Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні

0

 

Жоспар

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………….3

      І Тарау Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні

1.1 Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі — мораль

     тәрбиесінің   алатын орны ………………………………………………………………………4-7

1.2. Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіндегі  еңбек, ақыл — ой 

       тақырыбына   байланысты айтылған    ой-пікірлері…………………………………….9-16

       ІІ Тарау Абайдың педагогикалық көзқарастары

2.1 Абайдың қарасөздері — оның ақындық мұраларына қосылған бағалы 

      қазына…………………………………………………………………………………………………..16-18

2.2 Ақын творчествосындағы адамның психологиялық даму 

     жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі……………………………19-24 

Қорытынды……………………………………………………………………………………………25-26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………27

Кіріспе

    Зерттеудің өзектілігі: Абай — өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман  айшылықтарын шегінуте де оң бағыт берген биік тұлға. Ақынның гуманистік идеясы тек өледдерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған ақын шығармашылығындағы айтпақ ой, терең филососриялық мұғалім өзі зерттеп, түсінгенде ғана осы бағытта баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ. 

Курстық жұмыстың мақсаты: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін қазақтың мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыра-тын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы, жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады немесе «7-ші», «31-ші» сөзінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғауы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті: Абай қарасөздерінің тақырыптық жағынан  топтап, тәрбиелік мәніне терең түсінік беру.

Зерттеу пәні: Абайдың қарасөздеріндегі басты  тәрбиенің  қайнар көзі  — мораль, еңбек, адамгершілік  тәрбие мәселелері екенін ашып көрсету.

Зерттеу объектісі: Абайдың  қарасөздерінің мәнін тәлім – тәрбиелік тұрғыдан  дамыту.

Зерттеудің теориялық мәні:  Жалпы бұл зерттеудің теориялық мәні  қазіргі таңда Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні, сонымен қатар даму деңгейі ақын өлеңдерінде көтерілген адамгершілік, гуманистік мәселелер ғакдияларынды де терең, дәлелді пікірлермен берілген.

  Зерттеудің практикалық мәні: Абайдың қарасөздері-оның ақындық мұрала-рына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шын-дықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, оз-быр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармалар. Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес. Бұл жағы айрықша таратып, талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар.

І Тарау Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні

1.1 Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі — мораль

тәрбиесінің   алатын орны

 Абай Құнанбаев —казақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғақлия» сөздері пәлсапалық этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой пікірлерге толы.

Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігімізбен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.

Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,— дейді Абай. Абай дүниені жаратушы бір күш бар деп қарайды. Бұл жағынан алғанда дейстік көзқараста болғаны байқалады.

Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі — мораль, тәрбие мәселелері. Бұл тақырыпқа 12-ші, 20, 36-шы, 44-ші сөздер кіреді.

Ақын өлеңдерінде көтерілген адамгершілік, гуманистік мәселелер ғакдияларынды де терең, дәлелді пікірлермен берілген.

Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіне байланысты айтылған ой-пікірлерінің бірі — еңбек тақырыбы. Ақын: «Жаманшылыққа бір ілініп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қасиет қазақте кем болады», — дейді. Осы ойларда ұлы ғұлама халқының етектен тартып отырған қылықтарын тайға таңба басқандай айта отырып, халқының бетін жақсылыққа, адалдыққа бұрады.

«Не жаманшылық болса да бір етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда, я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен өздігінен тоқтаған адамды көрмессің» — деген үзінділерден адам мінез-құлығынан алуан үлгісін көреміз.

Алайда ұлы ойшыл адамдар жаратылысында бірдей емес дейтін нәсілді көзқараска қарсы шыға отырып (отыз төртінші қара сөз), «адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей… Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі — ішсем, жесем, ұйыктасам деп туады. Бұлар тәннің құмарлығы. Екіншісі — білсем екен деу — жан құмарлығы»… (жетінші, қырық үшінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты _ақыл, ғылым… ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі…» деген қорытынды жасайды.

Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзкарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгеріс дамуда болады, адамды қоршаған ортаның — табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.

       Ол қазақ халқыңың саяси-экономикалық және мәдени артта қалушылығы— оның феодалдық-патриархалдык қатынасынан, рулық талас-тартыстары етек алған көшпелі тұрмысынан туындап отырған бытыранқылығының салдары екендігін жақсы білді. «Күнде ұрлық күнде төбелеспен күн кешкен» алты бақан алауыз елінің «жақсыларына» налыған Абай «малыңды жауға, басыңды дауға» салып, өмірінді қор қылмай татулас, бірлесіп ел боп «Егіннің ебін, сауданың тегін» үйрен, «жан аямай кәсіп кыл» деп өсиет айтты. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын кере білді, бірақ сол таптық қанаудан құтылудың жолы оқу, ағарту деп қарады.

