Адамның қалыптасу тарихы туралы реферат

0

Тақырыбы: Адамның қалыптасу тарихы

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

  1. Адамның қалыптасу тарихы
  2. Жеке адам түсінігі
  3. Даралық — жеке адамның өзіне ғана тән сипаттамасы
  4. Қазіргі психологиядағы жеке адам ұғымы
  5. Жеке адамның психикалық қасиеттері
  6. Жеке адам — сапалы тіршілік иесі
  7. Жеке адам — ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Жеке адам психологиясы

Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі,сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды; бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, коллективтік өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.

Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады.Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқаан анатомия-физиялогиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.

Сонымен,адам дегеніміз биологиялық,психикалық және әлеуметтік сапалардыың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеументтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жасай арфиметикалық қосындысы емес,олардың табиғи бірлігі екенін білу керек.

Қоғамдық ғылымдардың да,сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке адам» , «даралық» түсініктері кеңінеп қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады.Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір .

Адам туралы түсінік түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам-бұл, ең алдымен,Нomo Sapuens түріндегі сүтқоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі.Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар,ягни ол сыртқы ортаның мәнін де,өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.Адам биологияльқ тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын.

Айрьқша дене бітімімен сипатталады: денесін тік ұстап жүру, тану мен еңбекке бейімделген екі қолының болуы, әлеументтік жағдайларда өмірді өз танымында бейнелеп және оны өз қажеттігіне, мүддесі мен мұраттарына қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының барлығы.

Адам, сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі әрі бұл оның ең елеулі белгісі. Қоғамдық өмір мен еңбек адамның табиғи құрылымын жетілдіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ оны өз еркіне бағындырды да. Адам — өзінен-өзі қоғамдьқ өмір жемісі болып табылатын сананың таратушысы. Тек қоғамда және қоғамның игі әсері арқасында ғана адам танып-білуге және еңбек етуге қабілетті болып қоймайды, сонымен қатар өзінің ішкі процестерін сезінуге, тілегі мен жағдайын сыртқы өмір жағдайларымен үйлестіре білуге, парасатты түрде іс-әрекет жасауга бейімделеді.Өзіндік сана-сезім адам санасы  дамуының филогенездегі (тектің тарихы) де, сондай-ақ онтогенездегі
(индивидтің өмір тарихы) де шыңы болып табылады.

Адам алуан қырлы міне,  сондықтан да, ол жаратылыстану ғылымдарының  да, қогамдъқ ғылымдардың да зерттеу обьектісі болып табылады.

«Жеке адам» түсінігі «адам» түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Жеке адам-қоғамдық-тарихи категория. Оның қоғамдьқ мәні мен әлеументтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тек қана қоғамдьқ ғылымдардың:

тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика тағы басқалардың зерттеу объектісі.

Жеке адам-қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық ролъ атқаратын, саналы индивид.

Роль дегеніміз — жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата-ананың ролі — балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі-муұғалімдер коллективін басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру.

Жеке адамның позициясы дегеніміз-оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдьқ жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне-өзі мойнына алған міндеттерге, қоғамдьқ, еңбек міндеттеріне деген т.б қатынастар жатады. Бүл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін,оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.

Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай — ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады.

Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қтынастар дегеніміз — қуанту мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз — принципті қатынастар, олар ситуация таланттарымен емес, жеке адамның қалыптасқан адамгершілік мұратымен, ішкі сенімімен, парызбен міндеттерді сезінумен аньқталады.

Сөйтіп, материалистік философия мен психология жеке адамда әлеументтік мәні тұрғысынан қарастырады.Жеке адам дегеніміз-ол да сол адам, тек ол бұл ретте қоғамдық мәні мен қоғамдық іс-әрекеті жағынан

қарастырылады. Физиолог адамда организм ретінде зерттейді, социолог адамда жеке адам ретінде қарайды. Міне,сондықтан да жеке адаммен оның құрылымын анықтағанда әлеуметтік және биологиялық жағына бірдей орын беретін кейбір психологтармен келісуге болмайды. Жеке адам дегеніміз-саналы индивид.Жеке адамның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай турып түсіну мүмкін емес: іс-әрекетпеи айналысу себебін, қабілеті мен мінез-құлқын, ал кейбір жағдайларды тіпті дене құрылысын тексеруге болады.

