А,Е,Д,К,Ғ витаминдері жайында

0

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………3

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1.Адамның химиялық құрылымы және биологиялық қызыметі…………..4-6

2.2. А витаминінің химиялық құрылымы және биологиялық 

      қызыметі  …………………………………………………………………………………….7-8

2.2.3.А витаминінің жетіспейтінінен туындайтын аурулар…………………..9-10

2.3. Д витамині  химиялық құрылымы және биологиялық қызыметі…..11-12

2.2.4. Д витаминінен жетіспейтін аурулар………………………………………….13-14

2.4. Е  витамині химиялық құрылымы және биологиялық қызыметі…..15-16

2.5. К витамині химиялық құрылымы және биологиялық қызыметі …..17-18

2.6. Ғ витамині, табиғаттағы таралуы және қызметі………………………….19-21

ІІІ. Қорытынды…………………………………………………………………………….22-23

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………24

Аннотация

     Курстық жұмыста А,Е,Д,К,Ғ витаминдерінің адам ағзасында  жеткіліксіз болғандықтан туындайтын аурулар,олардың басты белгілері қарастырылған.Курстық жұмыс 24  беттенп,6 – суреттен тұрады.

Кіріспе

       Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері ете үлкен. Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды. Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, кол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен ендеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп   кетті. Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін «витамин» деген тарихи термин сақталып қалды. Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады. Витаминдер, сол сияқты жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Кейбір жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің ұлпалары, мысалы тамыры, камбиальды ұлпасы, тұқымнан бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік барысында өздігінен витаминдерді синтездей алмайтындықтан, әр уақытта оларды сырттан алуға мұқтаж болады. 

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Адамның химиялық құрылымы және биологиялық қызыметі 

Витаминдер адам ағзасы және жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Кейбір жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің ұлпалары, мысалы тамыры, камбиальды ұлпасы, тұқымнан бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік барысында өздігінен витаминдерді синтездей алмайтындықтан, әр уақытта оларды сырттан алуға мұқтаж болады. 

Мысалы, адамның және жануарлардың организмінде А  витамині  бірнеше қызмет атқарады: тері қабатында, тыныс жолдарында  және ас қорыту жолында эпителий клеткаларының  түзілуін реттейді, өсіп келе жатқан организмдегі клеткалардың өсуіне және олардың жіктеліп бөлінуіне қатысады. А витаминінің альдегид туындысы опсин белогымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін  химиялық процестерді реттейді. Қорғаныш белоктар /антителалар/  мен   ферментінің түзілуіне қатысады.

Ретинолдаң көздің көруіне байланысты химиялық процестерін қатысуы жақсы зерттелген. Көру процесінде А витаминінің тотыққан түрі — ретиналь активті қызмет  атқарады. Ретиналь опсин белогымен байланысада да, родопсин /ММ. 38 000/ түзеді. Радопсин дегеніміз көздің тор қабатындағы көру қарашығы. Жарықтың әсерінен родопсин екі бөлікке опсинге және ретинальға жіктеледі,  ал қараңғы  кезде родопсин қайтадан өзінің қалпына келеді, /1/.

Жануарларға, мысалы тышқандарға жүргізген тәжірибелер нәтижесінде А витамині құрамында күкірт бар амин кышқылдары алмасуларына қатысатындығы анықталды, әсіресе, бұл витаминнің өсіп-өну процесіндегі маңызы күшті. Ретинол жетіспесе белоктың биосинтезі бұзылып, ұрпақтың тіршілігін жоюына алып келіп соғады.

А витамині мен қалқан безі гормоны — тироксиннің арасында антогонистік қарым-қатынас бар. Жануарлардың қалқан бездерін сылып тастағанда, олардың ұлпаларында А витамині кеп мөлшерде жиналады екен. Шамасы, тироксин ретинолдың биологиялық тотығуын жылдамдататын болуы тиіс.

