АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС

0
33

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….

І ДІНИ-ЭКСТРЕМИСТІК ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ БАҒЫТЫ………………………….

1.1 Діни-экстримистік ұйымдар мен қозғалыстар………………………………………….

1.2 Қазіргі таңдағы діни экстремизмнің идеялық түп негізі……………………………

ІІ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС…………

2.1 Орталық Азия аймағындағы діни-саяси экстримизм………………………………..

2.2 Эксремизм мен  күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы…………

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………………

КІРІСПЕ

Бүгінде діни экстремизм және терроризм мәселесі жаһандық қатерге айналып отыр. Менің осы тақырыпты таңдауда басты назар аударған нәрсе – қазіргі  бүкіл әлемде болып жатқан  жарылыстар,  қантөгістер, оның  ішіндегі Ирактағы, Таяу Шығыстағы  болып жатқан қорқынышты   террактілермен  жарылыстар. Мен бұл тақырыпты  зерттеу барысында,  экстремистер кімдер?  Мен ұйымдар бұрыннан болғанба? Экстремистер  Әлемге және де біздің қоғамымыз  үшін қаншалықты қатерлі деген сұрақтарға  жауап іздедім.

Қазіргі адамзат қоғамының  негізгі ерекшелігі  әлем мемлекеттерінің өзара жақындасуы барлық  мемлекеттер үшін өркениет  стандарттары қалай ортақ  болса, қайшылықтар мен қауіптер ле сонша ортақ. Адамзатқа ортақ  кауіптердің қатарына  экстремизм келіп қосылды. «Фундаментализм», «Экстрремизм»  ұғымдары, біздіңше, біріне-бірі жақын ұғымдар, ал терроризм оның асқынған көрінісі. Терроризмге жалпы  қауіп  төндіру,  әрекеті  көпшілік алдында  іске асыру, әлеуметтік  деңгейде  саналы түрде шиеленісті  үрейлі  жағдайды  қалыптастыру, қайсы  бір талаптарды  қанағаттандыру  мақсатында  белгілі бір адамдарға ықпал ету тән. Терроризмнің басты ерекшелігі – оның шекарасынының болмауы  және күтпеген сәтте, күтпеген жерде іске асуы. Қазір әлемнің көпшілік  мемлекеттері терроризмге қарсы күресте үлкен қаржы жұмсауға мәжбүр. Алайда террористік әрекеттер  көбею үстіне  көбеюде.  Терроризмнің қәзіргі   заманда қандайда  болмасын  мемлекеттің бейбіт  өміріне  кауіп  төндіре алатын  аса үлкен кауіпке айналуының түрлі  саяси-әлеуметтік, экономикалық  алғышарттары бар. Біздің пікірімізше  терроризмге  пайда болуының  негізгі  тамыры  әлемдік катынастар  тәртібіндегі теңдік бұзылуына байланысты. Әлемдік  әділетсіздік оған қарсы  әділетсіз жауапты тудыруда. Себебі әлемдік державалар АҚШ, Ресей, Германия, Франция, Ұлыбритания,  Қытай, Жапония тағы  басқа мелекеттер үнемі әлемдік басымдылыққа ұмтылған ұазірде ұмтылуда, келешекте де ұмтылады.

Олардың дамушы елдерге  көрсеткен  қысымына жауап ретінде  қазіргі терроризм дүниеге келуде. Сонымен қатар, артта қалған  елдердің  өз ішіндегі билікке жетуді көздеген экстремистік  топтар  да  террористік  әдістерді  өз мақсатына  жету үшін  пайдаланады. Демек,  әлемдік  терроризмді  екі  топқа  бөліп  қарастыру дұрыс секілді. Бірінші топ – дамыған әлемнің кез-келген  нүктелерінде әрекет ете алатын  халықаралық  байланыстары бар  лаңкестер. Екінші топ – мемлекетегі  саяси  басшылықа  немесе  саяси  бағытқа  қарсы  әрекет  ететін сол елдегі  билікті иемденуді мақсат  тұтқан  топтар. Қазіргі әлемде  эксремизм  идеясынының  пайда болуы  және  оның таралуы  бірден –бір қатер. Бұл идея  мемлекеттің  іргесін  шайқалтуға, түптеп  келгенде  әр-түрлі елдердің  мәртебесін  өзгертуге бағытталған. Бүгінгі  таңда қауіпті ауқымды  қатерлі салдар  тудыратын  деңгейде   жеткен   экстремизм  саяси   құқықтық   құбылыс ретінде  ғаламдық  күрмеуі қиын  мәселеге  айналды.  Көлемді террорлық  әрекеттен тыс қалааралық кепілдік бүгінде бірден-бір елде,  соның ішінде Қазақстанда  да жоқ.

Терроризм түп-тамырымен  жойылуы тиіс. Алайда терроризмге қарсы күресте оның тек нышандарын  ғана емес, түп-тамырын  жойғанда  ғана  жақсы  нәтижеге  жетеміз. Экстремизмді бір ғана  өрескел  күшпен  жеңеміз  деу,   адамзатты қырып-жою деген сөз.   Бұл жерде жұдырық  толық  жеңіске  жеткізбейді,  оған көп ақыл,  мықты  ынтымақ  керек.  Қалай болғанда  да таяу уақытттарда біз терроризмге  қарсы  бүкіл  дүниие-жүзілік  күрес  науқанының  куәгері болатынымыз анық. Әлем қырғи-қабақ, соғыс  жоқ  бірақ  барша адамзат үлкен   қауіпті қасірет күтумен болды.   

 

1.1 Діни-экстримистік ұйымдар мен қозғалыстар

 

К. Р. Президенті Н.Ә. Назарбаев парламент палаталарының біріккен міжілісінде  сөйлеген сөзінде Терроризммен күрес мәселесе басты назар аударды. Н.Ә. Назарбаев   сол кездегі сөйлеген басты жаңалығы біздің аймаққа да тероризм қаупі барлығын алғаш рет  ресми түрде атап көрсетті  сол сияқты  осыған сәйкес  экстримизмге  қарсы тез арада заң қабылдану керектігін баса айтты. Себебі, діни – саяси партия Хизб-ут Тахрир өзінің заңсыз  іс – әрекеттерін ашық түрде жүргізе  бастаған. Олар Қазақстанда 2003 жылы 1000 үнпарақты таратқан болса 2004  жылы 11 мыңын  таратып үлгерген. Оның үстіне заңсыз келетін күмәнді адамдардың саны көбейген. Шымкентте қыздар пансионатында 8-15 жастағы қыздардың арасында исламдық фанатизмге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілген. Ал оны тоқтататын құқық тетіктері болмай шықты Сөйтіп Қазақстандағы бұл реттегі шаралары шектен тыс анархиялық сипат алып кеткен. Іс жүзінде олардың іс-әрекетін заң жолымен шектеуге болмайтын болып шықты. Ождан бостандығы жөнінде  бұрын қабылдынған заңдарымыз  қазіргі талапқа  сай емес екені мәлім. 

Қазақстанда 2299 діни ұйым жұмыс істейді, 46 конфессия, 1534 мешіт, 230 проваслав шірекеуі,  70 лютеран  қауымдастығы,  40 елушіл, 34 иегова куәлері 20 пресвитариян,  жалпы алғанды 2005 ғибадат орны жұмыс істейді. Айта берсек бұрын-соңды атын естімеген затын көрмеген діни топтар мен  ұйымдар елімізде  қаптап кеткен. Бір діндегілер миссионерлердің алдау арбау әрекеттерінің салдарынан  қақ жарылып жатса дін аралық және ұлтаралық араздықтар  туып татулық бұзылуы мүмкін.  Сондықтан да азаматтардың  діни сенімдері заң мен қорғау ісі назардан тыс қалмауы тіс.

Республикада әртүрлі секталар  мен шіркеулердің  саны көбейген. Дәлірек айтқанда, «новая жизн», «новая неба», «қуаныш», «церков сатаны», «блогоя весть» «община бахай», «обшество сознаня кришны», т.б.  Мұнымен  қатар шет елдерден Германиядан, Польшадан,  АҚШ-тан,  Оңтүстік Кореядан, келген миссионерлердің  іс-әрекеттері еліміздің көптеген аумақтарында  әрекет етуде. Ғ. Елшібайдың пайымдауынша, Қазахстанда соңғы 5-6 жылдың ішінде Евангелия сектасы 4000 дай ұя салған. Енді 2010 жылы біздің елімізді  Евангалияға айналдырмақшы  екен. Миссионерлер қазақтарды ақшаның мен насихат  пен алдап-арбау арқылы өз дініне өткізіп жатыр. Ал заң бойынша конфессиялар мешіттер мен храмдар діни бірлестіктер  заң щеңберінде ғана әрекет етуге құқылы  бірақ қәзір толық солай болып тұр деп айтуға болмайды.

Дін қоғамды құраушы бірден  бір күш, сонымен қатар кейбір уақыттар да ол мемлекеттің ішкі тыныштығына нұқсан келтіретін кездері болады. Хангиктонның айтқанындай XXI ғ діндер қақтығысы орын алады делінген.  Біз осы шет елдерден келетін миссионерлердің ісіне сипаттама бере кетейік. Олар не үшін біздің дінсіздігіміз үшін қам жейді, не үшін соншама қаржы жұмсайды, осы сұрақтар адамға үлкен ой салады. Әлемде мемлекетті жаулап  алудың  екі жолы бар біріншісі соғыс арқылы, екіншісі соғыссыз оның негізгі құралы: дін адам санасын діни идеология арқылы жаулап елдегі адамдарды   мемлекетке қарсы қою.  Әлемде дін қоғамдық өмірге кері әсерін тигізген мемлекетті айтатын болсақ Ливан ммемлекеті ол елдің жартысы мұсылман жартысы христиан болып табалыды. Және тағыда айта кететін жағдай әлемде 5000 жыл тарихы бар Оңтүстік Кореяны алатын болсақ ХХ-ғ екінші жартысынан бастап елде жаппай христиан дінінің миссионерлері белсенді жұмыс істеуінің арқасында елдің үштен бірі христиан дінін қабылдаған және біздің елемізге келушілердің көбісі сол Таңғы Жұпар елінен  (Оңтүстік Корея) келгендер. Сырттай білінбеседе Қытай Халық Республикасында  ҚХР  Европадан келген мисионерлер белсенді жұмыс атқарып жатыр. Қытай тілін үйреніп, қытай қыздарына үйленіп өздерінің ұяларын салуда. Біз енді мына сұраққа жауап берейік; Бұл істің артында кім тұр  әне неліктен. Біріншіден Әлемдік басапасөз құралдарының дәлелдеріне сүйенетін болсақ АҚШ және Батыс мемлекеттері. Неліктен деген сұраққа келетін болсақ. Оның екі болжамдық сипаты  бар.

  1. Әлемде АҚШ өмірінің салты мен негізделген «жаһандану» проблемасы қоғамдағы негізгі құндылықтары, басқа құнсыздықтар мен алмастыру.  Айта кететін жайт хриситиан дінімен әлемде бәсекеге түсе алатын  ислам діні ғана. Ислам діні жаһандану процесіне қарсы тұра алады. Өйткені жаһандану процесінің кейбір компаненттері ислам дінінің ұстанымдары мен сәйке келмейді. Сондықтан  АҚШ  әлемдегі ықпалды державаларды өз қатарына косып қарсыластарын азайтуда.
  2. Миссионерлердің көпшілігі Азия мемлекеттерінде белсене жұмыс атқаруда.  Әлемдік экономист ғалымдардың айтуынша әлемдегі халық тұтынатын шикізат энергиясының қайнар көздері Азияға қарай ауытқуда. Сондықтан ертеңнің қамын қазірден ойластыруда.        

Біз енді секталардың тағы бір бөлігі ислам дінінің атын жамылып өзінің саяси мақсатын іске асыратындар. Қасиетті дініміздің әлемдік аренада абыройына осы топтар нұқсан келтіруде. Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ә.у.) Бір хадисінде; «мен өлген соң менің үмметім 73-ке бөлінеді, тек оның бір ғана жолы жұмаққа апарады». Шынында қазіргі таңда  қасиетті дініміздің атын жамылып өз саяси мақсатын іске асырушылар аз емес. 

Қорыта айтқанда елдегі діни ақуалдың алдын алуға қазірден қам  жасау керек және оған дінтанушы мамандар қызмет етеді. Және еліміздегі діни конфессиялар дін шеңберінде ғана  жұмыс істеуді қатаң түрде назарға алу керек.  Біздің елдің негізгі діні конституцияда көрсеткендей ислам діні.  Басқа сырттан келген миссионерлер дінінің насихатына жол бермеуіміз керек.  Бізде статистикаға сүйенсек 75 пайыз ислам дінін  22 пайыз проваслав қалғаны әртүрлі конфессиялар. Және бұлар бір-бірі мен «қош көрушілік» бейбіт қатнаста өмір сүріп келеді. Жас ұрпақ ертеңгі күні адаспас үшін оның санасына  мектептен бастап  дін сабағын үйрету керек. Әлемде мектепте дін сабағын көптеген елдере жүргізеді көршіміз Ресей федерациясы да мектеп жасына бір ыңғай проваслав дінінің әліппесін енгізген. Біз мектеп жасына бірыңғай мұсылман емес  дінтану пәнін светтік түрде өткізсек нұр үстіне нұр болар еді.

Дін әрбір адамға таныс сөз ( латынша «религио» – байланыс деген мағынаны білдіреді). Дін дегеніміз не?  Деген сұрақ көп уақыттан бері  адамдардың арасында көп уақыттан бері таласын туғызып келеді. Осы пікір таласының негізінде  дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр. Оның негізгі  мәні діннің құдірет күшінен туындайды, олар «құдай», «абсолюттілік», «әлемдік рух», «абсолюттік идея», «трансценденттік» делінді.  Мұндай көзқарас теологтар мен обьективті идеалистерге тән. Егер алғашқылар діннің көзін құдайдан тапса, соңғылары обьекттивті рухани бастамадан іздейді, оны философ-идеялистер  өздерінше  атайды. Қалай аталса да,  діннің көзі құдіреттіліктен табиғаттан  тылсым күштен іздестіріледі. Олардың пікірінше,  адамдар осы «қасиеттілікте», «абсолюттілікке» ұмтылады. Діннің шығуы осылай түсіндіріледі. Мұндай қағидаға  сүйену кұдайды негіздеуге келіп саяды.

                      

1.2 Қазіргі таңдағы діни экстремизмнің идеялық түп негізі

Президент Н. Назарбаев атап көрсеткендей, «қырғын соғыс, құлақ естіп, көз көрмеген  лаңкестік әрекетттер,  әлемдік  деңгейдегі текетірес, ұлтаралық  мемлкетет аралық   қақтығыстар  толастар емес».  Осы қақтығыстардың   дінмен  байланыстырылуы, біздіңше  тегін емес. Бұл мәселе  едәуір  жарияланымдар  болғанына  қарамстан,   әлі де  болса  тереңірек   зерттеуді  қажет етеді. Осы күнге  дейін  діни  фундаментализм  идеясының  мәні   және  оның  адамдардың  психологиясы  мен мінез-құлқына  әсері  толық  зерттеліп  болған  жоқ. Лаңкестік  жолға  түскен  адамдардың  іс-әрекеті неліктен  дінмен  байланыстырылады. Неліктен  терроризм  мен антитероризм арасындағы  күрес  діни белгілеріне  карай жүргізіледі.  Діни идеяларының  қайта күшейе  түсуінің  Қазақстанда діни  экстремизм  бас  көтеруіне  қаншалықты  ықпалы бар? Адам немесе белгілі  бір топтың  лаңкестік  екенін  анықтаудың  критериі  неде? Бұл жұмысымда осы және басқа  мәселелер  қарастырылады.

Шынайы   әлемдік  діндер  тікелей  экстремизмге  шақырмайды.  Оның  тек  фундаментализм  бұрмалаған  түрлері  ғана  экстремизмге  лаңкестікке  бой  ұрады. Олардың  көріністерін  тарихи  деректерден  білеміз. Фундаментализм не  дегенде, ол  ең  алдымен  мынада: Фундаментализм  қай  дінде  болсада   бұрыннан     қалыптасқан  дәстүрлі дінді «бұзылды»  оны  жақсартамыз деп  немесе  өзге  діндердің  «озбырлығынан  қорғанамыз»  деген сылтаулармен   жүргізілетін  экстремистік  тіпті  лаңкестік  әрекеттер. Н.Ә.Назарбаев  атап көрсеткеніндей,  «фундаментализм» деген  ұғымнның өзі Исламның өңін  айналдырғаны сияқты, Хрестияндықтыңда, Иудайзмнің де  өңін  айналдырған  ұғым  екенін  атап өткен  жөн. Керек  десеңіз,  біздің  ұғымымыздағы  осы  күнгі  «фундаментализм сөзінің» төркіні де Исламға мүлде қатыссыз болған.  Алғаш рет XX-ғасырдың, 20-жылдарында кальвинистер,  пресвитериандар  және  баптистер сияқты  християндық  қауымдар  өкімін  фундаменталистер деп  атай  бастағанды.  Міне,  олай  болса,  фундаментализм тек  Ислам дініне  қауіпті құбылыс емес. Ол тағы да Н. Назарбаев айтқандай айтқандай «бүгінгі дүниеде Фундаменталистік ағым  әлемнің барлық  тарабына АҚШ-та Еуропада, Оңтүстік Шығыс пен Орталық Азияда,  Солтүстік  Африкада және  Таяу  Шығыста, сонымен  бірге  әлемдік  діндердің  барлығында  төбе   көрсетіп  отырғанын  да ескерген абзал»  «Фундаментализм» «экстремизм»  ұғымдары қызметіне де  байланысты.  Терроризм оның  асқынған  көрінісі  – бейкүнә  адамдарды  жаппай  қырып  жоятын,  қорқыныш  пен үрей тудыратын  күштеудің  шектен  шыққан  ең  жеккөріністі түрі. Оның себептері де  алуан түрлі.  Бірақ   олардың  көбінің  саяси  сыр-сипатын  анықтау оңай  емес. Белгілі  бір саяси  күштер  радикалдық  жолға түскендердің  наразылықтарын  қалуға  тырысады. Оның  да  түр-түрі  бар: жиналыс,  шеру, антиглобалдық,  антиамерикандық наразылық  және т.б.  осындай  қазғалыстар  экстремизм  идеологтарының  назарына ілігеді, осы арқылды  түрлі  желеулермен  радикалды  көңіл-күйдегі  адамдар  легін  толтырады. Олар  өз реттерінде  экстремистерге,  сепаратистерге бөлініп, көбінде діндер араснындаығы  текетірес ретінде  көрініс беруде. 

Қазіргі кезде  ислам  дүниесі  әлемдік  азуы  мықты  ақпарат  құралдарының  «азығына»  айналып отыр. Кез-келген  бас көтеру, террорлық  акт болсын  түп  негізін  Исламцға  тірей  салуға  әуес. Ал осындай «ақпараттар  соғысының» нәтижесінде  «Ислам терроризмді»  деген  пікір  қалыптасып  кетті.  Осыған байланысты  әлем елдерінің  көпшілігі   АҚШ- президентін  исламға  қарсы  бастаған    жорығы үшін  қатты  айыптауда. Оған себеп АҚШ-тың  негізінен  ислам елдеріне қарсы  соғысатыны.  Пакистан  унивверситетінің ректоры Маулан  Сами-уль-Хактың айтуынша: «Это борьба  межлу  крестом  и исламом, начавшаяся атакой  США  на Афганистан».

Соңғы кездері,  әсіресе  орыс  тілді  баспасөз  беттерінде де ислам  экстремизмі туралы жиі   айтылуда. «Қазақстан  Еуропадан келген әртүрлі қоғамдық  ұйым өкілдері «Ислам экстремизмі»   тақырыбы ғылыми  конференциялар ұйымдастырып, оған өзіміздің  атқарушы  билік басындағылар,   саясаттанушылар  да қатынасып, тіпті кейбір лауазым иелері  осы тақырыпта  баяндама  да жасап  жүр»-деп қынжылады Балқаш ауданынан С.Мұқанқызы.

Шындығында   ислам  дінінде  адамдарды  бір-біріне  қарсы қоятын  бірде бір идея   таба алмайсың. Бүкіл  адамзатты  оқуға, білімге, ізденіске, ғылым  жаңалықтарын  ашуға  үндейді.  Таза  жүруге, адал еңбек  етуге, бір-біріне  кешірімді  болуға шақырады. Ең  бастысы, өзіне  дейінгі  бірде-бір дінді, бірде-бір  пағамбарды жоққа  шығармайды.

Бұл айтылғандардың  шығатын қортынды: терроризмге қарсы күрес ислам  дініне қарсы  күрес ретінде  жүргізілмеуі тиіс.

