Абай шығармаларындағы адамгершілік мәселесі

0

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………..   

І — тарау.   Бастауыш   оқыту  процесінде оқушыларды  

адамгершілікке  тәрбиелеудің  маңызы   ………………………….   

1.1. Адамгершілік тәрбиесі  туралы  түсінік,  

оның  мақсат – міндеттері   …………………………………………….    

 1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу – тәрбие процесінде  пайдаланудың  маңызы…………………………………………………….   

ІІ- тарау.  Ана  тілі сабақтарында Абай  шығармаларын  оқушыларды

адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың 

әдіс-тәсілдері   …………………………………………………………..   

2.1. Ана  тілі  оқулықтарында  Абай  шығармаларының  

берілу  жүйесі   ………………………………………………………….   

2.2. Абай  шығармалары арқылы  оқушыларды  адамгершілікке 

тәрбиелеу  тәжірибесі   ……………………………………………..    

Қорытынды ………………………………………………………………………..    

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі ……………………………………………..    

Қосымша …………………………………………………………………………………    

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі  қоғам  талабына сай  елімізде  туындап  жатқан  әлеуметтік – экономикалық  өзгерістер  мен  жариялықтар  білім  беру  саясатына  жаңа  көзқарас қалыптастыруды  қажет  етеді.  Қазақстан  Республикасы  «Білім   туралы» заңында  «білім беру жүйесінің  басты  міндеті – ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  ғылым  мен  практиканың  жетістіктері   негізінде  жеке  адамды  қалыптастыру  мен  дамыту  үшін  қажетті  жағдайлар  жасалу  қажет» деп  көрсетілген.  Жеке  адамды  дамытудың  басты  бағыты – жаңа адамгершілік  құндылықтарды  орнықтыру  екендігі  белгілі.  Мұндай  ауқымы  кең  міндетті  шешуде  көркем  шығармалардың алтын  орны  ерекше.  Көркем  туынды да  халықтың  тарихи  жүріп  өткен  жолдары,  өмір  белестері,  елдік – ерлік дәстүрлері,   тұрмыс – салты, психологиясы  жинақталған,  табиғаты  кескінделген,  адамгершілік  ұғым  түсінігі  көрініс  табады.   Осындай  талғамы  биік  оқушы   жүрегіне  жол  табатын  шығармалар  қатарына  Абай  туындылары  жатады.  Әлемдік  деңгейдегі  ақындардың  бірі,  мәдениет, пәлсапа, музыка,  ой  дүниесінің  алыбы,  ағартушы-демократ,  шешен,  аудармашы, тәрбиеші-ұстаз  Абай  тек  бір  ұлттың  көлемінде  ғана  емес, оның  асыл  мұрасын оқытудың  өзекті  мәселелері  ұстаздар  қауымының  алдына  қазіргі  кезеңдердегідей   ерекше  жауапты,  аса  қиын  да  күрделі  сұрақтарды  қоймас  еді.  Қазіргі мектеп  алдында  бүкіл  саналы  ғұмырының  басым  бөлігін  Абайға  арнаған  данышпан  Әуезов  «Тек  шөмішпен  ғана  сүзіп  алдым» деген  Абайдың,  оның адамгершілік  мұраттары  таныту  кезек  күттірмейтін  іс, жауапты  міндет  ретінде  қойып  отыр.[1] 365 б.

    Абай  шығармашылығына  арналған  әдістемелік  зерттеулерге  М.Әуезовтың  «Абай еңбектерінің  биік  нысанасы», Р.Сыздықованың «Абай  шығармаларының  тілі», Қ.Бітібаеваның «Абай  шығармаларын  оқыту»,  педагогтар  Т.Тажібаевтың  «Философские,  психологические, педагогические  взгляд  Абая  Кунанбаева», философ  Ғ.Есимовтың  «Абайдың 150 жылдығы», филолог  Сүйіншәлиевтің «Абайдың  қара  сөздері» атты  еңбектерін  жатқызуға  болады. [2] 45-47 б.

    Бұл  біздің  «Бастауыш  мектеп  білім  мазмұны  Абай  шығармаларындағы  адамгершілік  тәрбие  мәселелері» деп  аталатын  дипломдық  жұмысымыздың  тақырыбының  өзектілігін  дәлелдейді.

    Дегенмен  бұл  еңбектерде  жоғары  сынып  оқушыларына  оқыту  мәселелері  қарастырылады.  Сондықтан  біз  бастауышта  Абайдың  адамгершілік  қағидаларын  таныту  жолдарын  зерттеу  жұмысымыздың  объектісі етіп  алдық.

     Зерттеу  жұмысымыздың  мақсаты:

     Бастауыш  мектеп  білім  мазмұны  Абай  шығармаларындағы  адамгершілік тәрбиесінің  педагогикалық  және   әдістемелік  жолдарын  негіздеу.

    Бұл  мақсаттан  туындайтын  міндеттер:

  1. Абай  туралы  зерттеу  еңбектеріне  сүйене  отырып,  оның  өскен  ортасы,  педагогикалық  көзқарасы  туралы  сипаттап  жазу.
  2. Бастауышта  Абайдың  адамгершілік  мұратын  ұғындыру  жолдарының  әдіс-тәсілдерін  көрсету.

Зерттеу  пәні —  ана  тілі сабақтарында Абай  шығармаларындағы адамгершілік  мәселесі.

Зерттеу  жұмыстарында  қолданылған  әдістер:  Абай  туралы  әдеби –сын  зерттеу,  философиялық, филологиялық,  тарих,  педагогикалық   еңбектерді  оқып  танысу,  талдау  жүйелеу.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың әдіс намалық ақпараты келтірілді.

Бірінші тарауда, адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік беріліп, оның мақсат- міндеттері, бастауыш сыныптағы оқыту процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы, адамгершілік тәрбиесін беруде Абай шығармаларын пайдаланудың жолдары баяндалды.

Екінші тарауда, ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс – тәсілдері көрсетіліп, ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының берілу жүйесі, Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі жөніндегі озат іс –тәжірибелер жинақталды.

Қорытынды бөлімінде, зерттеу мәселесіне байланысты тұжырымдар жасалып, кейбір әдістемелік ұсыныстар келтірілді. Жұмыстың соңында оны орындау барысында оқып танысқан және пайдаланған 35 әдебиеттің тізімі көрсетілді.

І-Тарау.   Бастауыш  оқыту  процесінде  оқушыларды

адамгершілікке  тәрбиелеудің  маңызы.

    1. Адамгершілік  тәрбиесі  туралы  түсінік, оның  мақсат-міндеттері.

    Құлық тәрбиесі – адамгершілікті  тәрбиелеудің  құрамды  бөлігі.  Мұның  міндеті – моральдық  межелер  мен талаптарды  қоғамның  әрбір  мүшесінің  игілігі  ету: оларды терең  құлықтық  сенімдеріне,  жоғары  құлықтық  қылықтарына  және  шын  мінез – құлқына айналдыру.  Құлық  тәрбиесінің  шеңберінде  тұлғаның  құлықтық  санасы,  оның  қоғамдық  борышқа, өз  міндеттеріне  қатынасы  қалыптасады.  Құлықтық  тәрбие  әсемдікке  көзқарас  қалыптастыруда  әлеуметтік  тәрбие  институттарының  тәжірибелік  жұмыстарын  қамтиды.  Құлық тәрбиесінде  беделінің   үлкен  мәні  бар. Тәрбиешінің  өзінің  тәрбиелі  болуы – құлық тәрбиесіндегі  өзекті  мәселе.

    Жеке  адамды  адамгершілік  жағынан  қалыптастыру — әртүрлі  факторлар  мен  жағдайлардың  әсерінен  іске  асатын  күрделі  де, жан – жақты процесс.  Жас  жеткіншек  әртүрлі  ішкі  және  сыртқы,  қоғамдық  және  табиғи  факторлардың  әсерімен  дамиды.  Өзін  қоршаған  ортадағы  көптеген  құбылыстар  тікелей  әсер етіп,  оның  мінез – құлқымен  моральдық  бейнесінде  із  қалдырады. [3] 113 б.

    Мораль  барлық  қоғамдық  өмірдің  саласында – еңбекте,  тұрмыста,  саясатта,  ғылымда,  отбасында  және  халықаралық  қатынаста  адамның  мінезі  және  санасын  реттейді.

    Мораль  этикалық  зерттеу объектісі. Этика – бұл философиялық  ғылым, сананың  формасы,  қоғамдық  қатынастардың  түрі.  Этикаға  нормативтік  этика  және мораль  теориясы  кіреді.  Нормативті  этика игілік,  жақсылық,  жамандық,  әділеттілік  мәселелерін  зерттейді, жеке  адам  мінез – құлқының  кодексін  жасайды.  Мораль  теориясы моралдың  мәнін,  нормаларын,  тарихи  сипатын  анықтайтын  заңдылықтарын  зерттейді.  Нормативті  этика  және  мораль  теориясы  бір – бірімен  тығыз  байланысты,  оларды  бөліп  қарастыруға  болмайды.

    Моральдық  немесе  адамгершілік  сезімдер адамдардың бірлесе  жасаған  әрекеттері  негізінде  туып,  дамиды  да  осы  қоғамда  үстемдік  етіп  отырған  адамгершілік  ережелеріне  бағынады.  Олар  басқа  адамдар  мен  адамның  өзінің  мінез – құлқы, әсерінен  туады.  Көңіл – күйінің  осындай  халде  болуы – адамның  өзі үшін  де, басқалар  үшін  де  міндетті  түрде  қажет деп  санайтын  мораль  ережелеріне  қылықтарының  сай келуі  немесе  келмеуін  өзінше  бағалаудың  нәтижесі.

    Адамгершілік  сезімдердің  ерекшелігі – олардың  әсерлілігі,  яғни  айқын  көрінетін  эстетикалық  сипаты.  Адамгершілік  сезімдердің  зстетикалық  сипаты  дегеніміз  адамдарды  жігерлендіріп  отырады,  олар  өзінің  барлық  күші  мен  энергиясын  кездескен  қиыншылықты  жеңуге  жұмсап,  сөйтіп  мақсатқа  жетуге  мәжбүр  ететін  күш  пайда  болады.

    Нормативті  этика  және  мораль  теориясы  әрбір  азаматты  саналылықта  тәрбиелеуде,  адамгершілік  тәрбиесі  теориясы  мен  практикасын  дамытуда  елеулі  орын  алады.  Нормативті  этика  және  мораль  теориясы  негізінде моралдың  мына  түрлерін  атауға  болады:  ұжымшылдық  мораль,  гуманистік  мораль, белсенді,  қарекетшіл  мораль.

    Әрбір  адам  өмірінде, іс — әрекетінде кездесетін  мораль  категорияларын  (жақсылық,  жамандық,  борыш,  ұят,  адалдық,  әділеттілік, қайырымдылық, абырой,т.б.) терең  ұғынуы  қажет.

    Моральдық  этикалық  нормалар,  халықтың  ұлттық  әдет – ғұрыптары  қалыптасқан  дәстүрлі  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып  отырады,  жастардың  мінез – құлқына  байымды  әсер  етеді  өйткені,  халқымыздың  өзі келешек  ұрпаққа  айтар  ақылын,  адамгершілік  үлгісін,  салт – сананы, дәстүрлерді  насихаттап  келді.  Халқымыз  өзінің  бай  тәжірибесіне  сүйеніп,  ұрпақты  адал  еңбекке,  өнер – білімге  тәрбиелейді,  үйелменнің, ауыл –аймақтың,  елдің  ар – намысын  қорғау  сияқты  ізгі  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастырады.

    Қай  қоғамда  болмасын,  оның  барлық  салаларында  өмірде,  еңбекте,  тұрмыста,  үйелмендік  жеке  қатынастарда,  мораль адамның  мінез – құлқын,  сана – сезім  реттейді. Мораль  принциптері  белгілі  қоғамдық  бастауларды,  өмір  құрылысын,  қарым – қатынас  формаларын  қуаттайды,  бекітеді  немесе  керісінше  өмір  талаптарына  байланысты  олардың  өзгеруін  талап  етеді. 

    Адамгершілік  дағдыларының  мектеп  оқушыларының  моральдық  бейнесін  қалыптастырудағы  орны  ерекше.  Дағды — әрекетті  орындаудың  қалыптасқан  тәсілі. Қандай  да  болмасын  адамгершілік  дағдыларының  негізінде  шартты рефлекторлық  байланыстарды  қалыптастыру  және бекіту  жатады.   Дағдының  ерекшелігі  оның  автоматтануы  болып  табылады.  Мінез – құлық  дағдылары баланың  жеке  басының  ерекшеліктерін  қалыптастыруда  маңызды  роль атқарады.  Мысалы,  баланы  адамдармен  инабатты  сәлемдесуге  үйретеді. Оған  адамдар  мен өмірдің  түрлі  жағдайларында  қалай  амандасу  керек  екенін  түсіндіреді.  Сан рет  қайталау  нәтижесінде  балада  үлкен  адамдарға  инабатты сәлем  беру дағдысы  қалыптасады.

    Қазіргі  кезеңде  көпшілік  арасында  жүргізілетін  тәрбие  жұмыстарының  мақсаты  мен мазмұны  әр  адамға,  оның  ой — өрісіне,  сезіміне,  мінез- құлқына  ықпал  жасауы  тиіс.

    Кез-келген қоғамда  қауымдасып өмір  сүру  ережелерін  сақтау  қоғамдық  тәртіпті  ұстаудың  ең  маңызды  шарты  болып  табылады.  Түрлі елдерде  бұл  ережелердің  жергілікті  жағдайларға,  дәстүрлер  мен  салттарға  тәуелді  өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  үйелмендегі  және  қоғамдағы тәртіп  ережелерін  үйреншікті  орындауда  адамдардың  өндіріс  пен  тұрмыстағы  күрделі  өзара  қарым – қатынасы  тасада  қалады.

    Қазіргі  ғылым  тұрғысында  адамның  өміршең белсенді  қалпы – адамның  қоғамдық  мәнінің  біртұтас  қасиеті. Ол адамның  әлеуметтік  және  табиғи  ортамен  қарым – қатынас  шеңберін  құрайды. Өзінде  адамның  және  қоршаған  ортаның  шындығының  күрделі  құнды  қатынастар  жиынын  біріктіріп,  өміршең  белсенді  қалып  адамның  қоғамдық мәнінің  әлеуметтік  бағдарының  сипатын, оның  азаматтық  тәртібі  және  іс — әрекетінің түрін  анықтайды.

    Адамның  қоғамдық  мәнінің  әлеуметтік  қалпында  өнегелікті  сенімдер ерекше  роль  атқарады.  Сенім – адамның  қоғамдық  мәніне  енген  білім.  Жалпы  сана  сияқты,  өнегелікті  сана,  қандай  деңгейде  болмасын  өзінің  нәтижесі  ретінде әрдайым  белгілі  бір бағаға  ие  болады,  яғни  шындықты  белгілі  бір  дәрежеде  білу  болады.  Айтылған  білімді  қоғам  өмір  сүретін  өнегелік  ережелерді,  принциптерді  түсіну  болып  табылады.

    Мінез – құлық  мәдениеті  жөніндегі  білім  өнегелі  тәртіптің  алғы  шартын  ғана  жасайды.  Адамның  қоғамдық  мәнінің  өнегелік  дамуының   негізінде  оның  өнегелік  тәжірибесін  қалыптастыру  жатады.  Осымен  қатар  өнегелік  тәжірибеде адам  тәртібінің  барлық  тәжірибесі сұрыпталмайтынын  еске  алу  керек.  Ең  алдымен  ол  үшін белгілі  бір маңызы  бар  және қажетті   жоғары  ой — өрістік  және сезімдік  белсенділік  туғызатын  өнегелік  әрекеттер  сұрыпталады.  Олар  адам санасы  мен сезіміне елеулі  із  қалдырады,  тек бұрынғы  емес,  жаңа  өмір шеңбері  мен жағдайларда  онан  арғы  тәртібіне  ықпал  жасайды.

    Адамның  өзін  қоршаған  әлемге,  алатын  білімге,  өмір  сүріп,  дамитын  жағдайларға  қатынасы  баға  беру  сипатында  болады.  Білім  адамның  сезімі  мен  күйзеліс  шеңбері  арқылы  өткенде  ғана өнегелік  көзқарастардың  жалпы жүйесіне  қатынасады  және оның  моральдық  сезіміне  дейін  көтеріледі. Күйзеліс моральдық  ережелердің  сезімдік тасмалдаушысы  ретінде  көрінеді.

    Мектеп  тәртібінің  қалыптасу  барысының  нәтижесі,  адамның  мәнінің  маңызды сапалық қасиеті – тәртіптілік. Оның  негізінде адамның  қоғамдық  мәнінің  еркін  дамуы,  өз тәртібін  қоғамдық  мүддеге бағындыру  білігі,  мақсатты жүзеге  асыру  жолында өз құлқының  ынтасын  өшіре  отырып  қиындықтарды жеңе  білуі  жатады.