       Адам ағзасы тәулігіне орта есеппен 1,5 мг А витаминін қажет етеді. Осы мөлшердің үштен бірі ретинол ретінде алынса, екіден үші каротин арқылы алынады. Ал, бұл провитаминнің үштен бірі ғана А витаминін беретінін еске алатын болсак, бір мг А витаминін алу үшін тамақта үш мг каротин болуы керек. Сонымен күнделікті тағамымызда шамамен 0,5 мг ретинол және 3—5 мг каротин болуы тиіс.

Өте суық немесе ыстық күндері А витаминін ағза көп қажет етеді. Ал бала емізетін әйелдер бұл көрсетілген мөлшерді шамамен екі есе артық қабылдайды. Ағзада ретинол жетіспесе адамның көз жанары нашарлайды (тауық көз болады, көзі іріңдейді және т.б. көз ауруларына шалдығады). Ағза ойдағыдай есіп жетілмейді, терісі кұрғап, қабыршықтанады, бөрітеді, шаштың түсі оңып, түсе бастайды. Қазіргі уақытта мұндай клиникалык белгілер сирек кездескенмен, ағзада зат алмасуының көптеген процестері нашарлайтыны байқалады. Осыған байланысты ағзаның ауруға төзімділігі әлсірейді. Сондықтан тағамның күрамында әрдайым А витамині мен каротиннің болуы қажет екенін ұмытпау керек. Яғни сары немесе қызыл түсті өсімдіктер, балық, теңіз жануарлары, сүт, сары май, жұмыртқа, мал мен балық бауырынан жасалған тағамдар дастарханымыздан жиі орын алғаны жөн. Сөйтіп, адам мен жануарлар ағзасы тек бос түріндегі А витаминді ғана сіңіріп қоймай, сонымен бірге каротиндердің құрамына енетін А витаминін де сіңіре алады,/2/

Рахит сырқаты көзінде бұлшық  еттер босап әлсірейді, аурудаң қарыны  тез қампиып ұлғайып кетеді. Ересек адамда, жануарларда. Д витамині жетіспесе,  олардаң сүйектері жұмсарада, ол  морт сынғыш келеді. Сүйектердің мұндай күйі остеомаляция  сүйек және жұмсару. Мұндай ауру кезінде сүйек саңылау, қуыстар — остеопороз пайда болады.

Бұзаулар, торайлар, қозшар, құс балапандары сияқты ауыл шаруашылығы жануарларының жас төлдері рахитке жиі ұшырайды, Одардың бүкіл сүйек күйесінің дамуы бәсеңдейді әсіресе тіс дентанасы /сүйек ткані/ нашар жетіледі, қан азайып, анемия құбылысы кезігеді. Рахит ауруыма ұшырағандар өкпенің құрт ауруынан оңай шалдығады.

        Е витамині гликоциаминнен креатинді синтездеу процесіне, креатиннің фосфорилденуі мен фосфокреатин түзілуі реакцияларына қатысады, ал олар етталшықтары жиырылуына әсер ететін негізгі компоненттердің бірінен саналады. Токоферолдың ацетилхолин синтезіне де әсері бар, бұл витамин жетіспесе, ацетилендену реакциялары жүрмейді. Е витаминінің қандағы мөлшерінің азаюы екіқабат әйелдерге қауіпті, өйткені баланың шала тууы мүмкін. Бұл витаминнің ағзада жеткілікті болуы қанның қызыл түйіршіктерінің түрлі себептерден тез бұзылмауына көмектеседі.

К витаминдері күнделікті жиі пайдаланылатын тағамдарда жеткілікті мөлшерде кездесіп отырады және ішектегі кейбір бактерияларының әсерімен жаңадан пайда болады. Сондықтан, бұл витаминнің ағзада жетіспеуі тек кейбір аурулардың салдарынан, көбінесе өт қабы, бауыр және өт жолдарының зақымдалуынан байқалады. Себебі К витамині өтте еріп, ішектен бүкіл денеге сіңіріледі. Әдетте филлохинон ішектен майлармен бірге бүкіл лимфатикалық жүйкеге қабылданады. 