Сонда діни  негіздері экстремизм,  конфессияаралық төзбестік қайдан  шығады?  Мәселе осында.  Зерттеулер көрсетіп  отырғандай  олардың  негізінде  әлеуметтік-экономикалық, саяси  және  діни айырмашылықтар   қайшылықтары жатыр.  Қалай дегенде де   діни экстремизмнің  сол  дінмен  бір  байланысты жағы  бар. Оны анықтау үшін  фундаментализмнің  пайда болуы тарихына  көз  жүгіртіп,  ой  елегінен  өткізу  қажет. Бұл жөніндегі біздің зерттеулеріміз  мынаны дәлелдеп  отыр. 

Орта Азияда  діни фундаменталистер, яғни Ваххабистер Ислам Дінін  тазарту  желеуімен  саяси  экстремистік  жолды ұсынады, Тіпті лаңкестікке бой алдырып  ұрады. Ал оның шығу  себептерін  түсіну   үшін  мұсылман елдерінің  әлеуметтік  өміріндегі исламның  рөлін жете түсінбей болмайды. Ол үшін оны тереңірек  қарастырып  көрейік. Шығыстағы  исламның рөлі, Еуропадағы хрестиандықтан   гөрі өзгеше. Еуропа  инкивизацияның шарықтап тұрған кезінің өзінде, хрестианшылдық зайырлы билікті түгелімен  ығыстыра  алған жоқ. Ал ислам  діні болса  барлық  жағынан, саяси әкімшілік, әлеуметтік  құрылым, мәдениет  және  діншілдердің  тұрмыстық  жақтарының  бәрін, яғни  мсұсылман  қауымының  өмірін  түгелдей  қамтыды. Мұсылман елінің  адамы исламға  қарсы шығатын  болса,  онда  ол, әлемге  және  қоғамға  қарсы болып  табылады, яғни  өзін  осы қоғамнан  тыс, заңнан  тыс қояды. Осының барлығы мұсылман  елдерінің саяси-әлеуметтік  өмірінде исламның  ерекше рөль  атқаратындығын көрсетеді. Исламның күші  оны жақтайтындардың санында емес, ең алдыммен, Мұхаммед  белгілеп кеткен  мұсылман  қауымдастығының  идеялық – институционалдық бірлігінде. Ол әлем мұсылмандарын, олардың мәдени  және этникалық ерекшеліктеріне  теориялық жағынан ғана  емес,  керек  болса тіпті, іс-жүзінде топтастырады. Қоғамдағы діннің  осындай жағадайда, рухани және әлеуметтік – саяси жіктерді  ажырата қарау мүмкін емес. Олар бірнеше  жүздеген  жылдар  бұрынғыдай  рухани  өмірге  үлкен  ықпал  етеді  және саясатта белсенді   рөль атқарады. Оның  үстіне  үстіне соңғы жылдары  исламның беделі мен  белсенделігі ислам мемлкеттерінің  батыстық экспансияға  қарсы наразылықтарына байланысты арта түсті.

Исламның этикалық ілімі  бойынша, жақсылыққа жақсылық, қайырымды болу парыз. Сол сияқты туған-туыстарға, қарттарға  құрметпен  қарау міндет. Осы және басқада  айтылған  әлеуметтік  идеяларының мұсылман  елдерінде   билік  басындағылардың  саяси билігін  күшейту  үшін пайдаланылады. Халық  бұхарасы мұны  кеңінен  мойындайды, әлеуметтік  әділеттік деп  түсінеді. Сонымен  Шығыста исламның қоғам  өміріндегі тәртіптері  тек діни  түрде  ғана  сақталған. Міне осының  өзі  бір  жағынан  белгілі бір  жағдайда тілалғыштарды  жанкештілікке  итермелейді. Мұның негізінде  біздіңше сол  жанкешті фанатик  жанның исламдық   ілімді жете игере алмай  кателесуінде жатыр.

Ислам фундаменталистері  халқының  көпшілігі  мұсылман  болып табылатын  мемлкеттерде  Мұхаммед  пайғамбардың  кезіндегідей тәртіп орнатпақшы болады. Басқаша айтқанда исламдық  өркениет  құндылықтарын  сақтап, байырғы мұсылман  мемлекетін  қайта  орнатпақшы  болады. Осы жолда  олар ислам  дінінің  бұрынғы  негізіне  қайта оралуыды көздейді. Ал, ол бойынша,  исламдық  діни  қайраткерлер  мемлекетті  де басқаруы тиіс. Ислам фундаментализмнің  мәні осында. Оның үстіне исламшыл  теоретиктер  халықаралық  қатынастар  докртинасын  құран  уағыздарына негіздейді.  Онда  бүкіл әлем екіге бөлінеді: Мұсылман қауымдастығы және қалған  басқа  дүние. Бұлайша бөлу исламдық  және  исламдық  еместіктердің теңсіздігі болып  саналады.   Осы  талап бойынша мұсылман  еместерді мұсылмандықты  қабылдауға шақырады. Бұл сияқты талап кезінде хрестиан  дінінің  тарапынан да  қойылған болатын. Олар осыны өркениеттілік деп есептейді. Бұл өз алдына  зерттеуді қажет етеді. Ислам теоретиктері өз доктриналарының бейбітшілік  сипатын дәріптеп, Құранға жүгінетіні рас. Бірақ Құранда «дінге зорлап  кіргізуге бомайды»  делінген. Осы қағидаларда  біздіңше, қайшылықтар  бар. Ислам дінін  тарату туралы  уағыз  оның докртинасының бейбіт бағытына  толық сәйкес емес.

Шындығында бұл саяси тәжірбиеде  исламға  ғана емес, Хрестиандық дінде  де орын алып келеді. (Рим Папасының католик дінін тарату  уағызын айтуға болады). Осылайша әлемде  діндердің өзара қарам-қайшылығы  орын алуда. Мұның үстіне «біріңғай исламдық мемлекет»  құру идеясы күштеу  әдістеріне, тіпті лаңкестікке соқтырула.

Діни фундаментализмнің Қазақстанға ықпалы: Орта Азия  мемлекеттеріндегі діни фундаментализмгің (Уаһһавистік идеялардың)  Қазақстанға таралу қаупі жөнінде біріне-бірі қарама-қарсы екі пікір  барын  жасыруға болмайды. Олардың  бірі Қазақстанға діни фундаментализм  ешқандай қауіп  төндірмейді десе, екіншілері, қауіптің қатерін асыра  бағалап, «еліміздегі қазіргі  діни жағдай  іргесіне жарылғыш заттарды жинап  қойған  алып үйдің жағдайымен бірдей», дейді. Еліміздегі діни ахуалды талдап қарайтын болсақ, біздіңше келешек тұрғысынан қарағанда соңғы көзқарас дұрысырақ сияқты. Енді сол  діни фундаменталистердің Қазақстанға таралу қаупінің алдын-алу  мәселесіне  келгенде де, көзқарас екіге жарылып отыр. Мсалы, Ж. Жеңіс ол жөнінде өз  ойын  былай деп білдіреді: «Осы болмай  қоймайтын  бітіспес қақтығыстардың  алдын алудың бірден бір жолы-дәстүрлі исламды мемлкеттік дәрежеде  қолдау көрсетіп,  кеңінен насихаттау. Батыс мәдени-экономикалық   саяси экспансиясына қарсы  тұра алатын бірлен-бір күш ислам» Бұл пікір бір қарағанда біздіңше, қате. Біріншіден, дінді насихаттап қанша қолдау көрсетілмегенімен, олардың арасында діни эксртемистердің де  қосыла келетін ұмытуға болмайды. Екіншіден ислам лінін мемлекеттік дін  деп жариялау, басқа жағын айтпағанның өзінде, конституцияға қайшы. 

Қазақстан Республикасының Конституциясында «идеологиялық  және саяси көптүрлілік мойындалады» деп бекітілді де, әртүрлі плюралистік  бағыттағы  көзқарастар  мен ағымдардың қатар өмір сүруіне жағдай жасады.  Кейбір   саяси күштер осыны және Қазақы көңілшектікті  ұтымды пайдаланып, түрлі діни секталардың елімізде қаптап кетуіне жол беріп алды. Ал, оның  салдары жақсы болмайды. Кейбір сарапшылардың пікірінше елімізде  дәстүрлі емес діни ағымдар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап, қатарларын  көбейтіп, парламентке  өз өкілдерін сайлай алатындай халге жетіп отыр. Ортақ саяси-экономикалық мүдделер үшін неден де болса тайынбайтын алпауыт мемлекттердің қаржылық қолдауымен  еліміздегі діни ағымдар өзара  бірігіп, жаман ойға  кетсе қауіпті. Сондықтан  бұд жөніндегі құқықтық  негіздегі осы бастан реттемесе болмайды. Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «жалпы екі заттан-діни фанатизм мен діни дүмшеліктен  бірдей сақтанған жөн». Діни дүмшелік қалай келсек, оған мысалдар жетіп жатыр.  Қазақстанда проваслевие дінін жақтаушылар  батыстық және шығыстық  шіркеулердің айырмашылықтарын жете түсіндіріп жете түсіндіріп бере алмайды.   Сол сияқты  өздерін мұсылманбыз деп  есептейтін  қазақтарда, шииттер мен сунниттердің айырмашылығын айтуға қиналады. Бұл сөзсіз  діни дүмшелік. Оның бір себебі ондаған жылдар  жүргізілген мемлкеттік атейзм саясаты. Ал діни фанатизм  ұғымы  дегенде, тарихтан белгілі болғандай, шамалы ғана  діншілдік өзі  өмірге  фанатизмнің небір  ұшқары  түрлерін  әкелген. Оның үстіне  біздің  Республикамен  шектес  Орта Азия мемлекеттерінде  дінді саяси өмірдің бір  кілтіне айналдырған  құпия немесе жария діни орталықтар бар.

Діни фундаментализм мен лаңкестіктердің таралу аясы: Қазіргі кезде діни  фундаментализм  мен лаңкестік  бір ғана  аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе  болмай отыр. Қазақстанда  қазіргі кезде діни конфессиялардың  өзара келісім жағдайында болуына қарамастан,  бұған керісінше, әлемдік  дәрежеде  лаңкестікке апаратын  діндер арасындағы қақтығыстар жалғаса түсуде. Оған мысалдар  көп Мысалы Англиядағы Ольстер мәселесі, Индия-Пакистан шиеліністі, Шығыс тимордағы қанды оқиғаларды Нигериядағы конфессияаралық қақтығыстар, діни факторларды  пайдалану арқылы саяси мәселелерді  шешуге тырысуда. 

Қысқасы терроризм мен антитерроризм арасындағы күрес негізінен діни белгілеріне  қарай жүргізілуде.

Тарихқа үңілетін  болсақ, діндер арасындағы  шайқастар не  бір адам  айтқысыз  қантөгістер  сұмдық  терроризмге  әкелген.   Жавахарлам Нерудің «әлем тарихына көзқарас»  еңбегінде айтылғандай, «жүз жылдан аса уақыт бойы хрестиандық пен ислам Сирияда, Палвестина мен Кіші Азияда үстемдікке жету үшін күреседі, олар бір-біріне күшін сарқып, әлгі елдердегі жердің әрбір бөлігін адам қанына бөктіреді. Бұрынғы гүлденген қалалар саудасын тоқтатып, бір кездегі көркінен айбатынан айырылады». Нерру айтқандай күрес біздіңше, қазір де жалғасуда.

Соңғы кездері әлемдегі кеңінен таралған христиандық пен исламдық өркениеттердің тайталастылығы негізінде қауіп-қатер күшейе түсуде. Себебі осы кезде орта ғасырлық «крест жорығы» және «жихад» ұғымдары кеңінен қоданылды. Ал Қазақстанда діни негіздерге қайта оралудың кұшейгендігін мына деректерден-ақ байқауға болады: Қазақстандағы мешіттердің саны 25-1500-ге дейін жетсе, проваславиялық приходтарының саны – 4 есеге дейін көбейген, католикалық шіркеулердің – 3/1 есеге артқаны мәлім. Протестанттық бірлестіктердің миссиялары мен мінәжәт үйлері, иудейлердің қауымы – 21-ге дейін жетті. 40 астам конфессияны қамтитын 3000-ға жуық діни бірлесттіктер бар. Басқа да дінибағыттар өсе түскен. әлеуметтік зерттеулер көрсетіп отырғандай республика тұрғындарының 95,2 пайызы діндарлар, 2 пайызы ғана өздерінің дінінің ашық қарсыластарымыз деп санайды, қалғандары бейтарап қараушылар. 

Бірақ бұларды қол жеткен жетістіктер дегенімізбен, оған қарама-қарсы жаһандану мен информациялық процестердің әсері мен түрлі жалған тәлімдерді, әдейі саясаттандырылған діни фунданментализмнің жандануы барлық басқа да діндерге байланысты болып отыр. Ал бұл дегеніміз, біздің ше өркениеттер қақтығысының террориз мен антитерроризм түрінде жүргізілуінен басқа ешнәрсе емес. 

Діни фундаментализм мен лаңкестікті анықтау критерия – адамның немесе белгілі бір топтың діни фундаменталист даңкест екенінің өлшемі (критери) әлі де болса да нақты анықталған жоқ. Тарихқа көз жіберсек, Ұлы Римнің ірге тасын шайқалтқан «Спартак» бастаған құлдар көтерілісін террористерден де жаман қарғап сілеген. Амал не, көтерілісшілер күші басым Римдіктер «баскесер», «қарақшы», «терроршы» деп қаралды. Ал көтерілісшілердің асқақ арманы еді. Римдіктердің лаңкестер жөніндегі өлшемі бір басқа да, спартакшылардың өлшемі екінші басқа болды. Қазіргі кездегі терроршыларды анықтау жөніндегі өлшемде осы айтқандай буалдыр. Ал, мұның өзі террористермен күресу мәселесін тіпті қиындатып жіберді. Бұрында, қазірде адамзаттың бірі – қанаушы, бірі оған қарсы тұрушы. Олардың қайсысы экстремистік, террорлық жолды таңдаушы, қайсысы әділет, бостандық үшін күресуші – міне мәселе осында. 

Әлеуметтік, саяси, экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігі әлем халықтары арасындағы өткелі жоқ қиын асу. Дамыған елдер жер жаһанға  өздерінің игіліктері мен мүдделерінің түрлі жолдармен таратуды көздейді. Олар тіпті күш қолдануға, агрессияға дейін барып, террористерден кем түспеуде. Онымен қоймай Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Африка, Таяу Шығыс пен Азияны жаппай жайлап алған террорлық топтармен ұзақ қиын күреске дайындалып, қоқан-лоқы көрсетуде. Ал АҚШ бұған қарсы өздері терроршы деп танығандардың бәріне алдын-ала соққы бермек. Ол үшін түрлі айла-шарғыларды, сылтауларды оп-оңай табады. Турасын айтқанда, дінге көз-қарас нағыз әлемдік идеологиялық майданға айналып отыр. Оны әр ел әр түрлі пайдалануда. Мысалы, АҚШ Иракқа қарсы аттандырылған жауынгерлердің рухын көтеруде діни сенімді кеңінен пайдаланды. Әскерилер арасында христиан священниктері олардың ажырағысыз бөлігіне айналған. Олар Америка жауынгерлеріне бұл соғыстың әділетті соғыс екендігін, олардан «құдай жалында»  соғысатындықтарын, олардың бұл жерге  әділеттік орнату миссиясымен  келгенін құлақтарына құйып келген. Сөйтіп  лаңкестік критериін діни айырмашылыққа  байланысты анықтай салған. Ал, шын мәнінде, оның өлшемі жалпы  адамзаттық құндылықтар мен  әділеттілік принциптері тұрғысынан  анықталуы тиіс.

Қорыта келгенде, Қазақстандағы дін жөніндегі саясат көрші орта  азиялық  мемлкеттермен  салыстырғанда бірсыпыра ерекшеліктерге ие. Ең  бастысы конфессиялық  татулық  пен келісімдер  сақталуда. Бұл жөнінде тиісті заңдар қабылданып, көптеген жұмыстар атқарылғанымен, зайырлы  мемлкет құру бағыты  мықтап  ұсталынып отыр деп, біздіңше, айту ерте.  Мемлкет басшысы, үкімет, парлмент конфессиялардың біреуіне біржақты  басымдық тырысқан емес. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттердің  зайырлығын шайқалтуға тырысатын кейбір қозғалыстардың атап айтқанда, белгілі бір дінге басымдық  бергісі келетін қозғалыстарда  жоқ емес. Мысалы бұған  Валентин күнін мейрам етіп  жариялау туралы  хрестияндардың ұсынысын, құрбан айт  және ораза айт күндерін  мейрамдау жөніндегі  мұсылман дінін  жақтаушылардың ұсыныстарын  жатқызуға балады. 2003-жылдың Наурыз айында Қазақстан парламентінің соңғы ұсыныстарды қабылдамай  тастағаны мәлім. Бір дінге артықшылық бергісі келетін  саяси күштер  діни уағыздарды таратуға Қазақстан кең мүмкіндіктер  жасалғанын  пайдаланып, дін арқылы саяси үсткемдікке қолдарын  жеткізгісі келеді. Сондықтан  дін жөніндегі толеранттықтың теріс  нәтиже  беретінін де ұмытпаған жөн. Саясатта оны еске алып, діни экстремизмнің алдын алу шараларын жүзеге асыру, өте күрделі және қиын іс. Билік пен бұхара арасындағы алауыздық жоғарыдағы  басшылық арасында  коррупцияның асқынуы жер дауының әділ шешілмеуі және т.б. қайшылықты мәселелер кекшілдер легін тудырды. Әділдік болмаған жерде араздық бар. Мысалы, наразылықтың бірі жерді сату мәселесімен байланысты болып отыр, сол сияқты жұмыссыздыққа, кедейшілікке, қайыршылыққа сауатсыздыққа ұшыраған адамдар терроризмге қолайлы. Тығырыққа тіреліп  басқа жол таппай тарыққандар  өте қауіпті ондайлар  экстремистер, террорлық жолға өз еркімен оп-оңай бара алмайды.  Осындай жағдайда Қазақстанда діни экстремизм  таралуының жол  бермеу үшін көптеген сақтық шараларын жүзеге асыруға тура келеді. Біріншіден, түрлі секталардың ел ішіндегі тұрақтылықты шайқалтуға  бағытталған  іс-әрекеттеріне заң жүзінде тиым салу. Екіншіден, діни  фундаментализм идеяларын әшкерлейтін діни ағарту жұмыстарын  жандандыру. Үшіншіден, оқу орындарында жастарды зайырлылық  рухында тәрбиелеуді кушейту. Төртіншіден, ең бастысы, әлеуметтік жағдайы төмен  адамдарға арнайы көмек шараларын іске асыру және тағы да басқалар.

Тақырыпты таңдау барысында басты назар  аударған  нәрсе  Уаһһавизмге деген көзқарастардың біркелкі, ол туралы әлем жұртшылығының ой-пікірлерінің әр алуандығы, осы құбылыстың  саясатпен  байланысты сияқты маңызды мәселелер болды. Басқадай айтар  болсақ, осы мәселеде дін, саясат, халықаралық лаңкестік, қылмыс сияқты элементтердің арасалмағы қандай деген  сұрақтарға жауап іздедім. әлбетте, бүгінгі діни сенімдердің бүркеніш  қылып, көптеген елдерде  қантөгіске әкелетін  қақтығыстар  мен лаңкестік әрекеттердің жазықсыз  бейбіт адамдардың өмірін қиып  жатқандығы  ешбір  елді алаңсыз қалдыра  алмайды. Ал осындай мәселеге атлант мұхитының арғы жағында жатқан алпауыт АҚШ сияқта  елдің назар аударып,  онымен күресудің барлық   мүмкін болған  жолдарын  қарастырып жатқандығы ескерсек, Қазақстан сияқта көп ұлтты, көп мәдениетті, көп тілді, көп дінді ел  үшін Уаһһавизм сияқты лаңкестік  пен зорлықты, күштеу рақылы белгілі  бір тәртіпті  орнатуды  көздейтін экстремистік  ағымның зиянкестігі,  онымен күресудің  маңызы  қандай  екені жөнінде ойланудың  өзі бос  уақыт жоғалту мен әрбір мүлт кеткен жерде  адамдар тағдыры кауіп-қатерге түсетіндігі айтпасада түсінікті. 

Ал енді осыған  еліміздің орналасқан  жерін,  қандай елдермен көршілес  екендігін, және де осы аймақтағы қауіпсіздік мәселесі төңірегінде бір мезет оилансақ, еліміз үшін мәселенің қаншалықты  маңызды екендігін анықтап, талдап  жатуды қажет етеді.