    Адам  тәртібінің  ішкі өлшемі  қазіргі  кезде  оның  тек  жеке  еңбегіне  ғана  емес,  ұжымның,  тұтасынан  алғанда,  қоғамның  іс — әрекетіне елеулі  ықпал жасайды

    Гуманизм адамның  моральдық  бейнесінің  көрінісі  ретінде адамдарға көмек  етуге  бағытталған  іс — әрекеттерде,  жолдастарымен  қарым – қатынастарда,  өзара талапты  қайырымдылықта,  жауапкершілікте,  оқушылар  арасындағы қара бастың  қамын  ойлау көріністерімен  белсенді күресте  тәрбиеленеді.

    Өнегелік  ұғымдар  мен  сенімдердің  қалыптасу  барысы  тек  мінез-құлық мәдениетінен  ағарту  жұмысын  жүргізу емес,  жоғары  ой — өрістік және  практикалық  іс — әрекеттің  кең  шеңберін  қамтитын.

    Тәжірибе  оқушылардың  өнегелік  санасы  білім  мен  тәртіп  тәжірибесінің  бірлігіне  негізделсе  ғана  нәтижелі  қалыптасады.

    Қайырымдылық  пен  зұлымдық  жөніндегі  өнегелік  түсініктер  мен  ұғымдардың  қалыптасуына,  олардың  жеке  көзқарастар  мен  сенімдерге  айналуына  өнегелік  жайында  лекция,  баяндама, әңгіме,  пікір  талстырулар  ықпал  жасайды.

    Өнегелікке  тәрбиелеу  тәжірибесінде  ең  көп  тарағаны – мінез – құлық  шамаларына  арналған  әңімелер. Ол оқушларға  моральдық принциптер  мен шамаларды түсіндірудің  түрі  және  оқушы  бойына  өнегелік  баға, пікір,  ұғым – сенімдерді қалыптастыру  мақсатында  оларды  құбылыстар,  қылықтар  және әрекеттерді  талқылауға  және  саралауға қатыстыру  әдісі  ретінде  көрінеді.

    Мінез – құлық  шамалары  жайлы  әңгімелердің негізгі  мақсаты – оқушыларға  мораль  жөнінде  күрделі  мәселелерді  түсінуге, балалардың  берік  өнегелі  тәртіп  тәжірибесін  саналы  ұғынуына,  мораль жөніндегі  алған білімдері  негізінде  тәрбиеленушілерге  өнегелік  көзқарас, бағалау,  пікірлерді қалыптастыру  біліктерін  дамытуға көмектесу.

    Мінез – құлық  шамалары  жайлы әңгіме  балалардың  күнделікті  өмірінен  алынған  деректер  мен  уақиғалардан,  көркем  әдебиет,  мерзімді  басылымдар,  кинофильмнен алынған  мысалдарды  сұрыптау  мен  талқылау  негізінде  құрылады.  Мінез – құлық шамалар  жайлы  әңгіме ерекшелігі  оқушылар  бойында  өнегелік қылықтар  жөнінде  дұрыс  баға  және пікірлер  айтуға  балалардың  өздерін  қатыстыру  әдісі  болатындығында.

    Белгілі  өнегелік  білім  беру  қажеттігі  туса,  бағдарламадан  тыс  әңгімелер  де  өткізіледі.  Оң  нәтижеге  тек  жақсы  даярлық  және  білікті  өткізілген  әңгіме ғана  жеткізеді.[4] 225-245б

    1. Абай  шығармаларын бастауыш  оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың  маңызы.

    Абай  шығармаларын  бастауыш  сыныптарда  тәрбиелік мақсатта  пайдалануда  педагог – ғалымдар мен психологтардың  жас  ерекшеліктері туралы  ілімін  және  Абайдың  өзінің жас  балаларға  арналған  тәрбиелік  пікірлеріне  сүйену – іс- шаралардың  нәтижелі  болуының  кепілі. Бұл  орайда  Абай  шығармалары  тәрбиелік  мақсатқа  қол  жеткізудің  құралы ретінде  қарастырылуы,  тәрбиелік  іс – шараның  мазмұны  емес,  керісінше,  тәрбиелік  мазмұнды  жүзеге  асыратын  құрал  болуы  керек.  Мәселен, 1-сынып  оқушыларының  бойына  сіңіретін  негізгі әдет, дағдыларының  бірі оларды  тәртіпке  бойсынуға  тәрбиелеу  болса,  ақын  шығармалары  осы  мәселені  шешетін  құрал  ретінде  қолданылуы  керек.  Сол  сияқты  2-сыныптаы  тәрбиелік  іс – шаралардың  арқауы  оқушыларға  жалпы  еңбек туралы  мәлімет  бере  отырып  оқу  еңбегіне  көзқарас,  оқу  еңбегі  дағдыларын  қалыптастыру  болса,  мұны  жүзеге  асыруда ақын  шығармаларынан  көптеп  көмекші  материалдар  табуға  болады. 3- сыныпта  оқушының  өзіне  сенімін  тәрбиелеу, 4- сыныпта  оқу,  ғылым  жайлы  кеңірек  түсінік  беру  және  оның  жолдарын  көрсету,  тағы  сол   сияқты  басқа  сыныптарда да,  міне, осы  бағытта  жұмыс  жүргізу Абай  шығармаларын  тәрбиелеу іс – шараларында тиімді  қолдануда  шарт  түзеді.  Енді  бастауыш мектептің  әр  сыныбына  қатысты  тәрбиелік  іс- шаралардың  үлгілеріне тоқталамыз. [5] 55-60 б.

     Бастауыш  мектептің 1-сынып оқушылары  Абайдың  өз  сөзімен  айтсақ,  «білсем екен, көрсем  екен,  үйренсем  екен»  деген  жан  құмарының  басымдығымен  қатар  қайратының әлсіздігі,  әсерленгіштік  пен  жақсы  оқуға  ұмтылумен  қатар  бір  нәрсеге  ұзақ  көңіл  қоюының  қиындығы,   зейінділігі  жақсы  болғанымен, табандылығы  нашар. Сол  себепті  психикасы  тұрақсыз, ал  бұл  бастаған  ісін  соңына  жеткізу,  әр  нәрсені  өз  уақытында  атқару,  асықпай  тиянақты  істеу, өзін  тежеу, артын  ойлау,  кешіктірмеу, сабаққа  кешікпеу,  үй  тапсырмасын  уақытылы орындау,  оқытушының  айтқандарын  көңіл  қойып тыңдау  сияқты  іс — әрекеттеріне   кедергі  келтіреді.  Мұның  барлығы,  бір  сөзбен  айтқанда, — тәртіп делінеді.  Осылардың  бәрін  орындау тәртіптілікке  қатысты.  Сондықтан  1-сыныптан  бастап-ақ оқушыларды  тәртіпке  бағынуға  тәрбиелеу  кейінгі  сыныптарда,  тіпті  бүкіл  өмірінде  аса  маңызды.  Сондықтан  осы  сынып  оқушыларын  тәртіпке  бойынсынуға  тәрбиелеуде  Абай  шығармаларын  тиімді  пайдалануға  болады.  Мәселен,  ақынның  32- қара  сөзіндегі  пікірді  арқау  етіп,  оқушыларға  оқудағы  мақсат  білу,  білмекке  ұмтылу,  ал  білу  деген  көргенін,  естігенін  көңілге  түйіп,  тағы  да  білмегенін  білу  үшін  пайдалану.  Мұны  19-қара сөзіндегі «естілердің  айтқан  сөздерін  ескеріп  жүрген  кісі  өзі  де  есті  болады …  Сол естілердің  естіп  білген  жақсы нәрселерін  ескермес,  жаман  дегеннен  сақтаса,  сонда  іске  жарайды… Мұндай  сөздің  есіткенде  жайқақтап  салғырттанып  не салбырап, салғырттанып  естісе,  не  есіткен  жерін  қайта қайырып  сұрап  ұғайын  деп  тұшынбаса …  ондай  адамға  сөз  айтып сөз  айтып  не  керек»,- деген  үзінділер  мен өлеңдеріндегі  осы  секілді  пікірлерді  пайдалануға  болады.  Бұлар,  әрине  бала  ұғымына ауыр  да болар,  дегенмен,  ұстаздар  көмегімен  игертуге болады. Бұлар  арқылы  оқушыларға  мұғалімнің  айтқандарын  көңіл  қойып  тыңдау,  оларды  түсінуге  ұмтылу,  оларды  орындау,  әр  нәрсені  өз  кезінде  атқару – тәртіпке бойсынудың  шартты  екендігін  ұғындырумен  қатар,  тәртіп – ілудің,  үйренудің  негізгі қағидасы  екендігін саналарына  сіңіруге  болады.  Мұнда  тәртіпке  бойсыну  ең  алдымен  оқушының  өз  басына  қаншалықты  пайдалы  екендігі  Абай  шығармалары  арқылы  ұғындыру  мүмкіндіге  мол.  Айталық, 32- қара  сөзден  мынадый  үзінділерді  оқушыларға  жаттатып,  әр  кез  ескерудің  үйрету  пайдалы  әдет-дағдылар  қалыптастырудың  кепілі: 1.  Бір  ғана  білмектің  өзін  дәулет  біл. 2.  Білгеніңді  берік  ұстап,  білмегеніңді  білсем  екен  деп  үміттен. 3.  Әрбір  естігеніңді,  көргеніңді  жақсы  ұғынып  ал.  Немесе  19- қарасөзінен:

    1.  Естіген  жақсы  нәрселерді  ескер,   жаманнан  сақтан. 2.  Есіткеніңді  қайта  сұрап  ал.  3. Есіткеніңді  ұғайын  деп  ұмтыл, т.б.[6] 112-117 б.

    Осы бағытта  оқушылардың  бойында  тәртіпке  бойсыну  сезімдері  мен  дағдыларын  қалыптастыруда  Абай  шығармаларынан  көптеген  материалдар  тауып  пайдалануға  болады.  Ал  екінші  сыныпта  оқушылармен  жүргізілетін тәрбиелік  жұмыста  Абай шығармаларын  пайдалану,  тәртіпке бойсынуға тәрбиелеуді жалғастырумен  қатар  еңбектену дағдыларын  қалыптастыру арқау  етіп  алынады.  Бұл  жастағы  оқушыларға  ең  алдымен  оқу,  білім  алуға әрекеттену,  білу  үшін  шамасының  жеткенінше ұмытылудың  өзі  еңбек екендігін  түсіну қажет.  Сонымен  қатар  еңбектің  басқа түрлерімен  таныстыру,  еңбектенудің  қарапайым  жолдарын үйрету, еңбек  шарттарын  орындауға  тәрбиелеу (ұқыпты жылдам,  сапалы, т.б.). Мұнда  еңбек деген  ұғым  осы   жастағы  баллардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес алынады.  Абай шығармаларын еңбек  тәрбиесіне  қатысты  тәрбиелік  іс – шараларды  жүзеге  асыруда пайдалану  мүмкіндігі  көптен бері  айтылып  келе  жатқандықтан,  ол  ұстаздарға  таныс. Мәселен,  ең  алдымен  оқушыларға  еңбектің  қай  түрі  болмасын  бір нәрсені  игеруге  бағытталады:

      Түбінде  баянды  еңбек  егін  салған,

Жасынан  оқу оқып,  білім алған.

         Би  болған,  болыс  болған  өнер емес,

    Еңбектің  бұдан  өзге  бәрі  жалған — 

    деген  өлең  жолдарын  жаттатып,  қазіргі заман  тұрғысынан  түсіндіру,  мәселен,  оқудағы  мақсат «бастық  болу» (қазақ арасында  кең  тараған «менің  балам бастық  болады»)  деп  емес,  ең  алдымен  білу   үшін,  одан  соң  біліміңді  «өзіме,  еліме  қызмет  етемін  деп,  еңбектеніп  бәрін  табуға  үйрену  үшін  оқимын (оқисың)» деген  пікірді  баланың  санасына  ендіру.  Бұл – басты мақсат.  Одан  соң  не  нәрсені  болмасын  игеру  үшін  еңбектену  керек,  мысалы,  өнер  үйреніп,  оны  өз пайдасына  жарату,  мал  бағып, егін  егу  немесе  ғалым  болу,  ұстаз,   дәрігер  болу, т.б.  Мұнда  Абайдың 31- қарасөзіндегі «естіген  нәрсені  ұмытпастыққа  төрт  түрлі  себеп  бар» — деген  үзіндіні  оқу  үшін  аса  маңызды  қағида  ретінде  түсіндіріп,  мына  үзіндіні  жаттау  «әуелі  көкірек  байлауға  берік  болмақ  керек». Мұны  қандай  еңбекпен  айналыссаң  да  әуелі  білім керек,  оны  игеру  үшін  табанды,  шыдамды  төзімді,  қайратты  болу  керек  деп  түсіндіру  мен  осы қасиеттерді  дамыту  жолдарын  үйрету.  Осы 31- қарасөздің «сол  нәрсені  естігенде,  я  көргенде  көңілденіп,  ынтамен  ұғу  керек»,  тағы бір  шарт  «сол  нәрсені  ішінен  бірнеше  уақыт  қайтарып,  ойланып  көңілге  бекіту керек» — міне, бұларды  оқушылар  жаттап  алғандары  дұрыс.  3- сыныпта  алдыңғы  сыныптағыларды қайталай  отырып  жаңа  сатыға  көтеру, мұнда  оқушылардың  өзіне  сенімін  арттыру  Абай  шығармалары  арқылы  тәрбиелеудің  арқауы  етіп  алынады.  Мұнда  ақынның:

Өзіңе  сен, өзіңді алып  шығар,

        Еңбегің  мен  ақылың  екі  жақтап…

    деген  жолдары  және  басқа да  шығармалары  арқылы — өзіне  сену  деген  не,  ақыл  деген  не, ақылды  кісі  қандай  болады- деген  сұрақтарға  жауап  берумен  қатар  Абайдың  13- қарасөзіндегі  «беріктік»  деген  сөздің  мәнін  түсіндіру, 17, 38- қарасөздеріндегі  ақыл  туралы  пікірлерді  пайдалануға  болады.  Осыларға  сүйене отырып,  әркім  өзіне   сенімді  болуы  үшін  әділ,  ақылды  болуға,  адал  еңбектенуге  кедергі болатын  өтірік,  ұрлық,  мақтаншақтық, т.б.  жаман  қылықтардан аулақ  болса  ғана  өзіне  сенімді  бола  алатындығын  ұғындыру.[7] 65-72 б.

    Мысалы  Абайдың:

     Бес нәрсеге  қашық  бол,

    Бес  нәрсеге  асық   бол.

    Өсек, өтірік, мақтаншақ,

    Еріншек,  бекер  мал  шашпақ

    Бес  дұшпаның  білсеңіз.

  Талап, еңбек, терең  ой,

         Қанағат, рақым  ойлап  қой,

Бес  асыл  іс  көнсеңіз.

    Үзіндісін  жаттатумен  қатар «бес нәрсенің» әрқайсысынының  мәнін  ашып,  маңызын  түсіндіру — өзіне  сену  пікірін  оқушыларға  жеткізудің  нанымды  етеді.  Өзіне  сенуге  тәрбиелеу әр  баланың  санасын  өз  басына  бұрады.  Мұғалім  әр  оқушыға «мен қандаймын» — деген сұраққа  өте  кең  болмаса  да  жауап  берулерін  ұйымдастырады (сауалнама,  шығарма, т.б.).  Мұнда  «мен  қалай  оқимын, тапсырманы  қалай  орындаймын,  мұғалімнің,  ата – анамның  айтқандарына  қалай  құлақ  асамын, өтірікті  көп  айтып  жіберген жоқпын ба ? », т.б. сұрақтар  көлемінде.  Бұл – оқушылардан  сын  көзқарас  қалыптастырудың  басы.  Осы  өзін  сынаудың  кемшілігінен  әр  адам,  тіпті  бір қоғам  қатты  зиян  шегуі  мүмкін. Байыпты  қарасақ,  біздің  қоғамда  осы  жағынан  азаматтарды  тәрбиелеу  кемшіндеу  секілді.  Өйткені  сын  көзқарас   қалыптастыру  мектептегі  тәрбиеге  қатысты  бағдарламалардың  бірінен де  орын  алмаған  екен. 4-сыныпта  оқу- ғылым  тақырыбы  жалғастырылып,  ол  Абайдың 38- қарасөзіндегі  ғылым  туралы  пікірлер  арқылы  тереңдетіледі: «адамның  ғылыми,  білімі хақиқитқа,  растыққа  құмар  болып,  әр  нәрсенің,  әр  нәрсенің  түбін,  хикметін  білмекке  ынтық  бірлән  табылады… ол хәмманы  білетұғын   ғылымға  ынтықтық» екендігін  түсіндірумен  қатар  адамның  өміріндегі  ғылымның  маңызын  ұғындыру  үшін  ақынның  17- қарасөзіндегі ғылым  туралы  пікірін  пайдалану  және:

Ғалым  болмай  немене

Балалықты  қисаңыз.