Жер бетінде адамнан қастерлі,адамнан артық еш нәрсе жоқ. Себебі адам бір бойына бүкіл әлемді сыйғызып тұрған ерекше құбылыс.

Ұлы ойшылдар адамға мынадай анықтама береді: «Адам-ақыл иесі», «Адам-сана иесі», «Адам-бостандық иесі». Ақыл, сана және бостандық-адамның адамдық жігерлігінің сипаттамасы.

Адам жөнінде психологияда сөз қозғасақ, онда нақтылы жеке адам туралы айтатынымыз рас. Сонымен қатар адам жөніндегі ұғымда басқа да бір-біріне өзара жақын көптеген түсініктер бар: «адам», «индивид», «даралық», «тұлға». Жалпы алғанда бұл ұғымдар бір ғана мағына бергенімен,ал өмірде, ғылымда олардың әртүрлі түсініктері болады.

Индивид /жеке адам/ -бұл әлдебір тұтастықтың өкілі ретіндегі жеке кісі (адамзатқа қатысты бір адам, белгілі бір әлеументтік топтың өкілі).Жеке адам ретінде жарық дүниеге келгенде адам біртіндеп жеке адам ретінде қалыптасады. Бұл процестің тарихи сипаты бар: дүниеге келгеннен кейін адам қоғамдық қатынастардың белгілі,тарихи тұрғыда қалыптасқан жүйесіне қосылады.

Жеке адам дегеніміз-әрбір кісінің әлеуметтік сипаттамасы, яғни мұның мәнін оның сацалы, не қаны, не дене құрылысы ғана білдіріп қоймайды, оның әлеументтік сапасы айқындайды.

Еңбектену арқылы пайда болган тіл-ойлау мен сөйлеуді тудырады. Ал тілдің негізінде сөз жасалады. Сөз арқылы , сөйлесудің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы қалыптасып, жоғары тиімділікке қол жеткізеді.

Адамдар тіл арқылы өздерінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені тусіндіруге ұмтылады.

Адам жаратылысынан іс-әрекет етуші тұлға, оның барлық ерекше қасиеттері еңбектің нәтижесінде,тарихи даму арқылы қалыптасқан.

Жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде бойына жинақтайтын сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсапалы қатынастарын анықтайды. Даңқ, ақыл, байлық, тартымдылық және дарын-бәрі де адамның сапасы.

Бұлардың әрқайсысы шын мәнісінде мазмұнды,себебі бір адамның мақсат-мүддесі адаммен қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Жеке адамның осы қасиеттері қоғамнан ажыратылса, оның жеке басының сапасы затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалады.

Даралық- жеке адамның өзіне ғана тән белгілі бір сипаттамасы. Мұны әр адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген жөн.

Даралық-адамды басқадан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі.

Әрбір адам айналадағы дүниені өзгеше түсініп, өзгеше қабылдайды,оның ақыл есінің,ойының , зейінінің өзіне гана тән ерекшеліктері бар құштарлығы мен өзімдік қиялы,өз қызығуы мен ұғатып, жаратпайтыны; көңіл-күйінің ерекшеліктері, азды-көпті эмоциялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік-жігері, түрлі мінез-бетістері,т.б болады. Адамның ішкі жан дүниесі, яғни қалыптаса келе қол жеткізген «мені» — ең тереңде жататын барынша нәзік те бағдарланатын өлшем. Жеке адамның ішкі жан дүниесі сол адаммен бірге туып, дамып жетілетін соның өзіне ғана тән нәрсе. Жеке адамның белгілі дәрежедегі психикалық және әлеуметтік тұрғыда даму деңгейі сол адамның өз алдына маңызды мақсаттар қойып,оларды орындай алуына мүмкіндік тудырады, оның бойында дербес көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасып, өзіндік адамгершілік талаптар қойюмен іс-әрекетіп бағалауларна түрткі болады.