       Абайдың қарасөздерін тақырып жағынан топтасақ, он-он бір тақырыпқа бөлінеді. 1-ші сөзінде Абай жазуға кіріскендегі мақсатын айтады. Осы қарасөзінде ақынның айтпақ ойының өміршегдігі мен бүгінгі заманмен үндестігіне таң қаласыз: «… Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры осыған бел байладым»-дейді. Абай тек осы қарасөзінде ғана емес, барлық қарасөзінде бейне бір оқушысымен әңгімелесіп отырғанд   ай, ол өзіне-өзі сұрақ беріп, оған нақтылы жауап береді.

    Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр  тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты.

Пайда ойлама, ар ойла 

Талап қыл артық білуге. 

Артық білім кітапта 

Ерінбей оқып көруге,—

деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды.

Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:

Ойында жоқ олардың

Салтыков пен Толстой.

Я тілмаш, я адвокат,

Болсам деген бәрінде ой,—

деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, «білімдіден шықкан сөз талаптыға кез болса екен»— дейді.

Тіршіліктің тұтқасы еқбек пен білімде деп ұққан Абай:

Түбінде баянды еқбек егін салған, 

Жасынан оқу оқып білім алған.

Би болған, болыс болған мақсат емес, 

Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.

Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұткасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген ол: «Барынды салсаң да балана орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі…»—деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.

Кітапты молда теріс оқыр, 

Дағарадай боп сәлдесі…—

деп, Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болды.

 

Бұл жерде діни оқу жөніндегі Абайдың көзқарасы өзінің замандасы Шоқан, Ыбырайлармен өзектес келетіні байқалады.

Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді— «Әне оны берем, міне мұны берем деп, бастан балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің? «Боқта!» деп біреуді боқтатып, «кәпір қиянқы, осыған тимеңдерші» деп, оны масаттандырып тентектікке үйретіп қойып, «ку, сұм бол» деп, «пәленшенің баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді деп, тірі жанға сендірмей жат-мінез қыласың»—деп, теріс тәрбие беретін ата-аналарды қатты сынға алады. «Ақыл ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы 

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, 

Бұларды керек қылмас ешкім кылап… 

Терең ой, терең ғылым іздемейді,

 Өтірік пен өсекті жүндей сабап,—

деп кейбір жастардың іс-әрекетіне кейістік білдіреді.

Талап, еңбек, терен ой, 

Қанағат, рақым-ойлап қой. 

Бес асыл іс көнсеніз,—  

деп, ел қамын ойлаған жастардың бойында қандай қасиеттердің болуы керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің қалыбы үш нәрсеге байланысты екендігін айтады:

«…Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек»,—

деп адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық салғырттық, жалқаулық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді еске сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдылардан бойын аулақ ұстау,_нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді қастерлейді.

 

    

1.2. Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіндегі  еңбек, ақыл — ой

тақырыбына   байланысты айтылған    ой-пікірлері

      Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында  болады. Естіген нәрсені   есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді»—деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінің ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандык, тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сепгіштікті, арсыздықты, мақтаншактықты, қулыкты, жауыздықты т. б. жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай еткізгенің жайында өзіңнен өзін есеп ал»—дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымактық»—дей келе, адамды тәрбиелеудегі коғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарынын бәрі виноват»—дейді. Яғни Абай сана-сезімді тәрбиелеп жетілдірудегі қоғамдық ортаның рөлін материалистік көзқараспен түсіндіреді. Адамның жақсы, жаман болуы. ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақсүйек тұқымнан шыққандар ақылды, алғыр болады дейтін буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің, отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»—деді.

Абай ел қыдырып ас ішіп, аяқ босатар жатып ішер, жалқау жастарды мінеп-сынай келе:

Жалға жүр, жат елге кет, мал тауып кел, 

Малың болса сыйламай тұра алмас ел…

талаптан, талпын, адал еңбек ет. «Есек артын жусан, да» адал еңбекпен мал табудың арлығы жоқ «егіннің ебін, сауданың тегін үйрен» дегенді насихаттайды. Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал таппақ болатын женілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп күн көрушілердің арам пиғылын әшкерелеп, «ұрлық түбі қорлық», адалдан тапқан мал мұратқа жеткізеді, «еңбек түбі — зейнет» дегенді өнеге тұт дейді.

Жастардың белгілі бір өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын, адал еңбекпен мал табуын уағыздаған ұлы ақын оларға:

Әсемпаз болма әрнеге 

Өнерпаз болсаң, әрқалан 

Сен де бір кірпіш дүниеге 

Кетігің тап та, бар қалан,

өмірден өз орныңды таба біл, қоғамның пайдалы азаматы бол деп өсиет айтады.

Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай коғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік сезімімен қарауға шақырады. Өзінің «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» (1891) деген өлеңінде:

Жасаулы деп, малды деп байдан алма, 

Кедей қызы арзан деп құмарланба. 