Болмасаң  да  ұқсап  бақ,

Бір  ғалымды  көрсеңіз.

Ондай  болмақ  қайда  деп  

Айтпа  ғылым  сүйсеңіз

    өлеңіндегі «балалықты  қисаңыз» және  «болмаса  да  ұқсап  бақ»  деген  сөздерінің  маңызын  ашып  түсіндіру.  Бұдан  соң  3- сыныптағы «мен қандаймын ?» — деген  сұрақ  тереңдетіліп, Абайдың:

    Көптің  аузын  күзетсең  күн  көрмейсің,

   Өзіңді — өзің  күзет,  кел, шығарам.

   деген  пікірін  арқау  ете  отырып,  оның:

Ойға  түстім  толғандым,

Өз  мінімді  қолға алдым.

Мінезімен  көз  салдым,

Тексеруге  ойландым.

Осынша  ақымақ  болғаным

Көрінгенге  қызықтым.

Ғаділетті  жүректің

Әділетін  бұзыппын.

Ақыл  менен  білімнен

Әбден үміт  үзіппін…

 үзінділерін  жаттатумен  бірге «көрінгенге  қызықтым…  әділетін  бұзыппын…», т.б.  сөздерінің  маңызын  ұғындыру. Мұғалім  оқушының  тек  жаман  жақтарын  емес,  жақсы  қасиеттерін  де  көруіне  жағдай  жасап, қандай  оқушыны  талапты  дейміз,  қабілетті  оқушы  қандай  болады,  еңбексүйгіштік  пен  қабілеттің  ортасында  қандай  байланыс  бар,  қабілетті  қалай  дамытуға  болады  деген  секілді  сұрақтар  төңірегінде  жұмыстарды  жүргізу   оқушылардың  өздерін  танып- білулеріне  көмектеседі.  Осылардың   барлығын  реттеп,  өмірде  іске  жаратудың  жолын  Абай  15- қарасөзінде  көрсеткен, ол: «есті  кісілердің  қатарында  болғың  келсе, күніне бір  мәртебе, болмаса  жұмасына бір, ең  болмаса  айына  бір  өзіңненөзің  есеп  ал, Сол алдыңғы  есеп алғаннан  бергі өмірді  қалай  өткіздің екен ?» Міне  оқушыларға  керегі.  Осы  үзіндіні  әр  оқушы  жаттап,  іс  жүзінде  пайдалануды  өмірлік  әдетке  айналдыруға көмектесу  керек.  Мұны  мектепте үйренбесе  ешқашан үйрене  алмайды.[8] 78-85 б.

    Абай тәрбие  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлді. «Әне  оны  берем,  міне  мұны берем  деп,  бастан  балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің? “Боқта” деп біреуді боқтатып, “кәпір, қияңқы, осыған тимеңдерші” деп, оны мақсаттандырып тентектікке үйретіп қойып, “қу, сұм бол” деп, “пәленшенің баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді” деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қыласың » деп, теріс тәрбие беретін ата-аналарды қатты сынға алады. «Ақыл- ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы – 

                          Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,

                          Бұларды керек қылмас ешкім қалап…

                          Терең ой,терең ғылым іздемейді

                          Өтірік пен өсекті жөндей сабап, — 

деп кейбір адамдардың іс- әрекетіне кейістік білдіреді.

                          Талап, еңбек, терең ой,

                          Қанағат, рақым ойлап қой, 

                          Бес асыл іс көнсеңіз,-

деп, ел қамын ойлаған адамның бойында қандай қасиеттің болуы керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің қалыбы үш нәрсеге байланысты екендігін айтады:

                           Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

                           Сонда толық боласың елден бөлек,-

деп адам мінезіндегі орынсыз мақтап, ойсыздық, салғырттық, жалқаулық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратындығын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен  үлгі-өнеге алу, жаман әдет- дағдылардан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді қастерлейді.

     Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп- жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19- қара сөзінде “ Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып,естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді” – ақыл- естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай “сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс көзқарасты әшекерлеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс- әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты, т.б. жаман мінез деп есептейді. Абай: “ Адам баласы бір- бірінен ақыл, білім, ғылым, ар, мінез деген нәрселерді озады, онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық” –дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді.

    Өсе, ер  жете келе,  тәрбие  құралдары  арқылы  бала  жанына  жақсылық  ұрықтарын  егіп,  игі  сезімдерге,  адамгершілікке  тәрбиелеуге  болады.  Ақын  бала мінез  қалыптастыруда  ата – анасының  ұстаздарының,  құрдастары  мен достарының  үлгі-өнегелері  мен  тәрбиесінің  маңызы  зор  деп  дұрыс түйіндейді.[9] 35-42 б.

    Осы  айтылғандар  және  жеке  басының  ерекшеліктері  жайлы  айтқан  психологиялық  пайымдаулары  өзінің  ғылыми  тереңділігімен  ерекше  бағалы.

    Ұлы  ақын  Абайдың  педагогикалық  көзқарасындағы  басты  нысана «Атаның  баласы  болма халықтың,  баласы  бол… жақсы  көпке  ортақ,  пайдаң  еліңе,  халқыңа  тиісін» деген  гуманистік  ой – пікірлерді  қуаттау  болды.  Оның  жастарды  тәрбиелеудің  педагогикалық  көзқарастары  дүниежүзілік  педагогика  классиктері  Ж.Руссо, Д.Дидро,  И.Кант, т.б., орыстың  ойшыл  педагогтары:  Л.Н.Толстойдың,  К.Д.Ушинскийдің  ағартушылық  ой – пікірлерімен  терең  қабысып  жатыр.  

    Абай  ұрығын  сепкен  оқу,  өнер- білім,  адамгершілік  әдет,  мораль  мәселелері қазақ  халқының  рухани  азығына  айналып  отыр.

    Еліміздің  егемендік  алуы,  қоғамдағы  жаңарулар  ұрпақ  тәрбиесінің  жауаптылығын  бұрынғыдан  да  асырып  отыр.  Осы  жауаптылықтан  туындайтын  «Демократиялы  қазақ  елі» атану  үмітінен  қуат  алған  еліміздің  жаңа  адамды  қалыптастыру  жолындағы  оқу – тәрбие  жұмысы  өзіне  керекті  ақыл  сөз  бен  асыл  сөздің  бәрін  Абай  мұрасынан табады.  Оның  адам  тұлғасын  қалыптастыруда  негіз  боларлық  ғибрат  сөздері  ұрпақ  тәрбиесіне  ат  салыссам  дегендердің  тілегімен  тікелей  қабысып  жатыр.  Солай  бола  тұра,  мектепте  қазіргі  оқылатын  Абай  шығармасы өзінің  көлемі  жағынан  және  баланың  жас  ерекшелігіне,  білімділігінің дәрежесіне  лайықтылығы  жағынан  талапқа  сай  алынбағандығы  байқалады.  Дәл  осы  айтылғандардың  салдарынан  әр  мазмұнды  оқушыға  меңгеруге  керекті  әдістемелік  негіз   жоқтығы  Абай  шығармашылығын  меңгеруде  көп  қиындық  тудырады.

    Бұл  олқылықтардың   болуының  толып  жатқан  өзіндік  себептері  бар.  Кеңес  дәуірінде  Абайды  саясатқа   бірде  қабылдап,  бірде  қабылдамай  жүрді,  тіпті  атаусыз қалдырған  тұстары  да  болды.  Соның   салдарынан  мектепте  оқыту-оқытпау  тиянақты  болмай,  бағдарламалар  мен  оқулықтарға  жүйелі  түрде  енгізілмеді.  Абайға  деген  бұл көзқарас  оның  жан – жақты  ойланып  оқылуына  ырық  бермеді.

    Кеңес  дәуірінде  Абай  шығармаларының   өзіндік  ерекшелігін  ескере  отырып  оқытуға  көңіл  бөлу  арнайы  сөз  бола  қоймады.  Жалпы  алғанда  орыс  мектебінің  тәжірибесі  мен  әдістемесінде  бар  зерттеулерге  сүйену  дәстүрі  қазақ  әдебиетінің  оқыту  әдістемесінде  де  үстемдік  етті.  Сөз  жоқ,  сол  әдістеменің  ішкі ерекшелігіне  бойлап  жатпай – ақ,  Абай  шығармасын  оқытуда  да  қолданылады.  Одан  бері  қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі  даму  үстінде  болды  десек  те,  Абай  шығармасын  оқыту  барлық  жағынан  талапқа  сай  жүргізілді  деу, түгелдей  қазақ  мектептерінің  оқулықтары  терең  ғылыми- әдістемелік  негізге  сүйеніп  жасалған  деп  айту  қиын.

    Ал бүгінгі  қазақ  елі  өзінің  ұлттық  мәдениетін  жандандырамыз  деген  егемендіктен  келген  құлшыныс  түсында  әсіресе,  Абайды  танытудағы  олқылықтың  есесін  толтыруға  дереу  кірісу   қажеттілігі  ешбір  қарсылық  туғызбаса  керек.  Абайдың  тұлға  қалыптастыруға  қатысты  айқын  сөздері  бүгінгіге  де,  болашаққа  да  бағдар.  Олай  болса,  Абай  ғибратын  ұрпақ  бойына  сіңіру,  оның  шығармаларындағы  мазмұнды  оқушы  өміріне азық  етерлік  деңгейге  көтеру  жолын  білу  керек.

    З. Ахметов «Абай  творчествосын  түгелдей  алып  талқыланғанда,  жеке  шығармаларын  талқылағанда  да  екі  түрлі  талдау  принципін  дұрыс  ұштастыра  білу  шарт», — деп көрсетіп: «Оның  бірі – тарихи  принцип, яғни  ақын  шығармаларын  туғызған  заман,  қоғамдық  орта  әлеуметтік  жағдаймен  байланыстыра  қарау  болса,  екіншісі  — бүгінгі  заман тұрғысынан  қарау,  қазіргі  моральдық  ұғым – түсінік идеяларға  үйлестіре  қарап  бағалау», — дейді. З.Ахметовтың  Абай  шығармаларын  өмір  сүріп  отырған заман  мен уақытқа  байланысты  көзқарасқа  бағындыруы  қажет  деуі  себепті,  бұл  пікір  кеңес  заманында  қоғамдық  бағыттағы  ұжымды  мораль  мүддесіне   сай  болу  ыңғайында айтылған  сияқты.  Бұл  ұсынылып  отырған  талдау  принциптері  бүгінгі  талап-тілек  тұрғысынан қарағанда  да  негізгі  мүддеден  алшақ кетпейді.  Сондықтан  Абай  шығармаларын  бұрын  жеке  тұлғаның  қалыптасуының  бір  факторы  болып   есептелетін  қоғамдық  орта,  тарихи  кезеңге  көңіл  бөлген  орынды.

    М.Мырзахметов  Абай  туралы  еңбегінде Сырдария  обылысының  генерал – губернаторы  Н.И. Градеков «… 1867 жылдың  заңы … Қазақ  руларын  ыдыратып,  әлсірету  мақсатымен  көшпелі  халықты  болыс –болысқа,  ауыл-ауылға  бөлуді өте  қажет  деп  қарады.  Өйткені  көптеген  қазақ  руларын  тұтастырып,  бір үлкен  ру  басына  билету  саяси  жағынан барынша  зиянды нәрсе  деп  табылды »,- деп  атап  көрсету  жай  нәрсе  емес» — дейді.[10] 139-148 б.

    М.Әуезов “Абайдың  өмірбаяны” деген  еңбегінде  осы  мәселелерге  қатысты  ру  ішіндегі  талас – тартыстың  кең  етек  алғанын  баяндайды: «Құнанбай  Жігітектің  он  жеті  адамын  Сібірге  айдатады…  Сотталу,  абақтыға  жабылу, айдалу  дегендер  ел  көрмеген үлкен  сұмдық  саналатын… Бір  Құнанбай емес  осы  кезде  ел  ішінде  жауласқан  күшті жуанның  бәрі  де  бір- бірін  ұлық арқылы жер  аударып  жазалап  жүрді.  Кейін  сіп  іске  араласатын  жас  Абайдың  алдында  әкесі  тастап  кеткен  зор  пәле,  қайшылық,  зорлық  тұрған-ды», — деп жазады.

    Бала  күнінде ескіше  хат  таныған  Абай  он  екі  жасында  Семейде  Ахмет  риза  медресесіне  түседі.  Абай  он  төрт  жасында  медреседе оқи  жүріп, үш  ай  орыс  мектебінен  дәріс  алады.  М.Әуезовтың   жоғарыда  айтылған  еңбегінде «Абайдың  үш-ақ  жыл  оқуы  сырт  көзге  аз  оқу  болса  да,  өзіне  көп  жаңалық  беріп,  көп  жаңа  дүниенің  шетін  ашқан  сияқты.  Алдымен  ақындарды  көп  оқуға  себепті  Абай  араб,  парсы  тілін сол  үш  жыл  ішінде  жақсы  біліп  шыққан.  Мұның  белгісі  сол заманнан  қалған  бірен-саран  өлеңдерінен  білінеді… Қаладағы оқудан  шығыс  ақындарды  сүюді,  ақындықты  сүюді ала  келген Абайға ендігі зор тәрбиеші, ұстаз- қазақтың  халық  қазынасы  болады. Осылайша  ел  даналарын  танып, соны  ерте  қамтуы  жас талапкерге  жаңа зор  мектеп  болады»,- дейді.[11] 145-156 б.

    

ІІ-тарау.  АНА  ТІЛІ  САБАҚТАРЫНДА  АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН                                                          ОҚУШЫЛАРДЫ  АДАМГЕРШІЛІККЕ  ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ

РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ӘДІС- ТӘСІЛДЕРІ.

2.1. АНА ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ  АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ

БЕРІЛУ  ЖҮЙЕСІ.

ХІХ ғасырдың  екінші  жартысында  Абай  өмір  сүрген  кезең  біріншіден,  қазақ  даласына  орыс  мәдениеті арқылы Европамен   танысу  мүмкіндігін  берсе,  екіншіден  қазақ  халқының  санасында  өзі  туралы жағымсыз ұғымның  қалыптасуына  ықпал  ету  мезгілі  болғаны  анық.

    Отаршылдық  саясатын  зымияндықпен  жүргізу  арқылы  бүкіл  қазақ  жерінде,  оның  ішінде Абай  өмір  сүрген  өңірде  де,  халық  бірлігіне  нұқсан  келтіріліп,  шенқұмар,  жағымпаздық,  бақталастық,  көзқызарлық  психология  қалыптасты.  Мұны  Абай:

Бас-басына  би  болған  өңкей  қиқым

Мінеки,  бұзған  жоқ  па  елдің  сиқын,

-деп патша  үкіметінің  астыртын  саясатын  көргендікпен  сезіп,  түйді. 

Сондықтан:

Бірі  қан,  бірі  май  боп  енді  екі  ұртың,

Мінеки, бұзған  жоқ  па  елдің  сиқын,  

— деп  патша  үкіметінің  астыртын  саясатын  көргендікпен  сезіп,  түйді.

Сондықтан: 

  Бірі  қан, бірі  май  боп енді екі  ұртың,

Өз  қолыңнан  кеткен  енді  өз  ырқың.

— деген  еді.

    Халықтың  саяси  санасының  төменгі, саяси-әлеуметтік  надандық,  онсыз  да  нашар  ішкі  жағдайда  одан ары  ұшындырған  қитұрқы  саясат – міне,  осылардың  барлығы  ақынның  ой-санасының  шыңдалуына   алып  келсе,  өз  бетімен  білім  алуы  оның  ой өрісін  кеңейтіп,  дүниеге  ауқымды  көзқарас  қалыптастырды.  Сөйтіп  ол қоғамның  негізгі  қозғаушы  күші – адам  екендігін,  оның  дамуы,  оның  санасының  жетілуі,  өз  алдына  қойған мақсат- мұраттарына  байланысты  болатындығын  ұғынды.  Ол  өзінің  адамдарға  ақыл – кеңесін  ақындық  дарынын  пайдаланып  жеткізуге  ұмтылды.  Өз  шығармаларын  ең  алдымен  «көңілінің  көзі  бар», «естілерге» арнаса,  қалғандарын  олардың  соңынан  еруге  үндеді  және  оның  жолдарын  да  нұсқады.