Қанықпаған май қышқылдарының биологиялық әсері липидтер алмасуын реттеумен яғни холиннін липотропты әсерін күшейтумен шектеледі. Олардың негізгі қызметі ағзасынан холестеринді ерімейтін эфирлері түрінен ерітіндіге айналдырып, бөліп шығару. Ғ авитаминозы негізінен тері аурулары түрінде байқалады. 

2.2. А витаминінің химиялық құрылымы және биологиялық

қызыметі

pastedGraphic.pngА витаминін 1937 жылы Каррер синтездеп алды және оның құрылымын анықтады. А витамині дегеніміз — моле-куласында       -ионды сақинасы бар, полиқанықпаған бірінші реттік спирт. Оның құрылымдық формуласы мынадай.

Ретинол молекуласының құрамында көміртегінің 20 атомы бар,     -иондық сақина изопреннің екі қалдығымен байланысқан. Ядродағы қос байланыс біреу, бұл қосылыс А витамині ретінде белгілі. Тұщы суда тіршілік ететін балықтар майында және балық көзінің тор қабатында кездесетін екінші А1 витамині  табылады, ол А2 витамині деп аталады. Бұл витамин кұрылымының А витаминнен айырыласы ядродағы С3 және С4 атомдарының арасында  екінші қос байланыс бар, /3/

Көкөністерде әсіресе сәбізде қызғылт түсті пигменттер –каротиноидтар кездестереді. Каротиноидтар каротинге және ксантофиллге бөлінеді         және      каротиндер белгілі. Бұлар жемшөппен бірге жануарлар организміне барғаннан кейін, каротиназа ферментінің көмегімен бауырда ыдырап ажырайды да, А1 витаминін түзеді. Каротиноидтардың ішіндегі әсіресе активтісі    — каротин, бұл каротиннің бір молекуласы ретинолдаң екі молекуласын түзеді.

Ал     және     каротиндері біреуден ғана А витиинін түзеді. Бірқатар ксантофиллдер де (криптоксантин, лутеин т.б.) ыдарап айрылу арқылы А витаминін түзеді..

Адамның және жануарлардаң организмінде А  витамині  бірнеше қызмет атқарады: тері қабатында, тыныс жолдарында  және ас қорыту жолында эпителий клеткаларының  түзілуін реттейді, өсіп келе жатқан организмдегі клеткалардың өсуіне және олардың жіктеліп бөлінуіне қатысады. А витаминінің альдегид туындысы опсин белогымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін  химиялық процестерді реттейді. Қорғаныш белоктар (антителалар)  мен   ферментінің түзілуіне қатысады.

Ретинолдың көздің көруіне байланысты химиялық процестерін қатысуы жақсы зерттелген. Көру процесінде А витаминінің тотыққан түрі — ретиналь активті қызмет  атқарады.Ретиналь опсин белогымен байланысада да, родопсин (ММ. 38 000) түзеді.Радопсин дегеніміз көздің тор қабатындағы көру қарашығы. Жарықтың әсерінен родопсин екі бөлікке опсинге және ретинальға жіктеледі,  ал қараңғы  кезде родопсин қайтадан өзінің қалпына келеді.

        Жануарларға, мысалы тышқандарға жүргізген тәжірибелер нәтижесінде А витамині құрамында күкірт бар амин кышқылдары алмасуларына қатысатындығы анықталды, әсіресе, бұл витаминнің өсіп-өну процесіндегі маңызы күшті. Ретинол жетіспесе белоктың биосинтезі бұзылып, ұрпақтың тіршілігін жоюына алып келіп соғады.