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар 

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма,—

деп жігіттердің жар тандау мәселесіне тоқталып, қазақтың «Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деген мақалына орай тәрбиелі жақсы ананын перзентін малды болмаса да бағала, өмірлік жолдасты дұрыс таңдай біл дегенді айтады. Сөйтіп отбасы өмірдің этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен сыйласымды өмір сүруін ескерте келіп, күнделікті тіршілікте кездесетін қисындық атаулыны қол ұстаса отырып жеңе білуге жастардың әзір болуын талап етеді.

Кемді күн кызық дәурен тату өткіз, 

Жетпесе біріндікін бірің жеткіз… 

Бір жерде бірге жүрсен басың қосып, 

Біріннің-бірің сөйле сөзін тосып, 

Бірінді-бірің ғиззат құрмет етіс 

Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.

Абай сондай — ақ некесі қиылған жастар ауыл-аймақпен жора-жолдас, туған-туыстарға, сыпайы қарым-қаты-наста жұртка қадірлі болуы өздерінің мінез-құлқы, іс-әрекетіне байланысты екенін, бұл жерде әсіресе жаңа түскен келінге қояр талаптың жоғары болатынын мықтап ескертті. Семьядағы достық қарым-қатынас, ер жігіттің елі мен жора-жолдасына инабатты болу, туған-туысқандарын құрметтеуге қалыңдыктың міндеті екенін, бұл қасиет оның өз ерін құрмет тұтуы, қадірлеп сыйлауы қажеттігінен туындайтыны айтылады. Осыған орай ақын:

Үйіңе тату құрбың келсе кіріп, 

Сызданбасын қабакпен имендіріп. 

Ері сүйген кісіні о да сүйіп, 

Құрмет қылсын, көңілі таза жүріп,—

деді.

Ақын отбасылық әдет-ғұрыпта ерсі қылықтарды қатты сынады. Ол әйел қауымынын намысты қастерлеуін, қылығымен сүйкімді болуын, үй ішінде жұлдыздай жайнап жүруін  қалады. Ал кейбір жас әйелдердін үй іші шаруасына қабілетсіз күйректігін, тіпті өзінің бас-аяғына қарауға да мән бермейтін, салдыр-салақ болып жүретініне кейіс білдірді. Мәселен, «Қатыны мен Масақбай», «Әйелің-Медет қызы, аты Өрім» атты өлеңдерінде:

Әйелің — Медет қызы, аты Өрім, 

Айына бір жумайды беттің кірін деп,

мұндайлардың өзінің тек сыртқы көркіне ғана табынып, үй іші талап-талғамымен санаспай, отбасы тірлігіне салғырт қарайтының қолынан өнімді іс келмейтініне, жастық желік, нәпсінің кұлы болып жүретіндерге ренжіп:

Шу дегенде көрінер сұлу артық 

Көбі көпшіл келеді ондай қаншық…

  Бетім барда бетіме кім шығар— деп 

Кімі паңдау келеді, кімі тантық,—

ақын әйелдердің тек тон сұлулығына табынуын ұнатты. Олардың  ішкі жан дүниесінің сұлулығына ерекше назар аударды.

Бай әйел қауымын кейбір нашар қасиеттерден (өсек, жалқаулық, еріншектік, шаруаға икемсіздік т. б.) бойын аулақ салуын тілеп, олардың ақылды, инабатты, ыбалы балаға — ана, еріне — жар, ата-енеге сүйкімді келін, отбасына береке-құт тудырар аса қабілетті адам болуынын аңсады.

       Ақын отау құрған жастардың бірінде махаббат сезімі жалған құмарлық болмауын, махаббатсыз некеде үйдің қуаныш-қызығы болмайтынын, үй ішіндегі қамсыздық, екі жүзділік пен опасыздық, осындай немқұрайлылық салдары деп түйді. Өзінің «Жарық етпес, қара көңілім неғылса да» өлеңінде: адамның көңіл түкпіріндегі сырын аша отырып, нағыз махаббаттың еш уақытта сөнбейтінін, үнемі өршіп дамитынын, адамның армай-талмай нәтижелі жұмыс істеуіне ықпалын тигізетінін шын махаббат кісіні адамгершілікке жетелейтінін, зұлымдықтан аулақ болатынын ескертті. Абай әйелдің бас бостандығын, жастардың сүйгеніне қосылып махаббатты өмір сүруін қорғаушы болды. Әсіресе жас қыздарды еріксіз малға сатып, шалдарға тоқалдыққа зорлап беруді қатты айыптады.

Кәрі, жас дәурсні өткен тату емес, 

Епке көнер ет жүрек сату емес. 

Кімде-кім үлкен болса екі мүшел 

Мал беріп алғанымен қатыны емес,

мен жастың жүрегін қалыңмал жалғастыра алмайтынын, «махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны косыңдар» есек құсатып кәріге жасты зорлап қосқан өмірдің несі сән деп, өзінін, қалың малға деген айыптау үкімін  айтты. Сондай-ақ Абай «Бір сұлу кыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңінде, алтын, күміс, қамқа, торғынға орап қойып, зорлап алып әйел етпек болған есерсоқ ханды сықақ ете келеді де:

…Етімді шал сипаған құрт жесіп деп, 

Жартастан қыз құлапты терең суға,—

қорлық өмірден ерлік өлімді артық санап өзін өлімге қиған қызды дәріптейді.