Жеке адамға белгілі дәрежеде сипаттама берегенде оның белсенділігін бірінші кезекте қарастыру керек. Белсенділік-адамға өмірдегі өз орнымен жағдайын анықтауға, ұстаған адамзаттың позициясын аңғаруға мүмкіндік тудырады.

Адамның адамдығы негізінен алғанда оның іс үстінде немесе адамдар арасында болсын, өзін-өзі көрсете білуі арқылы анықталады.Жеке адамның «өзін-өзі жасай алу» қабілеті оның тағдырын, қоғамға қаншалықты бағалы екендігін, әрине,сондай-ақ бағалардың соған деген қатынасты мәнді түрде белгілейді.

Орыс жазушысы К.Г. Паустовский:Адам ақылды, кішпейіл, әділ, батыл да қайрымды болуга тиіс.Тек сонда ғана оның осынау «Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»,-деп жазған еді.

Жеке адам-белгілі бір әлеуметтік ортада атқарылатын елеулі іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес,оның себепшісі де.Қоғамдағы эканомикалық саяси, әлеументтік қатынастар әр түрлі көріністерге ие болады. Олар әрбір жеке адамның әлеуметтік сапасын және оның іс-әрекетінің мазмұнын айырып, ажыратады.

Атап айтқанда,адам осы процестің барысында өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады және сыртқы әлемге деген өзінің көз қарасын қалыптастырады. Адамның әлеуметтік қатынасы әлеуметтік сапа ретінде оның іс-әрекетінде және тәртібінде көрінеді. Адамның әлеуметтік сапасының элементтеріне оның белгілі бір іс-әрекетінің мақсаттары: әлеуметтік орнымен атқаратын әлеуметтік; нормалармен құндылықтар, пайдаланатын жүйе белгілері: әлеуметтік ролін орындауда мүмкіндік беретін білімдердің жиындығы; білім дәрежесі мен арнаулы дайындығы; әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері; жігері және шешім қабылдауға дербестік дәрежесі жатады.

Осы элементтердің жиындығы-жеке адамның әлеуметтік сапасы жөніндегі түсінікті айқындайды. Даралық жеке адамнан жоғары немесе төмен әлдеме емес.Даралық дегеніміз-өзіндік өзгешілігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр -сипатын айтады.Әдетте «даралық» деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп туратын қандайда бір басты қассиетін көрсетеді. Кез-келген адам өзінше дара,бірақ кей бір адамдардың даралығы тайға-таңба басқандай, мен мұндалап айқын көрініп турады да, басқаларыныкі онша байқала қоймайды.

Даралық интелектілік, эмоциялық, еріктік сфераларда немесе психикалық іс-әрекеттің барлъщ санасында бірден көрінуі мүмкін. Интеллектің өзіндік ерекшілігі оның басқалар байқай бермейтінді көре білу қабілетінде, информацияны өңдеу ерекшіліктерінде, яғни алдына проблема қойып, оның шеше білуінде болып табылады.Сезімдердің ерекшелігі олардың белгілі біреуінің шеттен тыс дамуынан/эмоциясының өте шапшаңдыгғнан көрінуі мүмкін. Ерік ерекшелігі ерік-жігердің күшінен, таңғажайып ерліктен немесе асқан ұстамдылықтан көрініс табады. Өзінділікті нақтылы адамның бойындағы қасиеттердің оның мінез —құлқы мен іс-әрекеттеріне ерекше өң беріп, үйлесін табуы деу керек.

Даралық жеке адамды нақтырақ, дәлірек,солай болған соң да толығырақ сипатайды. Ол жеке адамның психологиясын зерттеген кезде де,сондай —ақ психологияның басқа бағыттары қарастырылғанда да зерттеудің тұрақты обьектісі болып табылады.

Күнделікті тұрмыста, сондай-ақ ғылымда «даралық» сөзімен қатар, «индивид» деген сөз де қолданылады. Индивид деп өзіне тән барлық ерекшеліктерімен бірлікте алынған нақтылы адамды айтамыз.

Кез-келген ұйым сияқты,психикалық өмірдің де өзіндік құралы бар. Психикалық қалыптың даралық ерекшеліктерін ауызға алмайтын болсақ жеке типтік құрылымын анықтай аламыз.