    Абай  шығармалары  жарық  көрген  күннен  бастап,  өткен  жолы  да  бірыңғай  сыдыр  болған  жоқ.  Бұл  ретте  20-жылдары  олардың  кейбіреулеріне  ұлтшыл,  идеалистік  кертартпа  деген   мінездермен  берілді.   Бұл  өз  ретінде  абайтануға  оның  тәрбиелік  ой- пікірлерін  толық  ашуға,  мектеп  және  басқа  да  оқу- тәрбие  мекемелерінде  оларды  толыққанды  қолдануға  кедергі  болды.  Ал  одан  кейінгі  жылдарда, орыстандыру  саясатының   астыртын  жүргізіліп,  барлық  ой- сана  коммунистік  идеологияның  қысымында  болуы  салдарынан  ұлттық  мүдде  мен  дінге  адамның  тегі,  тәрбиесіне  қатысты  ақынның  кейбір  пікірлерін  толық  ашу  мүмкіншілігі  болмады.  Оның  үстіне  жалпы  ұлттық  негізінде  жалпы  тәлім – тәрбие  беру  мәселелері  тұншықтырылып келгендіктен   ұлттық  мектеп,  ондағы  оқу- тәрбие  ісі  кең  қанат  жайып,  дами  алмады.  Оның  өзі  Абай  шығармаларын  оқу – тәрбие  процесінде  қолдану  ісіне  де  кері  ықпалын  тигізді.  Қазіргі  күнде Абайтану  оңаша  бір  ғылым  саласы  болып,  жан- жақты  терең  зерттелуде. Осыған  орай  ақын  мұрасындағы  тәлім- тәрбиелік  ой-пікірлерді  оқушылардың  күнделікті  өміріне  қағида,  ереже  етіп ендіру  оқу-тәрбие  мекемелерінде  практикада  жүзеге  асырудың  жаңа  мүмкіншіліктері  туындап  отыр.  Бірақ  бұл  Абай  шығармаларындағы  педагогикалық,  психологиялық  пікірлерді  оқу- тәрбие ісіне  пайдаланудың  жолдарын  ғылыми  негізде  қарастыру  мәселесін  шешуге  келіп  тіреледі. [12] 53-65 б.

    Абай  мұрасындағы тәлім- тәрбиелік  ойларға  ең  алдымен  назар  аударғандар  қазақтың  көрнекті  зиялылыры   болғандығын  білеміз.

    А.Байтұрсынов «Қазақтың  бас  ақыны» деген  мақаласында:  «Абайды  қазақ  баласы  тегіс  танып,  тегіс  білу  керек»,- деген  еді.

    Абайтану  ғылымының  қалыптасуына  ерен  еңбек  сіңірген  жазушы,  ғалым М.О.Әуезов  оның  өзекті мәселелеріне  тоқтала  келіп, ақынның  тәлім- тәрбиелік  пікірлері  «ендігі  сөз  ұғатын  жастарды  жаңа  жолмен  өзі  қиял  қылған  адамшылыққа  қарай  жетектеп  баулығысы  келеді,…  Өлең  сөздерімен  бір  ақыл  айтса,  ауызша  өсиет,  ұзақ  мәжілістерімен  тағы  да баулып,  ылғи  ғана  таза адамшылық  жолына  үгіттейді.  Әділдік,  шыншылдық,  арлылық,  ойшылдық сияқты  адамды  адам  қылатын  жан  тәрбиесінің  барлық  негізі қаланады» — деп  белгіленген.

    «Тіл-құрал» — деп А.Байтұсынов  айтпақшы,  адамдар  арасындағы мәміленің  ең  қолайлы,  көркем  және  тиімді  түрі  сөз  екені  көпке аян.  Сөздің адамға  ықпал  ететін  әр  түрлі  қасиеттерін  аңғарып,  кереметін  толық игерген  Абай: оны «жалын  мен  оттан  жаралған» немесе  «қуаты  күшті  нұрлы  сөз»  десе  тағы  бір  өлеңінде  «қуаты  оттай  бұрқырап» — деп  теңейді.

    Шешендік- көрген,  білгенін  ақыл  тереңдігі,  ой  қуатымен  зерделеп,  сөз  тауып,  тап  басып,  тайсалмай  айта  білу.  Әрине, ол  елдің  бәріне  бірдей  пән  бола  бермейтін  дарындылардың ғана  елден  ерек  бір  сипаты  десек  те  болады.  Шешен  болып  тумаса  да  сөз  өнеріне  белгілі  бір  деңгейде  кім  де  болса  игере  алатындығына  сенеміз.  Сөз  өнері  туралы  А.Байтұрсынов  «айтушы  ойын  өзі  үшін  айтпайды,  өзге  үшін  айтады.  Сондықтан  сөйлейтін  тілін  жақсы  қолдана  білу  тиіс»- деген  еді.  Сөз  өнерін  ерекше  бағалаған  халқымыз  «өнер  алды  қызыл  тіл» десе,  Абай:

  Өткенді  жүзі,

Кестенің  бізі

Өрнегін  сендей  сала  алмас.

— деп  барлық  өнерден  жоғары  қояды.  Абай  өзі  ата- бабаларынан   бері  қарай  ел  басқарған,  сөз өнерін  терең  игерен  тұқымнан  екені  белгілі.  Өскен  ортасы  оның  осы  қасиетінің  дамуының  алғы  шарты  болған.  Ақынның  бәрі  шешен  емес,  шешеннің  бәрі  ақын  емес.  Демек  Абайға  екі  өнер  дарыған:  бірі – ақындық,  екіншісі- шешендік.  Бұл  да  бір  туа  біткен  дарын.  Біздің  пікіріміз  бойынша шешендікке  бейім  болудың  бір  ерекшелігі  естігенін  ұмытпайтын  құйма  құлақ  болса,  одан  соңғы  басты ерекшелігі – орынды  жерде, әлгі  көргені  мен  естігенін  қабыстырып  сөз  тауып  айта  қою.  Әрине  сөз  байлығының  орны  ерекше.

    Халқына  өлмес  мұра,  ұлылық  ой  қалдырып,  ұлтымыздың  рухани көсеміне  айналған  Абай  тұлғасы – бүкіл  адамзатқа,  әсіресе  жастарға  үлгі- өнеге  боларлық  тұлға.

    Абай – халқын бауырластық  пен  ауызбірлікке,  жемісте  де  қажырлы  еңбекке,  оқу – білімге,  ғылым  мен  мәдениетке  әлемдегі  ізгілікті үлгілерден үйренуге  үндеген  қазақ  халқының  басына  біткен  бағы.  Абай  даналығын  шәкірттерге  таныту,  оларды  Абай  шығармалары  арқылы  адамгершілік  пен  ізгілікке  тәрбиелеу  қазіргі кездегі мектеп  алдында тұрған  басты  мақсат болып   табылады. [13] 93-112 б.

    Ендігі  мәселе – бастауыш  сыныпта  алынған  өлеңдер  қалай  оқытылуы,  түсіндірілуі  тиіс?

    Ең  алдымен,  төменгі  сыныптарда  оқушыларды  мәнерлеп,  әуезді – сазды ерекшеліктерін  сақтай  отырып  оқуға  үйретіп,  сонан  соң  оқығанын  түсіне  білуге  жетелеген  жөн.  Бұл  мәтіндегі  сөздерді  түсіндіруден  барып  қалыптасады.  Сондықтан   көрсетілген өлеңдерді  оқытудың  әдістемесі  сыныбына  қарай  алуан  түрлі  болып  іске  асырылады. (Мысалы,  іштен  оқу  жоғары  сыныптарда  басым, т.б.).

    Көбінесе  Абай  өлеңдерін  мәнерлеп  оқу  үлгісін  мұғалім  өзі  көрсетеді.  Осыдан  кейін  өлеңдегі  сөздер  мен  тіркестерге  ерекше  тоқталып, олардың  мән мағынасын  ашуы,  сөздердің,  тіркестердің  мағыналас   қатарын,  синонимдерін  тапқызу  қажет.  Бұл  ретте  өмірден  қарапайым  мысалдар  келтіріп,   салыстырып  әңгімелеудің  мәні  ерекше.  Мысалы,  «әсемпаз  болма  әрнеге» өлеңіндегі «әсемпаз»,  «өнерпаз» сөздерінің  мәнін  ұғындаруда  «әсемпаз  адам  қандай ?»,  «өнерпаз  адам  ше ?»,  Неге  Абай  «арқалан» деп  тұр?  «Сен  де  бір  кірпіш» дегенінесі?  «Кетігі»  деген  сөзді  қалай  түсінесің? Оны  тағы  қандай сөздермен  ауыстыруға  болады? т.б.  сұрауларға  оқушылардың  өздерінен  жауап  алу – оларды  ойлантуға,  онан  әрі  өз  пікірі  мен  ойын  ауызша  жеткізуге  жетелейді, яғни  ойы  мен  тілін  дамытады.  Ал  оқып  отырған  шығарманың  тақырыбы  мен  идеясын  түсіндіруге  ақынның  көзқарасын  оның  ой – пікірімен қоса түсіндіру, өмірмен  байланыстыру, баланың  жан  дүниесіне  әсер  ету  сияқты  мәселелерді  бала  түсінігіне  сай  жеткізу  мұғалімнің  әдіскерлігіне,  шеберлігіне,  тіл  байлығына  байланысты.

    Осылардың  бәрінің  түйіні,  сайып  келгенде,  Абай  өлеңдеріндегі  сұлу  суреттеулерге,  теңеулерге,  т.б  оқушы  көңілін  аударту.  Балаларға  шығарманың   көркемдігін,  бейнелілігін  танытып  тұрған  көркем  сөздерге  тоқталу.  Айталық,  суреттеп  тұр  ма,  сипаттап  тұр  ма? т.б.  анықтап  алған  соң,  оқушыларға  сол  сөздерді  тапқызу. Мысалы, «Күз» өлеңіндегі  «сұр  бұлт», «дымқыл  тұман»  тіркестерінің  мәнін  ашу  арқылы  табиғат  құбылыстарын,  ауа – райындағы  өзгерістерді  көз  алдарына  елестеткізу,  ол  өзгерісті  қазақ  тұрмысын  байланыстыра  баяндату,  мұндағы  суреттеу  тәсіліне  тоқталу  арқылы  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  оятуға  әбден  болады. [14] 65-78 б.

    Бастауыш «Ана  тілі» өқулықтарындағы  Абай  шығармалардың  берілу  тәртібін сызба  арқылы  көрсетейік:

Бастауыш  білім  мазмұнындағы  Абай  шығармалары.

Оқулық Авторлар Берілген Абай       шығармаларының  тақырыптары.
1 «Ана  тілі» 1-сыныпқа  арналған Алматы, «Атамұра» Әуелбаев Ш.

Наурызбаева Ә.

Ізғұттынова Р.

Тәжімбаев  С.

«Қыс»

 «Адам  болам десеңіз»

2 «Ана- тілі» 2- сыныпқа арналған.

Алматы, «Атамұра»

Рахметова С.

Жаманқұлов П.

Қабатаева Б.

«Күз»

«Ғылым таппай мақтанба»

«Желсіз  түнде  жарық  ай»

3 «Ана тілі» 3-сыныпқа  арналған.

Алматы, «Атамұра»

1999ж

Әбдікәрімова Т.

Рахметова  С.

Қабатаева  Б.

Абайдың  Крыловтан  аудармасы – «Шегіртке  мен  құмырсқа»

«Қыс»,  «Жазғытұры»,  «Жаз»,  «Адам болам  десеңіз»

4 «Ана  тілі» 4-сыныпқа  арналған.

Алматы, «Атамұра» 2002 

Рахметова  С.

Әбдікәрімова  Т.

Қабатаева Б.

«Абайдың  қара  сөзі»

 

Бастауыш  сынып  білім  мазмұнында  Абай  туралы  қандай  шығармалар  берілген  деген  сұраққа  жауап  берсек, 2-сыныпта  М.Әуезовтың  «Бала  Абай», Т.Жұртбайдың  «Бала  Мұхтар  мен  Абай»,  3-сыныпта  ел  аузынан  жазылып  алынған «Абай  мен  Әбіш », К.Оразалиннің «Абай  шаңырағы»,  М.Әуезовтің  «Боран»,  «Әке  арманы», 4- сыныпта  М.Әуезовтың  «Бүлдірген  тере  барғанда»  деген   шығармалары  келтірілген.  Абай  шығармаларының  және  Абай  туралы  шығармалардың  бастауышта  әр  сыныпта  осылайша  топтаса  берілуін біз  оқулықтың ұтымды  жағы ретінде  атап  өткіміз  келеді.  Өйткені,  бұл  шығармалардың  қай – қайсысының  болмасын  танымдық – тәрбиелік, дамытушылық  мүмкіндіктері  мол.  Абай  туралы  шығармалардан  ақынның  өмірі,  өскен  ортасы,  көзқарасы туралы  мағлұматтар  алса,  Абайдың  төл  туындылары – оларды  адамгершілікке  тәрбиелеу  мектебі.  Өйткені  Абайдың  қай  шығармасын  алып  қарасақ  та,  адамгершілік  мәселесі  ту  етіп  көрсетілген.  Оған  көзімізді  келесі  сызба  арқылы  жеткізуге  болады.[15] 64-79 б.

Абай  шығармаларындағы  адамгершілік  мәселесі.

«Ғылым  таппай мақтанба» pastedGraphic.png Ғылым  таппай  мақтанба,  Орын таппай  баптанба

Дүние  де  мал  да  өзі

Ғылымға  көңіл  бөлсеңіз. 

Ғылымға, өнерге  шақыру
Қара  сөзінен pastedGraphic.png Күллі  адам  баласын  қор

Қылатын  үш  нәрсе  бар.  Сонан  қашпақ  керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік,  үшінші – залымдық.

И.Крыловтан аударма

«Шегіртке мен құмырсқа»

pastedGraphic.png Ала  жаздай  ән салсаң

Селкілде  де  билей  бер.

Еңбекке  шақыру
 «Қыс»,

 «Жазғытұры»,

 «Жаз»,

 «Күз»,

 «Желсіз түнде жарық  ай»

pastedGraphic.png Табиғат  лирикасы,  сұлулықты  сезінуге баулу.

      Бастауыш  сынып  балаларының  жанына  жақын  Абайдың  табиғат  лирикасы  мен  өсиеттері.  Абайдың  табиғат  лирикалары  өз  алдына  жеке  сөз  етуді  міндеттейді.  «Абай  бейнелеген  жаз  бен  қыс,  көктем  мен күз,  жайлаудағы  ауыл,  даланың  түнгі  тынысы,  әр  түрлі  кейіптегі  табиғат көріністері  ғана  емес,  адам жанының құбылыстарымен,  елдің  тіршілік – тынысымен  тікелей  байланысты  өміршең  суреттер» дейді  ғалым  Т.Ақшолақова.

    Абай – табиғатқа  жан бітіре, көркем  де  әсерлі бейнелеудің  теңдесі  жоқ  шебері. Абайға дейін  қазақта табиғаттың белгілі бір  сәтін,  көрінісін  немесе  жылдың  әр мезгілін  арнайы  жеке  өлең етіп  жазу  дәстүрі  болмаған.  Ақынның  айтуынша  табиғат – күллі  тіршілік  атаулыны  құтты  қоныс  мекені,   алтын  ұя,  тал бесігі,  Абайдың  осы  тақырыпқа жазылған   шығармалық  мазмұны  қоршаған  табиғаттың  жанды  бояуын,  іңкәр  сәтін  кінәрәтсіз құрметпен,  оның  ішінде  қазақтың  барлық  іс- әрекетін,  салт- дәстүрін,  мінез,  ой  қабілетін  көрсете  білгенін  дәлелдеді.

    Сондай  туындылардың  бірі – “Жазғытұры” өлеңі.  Көктемнің  жазға ұласар  шағындағы  қазақ  жерінің  табиғаты  мен  елінің  тіршілігіндегі  көркем  де  көңілді  өзгерістер  ғажайып  суретті  тілмен,  құлпырған  жарқын  бояқтармен, қуанышты  көңіл  күймен  жырланады.  Дала  табиғатының  әсе  де  шат  үнге, алуан  түрлі  құлпырған  бояқтарға  толы  көрінісі  мен  қыр  елінің  жайдары  да  қуанышты  абыр-дабырлы  тіршілігінің ғажап  салтанатын  ақынның  қалай  суреттеп  жеткізгенін  сөзбен  айтып  беру  мүмкін  емес.  Масатыдай  құлпырған  жер,  аң- құстың,  адамдардың  қуанышты,  ата – анадай  елжіреген Күн,  жан – жануар,  жәндіктің,  ағаш  пен  гүлдің  Анасы  Жердің  иіп  емізуі,  әкеңдей  алып  Аспан,  Күн- күйеу,  Жер-қалыңдықтың  сағынышы,  Жер- қалыңдықтың  көңілі  Күн  лебіне  тойғаннан  соң,  толысып  тоты  құстай  түрленуі- бәрі-бәрі  оқушының  күз  алдына  үлкен  алдына панорама  туғызғанда,  оларға Абайдың  ақындық  пафосын  аңғартады.  Өлеңді  оқып  тұрып:  “Балалар,  тыңдандаршы,  осы  өлеңде  адамдардың  дауысы,  күлкісі  естіле  ме?” деп  сұраймыз.  Балалар  қуана  шу  ете  түседі: “Апай  естіледі, кемпір – шалдың  дауысы,  балалардың  дауысы,  қозы – лақ қуған, таймен  шапқан  балалардың  шуы,  қыз – келіншектердің әдемі дауысы  естіледі”. Содан  соң  өлеңді  оқып  отырып,  оған  көз  жеткізеді   де  бала  жаны  қиялмен  жазғытұрымдағы  жайлауға  кетеді.