Абайдың көзқарасынша шын ғашықтық пен көрсеқызар нәпсіқұмарлық екеуі екі басқа нәрсе. Әйелдің арын аяққа басып ойыншық етуді азғындық деп санаған ақын:

…Салынба, қылсандағы сан құмарлық, 

Алдыңда уайым көп шошынарлық…

кейбір нәпсіқұмар жеңілтек мінез жастарға опық жегізеді, ұятқа қалдырады деп ескерту жасайды. «Сүйдім, күйдім» деп жалған сөзбен арудың ақ жүрегіне дақ түсіріп алдаусырататын екі жүзді жігіттерден бойжеткен қыздың өз арын таза сақтауын қалаған Абай:

Құйрығы шаян, беті адам 

Байқамай сенбе құрбыға. 

Жылмаңы сыртта, іші арам 

Кез болар қайда сорлыға,—

деп аяушылық білдіреді. Арды белге түйіп, алды-артына қарамайтын желөкпе, нәпсіқұмар, опасыз жастардың қылығына ызаланған ұлы ақын:

Ары кеткен алдамыш 

Мені-ақ алда сөкпейін. 

Балы тамған жас қамыс 

Ормасаншы көктейін!—

деп лағынет айтады. Мәңгілік махаббатты өмірдің көркі деп бағалаған ұлы ойшыл Абай «Махаббатты өмірлік серіктікке, отбасының ұйтқысына арқау етуді мұрат тұтты.

Ғашықтық іздеп тантыма 

Аз күн әуре несі іс? 

Өлгенше болар бар ма дос? 

куаныш, кайғы — бәрі бас»—

деп өткінші, алдамшы сезімге бола әуреленбей, оны жүректе мәңгі сақтап, өмірге арқау етуді жастарға үлгі-өнеге ғып ұсынды. Абай дәріптеген мәнгілік махаббат, адал достық, ол кіршіксіз таза махаббаттың эталлоны, жастардың ой-арманын жарқын болашақка, терең мақсатка жетектейтін жарық жұлдыз маягы сияқты.

Сайып келгенде, Абай бозбала мен бойжеткенді жұбайлық өмірге баулуда мына мәселелерге баса назар аударды:

1) адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбек сүйгіш адамгершілігі мол, таза жүректі адаммен бас қосқан абзал екендігі; 2) жастық шақ — адам өмірінің ең қызық ең, жауапты, ең мағыналы шағы, оның басты ерекшелігі: алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыкқа құмар, қызылға өш өткінші дәурен екендігі; 3) жастық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қарекетіне төселу қажетін, бұл — адамшылықтың басталу шағы екенін, оны қалайда дұрыс бастау кажет болатыны; 4) отбасын кұру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында екендігі.

Сөйтіп, Абай келешегінен үміт еткен жастардың жұбайлық өмірге алдын ала даярлықпен баруына ерекше мән берді, отбасындағы тіршіліктің барлық жай-жапсарын, жетістік-кемістігін түк қалдырмай олардың алдарына жайып салды, жақсысынан үйренуге, жаманынан жиренуге шақырды.

ІІ Тарау Абайдың педагогикалық көзқарастары

2.1 Абайдың қарасөздері — оның ақындық мұраларына қосылған бағалы

қазына

Қазақтың мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыратын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы, жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады немесе «7-ші», «31-ші» сөзінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғайды.

Абайдың 6-шы, 8-ші, 9-шы, 10-шы, 14-ші, 23-ші, 26-шы, 29-шы, 33-ші, 39-шы, 40-шы, 41-ші, 42-ші және 43-ші соз сияқты ғақлиялары тақырып жағынан бір-біріне жақын, бұларда Абай халық атынан ой толғайды.

Бұл мақалдардан не шықты? Мұғалім болды: қазақ тыныштық үшін, білім үшін, әділет үшін, әділет үшін қам жемей-ді екен, бермесе, оны менен жауласпақ екен, егер малды болса екесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып, мал тапса, жазалы демесек керек екен».

Абайдың қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі — мораль, тәрбие мәселелері. Бұл тақырыпқа 12-ші, 20, 36-шы, 44-ші сөздер кіреді.

Ақын өлеңдерінде көтерілген адамгершілік, гуманистік мәселелер ғакдияларынды де терең, дәлелді пікірлермен берілген.

Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіне байланысты айтылған ой-пікірлерінің бірі — еңбек тақырыбы. Ақын: «Жаманшылыққа бір ілініп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қасиет қазақте кем болады», — дейді. Осы ойларда ұлы ғұлама халқының етектен тартып отырған қылықтарын тайға таңба басқандай айта отырып, халқының бетін жақсылыққа, адалдыққа бұрады.

