Акционерлік қоғам түсінігі және таратылуы туралы реферат
Тақырыбы: Акционерлік қоғам, қоғам түсінігі және таратылуы
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
1-Тарау. Акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша заңды тұлғалар жүйесіндегі түсінігі мен алатын орны
- Акционерлік қоғамдардың түсінігі мен Қазақстан Республикасында акционерлік заңнаманың дамуының жалпы сипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1-Тарау. Акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша заңды тұлғалар жүйесіндегі түсінігі мен алатын орны
1.1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі мен Қазақстан Республикасында акционерлік заңнаманың дамуының жалпы сипаттамасы
Қазақ КСР-нда акционерлік қоғамдар 1991 жылдан бастап құрыла бастады. Бұған негізгі түрткі болған 1990 жылдың 11-желтоқсанында “Қазақ КСР-нда шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы” деген атпен қабылданған Заң болатын. Осы заңның негізінде түрлі заң актілері, атап айтар болсақ, “Қазақ КСР-ндегі кәсіпорындар туралы”, “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” қабылданды. Осы аталып отырған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасында акционерлік қатынастардың құлаштап дамуына жағдай туғызды. Акционерлік қоғамдардың нарықтық заманда кеңінен етек жаюына мемлекеттік мүлікті жекешелендіру процесі де өзінің үлкен үлесін қосты.
Акционерлік қоғамдар туралы Заңнан басқа акционерлік (корпоративтік) заңнаманың қатарына “Бағалы қағаздардың нарығы туралы”, “Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңдарды толығымен жатқызуға болады.
Түрлі мемлекеттерде олардың құқықтық базаларының ұқсастығына қарамастан, акционерлік қоғамдар үшін берілетін анықтамалар түрліше болып келеді. Бір топ авторлардың айтуынша “акционерлік қоғам дегеніміз – бұл капиталды шоғырландыру және акциялар мне облигацияларды сату жолымен құралатын капиталы құрылатын үлкен корпорациялардың негізгі ұйымдық нысаны болып табылады.
Ендігі бір топ авторалардың пікірлерінше, “акционерлік қоғам – бұл капиталы акционерлік қоғам құрылтайшыларының қаражаттарын біріктіру жолымен және акциялар мен облигацияларды сату жолымен құралатын қоғам болып табылады”. “Акционерлік қоғам – бұл кәсіпорынның бір ұйымдық құқықтық нысаны болып табылады. Олар ақшалай қаражатты шоғырландыру жолымен және пайда табу мақсатында акцияларды сату жолымен қаражатты орталықтандыруды жүзеге асырады” [1]деген де ойлардың кездесетінін айту орынды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13-мамырындағы Акционерлік қоғамдар туралы Заңының 3-бабына сәйкес, өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, акционерлік қоғамға Ресей Федерациясының да заңнамасы анықтама береді. Ол анықтамаға сәйкес, акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы бірнеше белгілі бір акциялар санына бөлінген коммерциялық ұйым болып табылады.
Біздің пікірімізше, акционерлік қоғамдардың түсінігіне байланысты осыншама анықтаманың болуы осы қоғамның тек тарихи ерекшелігіне ғана байланысты емес, ол сонымен қатар осы акционерлік ұйымдардың күрделілігімен байланысты болып отырады. Осыған байланысты әлемдегі көптеген мемлекеттердің заңнамасында акционерлік қоғамдардың заңды анықтамасы берілмейді. Негізінен, біздің ойымызша, қазақстандық заң шығарушының акционерлік қоғамдардың түсінігіне байланысты заңдық анықтаманы бергені дұрыс болып табылады, себебі заңдық анықтаманың болуы барлық жағдайларда үлкен теориялық дауларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Дегенменен, заңдық анықтаманың қаншалықты деңгейде берілгенімен бұл ұйымның барлық конститутивтік белгілерін заңдық анықтаманың құрамына сіңдіру мүмкін болып табылмайды.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы берген акционерлік қоғамның анықтамасы оны заңды тұлғалардың түрлерінің жүйесінен, сонымен қатар коммерциялық ұйымдардың жүйесінен тануға және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында алатын орнын анықтауға жеткілікті болып келеді.
Корпорациялардың көбісінің жауапкершілігі әдетте өз активтерімен шектелген болып келеді және акционерлер осының арқасында корпорацияның ісіне байланысты ешқандай тәуекелді көтермейді. Акционерлік қоғамдар салықтың арнайы корпоративтік ставкалары бойынша салық төлеуге жатады .
Акционерлік қоғам акционерін айта отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасының құрылтайшы, қатысушы, акционер түсініктерін жалпы анықтамамен анықтағандығын да айта кету керек болды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаның құрылтайшысы қарастырылады. Оған сәйкес, мүлікті меншіктенушілер не олар уәкілдік берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе олар уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 44-бабының 3-бөлімінің, 85-бабының 2-бөлімінің, 86-бабының 5-бөлімінің негізінде акционерлік қоғам акционерлері толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегідей қатысушының анықтамасына тиесілі болып кетеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 44-бабының 3-бөлімі акционерлердің құқықтық жағдайларына да әсер етеді, ал бұл өз кезегінде акционер мен акционерлік қоғам арасындағы қатынастардың логикасына кереғар болып келеді. Сонымен қатар ол кодекстің құрылымына қарайтын болсақ, заңды тұлғалардың құқықтық жағдайларын қарастыратын жалпы нормалардың құрамында тұр.
Қазақстан Республикасы Акционерлік қоғамдар туралы Заңының 3-бабының 2-бөліміне сәйкес, қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. Осы аталып отырғанымызға сәйкес, қоғам таратылған жағдайда акционерлерге акционерлік қоғамның міндеттемелерін өтеу міндеті жүктелмейді. Осының өзі акционерлік қоғамның, дәлірек айтсақ осы қоғамның таратылуының өзіндік, спецификалық ерекшелігін көрсетеді. Атап айтатын болсақ, серіктері серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің мүлкімен толық ортақтасқан түрде жауап беретін толық серіктестіктен.
Сонымен, біздің ойымызша заң шығарушының акционерге қатысты қатысушы деп анықтама беруі, біздің пікірімізше, қате болып келеді, өйткені олардың құқықтық мәртебелері түрлі болып келеді.
Акционерлік қоғам өз акционерлерінің акцияларымен ғана шектелген жауапкершілікке ие болып табылады. С.И.Климкиннің айтуынша, акционерлік қоғамның осы белгісі акционерлік қоғамды серіктері шексіз жауапты болатын толық серіктестіктен және шектеулі жауапкершілігі шексіз жауапкершілікпен жанасатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайынан ерекшелейді[2].
Өндірістік кооперативтен акционерлік қоғамның ерекшелігін алып қарастыратын болсақ, акционерлік қоғамда өндірістік кооперативіндегідей қатысушылардың еңбектік қатысуы қажет болып табылмайды.
Бұл дегеніміз акционерлік қоғам акционері еңбектік қатысудан бөлінгендігін білдірмейді. Кез келген уақытта акционердің акционерлік қоғамда еңбектік қатысу жетіклікті деңгейдегі нәтижелерге алып келетіндігі айқын, себебі акционерлік қоғам бұл тек қана капиталдың жиынтығы емес, ол сонымен қатар меншік иелерінің – капитал иелерінің жиынтығы болып келеді. Акционерлік қоғамда жеке қатысудың шегі акционерге тиесілі акциялардың санымен айқындалады.
[2] Климкин С.И. Юридические лица по законодательству Республики Казахстан. Общие положения. – Алматы: Баспа, 1998.С.25.