    Абай  шығармалары  1- сыныптан  бастап  бастауыш  сынып  бағдарламасына енген.  1-2 сыныпта  оқытылатын  “Ғылым  таппай  мақтанба”,  “Әсемпаз  болма  әрнеге”, “Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім” өлеңдерінің  тәрбиелік  мәні  ерекше. Ақын  осы  өлеңдері   арқылы  адамгершілік  қасиеттерді  дәріптеп,  жат  қылықтан  жирендіріп,  оқушыға  үлкен  ой  салады.  3-4  сыныптардан  оқушылар ақынның  табиғат  лирикаларымен,  аудармасымен,  қара  сөзімен  танысады. [16] 46-59 б.

    Абай  шығармаларын  бастауыш  сыныптарда  тәрбиелік  мақсатта  пайдалануда  педагог- ғалымдар  мен  психологтардың  жас ерекшеліктері  туралы  ілімі  және  Абайдың  жас  балаларға  арнаған  тәрбиелік  пікірлеріне  сүйену  іс- шаралардың  нәтижелі  болуының  кепілі.

    Абай  атамыз  жер  ортасы  жасқа  келгенде  бірыңғай  кітап  оқып,  өлең  жазуға  отырғанынан біз хабардар  болдық.  “Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім” өлеңі – осы  кезеңнің  алғашқы  туындыларының  бірі.  Оқу – білімді  шексіз  ардақтаған  ақын,  жасымнан  біржолата  ғылым  соңына  түспедім  деп  өкінеді.  Өз  заманының  ең  оқымысты  кісісі  бола  тұра,  білгенін   азырқанады.

    Абай,  өз  сөзімен  айтқанда,  “бұзылған  заманды  түзетудің” жолын  іздеді.  Сондағы  бір  сенгені  жаңаша терең  білім  алып  адамшылықты  бойына  мол   дарытып  өсер  ұрпақ  болады,  содан  көп үміт  қүтті.  Оның “Әсемпаз  болма  әрнеге” атты  түрі  мен  мазмұны  жаңа  тамаша  өлеңіне  сол  үміті  арқау  болған. 

    Данышпан  ақын  жас ұрпаққа  ертеңгі  дүниенің  кем – кетігін  бүтіндеуші,  өмір  сарайының  құрылысшысы  деп  қарады.  Сондықтан  оған:  “Сен  де  бір  кірпіш  дүниеге,  Кетігін  тап  та,  бар,  қалан !”-деп  аталық  әмір  беріп,  адамдық  ұлы  міндет  жүктейді.  Ол  үшін  қайырымдылық  пен   адалдық  қайрат  пен  ақыл  керек  екенін  ескертеді.

     “Ғылым  таппай  мақтанба” – жас  ұрпаққа  деген  аталық   мейірден,  үміт  пен  сенімнен   туған  өлең.  Абай  “адам  болам” деген  жасөспірімге  тікелей  тіл  қатып,  ашыла сырласады,  тілі  де  жеңіл  түсінікті.  Ең  ардақты  мақсатың – ғылымды  меңгеру  дей  тұра, бес  зиянды   нәрседен аулақ  болып,  бес  асыл  қасиетті  бойыңа  дарытпасаң,  ғылымнан  да  опа  жоқ  дегенді  бірден  ашып  айтады.

    Дана  ұстаз  бұл  өсиет  өлеңін жазарда  көп  ойланып,  көп  толғанғаны байқалады.  Ол  бұрынғы өткен  “не  бұлбұл  шешен,  не  дүлдүл  көсемдерді” еске  алады.  Диуани  сықылды  атақты оқымыстылардың  айтқандарын  ой  елегінен  өткізеді  (өзі: “Ақыл  сенбей  сенбеңіз,  бір  іске  кез  келсеңіз”,- дейді  ғой).  Сөйтіп,  “тілеуі  мен  өмірі алдағы” ұрпағына  өлмейтін,  ескірмейтін  аылын  айтады.

Болмасаң  да ұқсап  бақ,

Бір  ғалымды  көрсеңіз. 

Ондай  болмақ  қайда  деп

Айтпа  ғылым  сүйсеңіз,

— деген сияқты шексіз  сүйіспеншіліктен  туған  даналық  ақыл  кеңес  беріп,  жамандықтан  сақтандырады,  адамгершілікке  жетелейді. [17] 365-371 б.

    Әдебиет – сөз өнері,  “ішіндегі  пікірді,  қиялды үнін  тәртіптеп  қисынын,  қырын,  кестесін  келістіріп  сөз  арқылы  тысқа  шығару – сөз шығару” өнері  дегенімізде,  ең  алдымен,  өзі  айтқандай  “қуаты  оттай  бұрқыраған” /2/ сөздің иесі – Абай, оның артында  қалдырған  мол  мұрасы,  асыл  қазынасы – көркем  шығармалары  тілге  оралады.  Бастауышта Абайды  таныту,  оқушыларды  Абай  әлеміне  апару,   оқушыларға  ұлы  ақынның   шығармаларындағы  адамгершілік  мұраттарын  ашып  көрсету “Әдебиеттік  оқу” пәнінің  оқушыларды сөз  өнерінің  қыр – сырымен  таныстыру  арқылы  оларды  инабаттылыққа,  сұлулыққа  т.б.  тәрбиелеу  міндетімен  астасып  жатыр.  Олай  деуімізге   толық  негіз бар.  Абай  шығармалары – сұлу сөзбен  өрнектелген  адамды  адамгершілік  тұрғысынан  жетілдіруді  көздейтін  үлкен  даналық  ойлармен  ұштасып  жатқан  философиялық   тұжырымдар.

    Абайдың  мұраты – адамды  адамгершілік,  кісілік  жағынан  жетілдіру  арқылы қоғамды,  қазақ  қоғамын  ілгері  дамыған  мәдениетті елдер қатарына  қосу.

    Саналы  ғұмырын  Абай  мұрасын  зерттеуге  арнаған  академик М.Әуезов  ол  туралы  “Сахараны  басқан  қара  түн – түнекті  қақ  жарып, жалғыз  қолда  жалынды  жалғыз  шырақ  ұстап,  халқына  бет нұсқап:  «Таңың  белден  атады,  күнің  сонау  жақтан  шығады» – деп  кеткен  ақын  едің  дейді  тебіреніп .  Абайша  сөйлесек, “… жүрек  айтыпты: Мен – адамның   денесінің  патшасымын,  қан  менен  тарайды,  жан  менде  мекен   қылады,  менсіз  тіршілік  жоқ.  Жұмсақ  төсекте,  жылы  үйде  тамағы  тоқ  жатқан  кісіге  төсексіз  кедейдің,  тоңып  жүрген киімсіздің,  тамақсыз  аштың  күй – жайы  қандай  болып  жатыр  екен  деп  ойлатып,  жанын  ашытып, ұйқысын  ашып,  төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен  ұят  сақтап,  кішіге  рақым қылдыратын – мен ,  бірақ  мені  таза  сақтай  алмайды, ақырында  қор  қылады.  Мен  таза  болсам  адам  баласын  алаламаймын:  жақсылыққа  елжіреп,  аритұғын – мен  жаманшылықтан жиреніп,  тулап кететұғын – мен, әділет,  нысап,  ұят,  рақым,  мейірбаншылық  дейтұғын  нәрселердің бәрі  менен  шығады,  менсіз осылардың көрген  күні  не  ?”. Ұлы  ұстаздың  осы  ұлағатты  сөзінің  мағынасын ашатындай  мәтіндер бастауыш  “Ана  тілі”  оқулықтарында  төмендегідей  ретпен  берілген:  “Ғылым  таппай  мақтанба”,  “Желсіз  түнде  жарық  ай”,  “Күз” (ІІ сынып);

    “Қыс”,  “Жаз”, “Жазғытұры”, “Адам болам  десеңіз”, “Шегіртке  мен құмырсқа” (М.Крыловтан  аударған) (ІІІ сынып).

    Абайдың  қара сөзінен (ІV сынып)

    Аталған  шығармаларды  қазіргі  мектеп  алдына  қойылып  отырған  дамыту  приципіне  сай  шығармашылық  сипатта  оқушы  санасына  жеткізудің  әдіс- тәсілдеріне тоқталайық.  Қандай  шығармашылық  жұмыстар  болмасын,  тек  оқушыны  қатыстырған  жағдайда  ғана  жүзеге  асады.  Шығармашылық  жұмыс  атқару  үшін  ең  алдымен  оқушы  берілген  мәтінді  саналы  ұғынуы  қажет.

    Саналы  ұғынуды профессор  С.Рахыметова  атап  көрсеткендей,  ең  алдымен  мәтінді  қабылдауға  оқушыларды психологиялық дайындаудан  бастап,  мәтінге  байланысты  сөздік  жұмысын   жүргізу, шығарманы  оқу,  оқылған  шығарманың  мазмұнын  айту,  шығарманың  жоспарын  жасау  жұмыстарын  сатылап  жүргізу  деп  түсіну  қажет [18] 154-159 б.

    Абайдың  табиғат лирикасын  бастауышта  саналы  ұғындыру  барысындағы  ұстаздың  кіріспе  әңгімесі  бастауыш  сынып оқушыларының  жасына,  ой — өрісі, қабылдауына  сай  Абайдың  әдебиетіміз  бен  мәдениетіміздегі  алатын  орнын,  оның  шыққан  тегі,  тәрбие,  білім, өнеге  алған  жерлері,  ақынның  артында  қалдырған  мол  мұрасы,  ұрпағына  айтар  өсиеті  жайында  болып келеді.

    Табиғат,  Абайша  айтқанда, “Алланың махаббатпен  жаратқаны”.  Абайдың  табиғат  лириасы – оқушыны  сұлулыққа  тәрбиелеу  жолы. Ақын  адам  сұлулығын  табиғат  сұлулығымен  бірлікте  алады. Мысалы,  “Жаз” өлеңінде  жазғы табиғат  сұлулығы  сыңғырлай күліп  үй тіккен  қыз- келіншектер  іс — әрекеті, қалжыңы,  деп сұлулық  ажырамас  бірлікте сипатталады.  Ақын  табиғат  лирикасында  қазақт  ілінің өмір  шындығын  әсерлі  тартымды  сурет  арқылы  бейнелеп  берудің  тамаша  озық  үлгісін  жасаған: “Қыс” өлеңінде: “ Шидем  мен  тон  қабаттап киген  малшы.  Бет  қарауға  шыдамай,  теріс  айналады”;  “Шұрқырап  жатқан  жылқының,  Шалғыннан  жоны  қылтылдап”;  “Жазғытұры” өлеңіндегі:  “ Түйе  боздап, қой  қоздап – қорада шу” деген  жолдардағы шидем  мен тон  киген  малшының  бейнесі,  жылқының  биік  шалғыннан  жоны  қылтылдап  көрінуі,  боздаған  түйемен  қойдың  дауысы – ешбір  қоспасы  жоқ  өмір  шындығы,  қазақ  ауылының  өмір – тұрмысы , оған  табиғаттың  тигізген  әсері.

    Мұндай  суретті  көркем  сөзбен  кестелеп  көрсетудегі  ақын  мұраты – ата — дәстүрді  паш ету,  жастарды  еңбекке  шақыру.  Байқап  қарасақ,  ұйқасқан  сөздердің  бірдей  бір  буынды: шу- ду-су; екі  буынды  сызы- жүзі- кезі,  үш  буынды:  болғанда – толғанда – қонғанда,  қылтылдап – ынқылдап – бұлтылдап – сымпылдап  болып  келуі  табиғат  сұлулығын  сөзбен  мүсіндеудегі  ақының  бейнелеу  әдісін,  теңдесі  жоқ  суретшілік  шеберлігін  жақсы танытады.  Міне,   Абайдың  табиғат  лирикасын  оқытқанда  ұстаз  жоғарыда  аталған  мәселелерге  ерекше  көңіл  бөліп,  тәпіштеп  түсіндіргенде  ғана  Абай  өлендеріндегі  ерекше  үйлесімдер  оқушы  сезіміне  әсер  ете алады.  Осылай  түсіндірілген  шығармадан  кейін  оқушы  шығармашылық  процеске  оңай енеді.  Шығармашылық  процеске  енудің  алғашқы  баспалдағы – оқушының  танымдық  ізденістеріне  жол  ашу. Сөзімізді  нақтылайтын  болсақ,  Абайдың  “Күз” өлеңі  бірнеше  рет  қайталанып  оқылғаннан  кейін: 1) Ақын  қандай  күзді  суреттеген?                     2) Өлеңдегі  күз  көрінісін  ерекше  ашып тұрған  көркем  сездерді  ата.                 3) Өлеңнен  күзгі  адам,  жан – жануарлар  тіршілігі  туралы  айтылған  жолдарды  тауып  оқы – деген сұрақ – тапсырмаларға  жауап  алынады,  содан  кейін  ғана  барып, шығармашылық  жұмыс  ретінде  Абайдың  “Күзі” мен  Т.Жароковтың  “Ауыл  күзін” салыстыпу  тапсырылады.

Ұқсастықтары Айырмашылықтары
1.Табиғат  мезгілі – күзді  суреттеуге  құрылған.

2.Күз  табиғаты  жеке  суреттелмей  халық  тіршілігі  қоса  берілетін:  Абай:  Жастар  күлмес,  жүгірмес  бала шулай.

 Т.Жароков:  Беттері  қызыл  алмадай,  балалары  ойнаған

Абай  суреттеуіндегі  күз – қоңыр  күз: аспандағы  сұр  бұлт,  жерді  басқан  дымқыл  тұман,  жапырағы  түскен  ағаш.

Т.Жароков  суреттеудегі  күз – алтын күз:  албырап  піскен  алма,  сарғылт  тартқан  жапырақ,  көктегі  сұрша  бұлт,  алтындай  егін  алқабы.

     Келесі  шығармашылық  жұмыс – аталған  шығармалар  бойынша  сурет  салғызу. Бұл  жерде  ұстаздың  іс- әрекеті оқушыны  бір  сәт  ойландырып,  қиял  дүниесіне  бет  бұруға,  осы  шығармалар  арқылы  оқушының  қиялында  туған  бейнені  сөзбен  жеткізуін  басқаруға  бағытталады.  Оқушы  сөзбен  мүсіндеген   бейнені  тіпті  сала  алмауы  мүмкін,  дегенмен қандай  сурет  салатынын  тілмен  жеткізеді  ғой.  Баланың  өзі  үшін тапқан  жаңалығы,  табысы  міндетті  түрде  бағаланып,  мақталуы тиіс.    [19]    165-169 б.

    Оқушыларды  шығармашылық   процеске  үзбей  қатыстырудың  негізгі  жолы – шығарма  жаздыру.  Абайдың  “Жазғытұры” өлеңі  бойынша  жазба  жұмысын  ұйымдастырмас  бұрын  шығарманың  оқушы  сезіміне  әсер  ету  жағы  көбірек  ескеріледі.  Ол  үшін  өлеңді  мәнерлеп  оқуды  ең  алдымен  әдемі  ашық  үнмен  көктемгі  табиғатқа  деген  аса  бір  сүйіспеншілік  сезіммен  бастаймыз.

    “Жазғытұры  қалмайды  қыстың  сызы, 

    Масатыдай  құлпырар  жердің  жүзі” – деп осындай  әсем  көрініске  оқушылардың  назарын  аудару  сезімін  тебірентерліктей әсер  ету  үшін:

      “Жан – жануар  адамзат  анталасы,

Ата – анадай  елжірер  күннің  көзі” – деп дауысты  құбылта  оқып (тақтадағы  көктемнің  сұлу  көрінісі  бейнеленген плакатқа  оқушының  назарын  аудара) дауыс  интонациясы  арқылы  оқушының  көз  алдына  сұлу  көктемді  елестетуге  тырысамыз.Сондай – ақ ,

“Түйе  боздап,  қой  қоздап, қорада  шу,

    Көбелек  пен  құстар  да  сайда  ду-ду.