Сонымен ойды әрі қарай өрбітіп, шатасқан  түйіндерді  шешіп, қорытындылар жасамас бұрын, ең әуелі Уаһһавизм пайда болу тарихы,  дамуы және  идеологиясына яғни құндылықтарына  қысқа бір шолу жүргізу жүргізуді орынды деп есептеймін.                                                    

Уаһһавизм сондай-ақ әртүрлі  деректерде уаһһавизм деп айтылып жүрген діни  ағым әлемдегі  халықтардың  басым көпшілігінің  түсінігінде  ислам  дініндегі көзқарастарды  біріктіретін  бір қозғалы  немесе  бір үлкен ұйым. Сондықтан уаһһавизмді  әркім  әртүрлі бағалайды,  біреулер  үшін  ол көре алмаушылық, зорлық-зомбылық дәнін себетін зұлымдық доктрина  болса, енді басқа бір топ оны қасиетті Құран-кәрім мен шариғатты бұрмалаушылық, қате уағыздаушылық  деп  бағалайды. Үшінші  бір топтың   ойына  сенсек, уаһһавизм  деген  дініндегі ағым, бірнеше  ғасырлар  бұрын  ислам  дінін  тазарту, жаңарту  мақсаттарында қозғалыс  бастаған мұсылман ғалым Мұхаммад ибн Абдул Уаһһабтың есімімен тығыз байланысты. Бұл ағым мұсылмандардың суннит бөлігінен құралады.

Көріп отырғанымыздай, осында әр алуан көзқарастардың әрқайсысы да  белгілі бір дәрежеде  шындықты көрсетеді. Расында  да Вахавизм  өз тамырын сонау XVIII ғасырда өмір сүрген мұсылман  ғалым  Мұхаммад  ибн  Уаһһабтың (1703-1792)  Ислам дінін көп  құдайға сенушілерден  (дінсіздерден)  тазарту  жолында  бастаған  қозғалысынан  алады. Алайда, бүгінгі күнгі деректерге сүйенсек  Уахавизм  құндылықтары   нағыз  экстремистік барлығы  «адасушылық», я болмаса тура жолдан таю, азғындау болып табылады екен.

Уахавизм мойындайтындардың (уахавистердің)  пікірінше ислам  дінінің  тек осы ағым  ғана шынайы құдайға  құлшылық ететінін, діни  заңдардың  шартын  бұзбайтын жол, ислам дінінің  басқа ағымдарда, және  де жолда  жүргенде  тиісінше, осындай «дінсіздер», я осындай «тура жолдағы» дінді қабылдаулары керек. Осылардан кейін болар кейбір Уахаб тұңғыш  ислам фундаменталисті  ретінде де суреттеледі.

Уахавистер сондай атауынан  гөрі «салафизм» атауы дұрысырақ көреді, және де өздерін  Салаф-ас, Салиһ  (тура жолдағылар әуелде ибн Таймия, кейінірек Мұхаммед ибн Абдул  Уаһһаб бастаған жолмен жүрушілер) жолындағылар санайды Уахавистер немесе Салафистердің көзқарасынша ислам  діні  дүниеге  келгеннен кейінгі үш ғасыр  бойы өзінің  таза  күйін  сақтап  тұрды  да шамамен  950-жылдан   б.д. кейінгі кезең  ислам  дініне енгізілген  «бұрмалаушылықтармен сыртқы  ықпалының»  қор болғандығын айқындайды.

Фронтлайн  журналында жарық көрген  мақалада ғалымдармен  зерттеушілер «Уаһабизм  Сауд Корольдігінде екі  ғасырдан астам уақыт үстем болған дін»  деп  ойларын түйіндейді. Аль сауд жанұясы  Уаһһабизмді  Араб  түбіндегі  Осман  империясына  қарсы күрес кезінде бүкіл империясына  қарсы күрес кезінде   бүкіл Сауд  Арабиясы аумағында  мемлекеттік  дін  етіп  қабылдайды. Уаһһабизм  тиісінше үлкен саяси  қолдауға  ие  болады. Сондай-ақ Саудтықтар 1932-жылы, билік басына  келген соң қоғамды, қала берді Араб  түбегін  түгелдей  «тазарту»  ісіне ден  қояды.   Басқа сөзбен  айтар болсақ,  үкімет  елдегі  діннің   барлық  ағымдарын  «тура жолдан тайған» исламнан «тазарту»  ісіне  ден  қояды  басқа  сөзбан айтар болсақ,  үкімет елдегі діннің  барлық  ағымдарын «тура жолдан» таймаған Уаһһабизм ағымына  бағындыруға  әрекет етті.  Арабтанушылармен  ислам  дінін зерттеген  ғалымдардың пікірінше Уаһһабизм 1970-жылдары мықты қолдауға ие болып канатын кең жая бастады. Осы уақыттан бастап Сауд үкіметі  әлемнің  түпір-түпкірінде көптеген  медреселерді (діни  оқу орындарын) қаржыландыруды қайырымдық ұйымдары жүргізіліп отырады.

Осы тұста Сауд Арабиясының зайырлы емес, теократиялық мемлекет екендігін (дін мемлекеттен ажыратылмаған) еске түсірсек, мемлкет емес ұйымдар жоқ жерде барлық қайырымдылық шаралар  кімнің бақылауында  болатындығын  көп  ойландырмайтын  сұрақ  болар деп  ойлаймын. Сондай әртүрлі қайырымдылық арқылы жасалған  қаржыландыру  Африка, Ауғанстан, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия, Кавказ, Балқан елдері  және де АҚШ сияқты елдерге  дейін жеткендігі таң қалдырмай қоймайды. АҚШ та Нью Иорк пен Калвер қаласында (калифорния) Уаһһабизм  ағымын оқытатын медреселер бар көрінеді.

Әрине  АҚШ та мұсылман халқы басым емес, ресми  деректерге  сүйенсек  жеті милионның ар жақ  бер жағы. Бұл жалпылай алғанда  АҚШ-тың жалпы халық санының 2 пайыз айналасы болады екен. Демек, айтарлықтай   қауіп төндірмейтін  көрінеді, алайда  егер мен Америка шейіттерінің 80 пайызы  Уаһһабистер  қаржыландыруымен  бақылауында екенін ескерсек, бұлда бір ойлайтын мәселе  екені  анықталып шыға келеді. Әлбетте, сол мешіттерге баратын мұсылмандардың  барлығы Уаһһабистер деуден аулақпын, бірақ  мешітті кім  қаржыландырса, бақылауында  ұстаса соның көзқарасы және  бағалайтын  құндылықтары  уағыздалатыны хақ.

Пенсильвания Университетінің Профессоры Ареф Аль-Хаттардың  мәліметтері бойынша әлемдегі  мұсылмандардың небәрі 18 пайызы Араб  әлемінде өмір сүреді екен. Жер  бетіндегі  ең үлкен мұсылман ел Индонезия  екенінде білеміз, яғни дүниедегі мұсылман халқының басым көпшілі  Араб әлемінен тыс жерлерде өмір сүреді. Бұлда Уаһһабизмнің  жаһандығын  қатерге айналуына өз әсерін тигізбей қоймайды. 

Уаһһабизмнің басты құндылығы Аллаһтың бірлігі, яғни басқа ескі  діндердегі әруақтарға бас ию, зират басына  барып құран  оқу сияқты  шынайы  мұсылмандыққа жат нәрселер дінсіздік, шариғат  нормаларына қайшы  келетін болып саналып, жойылу керек  деп саналады. Ал енді ұлы адамдарға қойылатын  ескерткіштер, фотопортреттер  және  кез – келген тірі адамның бейнесі туралы әңгіме  қозғаудың  өзі  артықшылық. Сондай-ақ, Шейіт мұсылмандардың дәстүріндегі әулиелердің  дүниеден  өткен немесе  туған күндерін атап өту де Уаһһабистерше шариғатқа қарсы болып бағаланады. Суфизм де Уаһһабистердің мойындамайтын және күнаға жақын нәрселердің бірі болып саналады.

Осылайша Уаһһабистер  өздерін ұстанған  бағыттарының демократиялық қоғамда орын  таппайтындығын  дәлелдеп үлгерді. Олардың діннің «тазалығы» үшін  лаңкестер әрекеттер арқылы жүргізетін «күрестері» ешбір киелі қасиетті кітапта  орын таппаған. Ал енді өздеріне қарсы  соғысқандармен  Аллаһ жолында  соғысыңдар, бірақ  дұшпандықты бастамаңдар. Аллаһ басқыншыларды жақсы көрмейді. Оларды тапқан  жерлеріңде жойыңдар  және оларды кезінде сендерді қуған жерлерден  қуыңдар, қудалау өлтіруден де жаман.

Деген жолдарға келер болсақ,  бұл тек қорғаныс мақсатында, жау басып алған жарлерді азат ету жайында айтылғандығын  көруге болады. Құранның басқа ешбір  жерінде зорлық-зомбылық, күш қолдану жөнінде айтылмағандығын ғалымдар баса айтады. Расында да Ислам діні  өзінің  атына сай(Араб тілінен аударғанда «бейбітшілік» деген мағынаны береді екен) төзімділікке, інгі лаңкестер  және  олардың  рухани басшылары  немесе  идеологтары  осындай сөздерді  өз беттерінше бұрмалап, осындай соғысты жаһандық деңгейге дейін көтеріп, әлемде қанды  қақтығыстардың орын алуына себепкер болып  отыр деп түйіндеуге негіз бар.

Мінеки осы себептен  болар, осындай идеологтардан, Уаһһабисттік медереселерде дәріс  алатын жас жігіттер мен  қыз-келіншектердің өздерінің   ұстаздарының айтқан сөздерінің немесе Құрандағы жазылған  сөздердің жаһандық деңгейде қолданылуына күмән  келтірмейтіндігі.  Қаншама жас адамдар өз өмірлерінің  құнымен дін жолында  «ерлік»  жасап, көптеген жазықсыз  адамдардың өмірін  қиып кетіп жатыр.  Уаһһабистердің медреселерде оқитын  жастар  өз өмірінің  құнымен  лаңкестік әрекет жасап, «дінсіздерді жоюды»  Құранда жазылған  «мұсылмандық парызды өтеу» деп санайды.

Осылайша көптеген адамдардың дін мен саяси мүдделердің ара  жігін ажырата алмай, атап айтар  болсақ  дін лаңкестік әрекетерді  дұрыс етіп  көрсететін бүркеніш қана екенін түсіне алмай,  атап айтар болсақ дін лаңкестік  әрекеттерді  дұрыс етіп көрсететін бүркеніш қана екенін түсіне алмай, турасын  айтқанда белгілі бір ұйымның саяси  мүддесінің құрбан болып кетіп  жатқаны өкінішті. Сөзім дәлелді болу үшін  Вали Наср деген   Сан Диего   университетінің  доцентінің «фронтлайн» журналына берген  сұхбатына үзінде келтіре кеткенді жөн көріп отырмын.

Мұндай әрекетерге тек себеп бар деп айтуцға болмайды.Осындай әрекеттерге бірнеше себептер бар, және Сауд Арабиясы солардың біреуіне  жауапты. Лаңкестерді дайындау үшін, лаңкестік әрекетрді қолдаушыларды табу үшін, дінді күш қолдануға, зорлық-зомбылық  қолдануға  қарай бұрмалау үшін, өз өмірін  қиып, өздерін өздері  ғимараттарға соғуға ниетті  әрі 5.000 кінәсіз  жандарды  өлтіруге дайын адамдар жасау үшін Исламды белгілі  бір бағытта насихаттау керек.

Сондай жолда исламды   насихаттау Сауд Арабиясынан қаржылай көмек алатын мереселерде жүргізіледі. Анықтап айтар болсам, мұндай медреселер Сауд Арабиясының қаржылай көмегінсіз жұмыс істей алмас  еді.  Сауд Арабиясының қаржылай көмегінсіз медреселер «Уаһһабистік» Пакистан, Үндістан, Ауғаныстанда   тамырын жая алмас еді. Сауд Арабиясының қаржысынсыз ондай медреселер батылдық  рухқа ие болмас еді, және Саудтықтардың қаржылай көмегінсіз осыншама көп адам Уаһһабист медреселерге өтпес еді.

Наср мырзаның пікірінше Уаһһабизм тек қана дінмен  байланысты емес. Оның ойынша мұнда діннен басқа да күштер роль  ойнайды. Наср мырза өз ойларын былай  түйіндейді меніңше/Уаһһабизм/ Исламға қатысы жоқ. Меніңше бұның ислам дінін қандай бір түрде болсын  насихаттаумен  де ешбір байланысы  жоқ. Әлбетте догмаға  байланысты проблема бар. Алайда  меніңше бар  проблемадінді падйаланып  отырған  саяси  жүиелерде»…

Осы орайда осы зерттеуімді жазу барысында Техас Агро  Механикалық Университетінің  Араб  ұлтты шәкірттерімен  және басқада  мұсылман адамдармен болған әңгімелерімде олардың:

«Ұлы дініміз  және ұлы мұсылман ғалымының атына кір  келтірмей барлық  лаңкестік әркеттерді ұйымдастырушы, іске асырушы  немесе сол Аль-Кайеда сияқты ұйыдардың жеткешілері немесе  белсенді мүшелерінің атымен Уаһһабизм деп атаудың орнына «БинЛаденизм»  «Аз-Зарқауизм» т.с.с. атағаның жөн»…-деп айтқандары есіме оралады. 

Наср мырза сондай-ақ мұсылман әлемінде (халқына мұсылман  бөлігі бар елдерде) фанатизмді наихаттайтын,  Ислам дінін  нағыз экстремистік  тұрғыда бұрмалайтын  ұйымдарды қаржыландыратын бірегей мемлкекет  Сауд Арабиясы екендігін баса айтады. Ғалымның пікірінше әлемде осылай және осындай  бағытта  дінді уғыздау  ісінде Сауд Арабичсының көп  қаржы жұмсайтын ел жоқ көрінеді.

Енді Уаһһабизмнің  зұлымдық пен араздықты, соғыс пен жаугершілікті насихаттау арқылы   жаһандық қатерге айналғандығын дәлелдеу  үшін  Сауд Арабиясының мектептерінде  тоғызыншы сынып  оқушылары оқитын кітаптан  үзінді келтірген жөн болар.

«Қиямет» күні Мұсылман Яхудилермен (Еврейлер) соғысып, мұсылмандарЯхудилерді өлтірмеиінше, Яхудилер бір теректің  немесе тастың артына жасырынбайынша келмейді. Сонда жаңағы теректің немесе тастың артына жасырынбайынша келмейді.  Сонда жаңағы  терек және тас «Ей мұсылман, ей Аллаһтың құлы міне  мені артымда. Келде өлтір оны.  Тек бір ғана терек олай айтпайды, ол яхудилердің терегі. Ол терек олай айтпайды.»

Мінекей осындай кітап Тафсир /Тафсир/ Сауд Арабиясының мектептерінде 14-жастағы мектеп  оқушыларының оқытуда  қолдынылады екен. Бір қызығы осы және  осы тектес оқулық кітаптар Сауд Арабиясының Үкіметінің мақұлдауымен  мекетепте оқыту  ісіне  қабылданған. Яғни, Сауд Арабиясының Үкіметі қандай  саясат ұстанатындығы, Уаһһабизмді мемлекет тарапынан  қолдау  ісі айқын екені анық көрінеді осыдан.

Одан қызық  бір жайт, Сауд Арабиясының АҚШ   бастаған лаңкестікке  қарсы  жаһандық  соғыста АҚШ-тың одақтасы екені. Парсы шығанағы  аймағындағы  АҚШ   әскерлерінің   ең үлкен  базасы Сауд Арабиясында  екендігі, және  осы Королдіктің қауіпсіздігіне  белгілі  бір  дәрежеде АҚШ-тың кепілдік беретіндігі  де өте  қызық  факт. Бәлкім  бұлда АҚШ-тың  екіұдай стандарттарына  бір дәлелі  шығар. Кім біледі Уаһһабизмді Сирия немесе Иран сияқты қаржыландырғанда жағдай әлдеқайда өзгеше болар ма еді.

Уаһһабизмді  басты   құндылықтарына  көз  жүгірту арқылы, осы ағымның  қаншалықты  демократияға  қарсы, төзімсіздікке  тәрбиелеп, нағыз  экстремистік  көзқараста  екендігінекөзжеткізейік Сауд Арабияда Уаһһабистік (барлық)  медреселер, немесе оқу орындары жер бетіндегі дадмдарды екі санатқа бөліп  қарайды екен:

1. Салафистер (Уаһһабистер) немесе жұмаққа баратындар

2. Басқалардың  барлығы, яғни Уаһһабизм  жолына  туспегендер (Уаһһабист емес мұсылмандар, Еврейлер, Християндар, т.с.с.)  көріп  отырғанымыздай, Уаһһабистер  өздеренің басқа  мұсылмандары (Шеийт және қарапайым Суннит мұсылмандар) мұсылман санамайды екен. Тиісінше, сондай «басқалар» тұтастай жойылу керек.

-Хижаб-әйелдер бас  орамалы (әйел адамдарға міндетті).

-Отбасында ердің  үстемдігі (әйел мен ерлердің теңдігі)  тең хұқылығы «табиғи емес»  немесе «Исламға жат», я болмаса «Батыстан  кірген импорт» болып саналады.

Көп әйел алушылық рұқсат етілген және жақсы бағаланады.Бұл Уаһһабистерше әйелдерлің «абыройын  ар-намысын сақтауы» үшін ойластырылған шара, ерсіз әйелдер де өзге еркекті де «күнаға» жетелейтінсекілді

-Зайырлы көзқарстарағы  көшбасшыларды өлтіруге  болады, себебі  олар Ислам дінінің «сатқындары» болып саналады.

  Осылардың тізбектей келе «қасиетті ыза: Діни зорлықты түсіну»  атты кітабында Чарлз Селенгут  Мысырелін «экстремисттік топтар жаулап  алып барады деп  сипаттайды. Сондай-ақ Селенгут мырза «..Мұсылман  еместерге Мұсылман дәстүрін  бұзатын маденйетті сақтауға еш мүмкіндік  жоқ болды» деп түйіндейді.

Американың Дрекесел Универсиетінде Уаһһабизммен дәріс  оқитын, әрі Америка ұйымының төрағасы Шейх Усама ибн Ахмед мырзаның осы аты аталған білім ордасының студенттер  газетінде жарық көрген Америка қауымына тастаған  үндеуінде  Уаһһабизмнің  бағалайтын  құндылықтары  жөнінде біраз «анығырақ»  айтылады. Демократия мен бостандықтың  елінде өмір сүріп жүрген  Уаһһабизм профессоры Уаһһабизмді  «Қасиетті Сауд Арабиясы Корольдігінің заңы  және де Америка   халқына да жүктейміз»  деп  батыл айтады. Шейх Ахмед жалпылай алғанды  ойын былай тұжырымдайды.

Америка /жалпы әиел хұқықтарының теңдігі бар елдеразғырған.  Осында елдерді «шайтан басқарады». Шайтанның азғыруының  дәлелдерін Уаһһабистер демократиялық қоғамдардығы әйелдерге «артығымен» берілген бостандығы көреді. Әиел затының басынан  табанына  дейін оранып  жүруі және де ер адамсыз өз бетімен  үйден  сыртқа шықпауы  Уаһһабистердің түсінігінше адам баласын «күнә жасаудан сақтау» үшін қабылданған. Әиелдердің бар міндеті отбасында бала тәрбиелеу (оқып білім алу  және еңбек ету әиел заты үшін емес). Фотосуреттер, тірі  адам немесе кез-келген  жануарлардың  бейнесін жасау да күнаға жатады екен.

Уаһһабистер қазіргі заман қажеттіліктері үшін фотосурет орнына  саусақ  іздерін  пйдылануға болындығын алға тартады. Егерде сапалы білім алу үшін «дінсіз»  елден  суреттері бар  кітап немесе журнал  алсаңыз, оның  суреттерін  толыңғымен  жойғаннан  кейін  ғана оқу  керек  екен.

Осы және  басқа да құндылықтарын  баса айтып, Уаһһабистер  адамзат күнәсінен  арылу үшін я ерікті түрде, я күш қолдану арқылы  Уаһһабизмді қабылдауы керектігін баса айтады.

Уаһһабизмнің Шешенстанда да орныққаны  бүгінде ешкімге  жаңалық емес екені  анық. Шешенстан халқының өз тәуелсіздігі үшін  саяси күресінің  артынша  Уаһһабизмнің әсерімен «Жиһад»-қа айналып  кеткендігі де мәселені  күрделендіріп, Уаһһабизмнің лаңкестікке жақын  жүретіндігін тағы дәлелдеп  берді. Өзін Хавттаб атаған Саудтық Самир Салиһ Абдуллаһ Шешен халқына Уаһһабизмді таныстырған адам. Уаһһабизмді Шешен халқы қалай бағалайтындығын Стивен Шварц былай деп жеткізеді:

Мен көрнекті  Шешен және халқы және Ингуш мұсылмандарымен ерекше жемісті пікірталастар  жүргіздім. Олардың сөздерінен  Саудтық  Хаттабтың  бейнесінде  келген  Уаһһабизмнің  Шешен  халқының  тәуелсіздік үшін бастаған күресінің  бағытында,  мәнісінде  өзгертіп,  шешендерді лаңкестер қылып көрсеткенннен  басқа еш нәрсе  бермегенін  аңғардым.

Шварц  мырза тек тау халықтарымен  ғана тілдесіп  қоймай, бұрыңғы кеңестер одағының  басқа да мұсылман  республикасының  ішінде Өзбакстан  мен Тәжікістан елдерінде де халықтың Уаһһабизмді қабылдауы теріс.  Дегенмен де Шварцтың айтуына  қарағанда сонау Босния-Герцовина, Косово, Шшешнстан және арты  Өзбекстан  мен Тәжікістан елдерінде  де Сауд Арабиясының бастау алатын  Уаһһабизмнің иісі бар. 

