Ағылшын құқығындағы сот және процесс туралы реферат

0
36

Тақырыбы: Ағылшын құқығындағы сот және процесс

Мазмұны

І Кіріспе………………………………………………………………………………………3

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Англиядағы парламенттің құрылуы, Ағылшын құқығының қайнар көздері………………………..4

2.2. ХІУ Ағылшын парламентінің шығаратын статуттары………………………..8

2.3. Ағылшын құқығындағы сот және процесс…………………………………………14

ІІІ Қорытынды……………………………………………………………………..17

V Сілтемелер……………………………………………………………………..18

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………19

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: XVII ғасырдан бастап әділеттік соттар өзіне «жалпы құқық» қолданатын соттарды бағындырды. Сот прецеденті жалпы құқықтың және әділеттік құқықтың негізін қалады. Бірақ бұл құқықтың қайнар көзінен басқа корольдің, соңынан, парламенттің шығарған статуттары пайда болды. Олар Хартия, ассиздер, ордонанстар деп аталатын.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті:XIII ғасырда парламент пайда болғаннан кейін бл құқықтың қайнар көздері жылдам дами бастады. Парламент шығарған актілер статут, ал корольдің заңдары ордонанс деп аталды. Парламент алған актілердің заңдылығын бірде бір сот талқылауға сала алмайтын.

Зерттеудің тарихнамасы:Парламенттің актілері алынған қаланың немесе басқа жердің атымен белгіленетін еді. Осыған сүйене отырып, олар бүкіл мемлекеттің аудандары қолданатын жалпы нормаларды шығарды. Бұл нормаларда жергілікті әдет-ғұрыптар жүйеге келтірілген еді. Осы нормалар Вестминстер сотында және кешпелі соттың қызметінде қолданылды. Бұл нормалар кебіне ерікті феодаддарды және олардың жер иеленушілерін қорғайтын Ағылшынның жалпы құқығы осылай пайда болды. Сотпен ант берген адамдардың арасында кызмет бабының белінуі айқындадды. Сот құқық мәселелерді шешеді, ал ант берушілер фактілерді дәлелдейді және қарайды. Жалпы құқықтың екінші түсінігі  бүкіл корольдіктің құқығы. Сонымен, Вильгельм және оның Генрих деген баласы мен немересі бір жағынан-феодалдардың мүддесін қорғады. Ал екіншіден-жергілікті халықты феодалдардың заңсыздығынан қорғайтын жалпы құқық жүйесін енгізді.

2.1. Англиядағы парламенттің құрылуы, Ағылшын құқығының

қайнар көздері

Англияның тарихи дамуының жоғарыдағы ерекшеліктері оның құқық жүйесіне де ықпал етті. Ерте феодализм кезінде құқықтың ең бірінші қайнар кезі ежелгі әдеттер болатын. Ол әдеттерді адамдар жазып, әдеттердің жинақтары шыға бастады. Оларға Этельберттің, (600) Инэнің (690), Альфредтің (871-901) шындықтары және Кнуттың заңдары (1017) жатады. /1/

Ағылшын құқығының дамуына норман шапқыншылығының ықпал еткенін айткан жен. Вильгельм және оның ұрпақтары ежелгі ағылшын әдеттерін сақтаймыз және орындаймыз деп ант беретін. Эдуард Тәубешіл кезіндегі еріктердің бәрін сақтаймын деген анты жақсы мәлім. Бірақ айтқан сезін ұстады ма, жоқ па ол жағы белгісіз. Англияда әдеттердің бәрі жалпы құқықтық жүйеге жинақталып, «жалпы құқық» деген түсініктің негізі қаланған болатын. Жалпы құқықтың пайда болуына корольдердің мемлекетті бір орталыққа бағындыру саясаты да әсерін тигізді. Соның ішінде Генрих екінші жүргізген сот реформалары туралы айта кеткен орынды. Генрихтің реформалары жергілікті басқару мен сотты корольдің билігіне бағындырды. Корольдің көшпелі соттары істерді қарағанда, әдеітерді және жергілікті соттардың тәжірибесін қолданды. Осыған сүйене отырып, олар бүкіл мемлекеттің аудандары қолданатын жалпы нормаларды шығарды. Бұл нормаларда жергілікті әдет-ғұрыптар жүйеге келтірілген еді. Осы нормалар Вестминстер сотында және кешпелі соттың қызметінде қолданылды. Бұл нормалар кебіне ерікті феодаддарды және олардың жер иеленушілерін қорғайтын Ағылшынның жалпы құқығы осылай пайда болды. Сотпен ант берген адамдардың арасында кызмет бабының белінуі айқындадды. Сот құқық мәселелерді шешеді, ал ант берушілер фактілерді дәлелдейді және қарайды. Жалпы құқықтың екінші түсінігі  бүкіл корольдіктің құқығы.