А витамині мен қалқан безі гормоны — тироксиннің арасында антогонистік қарым-қатынас бар. Жануарлардың қалқан бездерін сылып тастағанда, олардың ұлпаларында А витамині кеп мөлшерде жиналады екен. Шамасы, тироксин ретинолдың биологиялық тотығуын жылдамдататын болуы тиіс, (4)

       Адам ағзасы тәулігіне орта есеппен 1,5 мг А витаминін қажет етеді. Осы мөлшердің үштен бірі ретинол ретінде алынса, екіден үші каротин арқылы алынады. Ал, бұл провитаминнің үштен бірі ғана А витаминін беретінін еске алатын болсак, бір мг А витаминін алу үшін тамақта үш мг каротин болуы керек. Сонымен күнделікті тағамымызда шамамен 0,5 мг ретинол және 3—5 мг каротин болуы тиіс.

2.2.3. А витаминінің жетіспейтінінен туындайтын аурулар

Өте суық немесе ыстық күндері А витаминін ағза көп қажет етеді. Ал бала емізетін әйелдер бұл көрсетілген мөлшерді шамамен екі есе артық қабылдайды. Ағзада ретинол жетіспесе адамның көз жанары нашарлайды (тауық көз болады, көзі іріидейді және т.б. көз ауруларына шалдығады). Ағза ойдағыдай есіп жетілмейді, терісі кұрғап, қабыршықтанады, бөрітеді, шаштың түсі оңып, түсе бастайды. Қазіргі уақытта мұндай клиникалык белгілер сирек кездескенмен, ағзада зат алмасуының көптеген процестері нашарлайтыны байқалады. Осыған байланысты ағзаның ауруға төзімділігі әлсірейді. Сондықтан тағамның күрамында әрдайым А витамині мен каротиннің болуы қажет екенін ұмытпау керек. Яғни сары немесе қызыл түсті өсімдіктер, балық, теңіз жануарлары, сүт, сары май, жұмыртқа, мал мен балық бауырынан жасалған тағамдар дастарханымыздан жиі орын алғаны жөн. Сөйтіп, адам мен жануарлар ағзасы тек бос түріндегі А витаминді ғана сіңіріп қоймай, сонымен бірге каротиндердің құрамына енетін А витаминін де сіңіре алады.

Организмде А витамині жетіспегенде кезде эпителий клеткаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А-витаминоздың бір себебі.Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып, ол қабыршықтана бастайда, осының салдарынан микроорганизмдер және зиянды заттар клеткаға оңай ене алады. Ретинолдың жетіспеуі салдарннан лизоцим болмайды, сол көздің шырышты қабатын ауруға ұшратада, оның эпителийі құрғайды. Мұндай сырқатты ксерофтальмия  (~ грекше) құрғақ, — көз/ деп атайды. Ксерофтальмия сырқаты кеэінде көздің шынайнасы /қасаң қабаты/ қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр  болып қалады.

А- авитаминоз сырқатының алғашқы белгісі тауықкөз /түнгі  суқараңғы/ болады. Бұл витаминнің жетіспеуі — жас төлдердің өсуін тоқтатады және сперматогенез процесі тыйылада /ол жағдай егеуқұйрыққа тәжірибе жасау арқылы дәлелденген/, осының салдарынан мал басын өз төлі есебінен көбейту процесі бұзылады.

Табиғатта таралуы. А1 және А2 витаминдері жануарлар организмінде болады.  Әсіресе,  балықтың бауыры, жануарлар бауыры, жұмыртқаның сары уызы, жазда сиыр сүтінен алынған сары май ондай витаминдерге бай келеді. Ал етте олар біршама аз. Каротиноидтар сәбізде, өрікте, петрушка жапырағында, асқабақта және барлық жасыл өсімдіктерде кездеседі.

А витаминінің жануарлар организміне кажетті мөлшері мынадай:

тірідей салмағының 1 кг мөлшеріне 6 мкг (I мкг — 10   г). Ал ересек адам үшін тәулігіне 0,7 мг А витамині қажет.

2.3. Д витамині  химиялық құрылымы және биологиялық қызыметі

Таза Д витамині 1932 ж. (Виндаус) алынады да, оған Д витамині (эргокальциферол) деген атау берілді.