Гүл  мен  ағаш  майысып  қарағанда

Сыбдыр  қағып  бұрандап  ағады су” – деген  үзіндіге 

“түйе  боздап” деген  сөзден  кейін  сәл  кідіріңкіреп, “қой  қоздап” тіркесінен кейін  де  сәл  үзіліс  жасап,  дауысты көтере “қорада  шу” дейміз.  Енді дауысты  сәл  бәсеңдетіп “көбелек  пен құстар  да  сайда  ду-ду ”  деп  бөгеліп,  ойланған  сезіммен “гүл  мен  ағаш  майысып  қарағанда” өзіне  тән  нәзік сезіммен  қараған  гүл  мен  ағаштың  назарын  аударғандай  су  да  сыбдыр  қағып  бұрандай  аққаны  ерекше  нәзік  еркелеген  сезімге  толы  дауыста  оқимыз.

    Осындай  жұмыстардан  кейін  мәтіндегі ақын  қолданған  көркем  сөздерді тірек  сөздер  ретінде  алып, шығарма  жазу  тапсырылады.  Жалпы,  Абайдың  табиғат  мезгілдеріне  арналған  өлеңдеріндегі  шығарма  жазуға  тірек  болатын  көркем  сөздерді  төмендегі  сызбадан  көруге  болады:

    

“Жазғытұры”

өлеңі бойынша

“Жаз” өлеңі

бойынша

“Күз”өлеңі бойынша “Қыс” өлеңі

бойынша

Масатыдай  құлпырған  жер, күннің  көзі, түйе  боздап,  қой  боздап. Көкорай  шалғын, күркіреп  жатқан  өзен,  көшкен  ауыл,  шалғыннан жоны  қылтылдаған  жылқы. Сұр  бұлт,

дымқыл  тұман,

жапырағынан

айырылған  ағаш.

Ақ  қырау,  қар

жауып,  долданған  боран,

беті-қолы  домбыққан  балалар.

  

  Шығарма  жазуға  оқушылар  бірте-бірте  жаттығады.  Ол  үшін  алдымен  осы  тірек  сөздерді  пайдаланып  жауап  бере  алатындай    сұрақтар  дайындалады. [20] 265-273 б.

    Қорыта  келе  айтарымыз:  бастауыш  сынып  оқушысы  Абай  әлеміне  әкелу,  ақынның  кестелі  шығармаларынан  сусындату  оңай  емес.  Дегенмен  бала  жүрегіне   жол  табу – мұғалімнің  парызы.

    

    1. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ  АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫ

АДАМГЕРШІЛІККЕ  ТӘРБИЕЛЕУ  ТӘЖІРИБЕСІ.

    Атырау қаласындағы  №19 қазақ  орта  мектебінің  мұғалімі  Қазмағамбетова  Зәуреш Абай  шығармаларын  оқытуда  шығарма иесінің өмірімен  таныстыру  әдісін  ұтымды  пайдалана  білген.

    «Абай – қазақ     мәдениеті  тарихында  орны  зор,  замандастарынан  ойы  озық,  еңсесі  биік  ерекше  тұлға.  Сондықтан  да  өзім  ақынның  шығармаларын  оқытпас  бұрын,   ақынның  өмірімен  таныстырып  кеткенді  жөн  көрдім.  Ондағы  мақсатым  — оқушылар ақынның шығармаларын  шын  ықыласпен  оқып – үйреніп, ақынның  өзін  құрмет  тұтып,  үлгі  аларлық  дәрежеде  тәрбиеленуі  керек», — дейді  тәжірибелі  ұстаз.  Абай  өмірін  оқытудың  барысында  оның  өскен  ортасының өнегелік  жағын  жекелей  анықтап,  дәлелдей  айқын  көрсете  білудің  маңызды  екендігін  баса  айтқан. «Абай  осы  күнгі  Семей  жеріндегі  Шыңғыс  деген  тауды  жайлаған  Тобықты  руының   ішінде  1845  жылы  туылған.  Өнегелі  өмірдің  бастауы  асқар  таудай  атасы – Құнанбай,  ағар бұлақ  анасы – Ұлжан, мейірімді,  қамқор   шежіре  әжесі – Зеренің орны  бір бөлек.  Халқымыз  «Ата  көрген  оқ жонар,  ана  көрген тон  пішер» десе,  ұлы  ақынның  ата – анасы . бірі – елдің  атасы,бірі- елдің  анасы.  Тағы  да  дана  халық:  «Тақыр  жерге  шөп  шықпайды» дейді  ғой,  ендеше  ұлының  әкесі – Құнанбай  ақыл – парасат иесі,  ел  билеген  көсем,  бұлбұл  шешен,  әрі  мырза,  жастайынан  атқа  қонған  найзагер,  қатал  талапты,  табанды  әрі  шешімді  адам  болған.  Елді  тәртіпке  келтіріп,  адамгершілік  арға  бағындыратын дінді  ұстаған,  ақыл – айласы  мол әрі  көрген  сыншы  кісі.  Әкесі  Абайды  жасынан  өзімен  бірге  ала  жүріп,  үлкен  өнегелі  отырыстарды  көрсетіп,  небір дүлдүл шешендердің  асыл  сөз,  абзал  қасиеттерін,  әділ  биліктерін  оған  сабақ  етті.  Құнарлы   бай  тілді,  адамгершілікті,  парасаттылықты  халықтан  алды.  Осындай  көңілі  ояу,  көзі  ашық, биікті  әке  дәстүрі   баладан  балаға  жалғасты.  Абай өз  балаларына  да  осы үлгіні  берді.,  оқытты, халық  адамы  етіп  тәрбиеледі. [21] 125-134 б.

    Өнегелі  тәрбиені  үлгі  ете  отырып  адам  болу  жолын  ғылыми  тұрғыда  өз  шығармаларында  дәлелдеп көрсетті.

    «Өзім  де басқа  шауып,  төске  өрледім,

      Қазақта  қара  сөзге  дес  бермедім.» — 

  Деп  еш  мақсатсыз – ақ өзінің кім  екенін көрсетеді.  Ал нағыз  адам  болу  үшін  «Ақыл  қайрат, жүректі  бірдей  ұста,  сонда  толық  боласың  елден  бөлек» — деп жан – жақты  жетілген  адам  тәрбиелеудің  ең  биік  нысанасын  көрсетеді.  Сонымен  адам  тәрбиелеудегі  күрделі  ойлар  желісін  діни  долбармен  ұштастыра   түсіндіреді. «Адам  ең  әуелі  дос  көбейтпек  керек.  Ол  үшін  дос  бола  білу  керек.  Бірінші — әрбір  жаманшылықтан  бойын  жинамақтық,  бұл  адамға  нұр  болады.  Екінші  — өзін — өзі  өзгешіліктен  артық  көрсеткен  адамдықтың  нұрын,  гүлін  бұзады.  Үшінші – қастық  қылмақ,  қор  тұтпақ,  кемсітпек.  Олар  дұшпандық  шақырады.  Күллі  адам  баласын  қор  қылатын  үш  нәрсе  бар.  Сонан  қашпақ  керек,  Надандық, еріншектік,  залымдық.  Надандық,  ғылымның  жоқтығы,  дүниеден  ешнәрсені  оларсыз  біліп  болмайды.  Білімсіздік – хайуандық  болады.  Еріншектік – күллі  дүниедегі  өнердің  дұшпаны, талапсыздық,  жігерсіздік,  ұятсыздық,  кедейлік – бәрі осыдан  шығады.  Залымдық – адам  баласының  дұшпаны.  Адам баласына  дұшпан  болса,  адамнан  бөлінеді,  бір  жыртқыш  хайуанға  қосылады.» — деп діни  жолмен  түсіндіреді.

    Аналары  Зере  мен Ұлжан  халқын,  ел- жұртын  сүйіп  мейірімділікке,  үлкен  жүректі  ұлылыққа  бастады.  Ел  анасы — әжесі  Зере  ел  тарихын  айтып,  ел – халқының  тұрмыс – тіршілігімен  таныстырып,  жақсы  мен  жаманды  айыра  білуге  үйретті.  Туған  анасы – Ұлжан  өте ақылды, ұстамды,  сөзге  сараң,  сөйлесе  шебер  үйлесімін  тауып  сөйлейтін  ақындық  қасиеті  бар  дана  әйел  болған.

    Ата – ананың  асыл  өнегесі  Абайды  ағалыққа,  ұлылыққа  бастады.  Өзіндей  өз  ісімен  туысқандық   қасиетті  сақтай отырып,  Құдайбердідей  аға  өсиетін  орындап, Шәкерім  сынды  ұлы  тұлғаны  тәрбиелейді.

    Міне  осындай  Абайдың  өнегелі  өмірін естіп  өскен  шәкірттен  ешқандай  жамандық  күтуге  болмайды.  Тек соны  жеткізе  білу,  оқушылардың санасына  ұялату – мұғалімнің  алдына  қоятын  мақсаттарының  бірі.  Сондықтан  бастауыш  сыныптарда  Абай  шығармаларын  оқытпас  бұрын  оның  өнегелі  өмірімен  таныстырудың  пайдасы  зор.»[22] 69-78 б.

    «Қыс»  тарауындағы  Абайдың «Қыс» атты  өлеңін  өтудің  толық  үлгісін  көрсетейік.

    1.  Кіріспе  әңгімеде  балаларға  жаңа  жауған  қардың  түсі, формасы, оның  бұрынғы  жауған  қардан айырмашылығы  жөнінде  нақты  мағлұмат  мұның  алдындағы  сабақта  толық айтылған  болатын,  сондықтан  бұл  кезде  мұғалім  бүгінгі  оқу  сабағында  өтетініміз  Абайдың «Қыс» деген  өлеңі  деп  жаңа  тақырыпты  тақтаға  жазып,  оқушыларға  неге  көңіл  аудару,  нені  білу  қажет  екенін  айтады.  Кіріспе  әңгіме  сұрақ – жауап әдісімен  жүргізіледі.  Қойылатын  сұрақтар  мынандай  болғаны  жөн:

                  1)   Жауып  тұрған  қарды  бақыладыңдар  ма ?

                  2)   Қар жауған  соң  айнала  қалай  өзгереді?

                  3)    Желсіз  кезде  жауған  қар  жерге  қалай  түседі?

                  4) Ағаштардың  бастары  қандай ?

                  5)  Қар  түйіршіктері  қандай  болады ?

                  6) Қыста дала қандай болады?Жатқан қарды неге ұқсатар едіңдер ?

                  7) Жаңа  жауған  қар  түскенде  қандай болады?

                  8) Қыста  орман  қандай  болады?

    — деп келіп  оқушыларды  мынандай  әңгімелерге  тартады. Ағаш  түбіне  қар  аз  түсіп,  ағаш  сирек  жерге  қалың  жауады.  Қар  үстінде әр түрлі хайуанаттардың іздері  көрініп  жатады.  Ағаш  бастары  бас  киім  кигендей,  қар  өте  қалың.  Келе жатқанда  аяқ  астына аппақ  мақта  жайып  тастағандай  болып  көрінеді.  Күзде  аспан  сұрланып,  жер  қарайып,  ағаштар  жалаңаштанып  тұрса,  қыс  түскенде  жердің  беті  аппақ,  ауа  таза,  аспан  көбіне  ашық  болады.  Қар  жамылған  ағаштар  ертегіні  еске  түсіреді.  Қыс  сиқыршыдай  өздері  мұзбен  жабады  да,  Аяз  ата  қыспен  бірге  келеді,  деген  сияқты  бейнелі әңгімені  пайдалану  оқушылардың  қар  жөніндегі  түсінігін  кеңейтіп,  тілдік  қорын  дмытады,  әдемілікке  деген құштарлығын  арттырады.  Мұғалім  енді  негізгі  текске  көшіп,  Абай  атамыздың  қысты  суреттеуін  айтады. 

    2. Мәнерлеп оқу.  Алдымен  өлеңді  мәнерлеп  оқып  береді  де,  сұрақ – жауап әдісі арқылы  ішкі  мәнін  ашуға  кіріседі.

    — Несімен   көңілді? 

Мұғалім  оқушылардың  осы  сұраққа  берген  жауаптарын  толықтырып,  ойын нақтылай  түседі.  Оқушылырға  іштей  оқуға  тапсырма  беріп,  түсінуге  қиындық  келтірген  сөздерді  дәптерлеріне  бағана  түрде  теріп  жазуды  ұсынады.  Оқушылар 2-3 минут  іштей  оқығаннан  кейін  олардың өздерін қатыстырып,  түсініксіз  сөздердің (соқыр,  мылқау, т.б.) мәнін  анықтайды.  Сонан  соң  сұрақ – жауап  әдісімен  өлеңнің  мазмұнын  түсіндіреді: 

      • Автор қысты кімге  теңеп  тұр ?
      • Қысты адамға,  кәрі  шалға  теңейді.
      • Шалдың  киімдері  қандай ?
      • Ол ақ  киімді,  үстін ақ қырау  басқан.
      • Киім деп  отырғаны  не ?
      • Ол  жауған қар,  қатқан  мұз.

  Автор  суреттеп  отырған  шалды  кімге  ұқсатуға  болады ? 

  Ақ  киімді,  ақ  сақалды  Аяз  атаға.

  Өлеңдегі  шалдың  мінезі  қандай ?

  Ол – қатал, соқыр,  мылқау  адам сияқты.

  Соқыр, мылқау  дейтін  себебі  не ?

  Ол  ештеңені  көрмейді,  аямайды,  бәрін  тоңдырады.

  Түрі,  түсі  қандай ? 

— Түсі  ақ қырау  сияқты,  түсі  суық.

— « Түсі  суық» дегенді  қалай түсінесіңдер ?

— Қатал,  ашулы Адамның  түсі  суық  болады.

            4. Дауыстап  оқу (мәнерлеп  оқу  талабы  қойылады).

    5.  «Сөзбен» сурет  салу.   Ол үшін  бірінші  шумақ бойынша  мынандай  сұрақтарды  қамтитын  жоспар  жасалады:

    1)  Шалдың киімді  қандай ? (Аппақ). 2). Денесі,  түрі  қандай? (Денесі  ұзын, ақ  сақалды). 3). Мінезі  қандай ? (Мінезі  қатал,  ештеңені көрмейтін  соқыр  адам  сияқты). 4) Үсті  қандай ? (Үстін ақ  қырау,  мұз басқан, сондықтан  жүргенде сықырлайды). 

    Осы айтылғандарды  көз  алдарыңа келтірсеңдер,  сонда қыстың  қатал көрінісі  немесе  сұсты  Аяз  ата  елестейді.  Егер  сендер  суретші  болсаңдар  осы  суретті  қалай  салар  едіңдер деп,  оқушыларға ауызша «сөзбен» сурет   салғызады.  Екінші  шумақтағы «Бұлттай  қасы  жауып  екі  көзін» дегенде,  ақын  қысты  аспанды  торлаған  бұлтты  айтып  тұр.  Қыста  бұлт  қар  болып түседі.  Егер  жел   болып  тұрса, ұйытқып  жауады.  Шумақтың екі  жолын  оқушылардың өздерінше  суреттеп  айтып  беруді ұсынады.  Ал  екінші  шумақтың  үшінші  жолындағы қатты бораннан  «алты  қанат  ақ  орда  үй  шайқалды» деген  сөйлемді  жете ұғындару  үшін  киіз  үйдің  макетін  пайдаланған  тиімді.  Үшінші  шумақты  да  осылай  бейнелеп  айтқызуға  болады.

    6. Сөздік  жұмысын  жүргізу.

Соқыр, мылқау – түк көрмейтін,  аямайтын  қаталдық;

бұрқ – сарқ – қатты дауыл,  боран;

долданғанда – аяз, жел,  тым  күшейген;

шидем – шекпен (қалың киімнің  ең  сыртынан  киетін  жүннен  тоқылған  киім);

    7. Шығармашылық  жұмыс  жүргізіледі.

«Жазық,  орманды  даланы,  ауыл  көрінісін  көз  алдарыңа елестетіңдер» деп әр   қатарға жеке  тапсырма беріледі:  жазық даланы  бірінші  қатар,  орманды даланы  екінші, ал ауыл көрінісін  үшінші  қатар  әңгімелеп беруі  тиіс.

    Мұғалім «Жер  аппақ, теп – тегіс, ағаштар  көрпе  жамылғандай,  бүкіл  орман  тыныш — шатықта» деп  келіп,  осы айтылғандарын  көз  алдарына  1 – 2  минут  балалардың көзін  жұмғызып , елестетуді  ұсынады.  Осыдан  соң  біртіндеп  көздерін  ашқызып, «әне, қоян  көрінеді,  аю  қозғалды,  түлкі  жүгірді,  құстардың  даусы  естілген,  орман  жәндіктерінің  тіршілігі   басталды» деп, балаларға  түрлі елестер  беру  арқылы  оларға эмоциялық   әсер  бере  оқыта,  оқушылардың  табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін,  сабаққа  деген  ынтасын  арттырады.  Әрине,  мұндай  творчестволық жұмыстың сәтті  шығуы  мұғалімдердің  шеберлігіне  байланысты.