Сонымен, Вильгельм және оның Генрих деген баласы мен немересі бір жағынан-феодалдардың мүддесін қорғады. Ал екіншіден-жергілікті халықты феодалдардың заңсыздығынан қорғайтын жалпы құқық жүйесін енгізді. Олардың қызметкерлері құқық жағынан тәртіппен формалдық мәселелерге көп көңіл белді. Ал ағылшын-сакстерде мұндай әдет болмайтын. Жалпы құқықтың негізіне әсер тигізген қайнар көздерге ежелгі англо-сакстердің әдеттері, нормандардың әдет-ғұрыптары, король соттарының ең маңызды шешімдері, халықаралық сауда, жол жобалары(копес соттарында Асолданылатын әдеттер мен шіркеудің нормалары жатады. Бірақ Англияның католиктер орталығынан алыс орналасқаны «бұл нормалардың әсерін әлсіретті. Рим құқығы бүкіл Еуропа мемлекеттеріне өсерін тигізіп, рецепция деген жағдайды туғызса да, ағылшын құқығына ондай ықпал ете алмады. Сөйтіп, ағылшындар өз құқығының тазалығын сақтай алды. /1/

«Жалпы құқықтың» нормалары кебіне процессуалдық қарым-қаты-настарды реттейтін еді. Олар сот шешімдері туралы есеп арқылы пайда болды. XIII ғасырда жыл сайын соттар есеп беру тапсыратын. Олар айтыс-тартыстың бүктеме қағаздары деп аталды. 1535 жылдан бастап бұл есеп беру жылдық қағаз деп атала бастады. Жылдықтар шыққаннан кейін соттар өздерінің шешімдерін шығару барысында жылдықта жазылған сот шешімдеріне сүйенетін болды. Олар сол сот шешімдерін дәйек ретінде келтірді. Осылай сот прецеденттері пайда болды. Корольдің көшпелі соттары Вестминстерге қайтып келгенде жергілікті әдеттердің ең жақсыла-рын таңдап алатын. Жергілікті соттар шешімдерін шығарғанда осы жа-зылған шешімдерге заңға сүйенгендей сүйенетін. Жалпы құқықтың ең бірінші белгісі оның толықтығы. Сот қызметкері іс қозғаған адамға, сотқа келгенде «сіздің ісіңізді қарай алмаймыз, бұндай норма жоқ» деп айтпайтын еді. Ағылшын құқығының бірінші жалпы ережесі-қорғау бар жерде құқық бар. Қаралып жатқан іс бұрынғы тәжірибеде кездеспесе, соған ұқсас істі тауып, шешім шығаратын. Құқықтың осы нышаны оны өте оралымды, икемді ететін.

Жалпы құқық соттары өте консервативті және формалдық норма-ларды жиі қолданатын сот болатын. Ант берушілер заңмен және сот процесімен таныс болмағандықтан, сот рәсімдеріне өте мықты дайын-далу керек еді. /2/

Ал корольдің соттары істерді қарағанда корольдің өзінен шыққан бұйрықтарды қолданды. Ал корольдің бұйрығы ақыға берілетін. Сол бұйрықты іске асыруға міндетті адам-шериф. Оның айтқанын жауапты жақ орындамаса, істі сотқа беретін. Жауапты адам король бұйрығын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын еді. Бүкіл жермен байланысты айтыс-тартыстарды сотта осындай жолмен қарады. Бұл сот рәсімдері өте күрделі және әдеттегідей қабылданатын әрі көп форма-лизм туғызатын. Лондонда тұрған адамдар бұл сот процесін жиі қолда-натын. Ал көшпелі соттарды көп уақыт күткен жағдайлар да кездесетін еді. Сондықтан, жалпы құқықпен қатар әділеттік құқығы пайда болды. Бұл құқық сауданың, капиталистік қарым-қатынастардың дамуына тікелей байланысты. Жалпы құқықты қолданатын соттарда талапкерлер өздерінің құқығын қорғай алмаған жағдайларда әділеттік іздеп, корольдің өзіне баратын болған. Король  бұл істерді алдымен өзі қарап, соңында қарауға лорд-канцлерге тапсырма беретін. 1474 жылдан бастап лорд-канцлер озінің атынан шешімдер шығаратын болды. Бұл сотта іс қозғау ете қымбатқа түсетін еді. Ол корольдің күрделі бұйрығын алуды қажет етпейтін. Талапкер мәлімдеме жасап, істің негізгі сұрақтарын түсіндірсе, жетіп жатыр. Істі қарағанда ант берген адамдар қатыспайды және формалды рәсімдер қолданылмаған. Лорд-канцлер жергілікті заңдарды, жалпы құқықты, римдік және діни нормаларды қолданған жоқ. Ол тек қана әділеттік принциптерін қолданып, шешім шығаратын. /2/

Әділеттік соттың жеңілдігі, формализмдері жалпы сотпен салыстырғ-анда аз еді. Лорд-канцлер ант берушілерсіз істі қарайтын, оның рәсімдері жеңіл болатын. Лорд-канцлер, жоғары діни қызметкер талапкерді өзіне шакырып, ант бергізіп, оны дұрыстап тергейтін. Оның бірінші мақсаты-әділеттілікке қол жеткізу. Содан кейін ол мынадай істі қарау керек немесе қарамау керек деп бұйрық беретін. Сонымен процесс бітіп, жергілікті шерифтер бұл бұйрықты жүзге асыратын. Осы әділеттік құқықтың жаңа институттары жөне тәуелді жер ұстаушылар, жалпы құқық тек ерікті адамдардын істерін ғана қарайтын. Лорд-канцлердің шешімдері әділеттік соттар үшін прецедент болды.Осылай прецедент қолданатын екі сот пайда болды. Әділеттік құқық алдымен жалпы құқықтың қосымша бөлімі болып саналды. Жалпы құқықта бос қалған жерді, кемістікгі толтыру құқығы ғана бар еді. /3/

2.2. ХІУ Ағылшын парламентінің шығаратын статуттары

XV ғасырда осы екі соттың арасында қайшылық туды, әділеттік соттары жалпы құқық қолданатын соттардың қызметіне араласа бастады да, ХУІ-ХУІІ ғасырларда олардың арасында ашық шиеленіс туындады. Бұл шиеленісті Бірінші Яков әділеттік сот пайдасына шешкен еді. Әділеттік сотын король жақтады, «жалпы құқық» қолданатын соттарын парламент жақтады. Сонымен, XVII ғасырдан бастап әділеттік соттар өзіне «жалпы құқық» қолданатын соттарды бағындырды. Сот прецеденті жалпы құқықтың және әділеттік құқықтың негізін қалады. Бірақ бұл құқықтың қайнар көзінен басқа корольдің, соңынан, парламенттің шығарған статуттары пайда болды. Олар Хартия, ассиздер, ордонанстар деп аталатын. XIII ғасырда парламент пайда болғаннан кейін бл құқықтың қайнар көздері жылдам дами бастады. Парламент шығарған актілер статут, ал корольдің заңдары ордонанс деп аталды. Парламент алған актілердің заңдылығын бірде бір сот талқылауға сала алмайтын. Парламенттің актілері алынған қаланың немесе басқа жердің атымен белгіленетін еді. Мысалы: 1234 жылғы Мертон статуты немесе 1267 жылғы Мальборо статуты. Бірақ парламент езің мәжілістерін тек Вест-минстерде ғана еткізетін болғасын, бүндай әдісті қолданбайтын болды. XIII ғасырдан бастап бес ғасыр бойында мынандай әдіс қана пайдала-нылып келді. Бір парламенттің сессиясы алған заңдардың бәрі тарау бо-лып белгіленді және сессия шақырған корольдің атымен, оның қанша жыл мемлекетті басқарып тұрғаны жылмен белгіленетін болды. Мыса-лы, Виктория корольдігінің 30 жыл патшалық құрғаны, 39-тарауда керсетілген.  Корольдердің жарлықтарын құпия Кеңес алдымен қарайтын. Бірақ кебіне корольдің министрлері заңның жобасын дайындайды да, король бірнеше кеңесшілерін шақырып, олардың біреуі сол заңның жобасын айтып береді. Тек содан кейін король Кеңестің хаттамасына оны кіргізуге келісгмін береді. Бұл рәсім министрлердің ықпалын күшейтті. /4/

Жеке меншік құқығы. Жеке меншіктердің арасында ең бірінші орында жердің жеке меншігі тұратын. Жеке меншіктің мынадай түрлері болды: шарттар, мұрагерлік, сыйлық, иеліктің ескілігі. Жердің жоғарғы иесі бо-лып король саналды. Лордтар жерді корольден, ал олардың вассалдары лордтардан алатын. Жерлер ерікті және тәуелді жерлерге белінді. Ерікті жерлерге жердің мынандай үш түрі жататын, олар: сыйланған жерлер, қорықтағы жерлер және шарт қойылған жерлер. Жерге байланысты тар-тыстардың арасында ең жиі кездесетіні – біреудің жерін басып алу еді.

XIV ғасырда ағылшын құқығында басқа мемлекеттерде кездеспейтін «сенімді жеке меншік» деген пайда болды. Бұл құқықты әділеттік соттар қорғайтын. Бұл құқықтың негізі құрайтын мынандай істер: жердің жеке меншігі ңемесе заттың жеке меншігі өзінің жерін немесе затын басқа адамға иеленуге және басқаруға шарт бойынша мұны алған адам зат иесінің мүддесін қорғап, істі дұрыс жүргізуі керек. Ол өзінің міндеттерін орындамаса немесе дұрыс орындамаса, заттың иесі- канцлер сотында өзінің  құқығын қорғай алады. Бұл институтты шіркеу, рыцарлар жорыққа жүрерде қолданатын және отбасында да жиі пайдаланатын. Бірақ сеніп тапсырылған жеке меншікті басқарған адам да сотта өзінің құқығын қорғай алатын. /5/

Ағылшын құқығында жерді кепілге беру жиі кездеседі. Қарыздар адам қарыз берушіге акшасын төлей алмаған жағдайларда, жерін кепілге беретін. Бірақ, акша тауып, қарызын төлесе, ол жерін қайтып алуға құқылы. Жерге байланысты шарттар өте күрделі және шиеленісті бола-тын. Оларды бекіту үшін кептеген құжаттар толтырып, оларды сотта бекіту керек еді. /5/

Міндеттілік құқығы. Міндеттемелер екі түрлі бодды: олар шарттан немесе зиян келтіруден туындайтын. Шарттар екіге бөлінеді: формалдық рәсімдегі болмайтын жай шарттар және формалдық, процедуралары өте күрделі шарттар. Жалпы құқық формалдық міндеттемелерді ғана қорғайтын. Ал әділеттік құқығы кей жағдайларда жай міндеттемелерді де қорғайтын. Мысалы, құжаттар жоғалса немесе шартты орындай алмайтын себептер болса. /6/

Құқықты бұзудан туындайтын міндеттемелер. Корольдің енгізген тәртібін бұзғанда немесе бір жақ зорлық істерді қолданғанда осындай міндеттемелер пайда болатын. Келтірілген зиян зорлыққа қатысты бол-маған жағдайда мұндай міндеттемелер туындаған жоқ. XIII ғасырдан бастап Вестминстер статуты міндеттемелер барлық құқықты бұзудан шығады деп санайтын болды.

Жұмысшыларды жалдау шарттары. 1348-349 жылдардағы оба эпиде-миясы салдарынан жұмысшылардың саны күрт азайып кетті, сондықтан олардың қызмет істейтін уақыты кеміп, алатын жалақысы көбейді. Бірақ олардың еңбегін қанау жолымен пайдалану үшін бірнеше статутар қабылданды. Ол статуттар бойынша жұмысшылар эпидемия басталмаған кезде төленген ақыға қызмет істеуге тиісті болды. Ал олар бұған көнбесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын еді. /7/

Неке-құқығы. Некелік қарым-қатынастарды шіркеу нормалары бекітетін. Бірақ жұбайлардың мүліктік қарым-қатынастарын жалпы құқық бекітетін. Некеде тұрған әйелдің күйеуінің келісімі болмаса, шарт жасау, сыйлық алуға және мүлік басқаруға күқығы жоқ еді.  Ерлі-зайып-тының опасыздығы қылмыс деп саналатын. Ол үшін екі жақ та жауап-кершілікке тартылатын. Некесіз туған балалардың құқығы болған жоқ, оларды асырап алуға тыйым салынды. Бұл норма 1236 жылғы Мертон статутында жазылды. Неке-бұрын некеде тұрмаған екі адамның одағы. Жақын туысқандармен неке қиюға болмайды. /7/

Қылмыстық құқық. Феодалдық қарым-қатынастар құрыла бастаған-да»қылмыстык құқық ежелгі ағылшын-сакстердің әдет-ғүрпынан шыға-тын. Қылмыс қорольге зиян алып келген іс деп түсіндірілетін. Қылмыс қорольге, басқа жеке адамдарға зиян келтірді ме, жоқ па оның үлкен айырмашылығы жоқ, ол бәрібір корольге қарсы істелген іс.  Жазаға кесілетін принципі – талион: көзге көз, тіске тіс дегендей. Одан басқа кек алу, айыппұл төлеу түрлері болған.

XII ғасырдан бастап қылмыстардың бәрі корольге және жеке адам-дарға қарсы істелген қылмыстар ден екіге бөліне бастады. Корольге қар-сы істелген қылмыстардың бәрі ауыр қылмыстарға жатады және олар-дың жазалары өте ауыр. Ауыр қылмыстарға шіркеуге кейбір жеке адам-дарға және жеке меншікке қарсы істелген қылмыстар да жатқызылған.

Ағылшын құқығы бойынша қылмыстардың жасырын немесе абайсыз істелгенінің арасында айырмашылық бар. Адамды өлтіру мен адамды тонау қылмыстарының қандай түрде болғанына зор мән берілген. Бірақ емірде қылмыстық жауапкершілік кінәсіз де болатын/7/

XII ғасырда «фелония» деген түсінік пайда болды. Ол біріншіден лор-дқа опасыздық істеу дегенді білдіреді. Бұл қылмыс істеген адам өзінің лен деген жерін жоғалтатын. Одан кейін ауыр қылмыстарды фелония деп атайтын болды: адам өлтіру, өртеу, тонау, ұрлық, әйелді зорлау, т. б. Фелония істеген адам өлім жазасына кесілетін.

XIV ғасырда ағылшынның феодалдық қылмыстық құқығында қыл-мыстардың бәрі былай бөлінеді: мемлекетке қарсы істелген опасыздық, фелония-ауыр қылмыстар, мисдиминор-уақ қылмыстар. 1351 жылы опа-сыздық қылмыстың өзі «ұлы» және «кіші» опасызды деп екіге бөлінетін болды. /7/

Ұлы опасыздық-корольге қарсы істелген қылмыстар. Оған корольге қарсы жасалған көтеріліс, корольдің құқығына қолы сұғу, корольді не-месе оның туысқандарын, канцлерді, сот қызметкерлерін өлтіру, корольдің туысқан әйелдерін зорлау, жалған ақша басу жатады.

Қылмыскердің жауыз ниеті адамды олтіруте бағытталса және ол адамды тек жарақаттаса да, бұл қылмыс адам елтіргенге жатады. Бірақ жарақат алған адам бір жылда жазылып кетсе, қылмыскерді адамды өлтірген үшін емес, адамды жарақаттағаны үшін жауапқа тартатын.

Кіші опасыздыққа малайдың өзінің иесін өлтіруі, әйелі күйеуін өлтіруі, шіркеу адамы өзінің прелатын өлтіруі жатады. ХҮ-ғасырда опасыздыққа өтірік ақша істеу, қылмысты бірнеше адам келісіп істеу сияқты қылмы-стар да қосымша енгізілген. /8/

Жеке меншікке қарсы істелген қылмыстар. Олардың арасында өртеу бірінші орынға қойылды. Өртеу ежелгі қылмыстарға жатады, бұған біреудің қорасын, үйін немесе шарбағын өртеу әрекеттері жатқызыдды. Кейінірек бұған кемені, басқа да қүрылыстарды және кен шығарылатын жерді өртеу де жатқызылатын болды. Түнде жасалған ұрлық немесе түнде үйді бұзып кіріп жасалған ұрлық, тонау сияқтылар ауыр қылмыстарға жатқызылды.

Феодалдық қылмыстық құқығының бірінші нышаны-жазаларының ауырлығы және қуғын-сүргін саясатының күшеюі еді. Фелонияны опа-сыздықпен істеген адамдар кобіне өлім жазасына кесілетін. Қылмыскерлерді қорқыту үшін жазалаудың ең ауыр түрлері: өртеу, адамды бөлшектеу, шабу, аяғын, қолын, басын бөлек-бөлек шабу, дөңгелекке салу қолданылды. Мүлікті тәркілеу де жиі қолданылды. Өлім жазасы адамды асып өлтіру түрінде жүзеге асырылатын. Таққа қарсы қылмыс ушін адамның басы шабылатын. /8/

XV ғасырдан бастап феодаддық құқықтың еңбекшілерге қарсы қанды заңдары өмірге ене бастады. 1495, 1530, 1572, 1597 жылғы статуттер садақа сұрап қаңғырған адамды өлтіру керек деген жаза жариялады. 1547 жылғы статут қаңғыбастарды құлға айналдыруға болады деген заң шы-ғарды. 1572 жылы қабылданған заң бойынша 14 жастағы садақа сұраған қайыршыларға таңба басатын. Ал бұл қылмысты екінші рет істеген адам өлім жазасына кесілетін немесе оған соғу, дүрелеу, таңба басу, құлағын кесу секілді ауыр жазалар қолданылатын. Ал үшінші рет ұсталса, өлім жазасына кесілетін.

2.3. Ағылшын құқығындағы сот және процесс

Ағылшын құқығының формальдық жақтары мен рәсімдер өте көп болды. Сот процесі жарыс сияқты өтетін. Оған адамдардың бәрі қатысуға құқықты болатын және рәсім ауызша жүретін. Сот рәсімнің ашықтығы халыққа, қоғамдық пікірге жол ашатын, сот қызметкерлерінің ісі сынаққа түсетін. Мынандай төрт жағдайда: сот процесінде кәмелетке толмаған балаігар қатысқанда, сот қарап жатқан істің патентпен қорғалмаған өнеркәсіп құпиясы болғанда, құпияны сақтау үшін мемлекеттік, ұлттық құпияға зиян тиетін кезде, ажырасу туралы істер, жыныстық кемістігі туралы жұбайлардың мәлімдемесі болған жағдайларда жабық сот өткізілетін.

Екі жақ та тең процессуалдық құқықтарға ие болатын. Талапкер істі қозғайтын, өзі айыптаушы болатын, айыпкердің кінәсін өзі дәлелдейтін. Сот талас түрінде ететін. Дәлелдеудің: өзінің кінәсін мойындау, ант беру, қуәгерлердің көрсетуі, сынаулардың бірнеше түрі, жекпе-жек тәрізді түрлері қолданылған. Аса маңызды істерді ұжымдық сот қарайтын. Соттың үкімі ашық түрде оқылып отырған.

Істердің көбі жергілікті соттарда қаралатын. Өйткені әрбір іс феодал-дарға пайда, ақша әкелетін. Сондықтан олар істің басқа сотқа берілуіне наразылык біддіруші еді/8/

XI ғасырдан бастап істерді ант берген сот қарайтын болды. Бұл тәртіпті Екінші Генрих енгізгені мәлім. Ант соты азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын. Ант берушілер көшпелі сотқа жергілікті қылмыстар-дың бәрін айтып беруге міндетті еді. ХІІІ-ХІУ ғасырларда ант берген соттар үлкен және кіші жюри болып екіге бөлінді. Кіші жюри 12 адамнан түратын. Олар алдымен адамның кінөсі бар ма, жоқ па деген мәселені анықтап, содан кейін істің езін қарады. 12 ант беруші бір ауыздан шешім шығару тиісті болды.

Тюдорлар мемлекетті басқарған кезде жаңа процесс пайда болды. Ол іздеу, сұрастыру процесі. Ол мынаңдай кезеңдерден тұратын: тұтқынға алу, сотқа беру, сотга істі қарау және үкім шығару. Сот істі қарауға кіріскен кезден бастап айыпты адам қамауға алынатын. Ол кінәсін дәлелдейтін материаддармеи таныстырылмайтын. Айыптау актісінің кешірмесі оған берілмейтін. Озінің куәгерлерін де айыпкер алып келе алмайтын. Айыпкерден жауап алу мен сынаудан өтеді. Жалпы құқық сынауды қоддануға тыйым салған болатын. Бірақ ауыр қылмыстарды қарағанда сынау тәсілі қолданған. Сот үкімдері шағым беруге жатпайды. Ол 1908 жылға дейін қолданылып келген.

Сот процесінің мынандай кезеңдерге бөлінгенін айта кеткеніміз дұрыс: аддымен қылмыс туралы білетін адамның тарапынан айыптау басталады, кейін ол айтқан фактілер тексеріледі, қылмыскер бүзған норма мәлімделеді содан кейін барып жаза кесіледі. Осы процесс өркениетті еддің талаіетарына сай, оның әрбір кезеңі бөлек және түрлі адамдар арқ-ылы орындалады. Сол үшін де қоғам дайындығы мол адамдарды әрбір кезеңге боліп пайдаланса, процесс әте сапалы, демократияға лайық, еркениетті стандарттарға сәйкес келеді. Бірақ бүлай болу үшін көп уақыт керек. /9/

Қылмьтстық соттар. Қылмыстық істер графиктерде қаралатын. Жы-лына үш рет көшпелі сот келіп, ант берушілердің көмегімен қылмыстық істерді қарайды, түрмеден қылмыскерді босатады. Қылмыскерлер жауапкершіліктен бас тарту үшін, қылмыс істеген графтіктерден басқа графтіктерге қашып, жазадан жалтаратын қылмыстардың бәрі таққа қарсы істелді деп талқыланады, сондықтан қылмыстық қарым-қатынас-тардың екі жағыңда король мен қылмыскер болатын. Қылмыстарға ескілік қолданбайтын. Айыпталған адам өзіне-өзі қарсы дәлелдей алмайды. Азаматтық сот. Бұл сот жеке адамдардың арасындағы талас-тарды қарайды. Бұл істерді алдын ала тергеу жүргізілмесе де, қарауға болады. Екі жақ бір-бірімен келісіп, бейбіт өдіспен істі шешетін жағдай туса, сот оған қарсылық білдірмейді. Талапкер мен жауапкер адамдар сотқа бірдей жауап бере алады. Сот салығын жеңілген жақ төлейді. /9/

Абсолютизм кезеңінде бітістіруші соттың қызмет бабы кеңейіп, атқа-ру функциясы күшейді. Ант берген адамдар соттың құрамына тұрақты мүше ретінде кірді. Кіші жюримен қатар Үлкен жюри де жұмыс істеді. Кіші және Үлкен жюридің тізімдерін шерифтер жасайтын. Оған тек қана ерікті жеке меншіктен 4 фунт стерлинг телейтін табысы бар адамдар енгізілді. Бұл занды Бірінші Елизавета шығарды. Абсолютизм кезінде тетенше сот құрылып, ол «Жұлдыз палатасы» деп аталды. Бұл сот жалпы сот процестерінің нормаларын қолданған жоқ және сынауды жиі пайдаланатын. Корольге карсы шыққан графтіктерде бұл сот өзінің сот кеңестерін құрды. Жұлдыз Палатасы Құпия Кеңестің бір бөлімі болып саналды. Сот қызметінен басқа ол цензурамен айналысып, ант берген соттардың шығарған вердикгтерін бақылады. Шіркеуге қарсы қылмыс жасаған адамдардың істерін «Жоғарғы комиссия» деген сот қарайтын еді. Жоғарғы ағылшын соттары екіге бөлінді. Ежелгі король отырғышының соты және жалпы айтыс-тартыс соттарынан басқа әділеттік соттары пайда болды. Бұлардың құрылуы буржуазиялық қарым-қатынастардың дамуына байланысты еді. /9/

Қорытынды

Қорыта  айтқанда XIII ғасырдан бастап бес ғасыр бойында мынандай әдіс қана пайдаланылып келді. Бір парламенттің сессиясы алған заңдардың бәрі тарау болып белгіленді және сессия шақырған корольдің атымен, оның қанша жыл мемлекетті басқарып тұрғаны жылмен белгіленетін болды. Корольдердің жарлықтарын құпия Кеңес алдымен қарайтын. Бірақ кебіне корольдің министрлері заңның жобасын дайындайды да, король бірнеше кеңесшілерін шақырып, олардың біреуі сол заңның жобасын айтып береді. Тек содан кейін король Кеңестің хаттамасына оны кіргізуге келісгмін береді. Бұл рәсім министрлердің ықпалын күшейтті. Жеке меншіктердің арасында ең бірінші орында жердің жеке меншігі тұратын. Жеке меншіктің мынадай түрлері болды: шарттар, мұрагерлік, сыйлық, иеліктің ескілігі. Жердің жоғарғы иесі бо-лып король саналды. Лордтар жерді корольден, ал олардың вассалдары лордтардан алатын. Жерлер ерікті және тәуелді жерлерге бөлінді. Ерікті жерлерге жердің мынандай үш түрі жататын, олар сыйланған жерлер, қорықтағы жерлер және шарт қойылған жерлер. Жерге байланысты тар-тыстардың арасында ең жиі кездесетіні – біреудің жерін басып алу еді.

XIV ғасырда ағылшын құқығында басқа мемлекеттерде кездеспейтін «сенімді жеке меншік» деген пайда болды. Бұл құқықты әділеттік соттар қорғайтын. Бұл құқықтың негізі құрайтын мынандай істер: жердің жеке меншігі ңемесе заттың жеке меншігі өзінің жерін немесе затын басқа адамға иеленуге және басқаруға шарт бойынша мұны алған адам зат иесінің мүддесін қорғап, істі дұрыс жүргізуі керек. Ол өзінің міндеттерін орындамаса немесе дұрыс орындамаса, заттың иесі- канцлер сотында өзінің  құқығын қорғай алады.

Сілтемелер

  1. Ізтлеуов Қ. «Жаңа заман тарихы» Алматы 2000 жыл. 16-23 беттер
  2. «Новейшая история 1918-1939 г.г.» Курс лекций Москва 1972 год. 53-65 беттер
  3. «Новейшая история Зарубежных стран 1917-1945» Москва 1989 год. 87-103 беттер
  4. «Дүние жүзі тарихы» Алматы – 2004 жыл. 43-65 беттер
  5. «Дүние жүзі тарихы» Алматы 2006 жыл. 161-192 беттер
  6. «Жаңа тарих» Алматы 2001 жыл. 33-39 беттер
  7. История новейшего времени стран Европы и Америки Москва 1984 год. 25-29 беттер
  8. Кредер А.А. «Новейшая история ХХ в » Москва 2000 год.

71-87 беттер

  1. Мұхтарова А.Қ. «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы»

Алматы 1999 жыл 56-71 беттер

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Ізтлеуов Қ. «Жаңа заман тарихы» Алматы 2000 жыл.

  1. «Новейшая история 1918-1939 г.г.» Курс лекций Москва 1972 год.

3.«Новейшая история Зарубежных стран 1917-1945» Москва 1989 год.

4.«Дүние жүзі тарихы» Алматы – 2004 жыл.

5.«Дүние жүзі тарихы» Алматы 2006 жыл.

6.«Жаңа тарих» Алматы 2001 жыл.

7.История новейшего времени стран Европы и Америки Москва 1984 г

8.Кредер А.А. «Новейшая  история ХХ в » Москва 2000 год.

  1. Мұхтарова А.Қ. «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы» Алматы 1999 жыл