Құрылымның бірінші кампоненті жеке адамның бағыттылығын, немесе адамның болмыс қатынасын сипаттайды. Бағыттылық әр алуан қасиеттерден өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, идеялық және практикалық пиғыл-әрекеттер жүйесінен құралады.Соның өзінде баеыттылық компоненттерінің бірі дараланып шығады және жетекшілік мәнге ие болады,ал қалғаны көмекшілік ролін атқарады. Дараланып шыққан бағыттылық. жеке адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін анықтайды. Мысалы,танып білу қажеттілігінің дараланып шығуы соған лайықты ерік-жігер және көңіл күйін туғызады,ал мұның өзі интеллектілік іс-әрекетті жандандырады.

Осымен бір мезгілде табиғи қажеттіліктер біршама тежелеске ұшырайды, күнделікті тірлік мәселелері артқы кезекке жылжытылады. Жеке адам өз әуестенудің мақсаттылығын негідейді, оған ерекше қоғамдық және жеке мән бере бастайды.

Екінші блокты жеке адамның мүмкіншілігі анықтайды және іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттік жүйесін қамтиды. Қабілеттіліктер өз ара байланысты және бір-бірімеп өзара әрекеттес болады.Әдетте қабілеттіліктердің бірі үстем күйде болады да, қалғандары оған бағынышты болып келеді. Мысалы, А.С. Пушкин өзінің тарихшы ретінде танытса да, тәп-тәуір сурет сала білсе де оның ақындық дарыны басым түсті. М.Ю.Лермантов жайында да пақ осыны айту керек.

Ал Ф.И. Шаляпиннің негізгі қабілеті-сахналық қабілет. Ол да өзіне бейнелеушілік қабілеттерді багындырған да,оларды сахна үшін қызмет етуге мәжбүр еткен. Заңды түрде багынышты қабілеттер пегізгі , жетекші қабілетті күшейте түседі.

Тегінде, қабілеттер ара қатынасына бағытылықтың  құрылымы әсер ететін болса керек . Ал қабілеттерді саралау өз тарапынан жеке адамның болмысқа қандай қатынаста болуына әсер етеді.

Жеке адам құрылымындағы үшінші блок мінез немесе адамның әлеуметтік ортадагы мінез- құлқына сипаты болып табылады.

Мінез дегеніміз-күрделі синтетикалық құралым, онда адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасы бірілікте көрініс танытады. Мінез жеке адамды толық сипаттай алмайды,алайда оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен еркінің, интелектілік және эмоциялық сапарларының, темпераменттен басталатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін құрайды.

Мінез жүйесінен де жетекші қаситеттерді бөліп алуға болады.Оларға ең алдымен,моралъдік адамдармен қатынастагы мейрімділік немесе қатігездік қоғамдық міндеттерге деген жауапкершілік, қарапайымдылық, екінші кезекте-ерік —жігер саналары жатады,бұл белгі бір мінез — құлық сипатымен практикалық міндеттерді шешу әдісін қамтамасыз етеді. Міне, сондықтан да мінездің нақтылы негізін моралъдік —еріктік қасиеттер құрайды дейміз.

Басқа барлық блоктардан үстем тұратын төртінші блок басқару жүйесі болып табылады, оны әдетте «мен» сөзімен белгілейді. «Мен» өзін-өзі реттеу қызметін атқарады: іс-әрекеттің күшейе түсуі немесе әлсіреуі , өзін-өзі бақылау әрекеттер мен мінез құлықтардың түзетілуі, алдын ала таң-тамаша болу және өмір мен іс-әрекетті жоспарлау.

Егерде оны құрамынан психикалық процестер мен күйді алып —тастаса, онды психикалық құрылым толық болмайды.

Психикалық процестер дегеніміз-болмыстың психикалық құбылыстардың әр алуан формасында динамикалық түрде бейнеленуі..

Ең алдымен психикалық процестердің жеке адам мен болмыс арасындағы байланысты қамтамасыз ететіндігін атап айту керек.Осы арада жеке адамның қасиеттері қалыптасады. Пайда болған қасиеттер өз тарапынан процестің өтуіне ықпал жасайды. Мысалы, түйсіктер процесінде нақтылы сенсорлық қасиеттер мен жеке адамның болашақта түйсіктердің сандық-салалық сипаттамасын анықтайтын толық сенсорлық құрылымы қалыптасады.