Осылайша  қақтығыстың ошағына айналған мұсмылман  халқы бар  елдерден бастап, дүние жүзінің барлық  тупкір-түпкірінен өз  идеолгоияларын жаяюды ойлаған  Уаһһабистер өздерімен бірге  лаңкестік, дін жолындағы соқыр соғысты да ала жүреді екен, Уаһһабистердің  бар көздегені Сауд өкіметінің  қаржысының   арқасында  қарапайым басқа  халықтардың мұсылмандары  арқылы өздерінің идеологияларын және  экстремистік  насихаттау.

Өзінің қортында сөздерінде Шварц мырза  мұсылман әлемі  бойынша деген дұшпандық және жиіркеніш бар екенін  айтады. Расында да мұсылман елдерінің  көпшілігінде  Құран мен  Шариғатты осылай бұрмалау  ешқандай қолдау таба алмады.  Тек Сауд өкіметінің зор қаржысын арқасында әл-ауқаты  нашар елдерде медреселер арқылы Уаһһабизмді  өзінің ғұмырын  ұзарта  алады.

Осындай жаһандық қатерге айналған Уаһһабизм мен  дәстүрлі  мұсылмандық айырмашылығының  тағы  бір белгісі-зираттарды  қирату. Егер 1998-жылы, Косово қанды қақтығысы басталар алдында  Албаниялық  мұсылмандар Уаһһабистердің  Македонияның Албандар тұратын  бөлігінде  зираттарды қирата  бастағаны жөнінде де мәліметтер алған екен  Шварц мырза. Зерттеушінің  айтуынша  зираттарды қирату Уаһһабизмді енгендігіннің алғашқы көрінісі.

«Фронт Пейдж» журналының бетінде жарық көрген  бір мақаладан үзіндіден  Уаһһабизмді басқа да зұлымдыққа жетелейтін әкстремистік идеологияларын айырмашылығын анық көруге болады.

Уаһһабизмнің «қарапайым» Израйльге  қарсы идеологиядын, не болмаса көп айтылып жүрген «соғысшыл» Исламнан айырмашылығы, Нацизмнің Бірінші Дүние Жүзілік Соғысы кезіндегі Немі әскерлерінің  менталитетінің айырмашылығы, не болмаса Сталиндік  Камунизмнің радикалды социаризмнен  айырмашылығы сияқты алшақ тұрады, апйтарлықтай үлкен, Уавһһабизм дегеніміз нигилстік, жорлық күш  қолдануға  көп иек артатын Ислам-Фашистік идеологя. Уаһһабистердің  көздеген мақсаттары  тек қана өздерінің   өрескел  бұрмаланған  тәртіптерін әлемнің  барлық  мұсылмандарына  бірдей міндетті қылу мен  Шейіт  мұсылмандарды жер бетінен  жойып жіберу ғана емес, сондай-ақ  олар әлемдегі Еврейлерге, Хресиандарға, Сикх, Үнді және басқада  өзге дін  өкілдеріне шабуыл жасау.

Осындай ойлармен  фактілерден кейін  Уаһһабизмнің  расында  да жаһандық  қатер  екендігіне  көзіміз  одан сайын түседі. Егер Шварц  мырза  батыстың  саясаткарлерінің  мүлт  екткен  жерлерін  баса айтса, мен  оны жаһандық деңгейге көтеріп, Уаһһабизм сияқты  экстремизмнің  бой алдырмауына  барлығымыз  теңдей жауаптымыз  дер  едім. Шварцтың пікірінше,  батыстағы  ел  ағаларының ислам ішіендегі  дәстүрлі  мұсылмандық пен экстремистік ағым  арасындағы болып жатқан  қайшылықтарды түсіне  алмауы  лаңкестік әрекеттердің өошуіне әкеп соқтырады.

Араб антропологы әрі Сауд қоғамының зерттеішісі МАй Яманидің пікірінше барлық  мәселе  дінде емес, тіпті  дінді қалай уаыздап насихаттауында да емес, бар мәселе Сауд Арабиясының уағыздап насихаттауында да емес, бар мәселе Сауд Арабиясының билік басындағы  отырған  режимде саяси және догма мәселелері  роль ойнайды.  Мұхтадар хан деген зерттеуші ғалымның пікірінше, осы  екеуінің әсерінен Уаһһабизм діннің /ислам/  ергейжеленген, адам жиіркенетін  көріністе  айналды. Осылайша   жер бетіндегі адамзатқа мейірбандық ретінде жіберілген  қасиетті кітап өз құнын әлем жұртшылығы алдында  төмендетіп барады.

Мәселе айтылуындай айтылып, дәлелдер  келтірілгеннен кейін енді не істеу керек, шығар жол қайда деген сұрақ көкеиге келеді. Жеке  өзім жауапкершіліктің ең үлкен бөлігін мұсылман  әлемінің еншісіне қалдырамын, сол діннің  нағыз табиғатын, ниетін  қатаң немесе  осал  тұстарын  мұсылмандардан артық  ешкім  білмейді. Сондықтан да Сауд  Арабиясының  әлемдегі жалғыз мұсылман елі емес екендігін ескеріп,  келңсіздіктерді тоөтату үшін батыл қадамдар жасаулары керек.

Сауд Арабиясы үкіметі де Самуэл Хангингтонның  «өркениеттер қақтығысы» үміт артып отырған   Ислам  өркениетінің  өзегі  болар ммелекеттен  үмітекер болса  өздерінің әрекеттерін мойындап  жүргізіп  отырған саясыттарын қайтадан  қарауы керек.  Дүние жүзі қауымдастығы болып  баршамыз  әлемдегі болып жатқан ең жойқын  лаңкестік әрекеттерді қаржыландырғаны, жүзеге асырғаны және  тікелей соған қатысқаны үшін Саудтықтар жауапты екендігін  мойындау керек сияқты. Мемлкетте бақылау жүйесі болуыкерек не  болғанда да. Ең ақырғысы,әрі ең маңыздысы бүкіл әлем болып  Уаһабизмді қабыл алмайтын елдермен бірлесіп, Ислам дініне өзінің шынайы қалпына келуіне көмек көрсетуіміз  де қажет.

Сауд Арабиясында өсіп өнген шейіт мұсылман Али Аһмедтің  пікірінше, кешегі Ауғаныстандағы Талибанға, бүгіндегі Аль-Кайеда  сияқты лаңкестік ұйымдарға қаржылай көмек беріа отырған Усама Бен  Ладен сияқтылар сол Сауд Арабиясында білім алған, ағни енді әлемнің  әр жеріндегі Уаһһабистер медреселерінде жастар сол Бен Ладенді  жойған күннің өзінде де Уаһһабистік медреселерден түлеп ұшқан басқа Бен Ладен келеді орнына.

Бүгінде бір зұлымдағы екінші  зұлымдық тудыратыны дәлелдеуді қажет етпейтін фактака айналды. 11-Қыркүйек, 2001-жылғы, АҚШ-та  орын алған  лаңкестік оқиғалардан кейін Америкада ад мұсылман деген көз-қарастартың біраз өзгергенін  барлығымыз білеміз. Алысқа батмай-ақ Шешендердің жасаған лаңкестік әрекеттерінен кейін ресеидің қалаларында да орыс ұлтшылдары кавказ тектес адамдарды соққыға  жаққандарын да ақпарат  құралдарынан  местіп көрегнбіз. 

Осының барлығын ескерсек мәселенің  қаншалықты күрделі  екендігін көреміз. Расында да ауқымы жаһандық  денгейге жеткен  қатерге айналғанн Уаһһабизмніңбаршамыз бірлескен, жақсы  үйлестірілген батыл қимылдарын қажет етеді. Осы тұрғыда бұл қандай қатер: әскер  ме сияқыт сұрақтар қою арқылы біз  нысананың не екенін анықтаймыз. Байқағанымыздай Уаһһабизм белгілі  бір ұлтта емес, әскер  де емес, зұлымдықты, күш қолдануды,  зорлық зомбылықты насихаттайтын докрина екен. Бұл компютер вирусы  сияқты кірген ортасын улап, қалыпты жұмыс істеуден тайдыратын,  адамдардың санасын улайтын сырттан енетін бір жұқпалы дерт  сияқты. Мұндай «дерттің» салдарыжаппай қырып жою қаруларына  парапар келуі  де мүмкін [2].

Олай болса  ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекші, ең дұрысы сол дертті жұқтырмаудың амалын жасау, жұқтырғандарды дереу асқындырып алмай тұрғанда емдеу керек. Әрине осылай айтыла салған екі  ауызсөздің орнына кешенді шаралар тұр. Үлкен саяси денгейде шешімдер, барлық жағдайларды ескере  келе толық таразыланып жасалуы керек. Мәселенің өзге көрнекті топтарын ғана көздемей, зұлымдықты тамырына балта шабуымыз керек.     

2.1.Орталық Азия аймағынжағы  діни саяси экстремизм

                                                                                                                      

Экстремизм   сонау заманнан-ақ «үлкен саясатта»  қолданбалы әрі тиімді қару ретінде рөл атқарған  болатын. Діни факторларды қолдану XX-ғасырдағы, АҚШ және Кеңес Социалистік  Республикалар одағы (КСРО) арасындағы  әлемді толығымен   бақылау   ағни гегемондық мүмкіндіктерін  барынша  нығайту  үшін бақталастықтағы барысында кеңінен  етек алды. КСРО-ның ыдырауы және оған жалғасқан  ғаламдық  өзгерістердің ислам, діни-саяси Экстремизмнің  өрістеп ойындарда әмбебаб, идеологиялық  қаруға айналуына септігін тигізеді. АҚШ – да КСРО – ның да ең  басты стратегиялық  мүдделері өздерінің ықпал  аймағына  идеологиялық  тосқауыл  орнату.  АҚШ – барынша Кеңестік үрдіспен  бағыттас бақару  режимдердің енуін  болдырмауға тырысса, КСРО – бағыты ықпал етуші  елдеріне капитализмнің енуіне кедергі жасауға  негізделген  еді. Бір-біріне қарсы  мехнаизмі ретінде   радикалдағы бағыттағы исламды таңдады.

Аса маңызды стратегиялық жағынан  аумақ  үшін екі державаның күресі 1960-1970 жылдардағы, дәстүрлі мұсылман  қоғамында антидемкротиялық, антибатыстық  ағымдардың пайда болған кезеңінде өтті. Таяу және орта Шығыстағы  Исламизмге бет бұру капиталистік және Камунистік құндылықтардың  қоғамға енуіне  наразылық  нәтижесінде басталған құбылыс еді. Исламизмнің қоғамда белең  алуының тағы бір себептерінің бірі-жаңа этикалық  материялдық  құндылықтарға  негізделген  арнайы мүддесі капитализм деп танылады да  Марксизм рухани құндылықтарды материялды, құндылықтармен алмастырып имансыз идея  ретінде  көрініс  алады.

Модернизация прцесін, сикулиризацияны күштеп  енгізетін колонализм  белгілері  және АҚШ негізінде  тірек  болған Израйльмен майдандасуы идеологиясы солшыл бағыттарының етек алғанына ықпалдысты.  Сол  кездегі стратегиялық  маңызды аймақ,  нақтыласақ,  таяу, орта  шығыс, Сирия Ирак Египет сияқты елдерде саяси  тұрғыдан тәуелді  етіп  жаңғыру Кеңестік үрдіспен жүргізу КСРО-ның көздегені осы еді. Бұл әрекеттерге дәстүрлі  дәстүрлі   мұсылман қоғамында, аймақтағы  капитализм бағыттарынынң байланысты, геосаяси мақсат  болып табылады  КСРО-ны  әлсірету ойын жүзеге асыру үшін жаңа бір стратегиялық күш қажет болды. Осы орайда «таза ислам» бағытының радикалды бөлігі геосаяси ойындарға ойыншы ретінде енді. Осыдан-ақ АҚШ-тың КСРО-ға саяси-идеологиялық қарсы фактор ретінде исламизмді таңдауы таңсық емес. XX ғасырдың 60-70 жж. Таяу және Орта Шығыста мұсылман қоғамында батыстық типтегі әлеуметтік реформалардың табысты болмауы, либералдық-демократиялық күштердің әлсіреуі және Израйльмен әскери-саяси майдандасуы салафиттердің қоғамда белсенді қозғалыс болуына белгілі бір түрде септігін тигізді. Қазіргі таңдағы Испанияны, Өзбекстанды дүрсілкіндіріп кеткен экстремистерге қарсы күресті әлемдегі ең басты бағыттаушы АҚШ бұл ұйымдардың қозғалысына кезінде өзі жағдай жасап беріп отырды  және оған  екі стандартты саясатты ұстанған КСРО-да ықпалдысты. Демек, экстремистердің негіздегі Шығыс Түркістанның ислам қозғалысы, ауғаныстандағы «талибан», тіпті Испаниядағы террактіні ұйымдастырған майындаған «Ал-Кайда» қозғалысының бүгінгі таңда орын алуы кезінде бақталастық барысында екі держава жасап бергенін бірден-бір себебі.

Аймақтық кикілжіңдер ішінде 1948-жылдан ашық түрде  басталған Араб-Израйль қақтығыстары «Гамат аль-муслим» – «Ат-тахрит аль-ислами» (Ислам бас бостандығы) «Альджилад аль-макаддас» (қасиетті жихад) Палеситнада, «Хезбулақтың» Ливанда пайда болуына әкеп соқтырды. 1978-жылдың, сәуірінде Кеңес әскерлерінің  ауғаныстанға енуі Орта Азия аумағындағы гео-саяси тепе-теңдіктің шайқалуын одан  сайын ушықтырды. Бұл жағдай АҚШ – үшін аймақтағы ықпалдық  мүмкіндіктерін  қайта жаңғыртуға жол ашты.  Осы орайда Ауғаныстандағы маргиналдық  негіздегі  көп уақыт ішінде  болған  қоғамда исламизм қозғалыстарының  белсенділігі артты. Он үш  жылға созылған  соғыс экстремизм басты әлемдік орталығына айналдырды.

Демек кеңес өкіметінің күйреуіне дейін, 1940-жылдан бастап,  1990-жылдарға дейін, АҚШ және КСРО арасындағы егестің  басты объектісі ислам әлемі  болды. АҚШ пен КСРО бір-біріне  қарсы тұру  барысында діни саяси экстремизм  кеңінен таралды. XX-ғасырдағы ислам экстремизмнің өрістеуі белгілі бір мақсаттарға негізделінген реттемелі механизм ретінде болды. Биполярлық   жүйенің күйреуі  исламның радикалды топтардының қозғалыстарына балта шапқан жоқ, сонымен бірге оның сарқыншақтары әлі күнге  дейін әлемде орын алуда. АҚШ экстремизм  өрістеуінің  катализаторы болғанына  дәлел жеткілікті. Бұл стратегияның  мақстаты  КСРО-ның әсер етуші күшін әлсіретіп, оны жою еді.

Таяу Шығыстағы  қақтығысты шешу үшін АҚШ – геосаяси, саяси және экокнмикалық  жағынан  тиімді болатын аумақтық  қауымдастық құруды ойластырды. Бұл жоспардың бірінші тармағы Ирактың  президенті Саддам Хусейінді ығыстыруды  көздеген. Бұл әрекеттер Сирия, Иран, Сауд Арабиясын әлсіретуге, яғни  АҚШ-қауіпсіздігін бұза алатын тізімдегі  елдерде «сабақ» беру еді. Әрине Азияны жаңғыртуға АҚШ-үшін Ресей, Еуропа және Түркияның ықпалдыстығы  қажет.  Алайда Вашингтон саясаты өз алдына жеке гегомония орнатып,  бар саяси мәселелреді бір тәртіппен  ауыстыруға негізделген. Буш  әкімшілігі  стратегиясы АҚШ-тың күштерін реформалау  болып табылады. Ол, біріншіден қайта  орналастыруды  қарастырады.  Сонымен қатар 80 пайыз  дислокациясын өзгертіп, АҚШ гранизандарынан  шығарып,  Оңтүстік Корея сияқты қақтығыс болуы мүмкіншілігі  жоғары жерлерге  бағыттау. Хусейін  режимі жойылды,  бірақ Ирактағы жаппай қырып – жоятын қару түрі барын және оны  45-минут ішінде  қолдануға дайындайтындай  мүмкіншіліктерін дәлелдей алмайды. Ирактағы  жаппай  қырып-жоятын  қару бойынша тексерудің  жетекшісі болған  Дэвид Кей хусейіннің  химиялық және  бактериологиялық  қаруды, 20-ғасырда, 90-жылдары жойылғанын мәлімдейді Хусейіннің халықаралық терроризммен  байланысын  іздеген  АҚШ оның «Аль-Кайда» немесе  баскқа да террористік топтармен  байланысын  тергеумен  айналысқысы келді. Жалпы, Ирактағы  соғыстың  ресми  себептерінің  жоқ екендігін мойындау  үшін бір жылдағы уақыт  қажет болды. Ол әрине, Британдық премьер-министр Тони Блэрдің беделіне  айтарлықтай  соққы болды. АҚШ-тағы сайлау процесі жақындаған сайын Буштың бақталастары оның Таяу Шығыстағы жүргізілген саясатын сынға алады. Американдықтардың Иракты  демократиялық  елге  айналдырамыз  деген әрекеті де сәтсіздікке  ұшырауда. Бұл Араб елінде Американдықтарға қарсы қарулы  қозғалыстар  жалғасып  жатыр. Басында террорлердың  Иракта орын алуы  Саддам Хусейіннің  және оның екі баласы Удей мен Кусейдің ұйымдастыруымен өтіп жатқаны  жөнінде теория болған, ал олардың   өлтірілуі бұл теорияны  жоққа шығарып, Амрикаға қарсы тәжірибесі мол халықаралық террористік топтар  бар екендігі  жөнінде  жаңа теория шықты. Әрине елдегі тұрақсыздықты Саддам Хусейәін  болсын Усама бен Ладен  болсын немесе басқа  бір обьектілерге  байланыстырып  елді  сендіру  белгілі   бір саясат  екені түсінікті. Саддам Хусейін  режимінің   кейіңгі  окупацияланған аумақта тұрақтылық  енгізе  алмаған  Буштың өзі жағдайдың өрбу  құрылымын  және өз бақылауына ала-алмауы тегін емес. Демек АҚШ-пен оның одақтастары Хусейінді қолға түсіруден  басқа ешқандай әлеуметтік-саяси, экономикалық  мәселерді шеше алмады. Ирактағы іс–әрекетттер  геосаяси жобаның  бөлімі ретінде ғана қарастырылды, ал халықаралық  терроризммен  күрес, жаппай қырып-жоятын қару төңірегіндегі әрекеттер  тек сылтау ғана іспетті.

Ирактағы өтпелі кезеңде  басқару туралы конституцияға  толықтырулар енгізілген, Ирак  Шиитерінің  аятолласы Әли-Әли Систами заңның  легитимдігінің  жоқтығын  мәлімдеді.  Елдің 60-пайызын, құрйтын  шиитердің  Саддам Хусейннің  режимі күйрегеннен кейінгі   ең басты саяси күш ретінде қалыптасты. Олардың этникалық  жағынан  әртүрлі ұйымдардан  айырмашылығы олардың ұйымдастырушылығы жоғары  дәрежеде  және әрбір агрессияға агрессиямен  жауап беретін  мүмкіндігі бар. Жоғары  айтылып кеткен заңның қабылдауына көз  жұмған  шииттер АҚШ-тың билікті Ирактың өзіне  беретінін  айтқанындықтан ғана қарсылықтарын онша ашық түрде өзіне білдірмей отыр. Демек, 30-шы мауымнан кейінгі басты саясат күштер арасындағы қақтығыс болуы ықтимал. Негізгі факторлар:

1. Ирактың федералды құрылымы не шииттерді, не сунниттерді қанағаттандырмайды, елдің солтүстігінде Күрдтердің автономиясы елдің аумақтық ыдырауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

2. Елдің демократияландыру процесі  үкімет билігіндегі органдардың  ішіндегі шиит өкілдерінің қанағаттандырмайды, ал елдің 20-пайызын, құрайтын (2,5) сунниттердің күші әлсіреуі байқалады. 25-жыл бойы сунниттердің билік басында болғанын  ескерсек, онда  олардың наразылығын  түсінуге болады.

Жоғарыда айтылып кеткен мәселелер  исламның радиклды бөлігінің   одан сайын өрістеуіне жағдай жасап беріп отыратын сөзсіз.  Осындай типтегі жағдайда  тепе-теңдікті ұстау дәрежесі төмен болып  отыр. Енді ойын ережесін мықтылардың пайдасын шешуге тырысатын  басты ойыншы АҚШ кедергі обьектілерге сыбағасын беру үшін қандай  саясат, қандай қару түрін қолданылатыны белігісіз.