«Не жаманшылық болса да бір етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда, я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен өздігінен тоқтаған адамды көрмессің» — деген үзінділерден адам мінез-құлығынан алуан үлгісін көреміз.

Адамның қайткенде білімді болатындығының жолын көрсетуге ақын «19-шы сөзін» арнаған. «Адам, — дейді ол, — ата — анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені-көргені көп болған адам білімді болады». Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естіліктің жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегендерінен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады».

Абай осы естіген, білген нәрселерді адам қайткенде есінде сақтап, қалай ұмытпай, оларды өзінің өмір серігі етудің әдістерін де көрсетті. Бұл мәселеге оның «31-ші» сөзі арналған. Әңгіме қысқа, тұжырымды және оқушы жастар үшін өте маңызды, керекті.

«Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек. Екінші, сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратләну керек. Үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші — ой кеселді нөрселерден қашық болу керек. Егер ой кеселдері кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық. ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер».

Абайдың бұл әңгімелерінің кім үшін болса да тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды.

  Өзінің өлеңдеріндегі тәрізді қарасөздерінде де ұрлық, парақорлық, пәлеқорлық, маңсапқорлық, т.б. елдің ел болуына зор бөгет екендігін айта келіп, «41-ші» сөзінде Абай екі нәрсе ұсынады: біріншісі — «еңбек зор үкімет», екіншісі — қаржы. Үкіметтің күшімен қазақтың ұл, қыздарын еріксіз түрде мектепке беріп, оларды ғылымның әр саласынан мамандаидырып, ой-санасын жаңапта тәрбиелеп, бұрынғылардан мүлде өзге психология, өзгенің наным-сенімдегі адамдар етіп шығарса, сонда гана елдің түзелетінін айтады.

Бірақ жұрттың борін қорқытып, зорлау не үгіт арқылы түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан олардың бірқатарына ақшаның күні арқылы балаларын оқуға тартуға жағдай жасау керектігін айтқан мұның екеуі де мүмкін еместігін көрген ол: «Енді не қылдық, не болдық?»-деп, тұйыққа тіреледі.

Әрине, тек қана ағартушылық жолмен барлық істі жөндеу мүмкін еместігі аян. Әйтсе де, Абайдың өмір сүрген кезін, оның өскен ортасын, сол дәуірдегі қазақтың жағдайын еске алсақ. Абай ұсынған жолдарын үлкен прогрессивтік мәні барлығын мойындамасқа болмайды.

Абайдың қарасөздері — оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармалар. Қарасөздердің бағасы — Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді. Рас, біздің заманымыз үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы, барлык дерті және Абайдың сол ортада отырып, күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныс ойлары бәрі де ескірген. Біздің қоғам үшін Абай өмір кешкен тарихтық орта мен қоғамдық шындықтар мүлде алыста, артта қалған дүние. Осы тұрғыдан қарағанда қарасөздердің арманы мен мазмұны, мұраттары тек тарихтық жағынан бағалы деу керек.

Екінші — Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындыктары, тәрбиелік ойлары аз емес. Бұл жағы айрықша таратып, талдауды кажет етпейтін түсінікті жайлар.

Ал, осы аталғандардан басқа Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қарасөздері беретін әр заманға бағасы жойылмайтын бір үлкен қазына бар. Ол —Абайдың осы қарасөзді жазған тілі. Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі, жаңалығы, көркемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет гілінің дәрежесіне көтерген ұлы тарихтың еңбегі қандай болса, қарасөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді. 

2.2Ақын творчествосындағы адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі

         Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты ғылыми мәні зор, ерекше көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлер көптеп кездеседі. Ақын творчествосында психологияның негізгі мәселесі — жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жас денгейіне байланысты ерекшеліктер әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқумен үйретудің психологиялық негіздері, ұлттық мінез-құлық т. б.) көрініс тапқан. Ол бұларды талдап талқылағанда адамның психологиялық өмірінің бір қыры мен сырына табиғи-ғылыми тұрғыда түсініктеме бере қоймайды. Алайда Абай тұжырымдарынын ауқымы мен тереңдігі — оның әлем психологтарының енбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Нақтырақ айтсақ оның психологиялық көзқарастары П. К. Аристотель, әл-Фараби көзқарастарымен астарласып жатады. Оның таным процесіне байланысты материалистік түсініктері жүйелі емес, аллаға сену мен жанның мәңгілік туралы ұғымдармен араласып отырады. «Өлсе өлер-табиғат, адам өлмес», «Көк тұман — алдындағы келер заман» т. б. өлеңдерінде ойшыл ақын адамның денесі ғана өледі, ал жаны ешқашан да өлмейді деп тұжырымдайды.

    Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығы туралы «Ақыл ғылым: бұлар — кәсіби» дейді. 