Теориялық және практикалық міндеттерді шешу процесінде жеке адамның еріктік құрылымы қалыптасады, ол міндеттердің қалай қабылданатынын да, олардың қалай жүзеге асырылатынын айқындап беріп отырыды.

Жеке адамның бойында қаыптасқан бағытылық онымен байланысты қабылдаулармен эмоциялық реакциялардың таңдалып алуына әкеліп соғады. Міне, сондықтан да адам болмыстың қажеттілігіне, мүддесіне және бағдарына байланысты өзі көргісі келетін жайыттарды ғана аңғарады. Бейнелеу-объективті процес болғаны мен ол жеке адамның субъективтік қасиеттермен күрделене түседі.

Жеке адамның психикалық қасиеттері дегеніміз-индивидке тән психикалық  іс-әрекет пен мінез —құлықтың белгілі бір сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз етіп отыратын түрақты түзіліс.

Процестердің өту сипаты не белсенділігінің функциялық деңгейіне немесе, басқа сөзбен айтқанда ,жеке адамның психикалық белсенділік күйіне байланысты болады.

Алайда психикалық тонустың белсенділігін қажетті қалыпқа келтіргенде бейнеленетін нәрсенің көлемі емес, мазмұны шешуші мәнге ие болады.Ықпал етудің немесе ниеттің қоғамдық және жеке бастық мәнін сезіну тиісінше эмоцияны туғызады, ал мұндай эмоциялар өздерін сипатына қарай, жеке адамның жалпы белсенділігінің деңгейін не жоғары көтеріп немесе төмендететін болады. Психикалық іс-әрекеттің қалыптасқан деңгейі инерция бойынша біраз уақыт сақталады. Бүкіл адам арғы психикалық белсенділік пайда болған көңіл күйіне байланысты өтіп отырады.

Сонымен, жеке адамның психикалық өмірінің құрылымы күрделі,санқырлы және динамикалы болады екен. Оның барлық компоненттері өзара байланысты әрі біріне-бірі тәуелді. Жеке адамның дамуына байланысты оның құрылымында да өзгерістер болып жатады. Сонымен бірге әрбір жеке адамның құрылымы бір шама тұрақты да. Онда жеке адамға тән қасиеттер жинақталған, соларға қарап өмірдің белгілі бір жағдайында адамның қандай мінез көрсететінін күні бұрын-ақ білуге болады.  Сөйтіп, әр адам өзгеруші мен турақтының қосындысы болып табылады және тек осының арқасындағана адам өзімен-өзі бола алады,жағдайға икемдене өмір сүреді.

Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз-сол адам талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүйесі.

Ерте заманнан бері-ақ ойшылдар жеке адам белсенділігінің қайнар көзін табуға, адам өмірінің мәнін ашуға тырысып келеді.

Олардың біреулері өзінің жан рахатын күйіттеу индивид іс-әрекеті мен қылығының негізгі мақсаты деп есептеледі. Басқалары адам өмірі мен ниетінің басты мақсаты борышын өтеу деп тапты.

Қазіргі кездегі бұржуазиялық  психологияның қайсы бір ғалымдары жеке адам мінез құлқының мәнін тек биологиялың елігуден көруге тырысады.

Қайсы бір жағдайларды адам қоғамдың борышты сезінуді басшылыққа алады, басқа кезде өз қажеттіліктерімен мүддесін, үшіншісінде-белгілі бір дәрежеде сезім негіздеріне байланысты әрекет етеді. Сонымен қатар, әр бір ересек адамда жеке негізгі багытты белгілейтін әлде бір жетекші қасиет те болады. Олардың бірі өз өмірінің мәнін ғылым жолындағы істен тапса,басқалары-өнер саласынан ал үшіншілері-қоғамдық қызметтен табады.

Бұдан шығатын қорытынды да, іс-әрекет пен мінез -құлықты талдаған кезде негізгі талпыныспы ғана емес, сондай-ақ жеке адамның моралъдік-психологиялың жағын да ескерген жөн, ал мұның өзі адамның өмірлік позициясын,  оның болмыстың әр алуан қырына деген көзқарасын ащындап береді.