Жануарлардың және адамның терісіндө Д провитамині 7-дегидро-холестерол болады ультракүлгін сәулемен әсер еткен кезде ол Д3 витаминіне (холекальциферодға) айналады.

pastedGraphic_1.png

Кальциферолдардаң негізгі қызметі организмде кальцийдің алмасуын реттеу болып табылады. Д витамині өзінен-өзі биологиялық активті емес, реттегіш қызметі олардың гидроксильденген туындаларына байланысты, ондай туындалардаң полярлық қызметі бар. Д3 витамині ең алдамен бауырда гидроксильденеді, одан кейін бүйректе I,25-дигидроксихолекальциферол және 1,24, 25-тригидроксихолекалциферол түзіледі.

pastedGraphic_2.png        

         Бұл заттар бүйректен негізінен  ащы ішекке және сүйек тканіне барады, сол арада кальцийің және фосфордаң алмасуын реттейді. Д витаминінің осы гидроксильденген метаболиттері ішектердің шырыш кабатында калъций ионының сорылуын реттейді. Д витамині стероидтың гормондар сияқты транскрипция деңгейінде әсер етеді және ол кальцийді байланыстырушы белоктардың синтездалуіне себеп болады. Ол белоктың м.м. 10 000-12 000. Белок ішекте кальцийдің 2-4 атомын қосып алада да,, қан арқылы сұйық тканіне және басқа да мүшелер мен тканьдерге жеткізеді, /5/

       

2.2.4. Д витаминінің жетіспейтінінен туындайтын аурулар

Баланың өсіп-жетілуіне өте қажет Д витамині әрі баланың, әрі ананың тұрмыс жағдайы мен денсаулығына байланысты екенін көріп отырмыз. Осыған орай бұрынғы уақытта жиі кездесетін Д витаминінің жеткіліксіздігінен болатын мешел (рахит) ауруының тұрмысымыздың жақсаруына байланысты қазіргі уақытта өте аз екенін айта кету керек. Тұрмыс жағдайларымыздың жақсаруымен қатар қазір дәрігерлік көмектің, аурудын алдын алатын профилактикалық шаралардың жақсаруы да бұған үлкен әсерін тигізді. Әсіресе, жас балаға Д витаминін және балық майын ішкізудің пайдасы зор. Бұлай болмаған жағдайда кальциферол витаминінің жас баланын ағзасында жетіспеуі мешел ауруына әкеліп соғуы мүмкін. Ол көбіне бір айдан үш жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Бұл ауру кезінде жалпы зат алмасу бұзылады. Әсіресе, жүйке жүйесі мен сүйектің жетілуіне өте қажетті фосфор мен кальций азаяды. Осының әсерінен бала мазасызданып жылайды, шоши береді, көп терлейді, денесі қышиды, шашы түсе бастайды. Бұған қоса желке шашы түседі. Сүйектері жіңішкеріп жұмсайды, майысқақ, сынғыш келеді. Көп жатқандықтан баланың бас сүйегі қисаяды. Қабырғалары жуандап, тесі құстын, төсіндей алғарыңқы, аяғы қисайып, «қамыт аяқ» болады. Бала жүдеп, көпке дейін жүрмейді, еңбегі қат-пайды, тісі шықпайды. Аяғы жіңішке, қарны шығыңқы келеді. Мұндай жағдайда ауру ағзаны өте әлсіретеді де, өкпенің қабынуына соқтырады. Бұл ауруды емдеу өте киынға түседі. Қазіргі уақытта мешелдің мүндай ауыр түрі біздің елімізде өте сирек кездеседі. Бірақ Д витаминінің жеткіліксіздігінен болатын мешелдің кейбір белгілерін біраз балалардан көруге болады. Ал, мұның өзі баланың өсуіне, денсаулығына, ауруға қарсы төзімділігіне, дене кұрылысының әсемділігіне зиянды әсер етеді, /6/

Сондықтан тек мешелдікке қарсы күресіп қана қоймай, бала ағзасында Д витаминінің жеткілікті болуына да көңіл бөлу керек. Туғаннан кейін сәби бұл витаминді ана сүтінен алады. Дегенмен жарты жастан бастап Д витаминін қосымша беру керек. 