 Экстремизм дегеніміз-саяси және басқа мақсаттарға жету үшін  заңсыз, күштер, зорлау  тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол  ұлтаралық  арздықты қоздырады,  демократиялық принциптерді шектейді, елді  тұрақсыздандырады, саяси шиеленісті бейбіт жолмен шешуге  мүмкіндік бермейді, шектен шыққан көзқарастарға және шараларға және  бетбұрушылық  болып табылады. Қазіргі таңда орталық Азия аймақтарда  осындай радикалдық. Исламдық әлемдегі  аймақтық қақтығыстар   экстремистік ұйымдардың дамуының  көзі. Осындай  қақтығыстарды айтатын болсақ, мысалы: Араб-Израйл қақтығысы, Үнді Пәкістан  қақтығысы Ауған  қақтығысы т.б.

Алғашқы екі Араб-Ирайль және Үнді Пәкістан  қақтығыстары,  қазіргі заманғы ұзаққа созылған қақтығыстар болып табылады, және  өкінішке орай, олардың жақын созөылған  қақтығыстар болып табылады, және өкінішке рой, олардың жақын аралықта шешімін табу мүмкіндігіне  айтарлықтай  негіз жоқ. Аталмыш қақтығыстар  бұрыңғыдай әлемдік қауымдастықтағы, оның ішінде Таяу және Орта – Шығыс, Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азия елдеріндегі   ислам әкстремизмі кең таралуына өзінің келеңсіз  әсерін  әлі де тигізе береді.

Ал, Ауғаныстанға келер болсақ, осы елдегі  анти-террористік операцияның жүргізілгендігіне қарамастан, жақын болашақтан Орталық Азия аймағындағы  радикалдық  исламистердің  экспансиясы проблемасы сақталып қалады. Фактілер көрсеткендей, «Аль-Кайда» мен «Талибан»  байланысты  Ауғаныстандағы террористік  инфрақұрылымдарды жоюға бағытталған әскери өзінің аяғына  дейін жеткізілмеді. 

Көптеген сарапшылардың пікірі бойынша, діни бүгінгі  күндегі  қалыптасып тырған саяси экстремизм кең қанат жаюы  проблемасы ситуация, болашақта түбірлі тұрғыда өзінің эскалациялану бағытына қарай өзгеруі мүмкін. Бір жағынан Ауғаныстандағы  антитеррористік операцияның Орталық  Азия аймағындағы әрекет етуші  экстремистік ұйымдармен күресу барысына көзге көрінетін оңды  нәтиже бергендігін  мойындау керек. Аймақтық радикалдық  ұйымдардың  ұйымдық, адалдық қаржылық ресурстарына орасан зор  соққы берілді. Тұтастай алғанда,  осының нәтижесінде аймақтағы әрекет  ететін радикалдық исламистердің позициялары біршама әлсіресе және  бүгінгі  күнде  діни-саяси  экстремизм  тарапынан  болатын қатер 1999-2000  жылдары, Өзбекстан мен Қырғыстанда болған оқиғалар  іспетті өзінің ауқымды практикалық  тұрғыдағы  көрініс  берумен  төмен мүмкіндіке ие. Алайда, бір мезгілде  әскери жетістіктер, (Ауғаныстандағы  Талибан қозғалысының, Өзбекстанның исламдық қозғалысының жеңілістері)  аймақтық бір қатар елдердің  радикалдық  исламитердің күрестеріндегі жетістіктері бұл табыстарға мастанбауды  тудырмауы  тиіс. Ауғаныстан территориясынан  Орталық Азия елдері үшін  туындап келе жетқан  әскери және  террористік қатлердің тек сәл азайғандығын  ескерер болсақ, осынау жетістіктер уақытша сиптқа ие,  яғни біздің аймақтағы елдер  үшін  экстремитік ұйымдар  тарапынан  болатын  қауіп әлі де сақталуда.

Осы орайда 11 қыркүйектен  басталған  әлемдік қауымдастық терроризмге  қарсы бағытталған  күресінің  жаңа  екпінді процесінің нәтижесніде, Орталық Азия аймағындағы қауіпті экстремистік ұйымдар  тактикалық  есеппен  өз іс-қызметтеріндегі күш көрсету  әрекеттерінен  бас тартып,  тығылып жұмыс  істеуге көшуге мәжбүр болды. Осындай  өздерінің бірқатар нақты позицияларын жоғалтуларына қарамастан,  радикалдық, исламдық  ұйымдар тұтастай  алғанды аймақ  шеңберіндегі  белсенді, тіпті қарулы іс-әрекеттер жүргізу жоспарын  бас тарқан жоқ Бір мезгілде Орталық Азия елдері үшін қатер  дәрежесі  бірқатар өлшемдерге сәйкес әртүрлі сипатқа ие болары көзге көрініп тұр. Осы  орайда,  ол Өзбестан, Тәжікістан, Қырғыстан үшін дәстүрлі  түрде көп қатер тудырады.  Беделді Британдық «World Markets»  «research center»  зерттеу орталығы  дайындаған  «Әлем мемлекеттеріндегі террористік белсенділік индексі»  талдау нәтижесі бойынша  Тәжікістан осы әлемдік рейтингте 22-ші орын, ал Өзбекстан  мен Қырғыстан 27-ші орында иеленген. Ал қазақстандағы террористік  қауіпті аталмыш  талдау өте төмен денгейде деп баға  берген.                                                                                                                 

Діни саяси экстремизмнің даму болашағы, көп жағдайда  бір қатар  обьективті, болжауға  қиын ішкі және сыртқы сипаттағы  факторлардан  тәуелді екені анық. 

Қысқа мерзімдік және орта мерзімдік перспективада экстремизмнің  дамуына қоғабыс ететін сыртқы  сипаттағы факторлар тобына әір  деңгейлік, сонымен бір мезгілде өзара байланысты мынадай  аспектілерді ендіру қажет:

-Терроризммен және экстемизммен  күрес желісіндегі  жалпы  әлемдік ситуацианың дамуы;

-Аймақ төнірегіндегі  геосаяси күрес процесі;

-Ислам әлемі елдердегі, оның ішінде Орталық Азия шекарасына  тікелей жақын  маңайдағы аймақтық қақтығыстар.

Жаһандану және әлемдік экстремистік қауымдастытың кең ауқымдыағы инернационалдануы-әлем елдері бүгінгі  күні бетпе бет  үшырасып  отырған  күмән тудырмайтын  факт. Экстремизм  және оның  шеткері  көрінісі іспетті терроризм  қазіргі  таңда  локалдық  құбылыс  болудан  қалды және 20 ғасыр мен 21 ші, ғасыр тоғысында халықаралық жаһандық сипатқа ие бола бастады. Осы орайда,  әлемдік қауымдастық, халықаралық  қауіпсіздік қатерінің алдын-алудың қазіргі күндегі бар бағдарысында, тұрақсыздық  пен өте төменгі деңгейдегі  қауіпсіздіктің созылмалы кеңіне  аяқ басты. Осыған орай келесідей үрдістердің бер екендігін  көрсете  кету қажет:

-Радикалдық қозғалыстардың  ең біріншіден әлемдік қауымдастықтағы  бай әрі  дамыған Батыс пен басқа елдер арасындағы өсе түсіп отырған экономикалық  дамудағы диспрорцияға негізделеді.

-Экстремистік және террористік ұйымдарға қатынасы «екі ұдай стандарт»  саясатының сақталу әлемдегі аталмыш  қатердің  қанат  жаюының  негізгі детерминаты болып табылады.

-Жаһандық экстремистік  қауымдастықта XX- ғасырда екінші  жартысынан

бүгінгі  уақытқа дейін жетекші ползицияны Ислам  діні атынан әрекет ететін радикалдық діни-саяси ұйымдар иеленуде.Бүкіл әлемдік кеңістікте дерлік  әртурлі исламдық  экстремистердің  ұйымдардың белсенді тұрақты  сипатты иеленіп  отыр. Бір қатар ағымдар  бойынша, 2010-жылға дейнгі  аралық террористік қатердің көрінісі тұрғысынан сындарлы  болады. Осы орайда оның  басты ошағы, ретінде  дәстүрлі  түрде  Таяу және  Орта Шығыс аймағы, Оңтүстік Азия, Европаның бірқатар елдері, пост-кеңестік, АҚШ-болады. Дегенмен, бүгінгі күнде эксремистік  ұйымдардың кеңеюі үрдісін  көруге болады.

Соңғы жылдары экстремизмнің  эвалюциялық процесінен сандық және сапалық тұрғыдағы өзгерісі анық көрінуде. Бүгінде, әртүрлі мәліметтер  бойынша Палестиналық, Ауғаныстандық  жиһадтың  тікелей ықпалында Алжир, Судан, Сауд-Арабиясы. Орталық Азия елдері, Филипин және тағы басқа аымақтарда 100-мыңнан астам  радикалды мұсылман бар. Қазіргі күндегі экстремистік ұйымдардың  адамдық ресурстарының қарқынды көбею мүмкіндігі  өте жоғары.

Экстремистік топтар өз мүдделеріне  жетуді қазіргі заманғы технологиялық оның ішінде  әскери сферадағы жетістіктерді белснеді түрде қолданады.Осы орайда, террористердің іс-әрекеттерінің сапалық өзгерісі  тұрғысынанда, ең басты қауіпті лорадың жаппай қырып-жою  қаруларын (биологиялық, химиялық, ядролық)  және олрадың бірқатар компонентерін пайдалануы тудырады.

Әлемдік қауымдастықтың алдында тұрған экстремизм мен  терроризмнің өріс алуы мен қанат жаюының  жаһандық қатерінің көзге  көрініп тұрған фактісіне қарамастан, ортақ зұлымдыққа қарсы күшті  біріктіру мендеті практикалық тұрғыда  өте курделі  және екі негізгі  себепке келіп тіреледі. Біріншіден, БҰҰ-түріндегі кең көп жоспарлы ынтымақтастытың бұрыңғы формалары мен тетіктері сындарлы  сәттерде (Ирак мысалы)  жұмыс істемей отыр. Яғни халықаралық   қауіпсіздікке бағытталған қателерге қарсы  тұра алатын өзара  әрекеттесудің жаңа формасы, жаңа тетіктер қажет. Осымен тығыз  байланытсы  екніші себеп, әрбір жеке мемлекет бұрыңғыдай  қауіпсіздікті  қамтамасыз ету стратегиясында  өзінің  ұлттық  мүддесні басшылыққа  алады, ал аталмыш  мүдделер әрбір  елде бөлек болғаныдқтан  олар тек  үйлеспеуі  ғана емес, тіпті жекелеген  жағдайлардв бір біріне  қарама-қарсы тұруы мүмкін.

  Міне осылай аталмыш қатермен  әлемдік желіден тыс, әлемдік қауымдастық  тарапынан  болатын  кешенді, жүйелі қадамсыз  жекелеген   елде  немесе  аймақта эффективті күресуді есепке елу мүмкін емес 

Аймақта  ірі әлемдік державалардың қатысуымен  өтіп жатқан  геосаяси ойын  дамуының  қазіргі кезеңдегі  басты  ерекшелігінің  өзі  сонда, осы  болып  жатқан түбірлі  өзгерістердің  Орталық  Азияның  барлық  кеңістігіндегі   қауіпсіздік пен  геосаяси үшін  иерең  әрі ұзаққа созылатын  салдарға ие болуы мүмкін. Сондықтан қазіргі күнде  байқалып отырған  геосаяси  ойыншылар  арасындағыи аймақтағы ықпал   үшін бәсекелемтерінің  белсенді  процесі оңды тұстармен қатар, өзінде, бір мезгілде  аймақтағы  елдер үшін  келеңсіз  тәуекелдер мен  қатерлі  де ұстайды. Осы орайдағы негізгі келеңсіздік, аймақтағы  негізгі, ең біріншіден Ресеы, АҚШ, Қытай, Иран тәрізді геосаяси ойыншылардың мүдделерінің  жалпы  балансындағы  байқалып отырған  өткір қайшылықтардың  өсуінде  болыр отыр, ал бұл, болашақта Орталық Азия елдерінің  қауіпсіздігі  ішкі  және сыртқы  қатерлерінің  күшейе  түсу  көзі болу мүмкін.  Бір жағынан, Ресей, АҚШ, Қытай,  Иран,    Пакистан және  бірқатар,  басқа мамлекеттердің мүдделерінің  аймақтағы қарама-қарсы тұруының  бастамасы Орталық Азияда дағдарысқа әкелу мүмкін. Екінші  жағынан  Орталық Азия мемлекеттеріндегі дағдарыс аймақтағы, ықпал  жүргізудегі мүдделер күресінің  өткір фазасын қоздыра түсуі мүмкін.

Біздің  қарастырып отырған мәселе желісіндегі  қауіптің өз сонда,  аймақтағы ықпал жүргізу күресінде сыртқы субьектілерге  тарапынан ықпал етудің кең құралдыры ішінен, олардың әртүрлі  экстремистік  ұйымдарды  өз мүдделерін орнықтыруды өте ыңғайлы құрал ретінде пайдалануы мүмкін . Осындай саясат, яғни реттелетін  экстремизм  мен  терроризм КСРО мен АҚШ-арасындағы  суық соғыс  кезінде  белсенді  түрде  қолданғандығы белгілі. Ал бұл өз кезеңіндегі  аталмыш  қатердің  қазіргі күндегі әлемде  кең қанат  жаюына септігін  тигізгені мәлім.

Тұтас алғанда жақын болашақта экстремистік  ұйымдарды қысым  көрсету құралы ретінде  пайдаланудың  обьективті тұрғыдағы аса  жоғары емес мүмкіндіктеріне қарамастан,  біздің ойымазша, оларды әртүрлі субьектілер тарапынан  оның ішінде исламдық  елдердің  аймақтағы өз  поөицияларын  кұшейте  түсу  мақсатында ойынға   араластырып  жіберу  мүмкіндігі  сақталып  қалады. Осы орайда  қызықты  жайт  радикалды  исламмистік  топтар. Орталық Азияданы  исламдандыруды  кұшейте  түсуді қолдайтындар  тарапынан  да, тсонымен  қатар аймақтағы  мемлкеттре де   зайырлы ммелекеттік құрылысты сақтауға  мүдделі елдер  тарапынан да құрал  ретінде  қолднылу  мүмкіндігінің болуы. Яғни Орталық Азиядағы  радикалды топтар аймақ елдеріндегі қоғамдық-саяси ситуацияны  тұрақсыздандыруға, дінаралық  және ұлтаралық  өшпенділікті өршітуге, сепаратистік және  басқа да  деструтивті көңіл  күйді  жасақтауға  бағытталған  тактикалық  сипаттағы қажетті  міндеттерді  шешу  үшін  қолданулары мүмкін. Осындай жағдайда  пайда болатын   бітімгершілік  және реттеуші  күш ретінде  сырттан   килігудің   лигитимді   қажеттілігі  геосаяси ойын субьектілеріне аймақтағы  өздерінің  стратегиялық міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Аталмыш  тәсіл  тым қарапайым және ең бастысы «суық соғыс»   кезеңінде жақсы игерілген. 

Тұтастай алғанда, радикалдық, исламдық ұйымдарды қолдану  мүмкіндігі   және геосаяси ойын субьектілері  тарапынан  өздерінің  стртегиялық  масаттарын шешу үшін осындай  тәсілдерге сұраным мен  мүдделіктің  сақталып отыруы Орталық Азиядағы діни-саяси  экстремизм қатерінің  дамуына өте күшті серпін береді.

Қ.Р. Президенттің  жанындағы КСЗИ-сыртқы, саяси зерттеулер  бөлімінің меңгерушісі  Тукумов. Е.В. мырза  өзінің зерттеуінде тарроризм  және экстремизммен  күресуде әлемдік ситуациялардың  дамуын  түсіндіре  келе Орталық Азияға ықпал ететін аймақтық  қақтығыстарды былай  түсіндіреді: 

Орталық  Азия аймағында  радикалдық, исламдық  ұйымдардың  таралуының аймақтық  қақтығыстармен өзара байланыстылығы  оның және  заңды құбылыс  және өзіндік  жабық  шеңбер  ретінде көрінеді  исламдық әлемдегі айм ақтық  қақтығыстар  экстремистік  ұйымдардың  дамуының  көзі ретінде  аймақтық  қақтығыстар  экстремистік ұйымдардың  дамуының  көзі ретінде  көзі ретінде  көрінеді, бір мезгілде  исламдық,  радикалдық ұйымдардың дамуының көзі ретніде көрінеді, бір мезгілде  исламдық, Радикалды ұйымдардың  дамуының  көзі ретінде   көрінеді, бір  мезгілде  исламдық  радикалдық   ұйымдардың   өздері қақтығыстардың  сақталынып қалуына ең мүдделі көз  болып  табылады.  Біртұтас бақылаушы әрі үйлестіруші орталықтың жоқтығына қарамастан,  әр түрлі  қақтығыстық  зоналарда  әрекет ететін радикалдық  ұймдар бір бірімен қандайда бір тұрғыда тәуелді  және Орталық Азиядағы ситуацияға әртүрлі  дәрежеде  ықпал ете алатын  келесідей қақтығыстарды бөліп көрсетуге болады:

 Біріншіден, Араб-Израйл қақтығысы-Ислам экстремизмнің  әлемдегі, оның ішінде Орталық  Азия аймағындағы жаһандық  әсер  ету  факторы ретінде.

Екіншіден, Үнді Пәкістан қақтығысы-  Ислам экстремизмнің Оңтүстік  Азиядағы  және Ауғаныстандағы қанат  жаюының  айтарлықтай  тікелей әсер  ететін  аймақтық  мағынадағы  факторе ретінде: 

Үшіншіден, Ауғаныстан  қақтығысы-радикалдық  исламның Орталық  Азия  аймағында қанат  жаюына айтарлықтай тікелей сырттан әсер еттетін  фатор ретінде:

Алғашқы екі, Араб Израйль  және  Үнді Пәкстан  қақтығыстары,  қазіргі замандағы  ұзаққа созылған  қақтығыстар  болып табылады, жіне  өкінішке  орай, олардың  жақын аралықта шешім табу мүмкіндігіне айтарлықтай  негіз жоқ. Және аталмыш   қақтығыстар  бұрынғыдай  әлемдік  қауымдастықтағы, оның ішінде  Таяу және Орта Шығыс, Оңтүстік  және  Орталық  Азия елдеріндегі  Ислам экстремизмнің кең  таралуына өзінің  келеңсіз  әсерін  әлі де тигіза береді.

Ал, Ауғаныстанға  келер болсақ  осы елдегі  антитеррористік оперияцияның  жүргізілгендігінде қарамастан,  жақын  болашақта  Орталық  Азия аймағындағы радикалдық исламитердің экспансиясы проблемасы  сақталынып  қалады. Фактілер  көрсеткендей, «Аль-Кайда»  мен   «Талибанмен» байланысты  ауғаныстандағы  террористік   инфрақұрылымдарды  жоюға  боғытталған әскери  операция  өзінің  аяғына  дейін  жеткізілмеді. Стратегиялық  зерттеулердің  халықаралық  институтының «Аль- Кайданың»  іс-қызметіне  арналған  2002-2003 жылғы  баяндамасында аталмыш  жүйенің сақталып қалғаны айтылады:  ұйымның  18 000  қатардағы  мүшелерінен  Ауғаныстанда  жаңа  қарулы  қақтығыстарға  жол  берілуі мүмкін  жаңа  қайшылықтар  мен қақтығыстар  пайда болуына   барлық алғы – шарттар  сақталып  отыр. Көптеген  сарапшылардың  піпірі  бойынша,  қазіргі қалыптасып отырған ситуация  1994-жылға дейінгі  «Талибан»  Ислам қазғалысы  осы елдің саяси  сахнасына келер  алдындағы  кезеңге ұқсас. Осыған  байланысты,   қақтығыстың латентті  жинақталған    қайшылықтардың   өршуіне  немесе геосаяси мүдделердің  бетпе бет  келуінің  нәтижесінде, Ауғаныстанның  саяси сахнасында  радикалдық  исламистердің болашақта  көрініс беруі айтарлықтай  жоғары.  Ал, Ауғаныстанда радикалдық  ислам күштерінің  қатысуымен ситуацияның қайта өршуі  Орталық  Азия елдерінің  қауіпсіздігіне  келенсіз әсерін тигізері  хақ.  Осындай  жағдайда, Ауғаныстандағы  радикалдық  исламитердің  мүдделері одақтасы  ретінде  Орталық Азисның  бірқатар  елдерінде  ислам  оппозициясы рет қайтадан  пайда болды.  Осы орайдағы  оқиғалар  тізьегіне көз  жіберер  болсақ ,  Ауғандық   радикалдық  ұйымдардың  қалдықтары, осы аймақ  кеңістігінде  белсенді әрекеттерін  қайта жаңғыртуы үшін  Орталық Азия мен кавказ  елдеріндегі  бірқатар  жасырын  экстремистік ұйымдармен байланыстарын  орнатуға талпынып отыр. 