Ақын ғақлияларында қоршаған әлемді тану үшін адамға алдымен —«не көрдің есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып алу; екінші — «…бір нәрсені естіп, көріп білдің, кош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, бетеннен хабарласып білмей, тыншытпайды»,—деп көрсетеді. Абай сезім мүшелерінің шындыкты танудағы қызметін дұрыс түсіндіреді. Ақын: «Адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпта тұрмақты берген жоқ»,— деп, табиғат қана емес, адам да үнемі өзгеріп отыратындығына ерекше көңіл аударады. Абай адам мен жан-жануарларды салыстыра келіп жаңа өгіз шаһар жасап, құрал жасап, неше түрлі сайман жасап, сыпайылық  шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар?»— адамның хайуаннан басты артықшылығы қоғамға қызмет етуінде деп түсіндіреді Абай:

«Ақылда, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, 

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. 

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек»,—

деп, Абай адамның ішкі жан дүниесінің ақыл, сезім және қайрат секілді қуаттарын біртұтас етіп алады. «Он жетінші сөзінде: (қайрат, акьіл, жүректің сөз таластыруы) тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистика тұрғысынан көрсетпек болады. Ойшыл ақын негізгі үш бастау:— ақыл, сезім және қайрат арасындағы тартыс арқылы адам мінезінің қарама-қайшылықтарын дұрыс түсіндіреді. Осы сұхбаттың логикалық үйлесімі, дәлелдері, терминдік сөздердің байлығы (мақсат, кішіпейілділік, әділдік, қайырымдылық, елгезектік, қатыгездік, реніш, абырой, қайрат, жауыздық кулық т. б.) қайран қалдырады.

Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын біршама материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Сезіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта талдайды. Ақын сыртқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне әр түрлі сипатта әсер ететінін айта келіп: «Құлак болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс жақсы үн, күй, ән — ешбірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік?»—деп көрсетеді. Алайда сезім мүшелерінің (көз, құлақ, мұрын т. б.) мимен байланысты дейтін ғылыми түсінікке бара қоймайды. Бірақ түйсіну, қабылдаудың басқа да танымдық құбылыстармен, дәлірек айтқанда, ойлау, елестету, ұғым сияқты түйсіктермен «байланысты екенін ашып айтады. Осыған байланысты Абай: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамдық қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көнілге түседі»,— деп жазады.

 Ақын:

«Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей, 

Шу дегенде құлағын тосаңсиды, 

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей, 

Тан қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай, 

Және айта бер дейді жұрт тыным бермен»,—деген жолдарда «түйсік» деген ұғымды арнайы айтылғанмен психологиялық құбылыстың мәніне көңіл аударады. Ол түйсік пен қабылдау адамның жиған-терген тәжірибесіне байланысты, сөзді дұрыс қабылдап, менгеріп алмай келер сөзді түсіну қиын деп дұрыс тұжырымдайды.

       Ақынның ес туралы   пікірлері де қызғылықты. Абай естің мәнін ашу үшін ерекше «ұмытпастық себептер» деген психологиялық термин енгізген. Ол осыған орай «Отыз бірінші сөзінде: «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уакыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайгыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер».— деп жазды. Бір нәрсені есте сақтау, ренішті, қуанышты көңіл күйлерін тану барысындағы естің маңызы жайлы айта келіп адам «…сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып, не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек»,— деп түйіндейді.

Ақын шығармаларынан тек адамға ғана тән жан қуаттарының негіздері — сөз бен қиял хақындағы пікірлерін жиі кездестіруге болады. Абай:

«Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, 

Әр нәрсеге өзіндей баға бермек»,—

деп терең ойлап білетін, қиялы ұшқыр, кең ақылды адамдарды жоғары бағалайды. Ақын: «…білім-ғылымды көбейтуге екі кару бар: оның бірі — мұлахаза (ойласу, пікір алысу)…, екіншісі — берік мұхафаза (сақтау, қорғау). Бұлар зораймай, ғылым зораймайды»,— деп жазды. Абай жан қуаттарын адамдардың бір-бірімен жәй түсінісуі ғана емес, онымен қатар олардың көңіл күйіне бүкіл психологиясына әсер ететін күшті құрал ретінде түсінеді. Адамның сан алуан қызыққа толы, сезім әлемі ақын шығармаларынын негізгі тақырыптарының бірі. Адамның ішкі жан дүниесін оның үш қырымен (ақыл, сезім, қайрат) тұтастыра қарастыратын Абай адам өмірінде, таным мен күнделікті тіршілікте сезімнің аса маңызды қызмет атқаратынын көрсете келіп, кісінің рухани дамуы үшін ең алдымен жан дүниесі бай, сезімтал болуы қажет дейді. Ақын адамның адамгершілік, имандылық, моральдық эстетикалық сезімдеріне айрықша мән береді. Осындай   сезімдерді бойға   дарытуда адам жаман мінездерден   арылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керек деп есептейді. «…Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез  бұзылмасын! Қөрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсен, мінездің беріктігі бұзылады»,— деп ескертеді. Абай әсіресе адамның танымдық қызметін арттыратын сезімдерге баса көңіл   бөледі. Ол жастарды білім-ғылымға шақыра отырып, тек қажырлылықтан, құштарлықтың арқасында ғана ғылымға қол жеткізуге болатынын айтады. Абайдың түсінігінде   құмарлық гылым жолында табысқа   жеткізетін ең күшті сезім: «…білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білектіктің өзін дәулет білсен және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рақат хұзур хасил (тыныштық, рахатшылық) болады»—дейді. Білімге ынтық сияқты құмарлықтың да адамның жасампаздық қызметін арттыра түсері сөзсіз. Ақын сондай-ақ біржолата құмарлык билеген адам тап сол сәтте қай нәрсенің аса маңызды екенін аңғармай, тек жеке басын күйттеп кетуі де мүмкін дейді. Егер құмарлық ақыл таразысын басып кетсе, ол жемісті еңбек етуге кедергі келтіреді, кейде құбылысты теріс бағалауға әкеп соқтырады: «Әрбір құмарлық өзінеіір дерт болады   екен, әр түрлі құмар   болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, біртүрлі мастық пайда болады екен»— деп суреттейді. Абайдың ойынша, қүұмарлық жаңадан білім алуға көмектессе ғана адамның   рухани  өсуінің қуатты   күшіне айналалады.