Сөйтіп,мотив ретінде алуан түрлі жайыттар көрініс бере алады: адамның өзі түсініп-ұққан қажетсінуі мен мүддесі,оның дүние танымы мен сенімін, сезімі мен ой ниеттері, яғни мұратты көрінеді.

Адамның биологиялық қасиеттері оның организмнің морфологиялъқ, генетикалық құбылыстарынан және сондай-ақ, ми-жүйкелік, электрохимиялъщ, т.б. кейбір процестерден көрінеді. Ал психикалъқ жағына адамның ішкі рухани дуниесі-саналы және санасыз іс-әрекеттері еркі, көңіл күйі, есі, мінез құлқы, темпраменті т.б жатады.Алайда адам қасиеттерінің еш қайсысы жеке- дара   адам құбылысының бір тұтас бере алмайды. Жеке адам ақыл ойы бар жан дейміз. Сонда оның ақыл ойы дегеніміз не, ол тек биологиялъқ заңдылықтарға болғаны ма, әлде әлеуметтік заңдылықтарға ғана бағына ма? Адамның ақыл-ойы аса күрделі ұйымдасқан биопсихоәлеуметтік құбылыс; оның материалдық негізі әрине биологиялық құбылыс болып табылады, ал мазмұны психикалың құбылыстар мен әлеуметтік құбылыстардың өзара араласуы екені сөзсіз: мұнда әлеуметтік құбылыс сезімдік — ақыл-ой, ерік процестері арқылы психикалық  процес түрінде көрініс табады.

Жеке адам бойында айырығысыз бірлікте болатын әлеуметтік және биологиялық жақтары адамның алуан түрлі қасиеттері мен іс-әрекеттерінің тек екі жағын ғана абстрактілі ұғым ретінде бейнелендіреді. Мәселен, егер жеке адамның биологиялық қасиеттерін ғана талдау жолына түссек, онда оның тірі организмдік заңдыльқтарын ғана мойындау дәрежесіне түсеміз. Бұл тұрғыдан қарағанда, адам материя қозғалысының тек биологиялық формасының ғана иесі болып көрінеді. Алайда жеке адам тек тірі организм ғана, биологиялық түр ғана емес, ол ең алдымен қоғамдық қатынастардың субъектісі.  Ал егер адамның морфологиялық және психофизиялогиялық және рухани құрылымын талдауға көшсек, онда оның әлеуметтік психологиялық жан, яғни адамдың тұлға екенін ұғынамыз.

Жеке адамның әлеуметтік табиғатын талдап, оның тұлға екендігі жайында сөз еткенде, біз оның биологиялық жан екендігін естен шығармаймыз, тек антропологиялық ерекшеліктеріне ғана-дене құрылысы, қарапайым инстинктері сияқты психикалық процестері мен қасиеттерін зерттеу жағына т.б көңіл аудармаймыз. Біз, тірі организімнің бойында жүріп жатқан химиялық реакцияларының жаратылыстану-ғылыми мәніне көңіл бөлмейміз.

Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оның тұлға ретінде түсіндірудің психологиялық ұғымына жатады. Адамның биологиялық жағы негізінен тұқым құалаушылық механізіміне байланысты болады. Ал адам тұлғасының әлеуметтік жағы қоғамның мәдени-тарихи мазмұнымен анықталады. Адамның биологиялық жағы да, әлеуметтік жағы да жеке алғанда оның ішкі мәнін анықтап бере алмайды. Адамның мәнін анықтайтын — биологиялық жағы мен әлеуметтік жағын табиғи бірлігі. Бірақ түрліше дүниетанымдық және практикалық мақсатта адамның биологиялық немесе әлеуметтік-психологиялық жағы басымрақ қарастырылуы мүмкін. Дегенмен қорытындысында адамның бұл екі жағы міндетті түрде бірлікте қаратырылуы тиіс. Мысалы, қоғамдық жағынан жетілуге, дамуға оның биологиялық, табиғи мәнінің қандай әсері бар немесе , керісінше, адамның табиғи дамуына әлеуметтік-психологиялық жағдайлардың әсері қандай деген мәселелерді зерттегенде бір жағының басымырақ қаралуы керек.