    8. Қайталап  оқыту – мәнерлеп оқуға  жаттықтыру: а) оқи  отырып,  қай  жерде  аз,  қай  жерде  ұзақ  пауза  жасау  керек  екенін  аңғарту. Мысалы: 1-3- жолдардан кейін сәл  ғана  пауза  (себебі  ой  толық  аяқталмай,  әрі  қарай  жалғауды  қажет  етіп  тұр), 3-4- жолдардан  кейін  ұзақ  пауза (себебі  ой толық  аяқталады) жасалады. 5-6 –жолда  ұзақ  пауза (себебі  ой  толық  әрі  жалғасады), 7-8 –жолда ұзақ  пауза (себебі  ой  жинақталып  қалды) болады.         9-10-жолда  сәл  пауза (себебі  ой аяқтауды  қажет  етіп  тұр) 11-12 –жолда  ұзақ  пауза (себебі ой  аяқталады) жасалады.

    Мұғалім  бұдан  соң  өлеңнің  қай  жерлерін шапшаңдау  оқу  керек  екенін  ескертеді. «Боранды  бұрқ – сарқ  етіп  долданғанда,  Алты  қанат  ақ орда  үй  шайқалды.  Әуес  көріп  жүгірген  жас  балалар» деген  жерлер  жылдамдау  оқылуы  керек.  Осыдан  кейін  жоғарыдағы  қайталап,  яғни  мәнерлеп оқыту  жоспары  бойынша  оқушыларға  өлеңдегі  негізгі  ой  бөлшектерін  бөліп – бөліп  оқыту  қажет: 

 1-шумақ – қыс көрінісі  немесе ақ  сақал шал;

 2- шумақ 1-2- жолы –қардың  жаууы;

 3- 4-жолы – боран,  дауыл;

3-шумақтың 1-2-жолы- балалардың  көңіл-күйі, яғни  ойын;

3-2-жолы – малшылардың  жағдайы.

    Оқушылардан өлеңнің  ішкі  мазмұнына  беріліп  оқу  талап  етіліп,  оларды  үнемі  қадағалап отыру  керек.  Қойылатын  талап  мынандай  болғаны  дұрыс: 1 – оқушыға  1-шумақты бір  қалыпты  баяу және  әр  сөзді  анық,  салмақпен  оқыту. Бұл шумақтың ішкі  мазмұны  үлкендерше  сезінуге машықтандырады.  2-ші  оқушы  2-шумақтың   1-жолын  сәл  көтеріңкі  дауыспен,  қалған 3-жолды  шапшаңдау  оқыту керек.  Жалпы 2-шумақты  1-шумаққа  қарағанда  сәл  тезірек  және  сөздердің  мағынасына  қарай,  яғни  табиғат  құбылысының  өзгеру  ыңғайына  қарай  оқытқан  жөн.  Ал  3-шумақтың  1-жолын  көтеріңкі  дауысқа  салып  оқыса, 2-жолды жаймен  төмен  түсіп, 3-4- жолдарын  біркелкі  баяу  ырғақпен  оқу  қажет.  Оқуға қойылатын  мұндай  талаптың  себептерін  мұғалім  оқушыларға  түсінікті  тілмен  жеткізуге  тиіс.

    6. Қорытындылап оқыту.  Бұл  мұғалімнің  қайта  мәнерлеп  оқуға  немесе  ең  жақсы оқитын  оқушыға  мәнерлеп  оқыту  арқылы  іске  асырылады.

    Үйге  тапсырма: 1). Өлеңді  оқуға  жаттығу  және  жаттау.  2). Қыс  туралы өлең  және  жұмбақ  тауып  келу.  3). Әр  шумақты  оқып,  соңынан  бейнелеп  айтуға – «сөзбен» сурет  салуға  машықтану.[23] 57-59 б.

        Семей  қаласындағы № 34 орта  мектептің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Ж.Ошақбаеваның  сабақ  үлгісін  қарастырып  көрейік:

    Тақырыбы: «Ғылым  таппай  мақтанба».

     Білім  беру – қазақ халқының  ұлы  ақыны  Абай  Құнанбаевтың  өмірімен  және  шығармашылығымен  таныстыру.  «Ғылым  таппай  мақтанба» өлеңінің мәнін  ашып  меңгеруге,  ой — өрісін  кеңейту,  мәнерлеп  сауатты  оқуға  жаттықтыру. 

    Дамытушылық – сөйлеу мәдениетін  қалыптастыру.  Сөздік  қорын  дамыту  (байыту), тіл  байлығын  молайтып,  ойлау,  көру,  сезіну,  қабылдау қабілеттерін  дамыту.

    Тәрбиелік – жақсы мен  жаман  әдет – қылықтарды  ажырата  білуге,  бойларына  жақсы  қасиеттерді  жинай  білуге,  өздігінен  жетілуге  талпынған,  жауапкершілік  сезімі,  парызы  бар  өнегелі  ұрпақты  тәрбиелеу. 

    Сабақтың  түрі: жаңа  білім  беру.

    Сабақтың  өткізілу  әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,  сұрақ – жауап,  көрнекілікпен  жұмыс, шығармалық  жұмыс, мәнерлеп  айту.

    Сабақтың  құрал – жабдықтары  мен көрнекіліктері: оқулық,  плакаттар, карта,  тақта.

    Сабақтың  барысы:

    Ұйымдастыру  сәті:

    Абай туралы  не  білеміз ? Оқушының  өз  ойын  білу.

    (1-кестемен  жұмыс)

    Жаңа сабақтың тақырыбымен,  мақсатымен  таныстыру.

    Балаларға,  біз  бүгінгі  сабақ  барысында  қазақ халқының  ұлы ақыны  Абай Құнанбаевтың  өмірімен  және  шығармашылығымен  танысамыз. «Ғылым  таппай  мақтанба»   өлеңінің  мәнін  ашып  меңгеріп,  ой — өрісін  кеңейтіп,  мәнерлеп  сауатты  оқуға  жаттығамыз. [24] 36-45 б.

    Кіріспе  әңгіме. Картамен  ұғындыру (2-кесте).

    Абай  қазақ  халқының   ұлы  ақыны,  данышпан  ойшылы.  Абайдың  шын  аты – Ибрагим. Абай Құнанбаевтың  1845  жылы  тамыздың оныншы  жұлдызында  туып, 1904 жылы  шілденің  алтыншы жұлдызында  қайтыс  болған.

    Абай  Семей  обылысы  Абай  ауданының Шыңғыс  тауының  бауырындағы  Қасқабұлақ  деген  жерде  туған.

    Абайдың  әкесі  бай  болған.  Абайдың  анасы  Ұлжан – ақылды, мейірімді  кісі  екен,  ал  Абайды  әжесі  Зере  тәрбиелеген.  Ол  Ибрагимді  еркелетіп  «Абай» деп  атаған.

    Қос ана  қазақтың  ертегі,  аңыз- жырларын  көп  білген.  Абайға  кішкене  кезінен  әңгімелерді қызықтыра  айтып, оның  санасына  құя  білген.

    Абай  ауылындағы  Ғабитхан  деген  татар молдасынан  үш- төрт  жыл  сабақ  алады.  Әкесі  Абайдың  зеректігін  байқаған  соң  оны  Семейдегі  Ахмет- риза  медресесіне  оқуға  береді.  Сонда  жүргенде  өз  бетімен  орыс  тілін  үйренеді.

    Абай  12  жасынан  бастап өлең  жаза бастайды.  Өз  өлеңдеріне 20-дан  астам  әндер  шығарған  үлкен  сазгер.

    Абай  үлкен  аудармашы  Лермонтовтың,  Пушкин,  Крылов  өлеңдерін  қазақшаға  аударған.

    Абай атамыздың шығармаларындағы  ең өзекті  мәселе  жастар  мәселесі,  оның  ішінде  оларды  білім  алуға,  оқуға, еңбекке,  мәдениетке  шақыру  жетекші  орын  алатын  өлеңдері:  «Әсемпаз  болма  әрнеге», «Интернатта  оқып  жүр»,  «Ғылым  таппай  мақтанба», т.б.

    Таласбек  пен Зерделі  сияқты  оқушылар  «Адам  болам десеңіз» деп,  оқулықтан  Абай  өлеңдерін  оқып  үйренеді.

    Өлеңді оқымас  бұрын сөздік  жұмыс  жүргізіледі.

    Рақым – адамның  өзге кісіге  жасайтын  жақсылығы, көмегі.

    Қанағат – барға  риза  болу.

    Бекер  мал  шашу – қолда  бар  дүниесін,  ақшасын,  мал – мүлкін  дұрыс  пайдалана  алмау.

    «Ғылым  таппай  мақтанба,

    Білім  таппай  баптанба…» — дегендегі  орын  деп  отырғаны – алған  білімді,   үйренген  ғылымды  жұмсайтын  орын.  Ақын  ғалым  мен  адам  болу  екеуінің  тамыры  бір  дейді.  Ғалым болудың басты  шарты – не  нәрсені  болсын  ақылға салу, ақылың сенген  нәрсеге  ғана  сену. [25] 57-65 б.

    Бес  жаман  істе  адамның  бойындағы  жағымсыз  қасиеттерді  сынға  алады.  

    Өсек – біреуді  сыртынан  кінәлау,  жала жабу,  сөз  тасығыштық. (Осы  арада сұрақ  қоя  отырып  балалардың пікірін  білемін,  сөйлетемін).

    Өтірік – бұған  өтірік  сөзді  шын  деп  ант  еткен,  азған  адамды  жатқызады.  (Осы арада сұрақ  қоя  отырып  балалардың  пікірін  білемін, сөйлетемін).

    Жаман  қылықтардың  бірі мақтаншақтық, даңғойлық. Ондай  адамдар өзін  мақтауды  сүйетін,  басқалардың  алдында  білімді,  жағымды  болып  көрінгісі  келетін  бөспе, сөзгеқұмар. (Осы  арада  сұрақ  қоя  отырып  балалардың  пікірін білемін,  сөйлетемін).

    Бекер  мал шашу – қолда  бар қаржы  мен  мал мүлкін  дұрыс  пайдалана  алмау, өз  пайдасын  білмеу,  сырт  көзге  жомарт  болып  көрінуге  тырысатын  мақтаншақ  адамды  айтады.  (Осы  арада  сұрақ  қоя  отырып  балалардың  пікірін  білемін, сөйлетемін).

    Ал  осы  жаман  әдеттерден  аулақ  болу  үшін  қазақ  халқы «Тоқсан  ауыз  сөзден  тобықтай  түйін  шығарған» мақал-мәтелдер қалдырған.

    Шығармашылық  жұмыс.

    Плакаттағы  сөздерді  дұрыс  пайдаланып  мақалды жазу.

  1. Өрге  баспас  сөз  өтірік.( Өтірік  сөз  өрге  баспас).
  2. Түбі – қорлық  ұрлық, ұрлық. (Ұрлық,  ұрлық  түбі – қорлық.)
  3. Ертеңі  таусылмас  еріншектің. (Еріншектің  ертеңі таусылмас).
  4. Жалқау  жатады,  белшеден  қарызға  батады.

Ал,  жаман  қасиеттерге  қарама – қарсы  Абай  атамыздың  өлеңіндегі  бес  жақсы  қасиетті  тыңдайық. [26] 38-46 б.

    Талап – талаптың  ішіндегі  ең  негізгі – бұл  бір  өнерді  таңдап, содан  нәтиже  шығару,  болашшаққа  талпыну.

 Еңбек – Абайдың  пікірінше  ерінбей  еңбек  еткен кісінің  жетпейтін  арманы  болмайды. (Оқушылардың  пікірін  білемін,  сөйлетемін).

  Терең  ой – адамды  барлық  жан – жануарлардан ерекше  айырып  тұрған  екі  қасиетті Абай  жоғары  бағалайды.  Оның  біріншісі  — ақыл- ой, екіншісі –сөз.

   Нағыз  адам  өткен- кеткеніне  қорытынды  жасап,  келешекке  үмітпен  қарайды.  Адам  үнемі  үздіксіз  ойлану  керек.  Өйткені  ақыл – ой  ғана  адамды  алға  бастайды.  Терең  ойдың  негізі ми  мен  ақыл.

   Қанағат – барға  риза  болу,  місе  тұту. Ы.Алтынсариннің  «Әке  мен  бала» әңгімесінен  оқушылар  көрініс  көрсетеді.

    Рақым – адамның өзге  кісілерге  жасайтын  жақсылығы,  мейірімі,  көмегі. Рақымдылықтың  негізі – жүрек пен  сезім.  Барлық  адам  баласын  өз  бауырындай  көру,  өзіне  ойлаған  жақсылығын  өзгеге  де  жасау.  (Рақымшылықтың  мазмұнына  сурет  бойынша  әңгімелесу).

    Жаман  қасиеттерден  ада болып,  жақсы  қасиеттерді  бойымызға  сіңірсек  болашақта  Отанын  сүйер  азамат  болып  шығарымыз  сөзсіз. «Ғылым  таппай  мақтанба» өлеңін  оқушыларға  мәнерлеп  оқыту.

     Қорытынды.

   Сабақты  қорытындылау  сұрақтармен  жұмыс  жүргізу  және  жұмбақ  шешу  ойыны  арқылы  жүргізіледі.

  1. Адам болуға  кері  әсер  ететін  қандай  қасиеттерді  білесіңдер?

Оқушылар  жауап  бере  отырып,  адам  бойындағы  жаман  қасиеттерді  сызбадан  атап  табады.

2.Ал  адам  болу  үшін  қандай  қасиеттерді  бойға  сіңіру  керек  екен?

Осы  сұраққа  да  жауап  бере  отырып  сызбадан  адам  бойындағы  жақсы  қасиеттерді  атап табу.

   Абай  Құнанбаев  былай  деген: 

   Үш –ақ  нәрсе  адамның  қасиеті:

    Ыстық  қайрат, нұрлы  ақыл,  жылы жүрек.

    Осы  үшеуінің  басын қосып,  оны  үлкен  күшке  айналдыратын – ғылым.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей  ұста,  сонда  толық  боласың  елден  бөлек. 

  Яғни  осы  қасиет  бірігіп,  біліммен  көзге  түседі.

   Үйге  тапсырма:

  1. Өлеңді  мәнерлеп  оқы.
  2. Өлеңнің  өзіңе  ұнаған  жолдарын  жаттап  ал. [27] 65-79 б.

 Өзім  еңбек  еткен  Оңтүстік Қазақстан  обылысы, Мақтарал ауданындағы  Шоқан Уәлиханов атындағы  орта  мектептің  2-сыныбында  Абай  Құнанбаевтың  «Ғылым  таппай  мақтанба» шығармасын  оқытуда  өткізген  сабағымды  тақырып  тұрғысынан  талдап  көрсетейін.

   Сабақтың  мақсаты:  Қазақ  халқының  ұлы  ақыны  Абай  өмірімен  таныстыра  отырып,  өлеңнің  негізгі  идеясы  жақсыдан  үйрену,  жаманнан  жирену  екендігін  ұғындыру.

    Сабақтың  тәрбиелік  міндеті:  жаман әдеттерден аулақ  болуға,  бойларына  жақсы   қасиеттер  жинай  білуге   тәрбиелеу.

    Көрнекілік: Әр  түрлі  нақты  сөз,  мақал – мәтелдер,  Абай  өлеңдері; буклеттер,  кітаптар.

    Сабақта ең  алдымен  оқушылардың  зейінін  тұрақтату  мақсатында  Қадыр  Мырза -Әлінің 

     Ана  тілің – арың  бұл,

     Ұятың  боп  тұр  бетте

     Өзге  тілдің  бәрін біл.

     Өз  тіліңді   құрметте

 -деген шумағын  хормен  айтқызады.  Бұдан  кейін  сабақтың  мақсатын  хабарлап,  бүгінгі  өтетін  сабақтың  тақырыбын  тақтаға  жазып  қойдым:  А.Құнанбаев.  “Ғылым  таппай  мақтанба” Кіріспе  әңгіме.

    Абай (Ибраһим) Құнанбаев  1845 жылы Семейде  дүниеге  келген. Әкесі- Құнанбай,  шешесі – Ұлжан. Әкесі  бай  болған  адам.

    Абайды  10 жасқа келгенде  Семейге  медресеге  берген.  Парсы,  шағатай,  орыс  тілдерін  меңгерген.  1904 жылы  59 жасында  қайтыс  болған.   

    Абай – қазақтың  ұлы  ақыны,  сазгер, философ,  қазақ  жазба  әдебиетінің  негізін  салушы.  Отыздан  асқан  соң  өлең  жаза   бастаған.  Ол өз  өлеңдерін  бірнеше  топқа  бөледі.

    Абай  атамыздың   шығармаларындағы ең  өзекті  мәселе – жастар мәселесі, оның  ішінде  оларды  білім  алуға,  оқуға,  еңбекке,  мәдениетке  шақыру  жетекші орын  алады. [28] 16-19 б.