Осылай, Ауған қақтығысы  жақын  маңайдағы елдер  үшін, оның  ішінде Орталық Азия елдері үшін жетекші сыртқы  тұрақсыздық  тудыратын  фактор ретінде әлі де сақталып  қала береді. 

Діни – саяси экстремизмнің таралу мүмкіндігіне  таралу мүмкіндігіндегі ішкі сипаттағы  факторлар  тобы модернизациялық  процестардің дамуымен, сонымен  қатар саяси ситуацияның  дамуының  ең бастысы   Орталық Азия  елдеріндегі  саяси  элиталардың бірқатар сәттері мен тығыз  байланысты.

Орталық Азия елдері модернизацияның белгілі  бір оның  сатысында ғана емес. Қалыптасып  отырған саяси және  саяси экономикалық  тұғырлардың  түбірінен  шайқалуының  қалыптасып  отырған процесінде тұр. Әрине,  қазіргі  сәттегі  күрделі  де  транзитті  жағдайда  көптеген  келеңсіз  құбылыстар,  оның ішінде  экстремизмнің  пайда  болуына  негіз  болатын  проблемалардың туындауы заңды.  Осы орайда,  экономикалық   факторлармен   тұрғындардың  төмен  өмірлік  денгейі  өздігінен  экстремизмнің  туындауының  басты себебі  бола алмады. Алайда  төмендеп  бара  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  ситуация  және  осыдан  туындайтын  өмір  сүрудің  төмеңгі   деңгейі, жұмыссыздық, коррупция, қолайсыз   демографиялық  жағдай  арнайы  қызмет  органдарының  қатаң бақылауына қарамастан, кез-келген  идеяларың,  оның ішінде  радикалдық  қатаң  бақылауына  қарамастан, кез-келген  идеялардың, оның  ішінде  радикалдық  иеялардың,  оның ішінде радикалдық  идеялардың  кең    таралуын  игі әсер етеді. Аймақ елдеріндегі  илсамдық қозғадыстар, шын мәнінде  протесттік қозғалыстар болып  табылатындықтан, олардың қатары үнемі әлеуметтік  жәбірленуі  азамттармен толығып  отырады.  Таяу  және  Орта    Шығыс елдерінің  тәжірибесі көрсетіп отырғандай,  ұзақ  уақыттар бойы қиын  материялдық, ең бастысы  әділетсіз,  теңсіз  жағдайда  өмір сүріп  жатқан  мұсылмандық  тұрғындар  діни принципке  негізделген  мемлекет  өз азаматтары үшін экономикалық тұрақты әрі әлеуметтік   тұрғыда   әділірек  болады деген  ойға келеді. Қазіргі  күндегі  айсақттағы елдер  қолданып  отырған изоляционизм принциптері, автаркия  дамудың  кез-келген  моделінің  құлдырауына әлеуметтік-экономикалық  тоқырауға, ұлттық  қауіпсіздік деңгейінің  төмендеуіне алып келеді.

Осы орайда модернизацияның   эффективтілігі  мемлекеттік институттардың тұрақтылығымен,  аймақтағы елдердегі  саяси элиталардың  аталмыш  процестарге  қатынасы  біріздік   ұстаныммен  тікелей өзара байланысты көрініс  табады.

Осы ретте Орталық Азияда, аймақтың  бірқатар  елдеріндегі  саяси элиталардың  алмасуымен  байланысты  өзіндік  «келе жатқан ауқымды өзгерістер тізбегі»  басталды. Қарастылып  отырған  тақырып  желісінде осы жағдайда байланысты келесідей үрдістердің дамуын көрсетуге болады:

-Саяси күрес процесінде, Исламдық тақырып, саяси элита немесе  контрэлита тарапынан да, сонымен қатар әртүрлі оппозициялық топтар  тарапынан да қайтадан сұранымға ие болады. Өзбекстандағы, Тәжікістандағы, белгілі бір  дәрежеде  Қырғыстандағы қоғамдағы  рейсламизациялық процестің  жеделдеуі жағадйында, билікке келуі мен  өз  билігін заңдастыру процесінде аса маңызды діни ресурсты  пайдалану мұсылман  қоғамдарындағы таныс факт. Өз кезеңінде, Ислам  тақырыбын пйдалану және саяси мақсатта  дінмен  манипулациялау,  аймақтағы бірқатар елдердің жақын аралықтағы тәжіриьесі көрсетіп  отырғандай, Әртүрлі  діни-саяси күштердің, оның ішіндегі радикалдық  бағыттағы күштердің белсенділіктерінің тез өршуіне алып келеді. 

-Мемлекет институттар жүйесінің  тұрақсыздығы жағдайында  мүмкін болатын биліктің  бөлінісінен  туындайтын  саяси элиталардың обьективті әлсіреуілері радикалдық ислам оппозициясы тарапынан өз позицияларын  бастауы үшін қолайлы ситуация ретінде қабылданады.

Осылай, қазіргі  күндегі орта мерзімді  және  ұзақ  мерзімдің сипатқа ие келесідей үрдістіңтердің бар екенін көрсету қажет.

-Діни-саяси экстремизм мәселесі қолданылып отырған  шараларға қарамастан Орталық Азия елдерінің  ұлттық және аймақтық   қауіпсіздігі  үшін орта мерзімдік  және  ұзақ  мерзімді  сипаттағы қатер  ретінде  сақталып қала береді.

Орталық  Азия  аймағындағы бірқатар елдердегі  байқалып отырған ең күшті процестік  күш  ретіндегі  радикалдық  исламдық  ұйымдарды жақтаушылардың  тұрақты  өсуі сақталады, ал бұл  өсім  ішкі және  сыртқы сипатқа ие бірқатар факторлардың болуымен  байланысты.

Радикалдық  исламистер  әрекет  ету зонасының  кеңеюі  жүріп  жатыр  және  қазіргі  уақытта  олардың іс-әрекеті Орталық Азия аймағындағы  үлкен территорияны қамтиды. Осы қатарда  ең көп  белсенділікке ие елеміздегі  Оңтүстік Қазақстан облысын, Қырғыстанды, Джелалабад, Ош, Баткен обылыстарын, Тәжікістан мен  Өзбекстанның барлық территорияларын бөліп көрсетуге болады. Алайда, осындай үрдістердің белсенділігімен өзіндік орталығы  бұрыңғысынша  Өзбекстанның Ферғана жазығы  болып табылады.

-Қазіргі уақытта аймақтағы экстремитік бағыттағы  діни-саяси  ұйымдардың ішінен  позицияны «Хизбуд-Тахрир» иеленді. Мұндай  құбылстың негізгі себебі, срапшылардың пікірі бойынша жергілікті  реформалық (Салафиттік) қозғалыс түпілікті түрде  құрылымдық және  идеологиялық тұрғыда қалыптасып  үлгермеді, мәселен Өзбекстандағы  «Адолат»  тәрізді көптеген саяси-діни құрылымдар 90-жылдардан  бері мемлкет тарапынан сәтті қойылған  бөгеттерге кездесіп келеді. Осы  мағнада, күшті таралған халықаралық желілерге ие, заңды және заңсыз  тұрғыдағы  үгіт-насихат жұмытарын  жүргізудің  қомақты тәжірибесін  жинақтаған Араб елдеріндегі исламдық саяси  партиялыр  қолайлы  жағдайда болды. Олардың теоретиктері болашақтағы «шынайы исламдық әділ басқаруға»  негізделген  мұсылман мемлкетінің  қандайда бір діни-саяси және экономикалық  моделін  жасай алды және  өз идеялары үшін теологиялық  дәлелдерді  таба алды, ал бұл өз кзегінде, оларды осы идеяларды нақты жүзеге  асыру ұшін  оппозициялық саяси күрестің стратегиясы мен тактикасының  жақсы мәлім тәсілдерін  жасақтауға  итермелейді[4].

Дегенмен, болашақта әртүрлі жағдайлардың  қысымын Орталық Азияда террористік іс-әреттерді пайдаланып жаңа радикалдық исламдық ұйымдардың пайда болуы мүмкіндігі  жоққа шығаруға   болмайды. Ал бүл,  аймақтағы елдер үшін әлемдік терроризмнің бірте-бірте Орталық Азияға ауысуы мүмкін екендігін көрсетеді.

2.2.Экстремизм  мен  күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы.

 

          2001-жылғы,  11-қыркүйекте АҚШ-тағы болған  зұлымдық  актіден кейін лаңкестікпен  күрестің бұрыңғы  тарихта болмаған  жаңа кезеңі басталды. Бүкіл  дүние жүзінде лаңкестік және экстремизм  құбылыстары жөніндегі ұғым түбірінен өзгерді. Осы кауіп-катерге  қарсы бүкіл әлемдік  қауымдастық  бірлескен әрекеті  қажет болды.

Бұрын адамдар соғыс  жатқан аймақтан қауіптенетін болса, енді  кез-келген  уақытта қауіп-қатер күтуге болады. Оны болжап айту өте қиын.  Соңғы  жылдары лаңкстік және  онымен  күрес мәселелері туралы көптеген   авторлардың, еңбектері  жарық  көргені  мәлім Республикада халықаралық  ғылыми-практиалық коференцияның материялдары қазіргі жағдайдағы лаңкестікпен күрес  мәселелері  көкейкесті күінде  қалып отыр. Ол әліде болса  жан-жақты  ғылыми зерттеуді қажет етеді. Бұл мақалада лаңкестікпен күрестің  жаңа кезеңі және  оның ерекшеліктері зерттеледі.

Лаңкестік дегеніміз – этикалық, әлеуметтік топтардың, мемлекеттердің және жекелеген  адамдарыдң өз мүдделерін қорғауға бағытталған, бірақ ешқандай  ақтауға  болмайтын  қорқыныш пен үрей идиялогиясы  және күштеу іс-әрекеті лаңкестікті кішкентай мемлекеттер мен топтар өзінен  күштілерге қарсы  лажсыздықтан, ал мықты мемлекеттер мен әртүрлі топтар  өздеріне жақпайтындарға қарсы қолданады. Оның обьективті және субьективті факторлары бар. 

Лаңкестіктің жаңа кезеңінің  бірнеше ерекшіліг бар. Біріншіден, ол халықаралық лаңкестікке байланысты. Халықаралық  лаңкестік, әсіресе, қайсыбір мемлкеттердің қолдауымен  жүзеге асырылуда. Яғни мемлкеттер мен мемлкеттер арасында  соғыс  халықаралық  лаңкестікке қарсы соғыс  түрінде  жүргізіледі. Барлық лаңкестік  түрлерінің ішінде мемлекеттік  лаңкестік бірінші орын алады.т Сондықтан да мемлкеттік лаңкестік өте қауіпті. Түрлі экстремистік топтар қайсы бір мемлкеттің қолдауы тауып отыр.  Ондай топтар  бомбалау, басқа да операцияларды жүзеге асыра алады.

Халықаралық лаңкестікпен күрес ісінің  де өзіндік ерекшеліктері  айтарлықтай. С.Алексеев айтқандай, халықаралық лаңкестікпени күрес  формуласы бәрі де «болады» дегенге  келіп тірелуде: егеменді мемлкетке  қарсы превентивті соғыс  жүргізуге «болады». Өзге мемлкеттің азаматын   тұтқындау  және оларды алыс жаққа алып   кетуге «болады». Әлеуметтік  құрылымды өзгерту жөнінде үзілді-кесілді  талап қоюға «болады».

Екіншіден, лаңкестік  күрестің  «тентек» елдердің тізімін жасап, өз муддесін жүзеге  асыру үшін, әскери соққы беруде. Осының бір дәлелі АҚШ-әлемінің  әртүрлі  аймақтарында «тентек», «лаңкес»  елдердің тізімін жасап, өз мүддесін  жүзеге  асыру үшін, әскери соққы беруде. Осының бір дәлелі АҚШ-президентінің  соңғы  кездегі лаңкесшіл мемлкеттер ретіндегі 11-елді атауы болып табылады. Сөйтіп, ол бұрыңға аталған  үш елге (Ирак, Иран, Солтүстік Корея) коса басқа  дамемлкеттерді атай бастады. Одан кейін, тіпті болмай бара жатқан  жағдайда, атом қаруын пайдалануымыз  мүмкін деп  мәлімдеді. Керек болса, атомдық   соққы беретін елдер  қатарында Қытай мен Ресей де болуы мүмкін  деп соқты.  Жанжалдың  ушығып бара  жатқанын  сезген Буш алғашқы мәлімдемесін  біраз  жұмсартып, атом қаруын жай  қару ала алмайтын  бекіністерге,  үңгірлерге, терең  жер астындағы шұңқырларға тығылған  лаңкесшілерге  қарсы қолданылуы мүмкін деді. Осының бәрі,  бір жағынан авантюралық  қорқыту, қоқан – лоққы еді.   Бұны өздерінше Американың ерекше миссиясы деп  көрсетуге тырысады. Ал шындығында,  ағылшын  газеті «Гардианның» (guardian)  жазғанындай,  бұл әрекеттер  қаншама «бүркемеленіп», «лаңкестікке қарсы соғыс» деп аталғанымен,  отарлау немесе империалистік саясаттан басқа ештеңе емес. Вашингтон   біраз  аймақтарда  өз әскери   күштерін  көптеп  орналастырып  алды  сөйтіп, өз  әскери  базаларын  Қырғыстан, Тәжікістан, Өзбекстанда кұрап  алды. Ондағы мақсаты – бұл аймақта ұзақ мерзімге алып қою. Мұндай саясат Қытайдың, Ресейдің наразылығын тудыруда. Бірақ бұған  Америка  құлақ  асатын емес.  Қайта оның үстіне лаңкестікке қарсы желеумен, Ақш – өз қарулы күштерін  Кавказ аймағында да пайдаланбақшы. Оған Грузия президенті болған Шевернадзе  келісім беріп те үлгерді. Бұл  жерде АҚШ-тың түпкі  мақсаты  Ауғаныстан  мен Кавказға дейінгі  географиялық  аймақты  бақылауға  алып, мұнай  мен газға  байланысты  экономикалық мүдделерін қорғау болып табылады. Осыдан кейін  халықаралық  жағдайдың  ушыға түсетіні,  түрлі қақтығыстардың  орын алатыны  баршаға  аян.

Соңғы уақытта БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі де әлемдік проблемалардан тыс қалып, есесіне, бұл ұйымның бұрын атқарған функцияларын НАТО біржолата уысына жиып алғаны аңғарылады. «Өгей елдер» мәселесі қауіпсіздік кеңесінде қарала қалған күннің өзінде. Соғысу жөнінде әйтеуір сылтау табылып, өктемдік АҚШ-тың қолына шоғырлануда.

Үшіншіден лаңкестікке қарсы күрестің жаңа кезеңі әлемдік саясатқа ықпалын мүлде өзгертіп жіберді. АҚШ-тың қазіргі саясаты патриотизм ұғымын өз шегін ен шығарды. Соқыр сезімге негізделген ашынып қорғану Американдық патриотизм толқынында жүзеге асырылуда. Ол, өз халқының қауіпсіздігін қорғау емес, әлемді иелену. Халықаралық өшпенділік, жеңуге деген қүштарлық немесе кек алушының халықтың ожданын улап, патриотизм үғымын бұрмалап жіберді. Ол ол ма, демократиялық қүқықтарды шектеуге қарсы бірде-бір сөз айтылмауда. «Антилаңкестік операция» негізіндегі мемлекеттік «әділ жаза» беру саясатының өзі жауыздық пен зүлымдылыққа айналып отыр. Бүл өркениетті құқыққа сай келмейді.

Төртіншіден, АҚШ-тың дүние жүзіне үстемдік жолындағы қантөгіске апаратын саясатына оған әріптес мемлекеттердің біразының саясаты біркелкі емес, екі ұшты. Американың қантөгіске апаратын саясатына қарсылық күшейтіп, миллиондаған демонстранттар алпыстан астам мемлекеттерде өз наразылықтарын білдіргеніне қарамастан, АҚШ – оларды көзге ілмегені белгілі. Мәселені бейбіт жолмен шешу керек дейтін мемлекеттердің өзі АҚШ-тың ықпалынан шыға алмай қалғаны да жасырын емес. Мысалы, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Тоқаевтің сөзіне сенсек, егер Иракта қырып жоятын қару табылған жағдайда, бұл елге қарсы әскери акция жасау дүрыс болып шығады екен. Оны өз сөзімен берсек: «Если в Ираке будет обнаружена оружие массового паражения, то военная акция против этом страны будет оправданна». Бейбіт халық қырылатын болса, біздіңше, оған ешқандай ақтау болуы тиіс емес. Тоқаевтың пікірімен салыстырғанда, басқа кейбір мемлекеттердің тарапынан болған үсыныстар, біздіңше, әлдеқайда әділеттірек.  Иракқа қарсы АҚШ-тың әскери соққы беруіне өзгеде, араб елдерінің көзқарастары мынадай: біріншіден, Б¥¥-ның Қауіпсіздік Кеңесі қырып-жоятын қару табылса, ресми түрде мәлімдеме жасайды және Ирак оны инспекторлардың бақылауына өз еркімен береді. Онда әскери соққы берілмеуі тиіс.

Екіншіден, Б¥¥-ның Қауіпсіздік Кеңесі жаппай – қырып жоятын қару өндірісіне бағытталған бақылауды инспекторлардың қалыпты жүмыс жағдайында жалғастыруы туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ жаппай қырып жоятын құралдар өндіріледі деген күдіктегі. барлық объектілерді бақылауға алу жалғасады. Мұндай жағдайда, әскери дау-жанжал тоқтатылуға тиісті. Осы пікірлерді салыстырып қарайтын болсақ, лаңкестікке қарсы күрес саясатында біраз айырмашылықтардың барын байқау қиын емес.

Үшіншіден, АҚШ саясатына лаңкестікке қарсы күрес желеуімен басқа елдерді өз айтқанына көндіруге бағытталған. Олай болса, өзін сыйлайтын әрбір егеменді мемлекет ондай үстем пікірден қүтылудың ажалын қарастыруы тиіс. Ол жол – мықты деген мемлекеттермен тең дәрежелі өмір сүруге қол жеткізу. Мықты мемлекеттер айтты екен деп, оның айтқанын қайталай салмай, теріс болса, теріс деп айта алу терезесі тең мемлекетке лайықты. Қазақстанның көпвекторлы саясатын осыған бағыттамай болмайды.

Буш әкімшілігі АҚШ – сенаты мен конгресінен Иракқа қарсы соғыс операцияларын жүргізуге келісімін алған кезде, өз операцияларын Б¥¥ -Қауіпсіздік Кеңесінің қарары аясында жүргіземіз деп сендірді. Бірақ Иракқа қарсы АҚШ – әкімшілігінің жүргізген операциялары аса қиынға түсті. Әлемге әмірін жүргізгісі келетін АҚШ – әкімшілігінің халықаралық қауымдастықпен арақатынасы алшақтай түсті.

Төртіншіден, антилаңкестік операция халықаралық қауіпсіздік проблемаларын толық шешіп бермегенімен, АҚШ-тың Орталық Азияда, Таяу Шығыста орнығуына мүмкіндік туғызды. Ал оның салдары, біздіңше, одан да күшті. Е.Кариннің сөзімен айтсақ, бір жағында АҚШ-тың, екінші жағында Қытай мен Ресейдің арасындағы байқала бастаған геосаяси тепе-теңдік бұзылып, Вашингтон аймаққа егестің жаңа деңгейін ашып келуі мүмкін. Бәрі де тыныш, бәрі де бейбіт сияқты. Бірақ Каспий аймағы Москва мен Вашингтонның қатты бәсекелес арнасы болып түр. Бүл екеуінің арасында Грузиядағы лаңкестікке байланысты мәселе тұр. Грузия бір жағынан Каспий аймағындағы мұнай-газ байлығының қақпасы болып табылады. Ал Ресей болса, осы байлықтардың Грузия арқылы Батысқа қарай айдалуына қарсы. Оны Ресей аумағы арқылы жібергісі келеді. Бұл үлкен бәсекелестік.Москва мен Вашингтон арасындағы бәсекелестік Орталық Азиялық бес мемлекетке байланысты. Себебі, бүл мемлекеттер өз аумағын ядролық қарусыз өңір деп мәлімдегені белгілі. Ал бүл дегеніміз – Ресей мемлекетінің ядролық қаруды одан әрі таратуға үлкен кедергі. Москва айқай-шусыз осы Орта Азия мемлекеттері аймағында тактикалық ядролық қаруды орналастырып алғысы келеді. «Орыстар дейді, – «Вашингтон пост» (Washington Post) газеті,-жоғарыдағы аталған ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа наразы , өйткені ол Ресейдің еркін қимыл жасауына кедергі келтіреді». 