Жеке адам дегеніміз — қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.

Қоғам мүшесі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.

Жеке адам, сондай-ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе өзгіде жүрме, саяси құқы барма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға правалы ма, қоғамдық өмір мәселелерін, талқылауға қатыса ма осылардың бір-біріне жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады.

Жеке адам сондай-ақ идеологиялық қатынастар әрекетінің ықпалында болады. Идеология, не қоғам жайындағы идеялар жүйесі жеке адамның психологиясын, дүниетанымын, әлеуметтік бағдарларын қалыптастырады.

Қоғамдық  ғылымдарды меңгеру жеке адамның қоғамдық құбылыстарда дұрыс бағдар ұстауына және қоғам дамуындағы өзінің орны менролін айқын аңғаруына көмектеседі.

Қоғам жеке адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық  ықпал етеді.

Жеке адам психологиясын қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясында әсер етеді. Қарым-қатынас процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік таңындағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдараға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі-ұсақты әлеуметтік топтардық, ал социализм жағдайында-тұтас қоғамның идеологиясы мен психологиясына орайласып келеді екен .

Жеке адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әр қилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дуниесіне соғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дуниесі байи түседі.

Жеке адам қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, сондай-ақ субьекті де яғни белсенді буын. Жеке адам басқа адамдармен қарым-қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес объективті қоғам заңдылықтарының қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің өзі жеке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын да, өз мінез-құлы үшін де жауапкершілігін де жоқа шығармайды.

Жеке адам-саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын таңдай алады: өзгідегі жағдайына мойын ұсынама, немесе әділетсіздікке қарсы күресе ме, барлық күш-жігерін қоғам игілігіне жұмсайма, немесе жеке басының мүллесін ғана ойлай ма оның өз ісі. Бұл тек адамның қоғамдық жағдайына ғана байланысты емес, сонымен қатар оның қоғамдъщ дамуының объективті заңдылықтарын үгу деңгейіне де тікелей байланысты.

Әр бір жеке адамның қоғам өміріндегі ролі мен мәні қоғамдық қатынастардың дамуына қарай арта түсіп отырады. Қоғамдық дамудың шапшаңдауына қарай жүртшылықтың адам правасы үшін   күресі де етек алып кеңейеді.

Бұл күрес жеке адамды қызықтырып қана қоймайды, сондай-ақ оны қалыптастырады.

Жеке адам қазіргі социологияның, психологияның және этиканың басты назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу-оның іс-әрекетін тиімді басқарудың алғы шарты.

Жеке адамды зерттеу қоғамның саяси жағын да қатиды. Сондықтан жасалған теориялар, әлбетте олардың авторларының саналы немесе санасыз түрдегі идеологиялық бағдарына байланысты идеолисттік немесе материалистік сипатта болады.

Буржуазиялық психологияда жеке адам жайындағы сан алуан түрлі, көп ретте қарама-қайшы және бірін-бірі жоқа шығаратын комцепциялар орын алып келеді. Олардың ішінде әсіресе биологиялық, биоәлеуметтік және әлеуметтік концепциялар даралануда.

Биологизм, әсіресе З.Фрейдтің жеке адам жөніндегі түсініктемесінде айқын да оның көрініс тапқан . Фрейдтің ілімі бойынша жеке адам дегеніміз-үнемі қоғам ішінде болатын әрі оның өзіне ьқпалын сезінуші, сонымен бірге қарсы турушы биологиялық түйық жан иесі. Жеке адамның мінез-құлқы биологиялық әсермен немесе инстингтерімен, ең алдымен жыныстық елігумен бағытталып отырады. Фрейд сондай-ақ бейне бір адамның өлім және қирату инстингтерін қанағаттандыруы ретінде болатын соғыстардың сөзсіздігі де адамның елігуімен туындайды деп санайды. Фрейд концепциясы-жеке адамның тек қана биологиялық индивидуализмнің концепциясы.