    “Әсемпаз  болма  әрнеге”, “Интернатта  оқып  жур”, “Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім,” тағы  басқа  жас  ұрпаққа  айтар  ақыл – кеңестерге  толы.  Соның бірі — “Ғылым  таппай  мақтанба” өлеңі – дей  келіп,  өлеңді  түсінікті,  дұрыс,  мәнерлі  түрде  оқып  бердім.

Ғылым  таппай  мақтанба,

Орын таппай  баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап  босқа  күлуге

Бес  нәрседен  қашық  бол,

Бес  нәрсеге  асық  бол

Адам  болам  десеңіз

Тілеуің,  өмірің  алдыңда

Оған  қайғы  жесеңіз

Өсек,  өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер  мал шашпақ,

Бес дұшпаның  білсеңіз.

Талап,  еңбек,  терең  ой

Қанағат, рақым, ойлап  қой

Бес  асыл  іс  көнсеңіз

Ғалым  болмай  немене

Балалықты қисаңыз

Болмасаң  да  ұқсап  бақ

Бір  ғылымды  көрсеңіз

Ондай  болмақ қайта  деп,

Айтпа ғылым  сүйсеңіз

Сізге  ғылым  кім  берер

Жанбай  жатып, сөнсеңіз

Дүние  де  өзі, мал да  өзі

Ғылымға  көңіл  бөлсеңіз

Өзің  үшін  үйренсең

Жамандықтан  жиренсең

Ашыларсың  жылма- жыл

    Сабақта  Абай  атаған  бес  жаман  іс  пен  жақсы  қасиеттер  аталып,  әрқайсысы  жеке- жеке  талданады.

    Осы  өлең  ішіндегі  бес  жаман іске  тоқталайық: Өсек – бұл пыш-пыш  біреуді  жамандап  айтылатын  сөз  екен.

    Өтірік – бұл  да  өрге  баспайды.  Өтірікші  қыз  туралы  ана  тілден  оқыған  “Күмән” әңгімесін еске  түсірейік. Осындағы  қыз  бір  өтірік  айтамын  деп  барлық  оқушының  сенімінен  шығады.  Еріншектік – бұл да  мүлдем  жаман  қасиет.  Қазір  өзіміз  еріншек  бала  Еркін  туралы  көрініс  көрсетейік.

    Мақтаншақтық – бұл да  жаман  қасиет.

    Бекер  мал   шашпақ – бұл  да  ысырапшыл  деген  мағынаны  білдіреді.  Мысалы:  нан  жеп  жүріп, оның  жартысын  итке  лақтырып,  ысырап  жасаушы  болма.

    Ал,  енді  осы  жаман  әдеттерден  аулақ  болу  үшін  қазақ  халқы  таудай  сөзден  тобықтай  түйін  сөз  мақал – мәтел  қалдырған.

    Кәне,  осы жаман  әдеттер  туралы  қандай  мақал – мәтел  білесіңдер?

Балалар   мақал – мәтелдер айтады.

  1. Өтірік  сөз  өрге  баспас.
  2. Өтіріктің  құйрығы  бір-ақ  тұтам.
  3. Еңбек  етсең  емерсің.

 Ал,  осы  жаман  қасиеттерге  қарама – қарсы  Абай  атамыздың  өлеңіндегі  бес  жақсы  қасиетті  тыңдайық.

    Талап – бұл  адамның өз  алдына  мақсат  қойып,  болашаққа  талаптануы.

     Еңбек – еңбексіз дүние  жоқ,  мысалы  мына  өзіміз  отырған  партаны  алайық.  Бұған  қанша  еңбек жұмсалғанын  білесіздер  ме ? “Стол қалай  жасалады?” атты  буклетпен  таныстыру.

    Терең ой – бұл  білім,  ғылымға  ұмтылу.  

    Қанағат – нысапсыз  болмау,  Ана  тілінен “Қанағатшыл  құмырсқа” әңгімесін  еске  түсіреміз.

    Рақым – бұл мейірімді  болу, үлкенге  құрмет  көрсетіп,  кішіге  қамқорлық  жасау,  осы  туралы  көрініс  көрсетіледі.

    Қорыта  айтқанда,  осы  жаман  қасиеттерден ада  болып,  жақсы  қасиеттерді  бойымызға  сіңірсек,  болашақта  бізден  халық  қамын  жеген, Отан  сүйер  азамат  шығары  сөзсіз.

    4-сыныпта  Абайдың  қара  сөзі  берілген.  Бұл  бастауыш  сатыда  Абайдың  философиялық  ой- тұжырымдарының  берілуінің  алғашқы  сатысы.  Сондықтан жаңа  буын  оқулықтарында Абайдың  қара  сөзінен  үзінді  берілуін  оқулықтың  құнды,  сапалы  көрсеткіштерінің  бірі  ретінде  атап  өткіміз  келеді.  Енді  сол  қара  сөзді  оқушы  көңіліне  түйгізу,  санасына  сіңіру  мақсатында  өткізген  тағы  бір  сабағымның  үлгі  жоспарын келтіремін:[29] 19-21 б.

    1. Сабақтың  тақырыбы: Абайдың  қара  сөзінен.

    2. Сабақтың мақсаты: Абайдың қара  сөзінің  мағынасын  ұғындыру.

а)  Білімділік  міндеті:  Ұлы  ақын  Абай  жөніндегі  оқушылардың  білетіндерін  жаңа  мәліметтермен  толықтыра  түсу. Ақынның өлеңдерін,  әндерін,  қара  сөздерді  меңгерту,  түсіндіру;

ә) Дамытушылық  міндеті:  Көркем  шығармадағы  негізгі  ойды  ажырата білуге  үйрету,  өз  ойларын  еркін жеткізе  білуге,  пәнге  қызығушылығын,  белсенділігін  дамыту.  Сөздік қорын  молайту.

б) Тәрбиелік  міндеті: Ақын  шығармасы  арқылы  еңбексүйгіштікке,  адалдыққа,  адамгершілікке,  әдемілікті,  әсемдікті  сезінуге  баулу.

    3. Көрнекілігі:  Абайдың  суреті,  ақын  туралы  буклеттер,  альбом, үлестірмелі  қағаздар,  сөзжұмбақ.

    4. Сабақтың  түрі:  жаңа  білім  беру  сабағы.

    5. Оқыту  әдісі:  Баяндау,  сұрақ – жауап,  қайталау.

    6. Пәнаралық  байланыс: ән, бейнелеу.

    7. Сабақтың барысы:  

 

  1. Ұйымдастыру  кезеңі. 
  2. Үй  жұмысын  тексеру.  Балалардың  жаттап  келген  өлеңдері  сұралады,  жазған  шығармалары  тексеріліп,  құрастырылып  келген мәтіндері  тыңдалады. Ғ.Қайырбековтың “Ана  тілі” өлеңін  жатқа  сұрау.  Үй  тапсырмасы  бойынша  қосымша сұрақтар  қою: а) тілге  байланысты  қандай  нақыл  сөздер білесің?

 ә) қазақ  тілінің  ерекше  байлығы,  ұлылығы  туралы  ақын  қалайша  шабыттана  жырлайды?

б) ана тілін  қалай  құрметтеу  керектігі  жөнінде  әңгімеле.

3) Жаңа сабақ.

  — Балалар, енді  тақтадағы  сөзжұмбақты  шешіп  көрейік.  Егер  оны  дұрыс  шешсек,  бүгінгі  жаңа  сабағымыздың  тақырыбы  шығады.

1. Республикадағы “көмір  кені” аталған  қала.(Қарағанды)

2. Қазақтың  ұлы ақыны.(Абай)

3. Құрманғазының күйі.(Серпер)

4. Биік  төбелердің  атауы.(тау)

5. Қазақтың  ұлттық  ойыны. (Ақсүйек)

6. Сәуір  айының  екінші  аты. (көкек)

7. Қазақтың  Тұңғыш  президенті(Назарбаев) Сөз  жұмбақ  шешуі: “Қара  сөз”. 

Қ А Р А Ғ А Н Д Ы
А Б А Й
С Е Р П Е Р
Т А У
А Қ С Ү Й Е К
К Ө К Е К
Н А З А Р Б А Е В

-Ендеше, балалар  бүгінгі  сабағымызда  қазақтың  ұлы  ақыны  Абай  Құнанбаевтың  қара  сөздерін  өтеміз.

    Сабақ  оқушылардың  Абай  туралы  бұрыннан  білетіндерін  сұраудан  басталады.

    Абайдың  табиғат  лирикасына  жазған  өлеңдерін  жатқа  сұрап,  суреттеп,  қара  сөзбен  айтқызу.

    8. Сергіту  минуты. Абайдың  “Желсіз  түнде  жарық ай” өлеңін  әнімен  айтқызу.

    Жаңа  сабақ  туралы  мұғалімнің  кіріспе  сөзі.

    Абай – халқымыздың  жазба  әдебиетінің негізін қалаушы  ұлы  ақыны,  ойшыл  да,  сыншыл  да  данышпаны.  Абайды  тану – халықты  тану,  өзіңді — өзің  тану.  Ақындық  жолында  адамгершілік,  имандылық,  адалдық  еңбекқорлық,  кешіпейілділік,  қайырымдылық,  парасаттылық, әдептілік  сияқты  ізгі  қасиеттерді  ту  етіп  ұстап,  өлеңдерінде  қайта – қайта насихаттаудан  жалықпаған  Абай  ға қияларында  да  өзінің  осынау  өмірлік  мүддесін  әр  қырынан  баяндаудан  таймаған.  Ойшыл  ретінде  ақ  пен  қараның,  жақсы  мен  жаманның,  адалдық  пен  зұлымдықтың,  білімділік  пен  надандықтың,  кішілік  пен  даңғойлықтың  ара  жігін әр  сөзінде  ашып,  дәлелдеп  беріп  отырған.

    Оқулықта  берілген  қара  сөзден  ақын  күллі  адам  баласын қор  қылатын  үш  нәрсе:  надандық, еріншектік,  зұлымдық  екенін  айтады.

  1. Оқулықпен  жұмыс.
    1. Қара  сөздерді  мәнерлеп оқу.
    2. Абай  атаған   жат  қылықтарды  санамалап  айтқызу.

Пікірлерін,  ойларын  айтқызу.

  1. Дәптермен жұмыс.
    1. Қара  сөздегі  нақыл  сөздерді   танып  жазып  алу.
    2. Осы  нақыл  сөздердің  мәнін  бүгінгі  өмірмен  байланыстыра  дәлелдеу.
    3. Нақыл сөздің  мазмұнын  ашатындай  шығарма  жаздыру.
  2. Сабақты  қорыту.  Жаңа  сабақты  оқушылардың  пікірімен  бекіту.

 Абайдың  аталған қара  сөзі  осы  бөлімде  берілуінде  қандай  негіз  бар  деп  ойласыңдар?

  1. Үйге  тапсырма:  Қара  сөзден қалған  үзіндіні  жаттау.  Қара  сөзді әңгімелеп, түсіндіру.
  2. Бағалау. [30] 12-14 б.

                    

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта  келе  айтарымыз:  Поэзияда,  музыкада,  қоғамдық – азаттық    ой –пікір саласында  өлмес — өшпес  шығармалар  берген  Абай  қазақ  халқының  өткен  заманындағы  өмірін  зертеуші, біздің  ұрпаққа таңғажайып  тұлға  болып  көрінеді.  Ол  өз  халқының  тарихында  тау  шыңындай  боп  тұр. 

Абай есімі бізге  сондықтан  да қымбат.  Осы  жұмысты жазу  барсысында  Абай  шығармаларын  толық  оқып шығуға  және  шамам  жеткенше  жан – жақты  түсінуге  мүмкіндік  алдым.

Абай – қазақтың  ұлттық   санасының  озық  үрдістерінің  насихатшысы. Сол үшін  Абайды  алдымен  өзіміз  терең  біліп, тәлімін  алуымыз  керек.

  Абай – халқымыздың  ұлы  ұстазы,  тәлімгер  педагогі.  Оның  өлеңдері  мен  қарасөздерінің  ең  басты  объектісі – адам,  басты  мақсаты – адам тәрбиесі. Адам  болғанда  да  «өзі  үшін  оттаған   хайуанның» бірі  емес,  адамдар  үшін  еңбек  етемін,  «ақыл,  қайрат,  нұрлы  жүректі  тең  ұстайтын»,  жан – жақты  жетілген  адам.  Абайша  айтқанда,  «толық  адам».  Ал «толық  адам»,  «жетілген адам» дегендердің  мағанасы – терең  философиялық  ұғымдар.  Адамды  адамгершілік  тұрғысынан,  кісілік  тұрғысынан  жетілдіруді көздейтін  үлкен  даналық  ойлармен  ұштасып  жатқан  күрделі  мәселе.

Абайдың  мұраты – адамды  адамгершілік,  кісілік  жағынан  жетілдіру  арқылы  қоғамдық  жетілдіру,  қазақ  қоғамын ілгері  дамыған  мәдениетті  елдер  қатарына  қосу.  Оның  өлеңдері  мен  қарасөздеріндегі  дүниетанымдық,  философиялық,  әлеуметтік,  қоғамдық,  этикалық,  педагогикалық,  психологиялық  ой – пікірлері  осыны  дәлелдейді.

Ұлы  Абайдың «ұлы» екендігін оның  тек  поэзиясы — өлеңдері  ғана  емес,  «қарасөздер» атты   прозалық  шығармалары  да  танытады.  

Мұхтар   Әуезовтің  сөзімен  айтсақ,  «Абайдың  қарасөздері – бұл сыншылдық,  ойшылдық,  көбіне  адамгершілік  мораль  мәселелеріне  арналған өсиет,  толғау  тәрізді».

Зерттеу  жұмысымыздың  нәтижесінде  Абай  шығармаларының  жас ұрпақты  адамгершілікке, имандылыққа, әдептілікке  тәрбиелеудегі  маңызы ешуақытта жойылмайтынын  айта  келе,  бастауышта “Ана  тілі” оқулықтарында  оның  қарасөздері молырақ  берілсе  екен  деген ұсыныс  айтамыз.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Абай энциклопедиясы.- Алматы: Атамұра, 1995.- 367 б.
  2. Абай шығармалары. І,ІІ том.  Алматы, 1995 ж.
  3. Абай.  Қара  сөздері. – Алматы:  Жазушы, 1986. 113б.
  4. «Абай  тәлімгерлік  тағылымы» (конференция  материалдары). Алматы,  1996 ж.
  5. «Абайдың өмірі  мен творчествосыц» Алматы, 1956 ж.
  6. Рахметова С. Жаманқұл П.  Қабатаева  Б. «Ана  тілі» (оқулық) ІІ  сынып, Алматы, 1996 ж.
  7. Әбдікәрімова Т. Рахметова С. Қабатаева Б. «Ана  тілі» (оқулық) ІІІ сынып,  Алматы, 1999 ж.
  8. Рахметова С.  Әбдікәрімова Т.  Қабатаевва Б. «Ана тілі» (оқулық) ІV сынып,  Алматы, 2000ж
  9. Әбдікәрімова  Т. Бастауыш  кластарда  текспен  жұмыс  істеу  әдістемесі, Алматы, 1992ж.
  10. Әуезов М. Әдебиеттану  кітабында. – Алматы:  Мектеп, 2003.-139 б.
  11. Әуезов М. Абай  еңбектерінің  биік  нысанасы. Алматы, 1964 ж.
  12. Әуезов М. Абайтануға жариаланбаған материалдар. Алматы, 1988 ж.
  13. Бержанов Қ. Мусин Қ. Педагогика  тарихы,  Алматы, 1975ж.
  14. Дербісалин  Ә.  Әдебиет туралы  толғаныстар. Алматы, 1990ж.
  15. Есімов Ғ. Кәкім  Абай.  Алматы, 1994ж.
  16. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1992 ж.
  17. жиреншин Ә.  Абай  және  орыстың  ұлы  революцияшыл демократтары.  Алматы, 1956 ж.
  18. Қоянбаев Р. Оқыту  теориясы. Алматы, 1991 ж.
  19. Қоянбаев Р. Қысқаша  педагогикалық  сөздік.  Алматы, 1993 ж.
  20. Қараев М. «Қазақ  әдебиетіндегі  реализмнің  дамуы  жолдары». Алматы, 1986 ж.
  21. Қазыбаева С. Қазақ  тілін  оқыту  методикасы.  Алматы, 1985 ж.
  22. М.Мырзахметов. абайтану  тарихы. Алматы, 1994 ж.
  23. Рахметова С. Қазақ тілін  оқыту  методикасы. Алматы,  1992 ж.
  24. Сабыров Т.С.  Оқушылардың  оқу  белсенділігін  арттыру.
  25. Тұрманжанов Ө. Қазақ  мақал – мәтелдері. Алматы, 1993 ж
  26. Ушинский К.Д. Таңдамалы  шығармалары. 1том.  Алматы, 1951 ж.
  27. Өмірәлиев Қ. Абай  афоризмі.  Алматы, 1993 ж.