Сонымен, лаңкестік қауіп-қатер де Азияның төрінен көрініс берді. Үндістанның ядролық қаруға ие болуы елімізге қауіп төндіреді деген желеумен Пәкистан ядролық қаруға ие болды. Орталық Азия аймағына таяу жатқан Ауғанстантандағы жағдайдың ушығуы, Таяу Шығыс елдеріндегі түрлі қақтығыстар Азияны оқ-дәрі қоймасына айналдырып, орта  Азия республикаларына, оның ішінде Қазақстанға да, қауіп төндіріп отыр. ТМД -кеңістігіндегі мемлекеттер арасында да өзара шешілмеген мәселелер аз емес. Өзбекстан мен Қырғызстанның, Өзбекстан мен Түркіменістанның, Өзбекстан мен Қазақстанның арасындағы толып жатқан шешімін таппаған мәселелер бар. Ол мәселелер ушыққан жағдайда, саяси күштердің арандатуымен эксиремистік топтардың жандануы мүмкін. 130-дан астам этнос өкілдері түратын Қазақстанда аталған салада біраз жетістіктер болғанымен, әзірге тоқмейілсуге болмайтынын зерттеулер көрсетіп отыр. Иракқа қарсы соғыстан кейін Ауғанстан мәселесі артта қалды.  Бірақ  Ауғанстандағы жағдай осыдан кейін ауырмауы мүмкін. Орта Азия республикаларына теріс ықпалы да болмай қоймайды. Иракқа қарсы соғыстың өзі Орталық Азия аймағына қарай экстремистік топтар әрекетінің белсенділігін арттырады.  

Әлемдік қауымдастықтың көз алдында лаңкестік соғыстың стратегиясы мен тактикасын жаңаша жолға қойған «белгісіз бір ұйым» жер жүзін дүрліктіріп жіберді. Қазіргі лаңкестік соғыстың ерекшеліктері негізінен мынаған саяды: ғаламдық дәрежедегі белсенділік; жергілікті экстремистік топтардың ынтасын қолдау мақсатында әртүрлі мемдекеттердегі дау-жанжалдарды кеңінен пайдалану; үлкен қаржылық қорларының болуы; .магиттерді (өз басын өлімге тігушілерді) белсенді пайдалану; жоғары дәрежедегі қүпиялық; жақсы барлау және контразведка; жетілген RР -менеджмент. Осы айтылғандардың бәрі лаңкестік соғыстың кең тарауына толық негіз бар деген сөз. Олай болса, Қазақстан аумағындағы экстремистік үйымдарды жақтаушылардың жандануы да мүмкін. Оның үстіне, Каспий маңындағы жағдай да республика үшін қауіпті. Ол аймақтағы кез-келген диверсиялық актінің айтарлықтай салдары болуы мүмкін. Атап айтқанда: мемлекетаралық қақтығыстар: бюджеті мүнай экспортына байланысты мемелекеттердің экономикалық қауіпсіздігіне соққы; инвестицияның .қүлдырауы; лаңкестік жарылыстардың нәтижесінде экологиялық жағдайдың нашарлауы және т.б. Мұндай фактілер халықаралық жағдайда талай рет кездескені мәлім.

Діни экстремизм мен түрақсыздықтың негізгі ошағы Орта Азияда Ауғанстан мен Тәжікстан еді. Ол кейінгі кезде Өзбекстан мен Қырғызстанды да қамтып отыр. Діннің радикалды тармақтарының билікке үмтылмайтыны жасырын емес. Ондайлар өз мақсатына жету үшін дінді әсірелейді, оған халықтың бәрін бас июге көндіру арқылы қол жеткізгісі келеді. «Шын мәнінде билік құруға тиісті – дін» дейтін үран көтереді. Енді бүған қарама-қарсы жау көнгісі келмейді. Өркениетті адами жолды үстануға шақырады. Осыдан келіп бүл екеуінің арасында текетірес басталады. Оның аяғы – лаңкестік. Ал оған қарсы соғыс ешқандай ережеге сүйенбейді, гуманизм талаптарын мойындамайды. Көрші мемлекетке ағылған босқындар арасында Өзбекстан Ислам қозғалысының, Әл-Каеданың немесе басқа лаңкестік ұйым мүшелерінің жүрмегеніне ешкім кепілдік бере алмайды. Босқындарға шекарасын ашқан мемлекеттердің ендігі күші бейбіт халықты «ислам жауынгерлерінен» айырып ашуға жүмсалмақ. «Жаңа діндарлардың» дені – шет ел идеологиясына уланып қалған жастар мен біздерге қарағанда діндарлау көрінгісі келетін шет жер топырағын басып келетіндер жөнінде Құдияр Біләл былай дейді: «Бүларды аздау болған елемеуге де болар еді, бірақ бүл топ -жастарының сауатты екендігін, ал ересектерінің соңына қарақұрымды ерте алатындай беделі бар екенін қатерден шығармау керек. Оның үстіне, бүлар таза ваххабистік көзқарастағы адамдар». Құдияр Біләлдің бүл пікірлерінің негізінде шындық жатыр. Әлі күнге дейін босқындар мәртебесіне байланысты арнайы заңның жоқ екендігі Қазақстанды паналаған босқындармен жүмыс істеуді қиындатады. Соңғы 3-4 жылда олардың саны ел ішінде күрт өскені байқалады. 1997-жылы республика аумағында 4-мың босқын тіркелсе (Қызыл Крест үйымының мәліметі), 2000-жылдың соңында олардың саны 20,5-мыңға жеткей (Б¥¥-босқындар мәселесі жөнінде басқармасының мәліметі). Олардың тек 915-і ғана босқын мәртебесін алған. Осыған байланысты үсыныстарға келетін болсақ, оның біразы кеден ісіне, біразы ар-ождан бостандығы туралы заңға байланысты. Мысалы, «Қандай шығармаларды Қазақстан Республикасына сырттан әкелуге және одан сыртқа шығаруға тыйым салынады?» деген сүраққа «Қазақстан Республикасының кеден ісі: сүрақтар мен жауаптары» атты еңбекте мынадай жауап беріліпті: «Республиканың аумақтық түтастығын бүзуға саяси тәуелсіздігіне, мемлекеттік егемендігіне қатер төндіруге бағытталған, сондай-ақ соғысты, терроризмді, күш көрсетуді, нәсілшілдікті (сионизм, антисемитизм, фашизм), үлттық ерекше артықшылықты және діни өшпенділікті насихаттайтын әдебиеттерді, порнографиялық және түрпайы эротикалық материалдарды Қазақстан Республикасына сырттан әкелуге тыйым салынады».

«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР-ның заңында радикалды күштердің дін атын жамылып, елге еніп, еркінсіп кетуіне жол беретін орынсыз бағыттар бар. Оны, біздіңше, жөндеу қажет. Үзінді келтірейік:  13-баптың діни әдебиет және діни мақсаттағы заттарға қатысты 2-тармағында былай делінген: «Діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды, құдайға құлшылық ету әдебиеттерін және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды басып шығаруға, шет елден әкелуге және таратуға құқығы бар».

Тағы бір көңіл аударуға тұрарлық мәселе, 13-баптың 3-тармағында айтылғандай: «Діни бірлестіктер құдайға құлшылық ету әдебиетін шығару және діни мақсаттағы заттар өндіру жөніндегі кәсіпорындар құруда айрықша құқықты пайдаланады» делінген. Қазіргі әлемдік саяси ахуалдың шиеленісіп кеткендігін ескерсек, оның үстіне, республикамыздың аумағына босқындардың лап қою   қаупі әлі тоқталмай тұрған кезде, діни экстремистік ұйымдардың бос қарап жатпасы анық. Олардың өз уағыздарын кеңірек таратып қалуға бар күштерін салып болатындары белгілі. Жалпы адамзаттың мәдени-рухани игіліктерді бет перде етіп ұстаған радикалды пиғылдағы ағымдар еш нәрседен тайынбайды. Сондықтан тыныштығымызды бұзып алмайық десек, жоғарыда айтылғандай жат пиғылдағы діни әдебеттер мен уағыздардың еліміздің шекарасынан бері өтіп кетпеуіне баса назар аударуымыз керек.. Кеден қызметкерлерінің кедендік іс-әрекеті барысындағы құқықтық, экономикалық талаптарға сай қарағанымызбен қоса, рухани жауапкершілігін арттыруға барынша көңіл бөлінуі қажет. Дінтанушы деп саналатындардың да өзара жігін ажырата білу керек. Әйтпесе, бүгінгі «дінтанушының» беймәлім бір сектаның «сойылын соғушысы» болып шыға келуі ғажап емес 

Әдетте экстремистік үйымдар жайында сөз болғанда, олар орын алған күштер арасалмағын ахуалды түрақсыздандыру көздейтін арқылы іс-шаралар арқылы өзгертуге мүдделі белгілі бір сыртқы және ішкі саяси күштердің қолындағы құрал ретінде қаралады.

Өзбекстан Ислам Қозғалысының (ӨИҚ) саяси ұйытқысы Сауд Арабиясынан, Ауғанстаннан және Пәкістаннан келген уәкілдер 1987-жылы Наманғандағы «Күмбез» мешітінде құрған «Исламды өркендету» партиясы болғаны мәлім. Жалпы аталған елдерді экстремистік ұйымдар және олардың қаласында  тұрған күштер Өзбекстанда экстремистік – лаңкестік ұйымдар құру, оларға қолдау жасау ісінде елеулі белсенділік көрсетті. Бүған .дәлел ретінде мынадай дәйектер бар.

Біріншіден, Ташкенттегі мағлұмат көздерінің пайымдауынша, Наманғани мен Юлдаш топтарына белгілі халықаралық лаңкес Усама бен Ладен көмектесіп отыр. Бұл хабарды ӨИҚ өкілі растайды. Оның айтуынша, Усама бен Ладен ұрыскерлер жетекшілеріне Өзбекстан жерінде лаңкестік іс-шара жүргізуге арнап бірнеше жүз мың доллар бөлген.

Екіншіден, Наманғали мен Юлдаш «Талибан» жерінде қуғындаудан бай тасалап қана қоймай, солардың арада жүруімен насихаттау және пәрменді алға жылжу мүмкіндігіне ие болған.

Ресми Ташкенттің пікірінше, Өзбекстанды әлсірету және елдегі жағдайды түрақсыздандыра түсуге ынталы тағы бір күштер болып отыр. Мүның дәлелі ретінде мынадай дәйектерге жүгінуге болады.

Біріншіден, Өзбекстан Сыртқы Істер Министрі Абдуләзиз Камилов ресми үстанымды жария ете келіп, Тәжікстан ұрыскерлерімен сыбайлас деген кінә тақты – «Тәжікстанның билік құрылымдарына енген бүрынғы біріккен тәжік наразы топтарының бірқатар қайраткерлері Ауғанстандағы экстремистік топтармен түрақты түрде байланыс жасап отыр деуге толық негіз бар».

Екіншіден, Наманғани жасақтары белгілі бір уақыт бойында көптеген мүшені қазіргі Тәжікстан басшылығы қатарына енген тәжік наразы топтары жағында әскери қимылдарға қатысқан кезінде олардың үрыскер топтарының арғы бетке өтуіне көмек көрсеткен олар енді келіп қарымта көмек алса несі бар.

Үшіншіден, бүған дейін айтып өткеніміздей, Өзбекстан мен Тәжікстан арасында көптен бері белгілі бір қырғи қабақтық, принципті мәселелер бойынша келіспеушілік орын алып келеді. Бүл жағынан келгенде, -ресми

Душанбе     Өзбекстанды     әлсіретудің     реті     келіп     кдлған     мүмкіндігін пайдаланатынын жоққа шығаруға болмас.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, күштердің екінші тобы исламшылардың Өзбекстанға басып кіруін ынталандыру және көмек беру қимылдары арқылы мынадай мақсат көздеп отыр деп тұжырымдауға болады:

1) Орталық Азия аймағында орын алған геостратегиялық күштер ара-салмағы өзгерту;

2) Аймақтық  стратегиялық  ресурстарына  көруді   көздеп,   Орталық Азия Республикаларына өз билігін орнату, басқа ірі бәсекелестерін (мысалы Ресейді) ығыстырып шығару;

3) Орталық Азия Республикаларын және соның ішінде Өзбекстанды әлсірету.

Өзбекстанды тиетін салдар: сірә, өзбек биік орындары қалай болғанда да ұрыскерлердің жалпы кесуге қол жеткізе алар. Бірақ өткен оқиғалардың ел үшін ықтимал салдары сан алуан болуы мүмкін.

1. Мемлекеттің барлық қоғамдық өмір саясатына бақылау жасауы күшейе түсетін болады.

2. Ресми   пікірге   және   билік   орындарының   ресми   үстанымына келіспеушіліктің қандай да бір бой көрсетуі жаңа күшпен және қатал басып тасталып отырады.

3. Ислам ұрыскер топтары билік орындары жүргізіп отырған саясатқа жаппай көңіл толмаушылық тудыру арқылы елдегі онсыз да шатқаяқтап түрған жағдайды асқындырып жіберуі де мүмкін. Экстремистердің дәл соңғы кезде күнелтістің    қиындығынан,    жаппай    жүмыссыздықтан    және    т.б.    қиын жағдайларға     байланысты     әлеуметтік     беймазалық     күшейіп     отырған Өзбекстанның    экономикалық    жағынан    артта   қалған,    дағдарысқа   толы облыстарында ерекше жандануы тегін емес. Бүлай болса, оқиға салдарлары қазіргі   билік   тұтқасында   отырғандарға   аса   ауыр   тиеді,   себебі   үрыскер топтардың қимылын жаппай наразылықты өршітіп жіберуі мүмкін.

4.Сыртқы экономикалық аяда айтылмыш оқиғалар Өзбекстанды ТМД-ның өзге елдерімен жақындасу саясатына қайта оралуына, соның ішінде ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім – шартқа қайыра кіруіне итермелеуі ықтимал. Бұдан бұрын өзінің толық тәуелсіздік саясатын басшылыққа алған Өзбекстан билік орындары өз көршілерімен әскери салада тығыз ынтымақтастық жасау ісінен бірқанша аулақтай бастаған еді. Алайда соңғы кезде жағдай керісінше өріс алған сияқты. Бүл орайда И. Каримовтың «Шанхай бестігінің» соңғы самитінде байқаушы ретінде қатысуы, ТМД – лаңкестікке қарсы орталығын құру ісіне өзбек жағының белсене қатысуы.» Достастықтың Оңтүстік қалқаны жаттығуларына қатысуы және т.б. ой саларлық. Мұның баршасы да Өзбекстан ланкестік тәрізді қауіпті құбылысқа қарсы жеке дара күресу қазіргі таңда мүмкін емес екендігін түсінгендігі дәлел.

Ресейге тиетін салдар: Ислам экстремистерінің Өзбекстанға басып кіруімен бір шамада Мәскеуде лаңкестік акті жасалады. Сырт қарағанда бір-біріне мүлде кереғар көрінетін бүл екі оқиғаның арасында белгілі бір байланыс бардай көрінеді.

Біріншіден. Әлбетте, бүл екі оқиға ортақ сипатқа ие. Себебі, осыдан бірақ уақыт бұрын Ауғанстандағы «Талибан қозғалысының қызметі едәуір жанданғаны байқалады». Мүндай жағымсыз қүбылыстар бір ғана ұранмен -чечен жікшілдерінің орталық Азиядағы жақтастарын «кәпірлерге қарсы ғаззау атқа» шақырумен өтетіндігі мәлім. Осы жағдайда Өзбекстанның Ислам қозғалысын пайдаланып қалғаны сөзсіз.

Екіншіден, тәліп қарулы жасақтарының соңғы уақыттағы сәтті іс-қимылдарына орай ТМД-ның бір шет аймағында қарулы бас көтеру экстремистердің қапайына жағатын еді. Орталық Азиядағы  жорық бастай отырып, исламшылар ислам салафииаттары мен экстремистерінің жетекшісі және идеялық дем берушісі Усама бен Ладеннің тапсырмаларын орындаумен бірге, өздерінің ланкестік қызмет аясын кеңейтеді. Чешендердің әскери іс: қимылын Усама бен Ладен белгілі бір дәрежеде қаржыландырып көмек көрсетіп отырғаны да осындайда ойға оралады.

Үшіншіден, Ресейдің Ауғанстан тәліптеріне алдын-ала соққы беру жөніндегі қоқан-лоққысы жікшілдерді Ресей жерінде де, Өзбекстан аумағында да неғұрлым белсенді қимылдауға мәжбүр етті дейтін болжамның да жаны бар.

Әрине, ұрыскер топтардың бұрын байқалмаған ашу -ызалы мұндай белсенділігі Ресей үшін жақсы емес. Шешен жікшілдері мен Ауғанстан тәліптері арасындағы тығыз байланыс барын ескергенде, Ресей Федерациясы өзіне ойламаған жерден проблема тауып алуы мүмкін. Сонымен бұл оқиғалар Мәскеуге несімен қауіпті?

1. Ресей үшін бүкіл Орталық Азия аймағы Ресей Федерациясының оңтүстік шекарасын қорғап түрған өзіндік бір буфер түрінде қаралатындықтан, бүл   учаскенің   әлсіреуі   ең   алдымен   Ресейдің   оңтүстігіндегі   жағдайдың түрақсыздануына қатер болып төнуі мүмкін.

2. Ланкестік толқыны айтылған учаскелер бойымен одан әрі тараған жағдайда. Тәжікстан мен Ауғанстан’ арасындағы шекара бойында жайғасқан Ресей әскерлері контингентінің жойылу қаупі туады. Мүның өзі Ресейде соңғы уақытта орын алып отырған оқиғалар түрғысынан келгенде (атап айтқанда чешен жерінде өз жауынгерлерінің көптеп өлуі және ланкестік актілер салдарынан туатын жайсыздық), аймақтағы орнықтылықты қалай болғанда да ілгері апармайды.

3. Ресей  Өзбекстанға  оның  Үжымдық  қауіпсіздік  туралы  келісім шарттан   шығуы   ол   үшін   жағымсыз   жәйттерге   үрындыратынын   аңғарту мүмкіндігіне ие болды.

Сөз болып отырған өткір мәселені шешудің ықтимал жолдарын қарастыра келіп, былай деп түжырымдауға болады:

Біріншіден, Ресей Үкіметі Өзбекстанға дереу кешенді көмек көрсету бойынша белгілі бір іс-шараларды қолға алуы керек. Соның ішінде шекарада түрақтылықта одан әрі сақтап қалу мақсатында қару-жарақпен де, Ресей әскерлері контингентімен де қолғабыс беру.

Екіншіден, Өзбекстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шартқа қайтып оралуының ықтималдығына назар аударған жөн. Ташкент соңғы кездеРесей мен және ТМД-ның басқада елдерімен әскери-саяси салада ынтымақтасуға құлықты екендігін ескерудің реті келді.

Әрине, Орталық Азия аймағындағы Ресейдің қалпына келіп, үдемелі күшейіп келе жатқан ықпалы Өзбекстанның сыртқы саясатта ұстаған бағдарына белгілі бір таңбасын салмай тура алмайды. Бұған Ташкенттің жақында өткен кезекті Шанхай бестігі саммитіне қатысуы куә (әрине, әзірге байқалу ретінде). Кездесуде Өзбекстан өзге де қатысушы елдер сияқты дамудың америкалық тармағының жоқтаушысы бола отырып, НАТО -дан көмек бар екендігін, бірақ ол көбінесе сөз жүзінде қашатынын білдірді. Өз кезегінде Өзбектер үшін Ресей анағүрлым  жақын  және одан келер көмек те нақтырақ.

Мынадай бір болжамның да негізі жоқ емес. Алда Ресей мен Өзбекстан әскери – саяси салада одан әрі өрістейтін ынтымақтастықтарын бірлесе отырып жүргізетін болады. Яғни, бүл жерде Ресейдің Өзбекстанға сөз болып отырған •қақтығысты шешуде ғана емес, сонымен бірге қайталап соғатын жағымсыз іс-қимылдардың алдын-алу жөніндегі әрекетті үйлестіріп отыру бойынша көмек беруі жөнінде айтуға болады.

Орталық Азия елдеріне тиетін салдар. Өзбекстан күнгейіндегі оқиғалар осы елдің ғана емес, бүкіл орталық Азия аймағының түрақсыздығына қауіп төндіріп отыр. Соның ішінде бүл оқиғалар көрші Қырғыстан, Тәжікстан, Қазақстанға түбегейлі түрде әсер етпек.

Қырғызстан оқиғалар қатарында ұрыскер топтар проблемасымен әбден бетпе-бет келді. Ол кезде де Баткенде қазіргі ланкестер тобы әрекет етсе керек. Орталық азия аймағында саяси егес өршіген сайын, Қырғыстанда бұл қақтығыстың Өзбекстанға және оның аумағына таралу мүмкіндігі жөнінде писсимистік көңіл-күй күшейе түсіп отыр. Оның үстіне, бұл тақырып болмай қоймайтын нәрседей үлкен сеніммен әңгімеленеді. Осы түрғыдан келгенде, қырғыз басшылығының Ресей Федерациясымен арада неғүрлым тығыз байланыс орнату жөнінде жасаған соңғы қадамдары әбден түсінікті. Қырғыстан Ресейдің қарулы көмегіне арқа сүйеу арқылы өзінің экстремистерден қорғауға ұмтылады.   Өзбектсандағы   оқиғалар   өрісі   Бішкек   пен   Мәскеуді   тіптен  жақындастырып жіберу де мүмкін тегінде, қырғыз басшылығы экстремистердің белсенді қимылдармен істес болғаннан Ресей балқылдарымен істес болғаннан Ресей бақылауына түскенді неғұрлым дұрыс көретін сияқты.