Адамның көңіл көтеріп, бойына қуат беретін сезімдердің бірі — қуаныш. Ар-ожданы таза адам ғана бар шынайы көңілімен күледі. «Әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рақаттанып күлесің, оның жаксылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл»,— дей отырып, қуаныштың ғана шын көңілден күлкі шығаратынын меңзейді. Ақын сонымен қатар: «…қолдан жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін әндеп, әдемілік үшін күлетін, бояма күлкінің» қажетсіздігін еске салады. Күлкі, қуаныш туралы ойын жалғастыра келе, Абай:

«Кайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, 

Кызық келсе, кызықпа, оңғаққа ерме»,—

деп жастарды басына іс түскенде сары уайымға беріліп, жүнжіп кетпей, өмірге құштарлығын жоғалтпауға шақырады. «Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!»— дейді Абай.

Өзінің қадір-қасиетін, өмірдегі орнын білетін саналы адамның қай-қайсысында да мақтаныш сезімі болады. Абай мақтанышты адамның өркөкіректік, мақтаншақтық менмендік сияқты мінезінің жағымсыз сипаттарына қарсы қояды. Мақтанышты үлкендіктін, кісіліктің баламасы деп түсінген ақын:  «Үлкендік—адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Мысалы, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұраншақ өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді — осындай жарамсыз қылыктардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез — ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі»,—деп тұжырымдайды.

Ашу — Абай түсінігінде негізінен жағымсыз сезім. Ол ашуды екі тұрғыдан қарастырады: біреуі — оқыс қимылдар мен ащы сөздер арқылы сырттай айқын көрінгенімен, дүмпуі әлсіз, кісінің көңілінде дақ қалдырмай тез тарқап кетеді де, екіншісі — сыртқа шықпай, жасырын қуатың ішке бүгеді. Ашу туралы ойларын ақын; «Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Егерде аузынан қара қан ағызса, домбыт мақтаншақ я қорқақ»,— деген қанатты сөздермен түйіндейді. Адамның ен, асыл қасиеттерінің бірі — ар-ұят, арлылық, ождандылық. Абайдың түсіндіруінше — ар-ұят адамның іс-әрекетімен тығыз байланысты «Отыз алтыншы сөзінде» адамның осы секілді қастерлі сезімін ол былайша сипаттайды: «Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар надандықтың ұяты… ұялмас нәрседен ұялған ұялу — ақымақтық жамандық. Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиырлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай үят екі түрлі болады: біреуі — ондай қылық өзіннен шықпай-ақ бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің… Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиырлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылык, қатеден яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады». Абайдың пікірінше, өзіне-өзі сын көзімен қарап, өзін тізгіндей білген адам келенсіз қылықтардан аулақ жүріп, әр қадамын ұят таразысына сала алады.

Қорытынды.

   Қорыта айтқанда,  Абайдың қарасөздерінің тәрбиелік мәнін сөз еткенде жалпы және педагогикалық психология мәселелерімен ғана шектелмейді. Ақын туған халқының әлеуметтік жағдайымен, оның әр түрлі топтарының мінез-құлықтарына да ерекше зейін қояды. Ол өз жұртының мінез-құлқын, көңіл-күйін, іс-әрекеттерін, күйініш-сүйінішін, талап-талғамын, салт-санасын жақсы біледі. Оның шығармаларынан мінез-құлықтары сан алуан адамдардың (бай, болыс, атқамінер т. б.) психологиялық бейнесі тамаша көрініс тапқан. Акын осынау әлеуметтік топтардың барлығына толыққанды, көркем бейнелі сипаттама беріп қана қоймай, сонымен қатар олардын әлеуметтік психологиялық мәнін де ашып көрсетеді. Ол көшпелі халықтың өмірінің ұсақ-түйектеріне дейін тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпының өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, бұл жолда қазақтың рухани мәдениетіне қатысты деректерді жан-жақты пайдаланады. Абай жасаған қазақ қауымының түрлі топтарының өкілдері жайлы психоло-гиялық сипаттаманы шын мәнісіндегі өміршең де әділ тұжырым деп бағалауымыз абзал.