Биоәлеуметтік концепциясының өкілдері адамды шартты түрде екі бөлікке бәлінеді де, жеке адамның бағытталуы әлеуметтік құбылыстармен анықталып отырған түста, адамның психикалық процестерінде биологиялық табиғат бар деп санайды.

Буржуазиялық психологияда жеке адам жөніндегі әлеуметтік концепция да кең тараған. АҚШ-та, әсіресе әлеуметтендіру теориясы деп аталатын концепция талдап жасалынуда. Бұл теория бойынша, биологиялық тірі жан иесі ретінде өмірге келген адам өмірдіц әлеуметтік жағдайларының әсері арқасында жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Бұл ретте өз ара қарым-қатынасқа және психологиялық өз ара ықпалға шешуші мән беріледі де, ол адамдардың экономикалық және саяси қатыпастары мен олардың жеке адамға әсері есепке алынбайды.

Бұл концепцияның өкілдері конформизм құбылыстарын зерттеуге немесе әлеуметтік топтардың жеке адамға жасайтын ықпалына көп назар аударады. Буржуазиялық «группизм» психологтары топтардың талабына, басқа сөзбен айтқанда, буржуазиялық тәртіптер жеке адамның саналы немесе санасыз түрде бейімделуге ұмтылуын жалпыға бірдей заңдылық  деп даурығады. Бұл ретте компормизмді универсал механизм деп санайды.

Шындығында, топтың, коллективтің жеке адамға ықпалы әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Бұл жеке адамның ерекшеліктеріне, оның идеялың көзқарасына, мінез-құлқына да, сондай-ақ сыртқы ықпал ерекшіліктеріне де байланысты. Жолдастық ынтымақ және өзара көмек жағдайында коллектив пен жеке адам арасындағы өзара қатынас принципті, ал коллектив мүшесінің көпшілік мүддесі үгнін істеген әрекеті-нағыз коллектившіл адамның ісі болып табылады. Мұндай әрекеттің еліктеу түрғысындағы мінез — құлықа ешқандай қатысы жоқ.

Ендігі бір әлеуметтік — психологиялық концепция оқып — тоңу теориясы дегенге салды. Бұл теория бойынша, жеке адамның өмірі, оның қатынастары оқудық, бірқатар білімді меңгерудің нәтижесі. Әрине, оқу мен білімнің өмірлік, оның ігиінде, жеке адамды қалыптастыруда да үлкен маңызы бар. Алайда жеке адамның бүкіл дамуын тек оқудың ғана нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Оның қалыптастуына өмірдің өзі, еңбек, адамдар арасындағы қатынастар шешуші ықпал етеді.

Шетел психологиясында ролдер теориясы өте кең тараған. Бұл теория бойынша әр адам өмірінде өзіне ғана арналған белгілі бір ролъ орындаушы ғана. Орындайтын роліне байланысты жеке адамның міне-құлқ сипаты мен оныц басқа адамдармен қатынасы анықталады.

Әрине, жеке адамның ролін зерттеу психологиялық теория үшін де, әлеуметтік практиканы түсіну үшін де мацызды. Алайда буржуазиялық психологияда ролъ тек психологиялық қатынастар жүйесінде ғана қарастырылып, онда жеке адамның ұстанатын позициясын да,  оның қоғамдық өмірдегі орнын да анықтайтын материалдық, саяси және идеялогиялық қатынастар есепке алынбайды. Жеке адамның әлеуметггік ролін түсінуге таптық тұрғыдан келмеу-ролъ теориясын зерттеушілердің бәріне тән құбылыс.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Богословский В.В «Жалпы психология» А. 1980 ж

2.Алдамұратов Ә.Т. «Жалпы психология» А.1986ж

  1. Сәбет балта ұлы Бап-баба «Жантану негіздері» (психология)

А.2001 ж

  1. Ә. Алдамұратов «Қызықты психология» А.1992 ж

5.Н.Елікбаев «Ұлттық психология» А.1992ж

6.Адамзат ақыл ойдың қазынасы 10 т.А.2005ж

7.Д.С.Немов «Психология» М.1998ж

8.Гиперюбтер «Общая психология»М. 1998ж

9.Жданов А.Н. «История психологи» М.1990ж

10.Ярмевкий «Истори психологии» М. 1985 ж