Қырғыстан үшін тағы бір ықтимал салдар қолында күші бар қүрылымдардың елдегі ішкі саяси өмірге ықпалының күшеюі бола алады. Басқаша айтқанда елдің үлттық қауіпсіздігін қорғау деген желеумен билік орындары қандай да бір наразылық түрлерін басып тастап, сол арқылы жеке өздеріне қатысты міндеттерді шешіц отырады. Бүл жағдайда қырғыз билік орындары елде төтенше жағдай енгізіп жіберіп осының желеуімен алдағы президент сайлауын шегеруі немесе оны белгілі бір мерзімге дейін өткізбеуге мараторий жариялауы да ғажап емес.

Қарастырылып отырған оқиғалар Өзбестан мен Тәжікстан арасындағы онсыз да шиелінісіп түрған қарым-қатынасты одан әрі ушықтырып жіберді. Ташкент жағдайда пайдаланып Тәжік билік орындарына елдегі ахуалды бақылауда үстауға қабілетіміз деген кінә тақты. Ұрыскер топтардың Тәжікстандағы әлдебір наразы күштермен байланысы бары қадап айтылды. Сондай-ақ тәжік шекараларының ашық-шашық жатқандағы, жеткілікті қорғалмайтындығы да тілге тиек болады. Себебі Өзбекстан іс-жүзінде көрші мемлекеттің ішкі істеріне өзінің ықтимал араласуына ақтау іздегіндей қалып танытты. Осы арада Ташкенттің Душанбеге қысым көрсетуі үдей түсуі де мүмкін. Сонымен қоса-қабат, Орталық Азия елдерінің өзара Кереғар көзқарастарына қарамастан, олардың барлығына бірдей төніп келе жатқан қауіпті ойлап, өзара және Ресеймен жақындасуы ортақ үрдіс ретінде қарала алады. Оқиғаның бүлайша өзгеруі неғүрлым қисынды және оңтайлы болар еді. Оның үстіне, қай жақ болсын бүған тым мүдделі.  Қазақстанға тиетін салдар: Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы бір-біріне тақау өтіп жатқандықтан ислам үрыскер топтарының Өзбекстан аумағына басып кіруі. Өзінен өзі біздің мемлекетімізге де тікелей төнген қауіп болып саналмады. Бүл пікір бірнеше негізге табан тірейді. 

Формуласы бәрі де «болады» дегенге келіп тірелуде: егеменді мемлекетке қарсы превентивті соғыс жүргізуге «болады». Өзге мемлекеттің азаматын түтқындау және оларды алыс жаққа алып кетуге «болады». Әлеуметтік құрылымды өзгерту жөнінде үзілді-кесілді талап қоюға «болады».

Екіншіден, лаңкестікпен күрестің жаңа кезеңінде АҚШ – әлемнің әртүрлі аймақтарындағы «тентек», «лаңкес» елдердің тізімін жасап, өз мүддесін жүзеге асыру үшін, әскери соққы беруде. Осының бір дәлелі АҚШ-президентінің соңғы кездегі лаңкесшіл мемлекеттер ретінде 11-елді атауы болып табылады. Сөйтіп, ол бұрынғы аталған үш елге (Ирак, Иран, Солтүстік Корея) қоса басқа да мемлекеттерді атай бастады. Одан кейін, тіпті болмай бара жатқан жағдайда, атом қаруын пайдалануымыз мүмкін деп мәлімдеді. Керек болса, атомдық соққы беретін елдер қатарында Қытай мен Ресей де болуы мүмкін деп соқты. Жанжалдың ушығып бара жатқанын сезген Буш алғашқы мәлімдемесін біраз жүмсартып, атом қаруын жай қару ала алмайтын бекіністерге, үңгірлерге, терең жер астындағы шұңқырларға тығылған лаңкесішілдерге қарсы қолданылуы мүмкін деді. Осының бәрі, бір жағынан авантюралық қорқыту, қоқан – лоқы еді. Бүны өздерінше Американың ерекше миссиясы деп көрсетуге тырысады. Ал шындығында, ағылшын газеті «Гардианның» (cuardan) жазғанындай, бұл әрекеттер қаншама «бүркемеленіп», «лаңкестікке қарсы соғыс» деп аталғанымен, отарлау немесе империалистік саясаттан басқа ештеңе емес. Вашингтон біраз аймақтарда өз әскери күштерін көптеп орналастырып алды. Сөйтіп, өз әскери базаларын Қырғызстан, Тәжікістан, Өзбекстанда құрап алды. Ондағы мақсаты – бүл аймақта ұзақ мерзімге қалып қою. Мұндай саясат Қытайдың, Ресейдің наразылығын тудыруда. Бірақ бүған Америка құлақ асатын емес. Қайта, оның үстіне, лаңкестікке қарсы соғыс желеуімен, АҚШ- өз қарулы күштерін Кавказ аймағында да пайдаланбақшы. Оған Грузия президенті Шевернадзе келісім беріп те үлгерді. Бүл жерде АҚШ-тың түпкі мақсаты Ауғанстан мен Кавказға дейінгі географиялық аймақты бақылауға алып, мүнай мен газға байланысты экономикалық мүдделерін қорғау болып табылады. Осыдан кейін халықаралық жағдайдың ушыға түсетіні, түрлі қақтығыстарыдың орын алатыны баршаға аян.

Соңғы уақытта Б¥¥-ның Қауіпсіздік Кеңесі де әлемдік проблемалардан тыс қалып, есесіне, бұл ұйымның бұрын атқарған функцияларын НАТО біржолата уысына жиып алғаны аңғарылады. «Өгей елдер» мәселесі қауіпсіздік кеңесінде қарала қалған күннің өзінде. Соғысу жөнінде әйтеуір сылтау табылып, өктемдік АҚШ-тың қолына шоғырлануда.

Үшіншіден лаңкестікке қарсы күрестің жаңа кезеңі әлемдік саясатқа ықпалын мүлде өзгертіп жіберді. АҚШ-тың қазіргі саясаты патриотизм үғымын өз шегінен шығарды. Соқыр сезімге негізделген ашынып қорғану Американдық патриотизм толқынында жүзеге асырылуда. Ол, өз халқының қауіпсіздігін қорғау емес, әлемді иелену. Халықаралық өшпенділік, жеңуге деген қүштарлық немесе кек алушының халықтың ожданын улап, патриотизм үғымын бұрмалап жіберді. Ол ол ма, демократиялық қүқықтарды шектеуге қарсы бірде-бір сөз айтылмауда. «Антилаңкестік операция» негізіндегі мемлекеттік «әділ жаза» беру саясатының өзі жауыздық пен зүлымдылыққа айналып отыр. Бүл өркениетті қүқыққа сай келмейді.

Төртіншіден, АҚШ-тың дүние жүзіне үстемдік жолындағы қантөгіске апаратын саясатына оған әріптес мемлекеттердің біразының саясаты біркелкі емес, екіүшты. Американың қантөгіске апаратын саясатына қарсылық күшейтіп, миллиондаған демонстранттар алпыстан астам мемлекеттерде өз наразылықтарын білдіргеніне қарамастан, АҚШ – оларды көзге ілмегені белгілі. Мәселені бейбіт жолмен шешу керек дейтін мемлекеттердің өзі АҚШ-тың ықпалынан шыға алмай қалғаны да жасырын емес. Мысалы, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Тоқаевтің сөзіне сенсек, егер Иракта қырып жоятын қару табылған жағдайда, бүл елге қарсы әскери акция жасау дұрыс болып шығады екен. Оны өз сөзімен берсек: «Если в Ираке будет обнаружена оружие массового паражения, то военная акция против этом страны будет оправданна». Бейбіт халық қырылатын болса, біздіңше, оған ешқандай ақтау болуы тиіс емес. Тоқаевтың пікірімен салыстырғанда, басқакейбір мемлекеттердің тарапынан болған үсыныстар, біздіңше, әлдеқайда әділеттірек.

Иракқа қарсы АҚШ-тың әскери соққы беруіне өзгеде, араб елдерінің көзқарастары мынадай: біріншіден, Б¥¥-ның Қауіпсіздік Кеңесі қырып-жоятын қару табылса, ресми түрде мәлімдеме жасайды және Ирак оны инспекторлардың бақылауына өз еркімен береді. Онда әскери соққы берілмеуі тиіс.

Екіншіден, Б¥Ү-ның Қауіпсіздік Кеңесі жаппай – қырып жоятын қару өндірісіне бағытталған бақылауды инспекторлардың ,қалыпты жұмыс жағдайында жалғастыруы туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ жаппай қырып жоятын құралдар өндіріледі деген күдіктегі барлық объектілерді бақылауға алу жалғасады. Мұндай жағдайда, әскери дау-жанжал тоқтатылуға тиісті. Осы пікірлерді салыстырып қарайтын болсақ, лаңкестікке қарсы күрес   саясатында біраз айырмашылықтардың барын байқау қиын емес.

Үшіншіден, АҚШ саясатына лаңкестікке қарсы күрес желеуімен басқа елдерді өз айтқанына көндіруге бағытталған. Олай болса, өзін сыйлайтын әрбір егеменді мемлекет ондай үстем пікірден қүтылудың ажалын қарастыруы тиіс. Ол жол – мықты деген мемлекеттермен тең дәрежелі өмір сүруге қол жеткізу. Мықты мемлекеттер айтты екен деп, оның айтқанын қайталай салмай, теріс болса, теріс деп айта алу терезесі тең мемлекетке лайықты. Қазақстанның көп векторлы саясатын осыған бағыттамай болмайды.

Буш әкімшілігі АҚШ – сенаты мен конгресінен Иракқа қарсы соғыс операцияларын жүргізуге келісімін алған кезде, өз операцияларын БҮҮ -Қауіпсіздік Кеңесінің қарары аясында жүргіземіз деп сендірді. Бірақ Иракқақарсы АҚШ – әкімшілігінің жүргізген операциялары аса қиынға түсті. Әлемге әмірін жүргізгісі келетін АҚШ – әкімшілігінің халықаралық қауымдастықпен арақатынасы алшақтай түсті.

     

       

ҚОРЫТЫНДЫ

Экстремизм  бұл тек Исламға қатысты  ұғым емес, Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей  бұл  «Ислам дінінің өңін сыртына»   айналдырып өз мақсаттарына бұрмалаушы  ұйымдар. Терроризм-бұл экстремизмнің асқынған көрінісі.  Террорлық  жарылыстың  шығу  төрініне  көз  жүгіртіп, ең  алғашқысы  қайда  болып еді? – деген сұрақпен  бас  қатырсақ,  мұсылмандардан мүлдем  аулақта  Англиядан  тәуелсіздігін алмаққа  ұмтылған  Ирландықтардың «көсемі» Иранның жасағанынан, терроризмнің  «авторы» өзгелер екеніне  көз жеткіземіз. 

Терроризм бүгінгі  таңда  ғана  пайда болған  жоқ. Тарихқа жүгінсек  біздің заманымыздың  бірінші ғасырынан өзінде-ақ  Иудейде шралилер  сектасы  әрекет еткен. Олар  римдіктермен қызметтес болған, яғни отарлаушылармен  ауыз жаласқан  Еврей ақсүйектерінің өкілдерін   өлтіріп   отырған. Сонау Фома  Аквиналық және Христиан шіркеулерінің басшылары халыққа  қас    басқарушыны өлтіру идеясын қолдаған.

Ал, 20-ғасыр экстремизм  мемлекеттік  деңгейге жетті. Ал бүгінде  терроризм  халықаралық, ғаламдық  сипатқа еніп отыр. Бұдан 40-50 жыл бұрын  терроризм  жөнінде  аймақтық құбылыс деп атауға  болар еді, ал XX  ғ 80-90 жылдарынан  бастап  ол әмбебап  құбылысқа  айналды  және  бүгінгі  экстремизм  ғаламдық  көлемдегі  табыс берер  бизнес  көзі  болып отыр. Оның  бір ғана  мақстаты – билікті  басып алу. Қазіргі  экстhемистік «қоғам игілігі»   жөнінде сөз етпейді. Билікті тартып алу  экстремизмнің  құмарлық  мақсатына  айналды. Бұл  тек үкіметке  қарсы  күресте  ғана емес, жиі  жағдайда  өкіметтің  де өз  мүмкіндіктерін  жүзеге асыру  жолындағы  қуатты  қару, мықты  құралына айналып отыр.

Экстремизм  қоғам терең дағдарысқа  ұшырағанда,  ең алдымен  идеологиялық   және мемлекетттік құқықтық  жүйесі дағдарысқа ұшырағанда пайда болады.  Мұндай қоғамда өмір сүріп жатқан  өкіметтің заңдылықтарына, оның бүкіл басқару жүйесіне  күдікпен  қараған  түрлі  саяси – әлеуметтік,  ұлттық   діни оппозициялық топтар  өз  мақсатына  заңдылық   жолдармен  жете алмаймыз десе, онда олар өз  мүддесін  күштеу, корқыту, яғни  терроризм  арқылы жүзеге асыруға тырысады. Мұндай жағдайда  экстремистер  өзінің  іс-әрекетін  ақтау  үшін  болашақ  мақсаттарының  жоғары маңыздылығы ерекше мән  береді.

Қорыта келгенде, экстремизм  бұл- адамның  бауырына, белгілі топтардың адамзатқа  деген өшпенділігі  мен  қиянаты. Лаңкестердің  қолынан  ешбір жазығы  жоқ халықтар қырылуда. Экстремистер  қатігез,  олар  өз мақсаттарына  жету үшін  алдына  бөгет  болғандарды  аяусыз қырып жоюдан тайынбайды.  Сол сабапті экстремизмді ешқашан  ақтауға болмайды.  Онымен  күресудің  барлық  жақтарын  қарастырған жөн. Қазір «ұйымдық келісім шарт» бойынша Қазақстан, Ресей және Орта  Азия  елдері  экстремизмнің  алдын алу шаралырын бірігіп  жүзеге асыруда. Әлем халқының 5-пайызы АҚШ-та  тұрады  олар әлемдік қуат ресурстарының  42-пайызын,  пайдалануда. Дегенмен  оларға  жаңа шикізат көздері қажет болып отыр. Сондықтан олар өзінің мүддесіне  қайшы  келетін  елдерді  экстремистік  тізімге қосуға құмар.   Дамушы елдер  табиғи  байлықтарын  тиімсіз шартта  бөліскісі  келмейді, сондықтан   осылайша  қарсылық  көрсеткен  шағын елдерге  эксремистерді  қолдаушы  деген жазықсыз  жала жабылуда.

Лаңкестердің әрекеті кейіңгі  кезде жазықсыз  адамдарды  құрбандыққа  ұшыратып, мемлекеттер  арасындак  қайшылықтар  туғызуда. Соңғы уақыттыың өзінде мемлекеттер  арасында  қайшылықтар туғызуда.   Соңғы уақыттың  өзінде  террорлық әрекеттен Палестина,  Югаславия, АҚШ, Ресей, Израйл, Алжир,  Үндістан, Мысыр, Түркия, Жапония, Франция тағы басқа елдер адам және заттай  шығынға ұшырауда.  Қазір дүние  жүзінде  500-ден астам террорлық ұйымдар әрекет етуде.

«Саясат» журналының  2001-жылғы, қыркүйек айындағы  санында 1968-1995 жылдар арасындағы халықаралық терроризм құрбандарының  саны 9000-мың адамға жеткенін  хабарлайды. Ал кейінгеі  бес жылда  олардың  қатарына  тағы  5000-адам қосылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев тың «сындарлы он жыл» атты еңбегінде  әлем бойынша  тек   2002  8-айында, 390-терракті  оқиға болған, оның салдарынан  4776-адам қазаға ұшыраған.

Қазіргі кезде дүние жүзілік  қауымдастық  терроризм  актілеріне  қарсы әрекет жасау мәселесіне  жаңа халықаралық  құқық  тәртібін  орнатуды  қолға алды.       Терроризмді  тек  бірлесе  отырып  жеңу  мүмкін  екендігін бәрі ұғынып отыр.  Оның негізінде бірнеше халықаралық конвенциялар  қабылданды. Атап   айтсақ:

  • «Әуе кемелеріне жасалған  қылмсыстық  және  басқада  әрекеттер  туралы конвенция»  1963-жыл;
  • «Азаматтық  авиация   қауіпсіздігіне  бағытталған заңсыз  актілермен  күрес  туралы конванция» 1971-жыл;
  • «Терроризмді қаржыландыруға қарсы курес туралы конванция» 1991-жыл.

Экстремизмге  қарсы күрес жалпы мамлекеттік міндет. Сол  себепті баспасөз  құралдарында  лаңкестік  мәні,  діни радикализм  жайында,  оның зиянды  қырлары туралы түсіндірме мақалалар  жариялап,  телехабарлар  ұйымдастыру қажет.   Қазақстан  халқынан  діни  радикалдық  ұйымдар мен топтар  қолдау көрмесе,  елімізде  лаңкестік  әлеуметтік  базасы  жойылады.  Әлемдік билеуші топтардың  аймақтық қайшылықтар мен  қауіптерді  шешуде  тас тұйін болып  бірігуі  террористік әрекеттердің  алдын-алудың  кепілі.  Ел  қауымын  ойлайтын  өкімет  елімізге қатысты барлық қауіп  көздерін біліп, талдап олардың алдын-алатын шараларды іске асыру керек.                                             

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. «Сындарлы он жыл» Н.Ә. Назарбаев. Аламаты, 2003. ж. 

2. Саясат-№ 67 2004 «Діни экстремизм иен салдары» (52,53-б.б.)

3. Шестаков. Е. «Индекс террора». Известия-29, Тамыз-2003.г.

4. Саясат. № 10. 2003. ж. (68-б.б.) 

5. Саясат. Июн, Июл, 2000.г. «Баткен сценариінің қайталануы және оның ықтимал салдары». (27-б.б.)

6. «Қоғам және Дәуір»  № 1. (1). 2004. ж. (3.-б.б.)

7. «Қоғам және Дәуір»  № 1. 2004. ж. (7.-б.б.)

8. «Қоғам және Дәуір»  № 1.(1). 2004. ж. Өмірбеков. Ш. (10.-б.б.)

9. «Ізденіс» № 6. 2004.ж. (90-б.б.)  

10. Ислам в странах Ближнего и  Среднего   Востока.- М., 1982.ж. (375.-б.б.)                 11. Ислам. Религия, общество, государство.- М., «Наука». 1984.ж.(324.-б.б.)       12. Сафронов А.Г. Психология религии.- Киев, Ника-Центр. 2002.ж (329-б.б.)

13. Ольшанский Д.В.Психология терроризма.-С-Пб., «Питер».2002.ж.(166,208-б.б.).

14. «Саясат» № 2 1997. ж. (67-б.б.).

15. «Саясат» № 10.1997.ж. (68,74-б.б)

16. «Саясат» №  9. 1997.ж.(36-б.б.)

17. «Саясат» №  1. 2005.ж.(36-б.б.)

18. «Терроршыл үрей мен қасиет». Егемен Қазақстан, 2001. ж. 13-қыркүйек.

19. Джихад: «священная война мухаммедан».-М.,Изд-во «Крафт»,2002.(230-б.б.)

20. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А. 1998. 

21. Фурман Д.Е. Идеология реформации в процессе секуляризации.- М., 1984.ж. (28,33-б.б.)

22. Ионова А.И. Современная идейная эволюция ислама.- М., 1979.ж. (53-б.б.) 

23. Вертхейм В.З. Реформаторские течения.- М., 1960.- (10,14-б.б.)

24. Д.Е. Еремеев. Ислам: образ жизни и стиль мышления. -М.1990.ж. (350-б.б.)

25. Ислам. Проблемы идеологии, права, политики и экономики. Под ред. Г.Ф. Ким.- М., Наука, 1985.ж.(.211, 215-б.б.)

26. А.В. Коровиков. Исламский экстремизм в арабских странах. М., «Наука».  1980.ж. ( .39,41,42,44,-47-б.б.)

27. Исламизм и экстремизм на Ближнем Востоке.- М.,2000.ж. .(317,319-б.б.)

28. М. Вебер.Таңдаулы шығармалары. – М., 1990.ж. (324-б.б.)

29. Азад Абул Калам. Ислам и национализм. – М., 1951.ж.(276  

30. Мухаммад Абдо. Мусульманство и философия. – М. 1962.ж.(33-б.б.)

31. ҚазҰУ. Хабаршысы.  Саясаттану,  Философия, Мәдениеттану,  сериясы. №2 2. (20) 2003.

32. Исмайыл  Жарраһоғлу. Тефсир усулу. Анкара,1995.ж. (68,74-б.б)

33. Идрис  Шенгүл. Қуран үзеріне . Измир .1994.ж. (10,14-б.б.)

34 Мехмет  Килежи. Куран  мужизесі . Станбул ,1997.ж. (166,208-б.б.)

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету