлттардың өкілдерінің, оның ішінде Украина мен Грузия өкілдерінің талап етуімен Бутыркадан бірден Кремльдің төріне шығарған болатын. Жер мен қоныстандыру туралы Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысы орыстандыру туралы қаулы екенін дәлелдеп бергеніммен де, шешім қабылданбай қалып еді. Өйткені, бұл қаулыны дайындағандар менің патша заманында-ақ айтысып үйренген Николай патшаның орысшыл “қаражүздік” ғалымдары-тын. Швецов сияқты әділ ғұламалардың тұжырымы бұл іске тартылмапты. Ол жолы Бутыркадан шығарса да Мәскеуден кетуге рұқсат етпеп еді. Әй, бұл жолы қайта шығара қоймассыңдар, қабақтарың қабарып кетіпті”, — деген мазмұнда жауап берді.

“Алашорда” үкіметі мен “Алаш” партиясы қайраткерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғау үшін тергеу орындары ұзақ әрі тыңғылықты дайындалды. Әсіресе, 1927 жылы Голощекиннің Қазақстандағы жер реформасын жүргізу науқанына Әлихан Бөкейханов қатты соққы беріп, оның жоспарын Мәскеудің өзінде қабылдатпай тастағаннан кейін аңду күшейді. Өйткені, жер жөнінде алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтан асқан білімді маман сол кездегі Кеңес өкіметінің мемлекет басында да жоқ болатын.

Мұның өзі ұлт көсеміне одақтық бедел әкелді. Сонымен қатар Қазақстандағы жер нормасын белгілеу мен артық жерді анықтау мақсатында Әлихан Бөкейхановтың 1926 жылы С.Ф. Барановпен, С.И.Руденкомен бірігіп Атырау өңірінде жүргізген ғылыми экспедицияның қорытындысы “Қазақтар. Антропологиялық зерттеулер” деген атпен Ленинград қаласында 1927 жылы жеке кітап болып басылып шығып, өзінің пікірін ғылыми тұрғыдан көпшілікке жария етті. Енді одақтас республикалардың барлық өкілдері ашықтан-ашық қолдап отырған Ә.Бөкейхановты қалайда ауыздықтау қажеттігі туды. Өйткені, Кеңес өкіметінің “коммунистік-колонизаторлық” ұлт саясаты мен “артық жерге қоныстандыру” науқанын жүргізу Ә.Бөкейханов тұрғанда үлкен кедергіге ұшырайтыны сөзсіз еді. Сондықтан да Мәскеудің де, Қазақстанның да тергеушілері оның соңынан қатаң бақылау қойды. Ә.Бөкейхановқа Қазақстанға келуге тыйым салынды. Оны қамаққа алу үшін алдын-ала сұрақ-жауап жүргізген түрме тергеушілеріне: “Е, тағы да жер мәселесі туралы заң шығарғалы жатыр екенсіңдер ғой. Бұдан бұрын да екі рет Халық комиссариаты жер мен жерге қоныстандыру туралы шешім шығарардың алдында мені абақтыға қамап еді. Бірақ та аз ұлттардың өкілдерінің, оның ішінде Украина мен Грузия өкілдерінің талап етуімен Бутыркадан бірден Кремльдің төріне шығарған болатын. Жер мен қоныстандыру туралы Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысы орыстандыру туралы қаулы екенін дәлелдеп бергеніммен де, шешім қабылданбай қалып еді. Өйткені, бұл қаулыны дайындағандар менің патша заманында-ақ айтысып үйренген Николай патшаның орысшыл “қаражүздік” ғалымдары-тын. Швецов сияқты әділ ғұламалардың тұжырымы бұл іске тартылмапты. Ол жолы Бутыркадан шығарса да Мәскеуден кетуге рұқсат етпеп еді. Әй, бұл жолы қайта шығара қоймассыңдар, қабақтарың қабарып кетіпті”, — деген мазмұнда жауап берді.

Өткенге көз жіберсек, Алаш идеясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі уағыздаушы әрі жүзеге асырушы қайраткерлері ұлт ісіне ерте есейген есті санамен, жалындап тұрған жастық жігермен құлшына кіріскендіктерін байқауға болады. Басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды жол сілтер көсемдері бар алыптар шоғырының абыройлы ісіне тың серпін, жаңа тыныс берген жас шамасы 20-25, әрі кетсе 30-дың о жақ, бұ жағындағы жастар еді. Олар өз әрекеттері арқылы Алаш идеясының өміршеңдігі ұрпақтар жалғастығында екенін ұғындырып кетті. Оны жақсы түсінген әрі Алаш идеясының баянды болуына бар ынта ықыласымен еңбек еткен, арқалы ақын-жазушылар Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытов сол тұста бірі 24-те, екіншісі 28-де еді. Ал 1925 жылы «Алаш» партиясын құрушылардың қатарындағы ең жас көсем, Алаш Орда үкіметінің мүшесі Әлімхан Ермеков 25 жасында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Мұхаметжан Сералиндермен бірге Коммунистік партия көсемі Ленинге көршілес елдерге өтіп кеткен шекарадағы қазақ жерлері қазақ халқыныкі екенін дәлелдеп, көзін жеткізіп, мәселені қазақтың пайдасына шешеді.

«Алаш» партиясының белсенді мүшесі болған, кейіннен алашшыл азаматтарға қауіп төнгенде ағалардың ақылын тыңдап, мұраты бір жас алашшылармен бірге компартия қатарына өткен Мұхтар Әуезов, Дінмұхамед (Дінше) Әділов, Смағұл Сәдуақасовтар сол уақытта небары 17 жастың шамасында еді. Қошке Кемеңгеров пен Сұлтанбек Қожанов болса 20-дан енді ғана асқан болатын.


Тегтер:Алашалаш автономиясыалаш жолыалаш жолы кітабыАлаш зиялыларыалаш партиясыалаш партиясы бағдарламасына swot талдауалаш партиясы слайдалаш партиясы туралы тест сұрақтарыалаш партиясының бағдарламасыалаш партиясының мақсатыалаш партиясының қазан революциясы көзқарасыалаш партиясының құрылу мақсатыАлаш қайраткерлеріалаш қайраткерлері кеңес үкіметін қолдадыалаш қайраткерлері рефераталаш қайраткерлері слайдалаш қайраткерлері тіл туралыалаш қайраткерлері туралы эссеалаш қайраткерлерінің ақталуыалаш қайраткерлерінің еңбектеріалаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндікалаш қайраткерлерінің ұлттық идеясыалаш қозғалысыалаш қозғалысы және мұхтар әуезовалаш қозғалысы слайдалаш қозғалысы туралы өзіндік пікіралаш қозғалысы қайраткерлерінің ақталуыалаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуыалаш қозғалысының 100 жылдығыалаш қозғалысының белсенді қайраткерлеріалаш қозғалысының көсеміалаш қозғалысының өкіліАлаш-Ордаалашаалашорда үкіметіалаштың ақ жолыалаштың ақ жолы байқауыалаштың баласы бұл жолы болмасажылымық қазақ руханиятықазақ руханият репрессияға ұшыратқан кімқазақ руханиятықазақ руханиятындағы дәстүрлі ислам құндылықтарықазақ руханиятының бастауларықазақ руханиятының ерекшеліктеріҚазақша рефераттарқазақша рефераттар скачать бесплатноқазақша рефераттар тегін жүктеуқазақша тегін рефераттар сайты