           Абайдың психологиялық мәселелерге көзқарасы, ең алдымен, поэзия мен өнердің міндеті адам өмірін, олардың көңіл күйі мен іс-әрекеттерін шыншылдықпен көрсете білу деген түсінігіне орай қалыптасқан. Ол поэзия саласындағы талант иелерінің психологиялық қызметінің ерекшеліктерін, оның даму заңдылықтарын жете зерттеу «керектігіне зор мән берді. Ол өнердің кез келген түрі адамның белсенді шығармашылық қызметінің барысында қоршаған орта шындығынан нәр алып, мазмұндық жағынан байи бермек деп есептеді. Ән мен күй, өлең мен музыка қазақ халқының өмірі мен тұрғысынан ерте заманнан-ақ берік орын алып, олардың сенімді де айнымас серігіне айналған дүниелер. Қуаныш пен қайғы, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік — бәрі де әнде бейнеленеді, сонда көрініс  табады. Ән сырға   толы, адамды шаттық пен қуанышка бөлеп болашаққа жетелейді, жабыққанда жұбатады, шаршағанда демеу болады. Әнсіз өмір жоқ. Ол жүрек қылын шертіп, толғандырады, қиялыңа қанат бітіреді. Адам әсем әнді жылы сезімімен, бар ықыласымен, жүрегімен қабылдайды. Тек шын жүректен шыққан ән ғана тыңдаушысын толғантып, қуанышқа бөлейді. Абай ән мен музыканы адамның әсемдікке деген құлшынысын қанағаттандыратын аса маңызды құрал, оның рухани дамуының негізі деп есептеді. Ол өзі де соңына жетпістей тамаша әндерін мұра ғып қалдырды.

  Ол қазақтың қоғамдық ой-пікірінің қалыптасуы тарихында алғаш рет ақындық шабытты шақтың психологиялық астарына терең үңіліп, оны адам рухының ерекше күйі, жүректің лүпілдей соғып, қанды кыз-дыратын көзі деп сипаттады. Ақын шабыт шалқыған сәтте өмірден қол үзіп қалмай, керісінше күнделікті күйкі тіршіліктен жоғары тұрып, шындық пен әділдіктің қатал да қайтпайтын жаршысы болуы керек. 

Өнердің, дәлірек айтқанда, музыка мен әннің мақсаты — адамдардың көңіл күйіне әсер етіп, оларға рухани қорек беру, эстетикалық ғажайып рақат шәрбатынан сусындатып, жағымды этикалық қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасау болып табылатыны сөзсіз.

Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі:

1. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. Алматы, 1995ж.

2. Ақназаров Б. «Класс жетекшісі» Алматы: Мектеп, 1973 ж

3. Азоров Ю.П. «Семейное  педогогика» Москва 1982 год

4. Айтмамбетов Б. Р. «Коллективті қалыптастыру және оқушылардың жеке басына оның ықпалы». Алматы, 1991 ж.

5. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А «Педагогика» Алматы, 2004ж

6. Әбенбаев С.Ш. «Сынып жетекшісі»  Алматы, 2004ж.

7.Әбиев Ж., А.Құдиярова «Педагогика» Дарын – Алматы 2004

8.Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. «Жалпы педаггогика» Алматы, 2006ж.

9. Безкаравайный С, Жұмабаев А, «Мектепте өткізілетін  тарихи 

                           әдеби кештер» Алматы « Мектеп »  ,1968ж

10.Болдырев Н. И. «Класс жетекшісі» Алматы – Мектеп, 1980 ж

11.Болдырев Н.И. «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы» 

                                       Алматы:  Мектеп, 1987 ж.

12. Жарықбаев Қ. Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы, 1995ж.

13. Крупская Н. «Вопрсы семейного  воспитания  и  быта» 1959  год.

14. Калиев С. «Оқушылардың  тұлғалық қасиеттерін  дамытудың 

                       педагогикалық негіздері»   Алматы, 2001жыл

15. Крупская Н. К. «Таңдамалы педагогикалық шығармалары». А, 1973 ж.

16.Көшекбаев Н. «Оқыту теориясы». Алматы, 1976 ж.

17.Қоянбаев  Ж.Б.   «Педогогика»  Алматы 1992 жыл.

18. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. «Педагогика». Алматы, 2002 ж.

19.«Қазақ  әдебиетінің   тарихы ІІІ»  Алматы 2000ж.

20. Қалижанұлы У. «Қазақ әдебиетіндегі діни – ағартушылық ағым». 

                                         Алматы, 1998ж.

21. Ысмағұлов Ж. «Абайдың ақындық тағылымы» Алматы, 1994ж.

22. Харламов «Педогогика» Москва 1990  жыл.