Егер Д витамині жеткіліксіз болса, өсіп келе жатқан жас жануарлардың сүйегінде және шеміршегінде кальций мен фосфор  тұздарының жиналып қалыптасу процесі бұзылада. Сүйектері жұмсарады, омыртқа сүйектерінің пішіні бұзылады және аяқтры қисайып өседі. Халық арасында бұл  ауру рахит деген атпен белгілі.

Д витминоз кезінде малдың өнімі бірден төмендейді, тауықтың  жұмыртқасы кемиді.

Д витамині және оның провитаминдері табиғатта кең таралған. Жануар тектес азық-түліктерде – балық бауырының майында, сиыр, қой және треска бауырында көп болада. Сол сияқты сарымайда, сүтте, жұмыртқада кездеседі. Эргостерол сонымен қатар ашытқы, өсімдік дәндерінің майында және  саңырауқұлақтарда  кездеседі.

Ауыл шаруашылығы  малдарының Д витаминін қажет етуі: тірідей массасының әр 100 кг  мөлшеріне 25 мкг болуы керек.  Мал шаруашылығында рахит ауруының алдын алу  үшін торайларда,  шөжелерде ультра  күлгін сәулемен қыздырады,  күн түсіп тұрған күндері  жас төлдерді ашық жерге шығарып бағады.

2.4. Е  витамині химиялық құрылымы және биологиялық қызыметі

Химиялық құрылымы. Е витамині 1937 жылы  Каррердің лабораториясында  синтездеп алынған болатын. Бұл витаминнің химиялық құрылым негізіне токол  спиртіне  жалғасқан көміртегі атомының ұзын тізбегі жатады, ол  тізбек қаныққан  изопрен қалдықтарынан тұрады.

pastedGraphic_3.png

Е витаминінің   құрлымына жақын және  оның активтігіндегідей  әсер өтуші төрт түрлі зат алынды. Олар                және      токоферолдар деп аталады. Олардың ішінде әсіресе активтісі   — токоферол. Басқа  токоферолдардың активтігі   -токоферолдікінен 5-10 есе төмен.

Биологиялық қызметі. Токоферолдардың негізгі  қызметі мынадай:  олар қынықпаған липидтерді асқын тотыққа айналудан қорғайтын ең жақсы антиксиданттар болып табылады. Сол сияқты  олар липидтік мембраналарды бос  радикалдардан қорғайды, сөйтіп оттегінің әсерінен ферментсіз жүретін реакция тізбегін түзеді, /7/

 Жануарлар тканіндегі липидтер құрамына кіретін   полиқанықпаған май қышқылдары  тотыққыш келеді және  бұл кезде  органикалық асқан тотықтар мен активті радикалдар түзіледі. Асқын тотықтар өте активті келеді, олар белоктарды табиғи қалпынан  өзгертеді, данатурлайды, ферменттердің әсерін тоқтата алады,  клетканың  бөлінуін  тежей алады.

           Токоферолдар бос радикалдармен ұстасып, реакция тізбегін  үзетін болуы керек деген жорамал бар. Клеткаларда  токоферолдармен қатар А және С витамині, сондай-ақ глутатион да антиоксидант қызметін атқарады.

Токоферол жетіспегенде ағзада тотығу процестері және минералдық алмасулар бұзылады, әсіресе кальций мен фосфордың айналыстары. Бауырда гликоген мөлшері кемиді. Е витамині бауырда А витамині жинақталуына көмектеседі, шамасы каротиннің А витаминіне өзгеруін тездететін болуы керек. Бұл витаминнің май қышқылдары тотығуына да әсері бар.

            Авитаминоз. Токоферолдар жетіспеген жағдайда жануарлар  ұрпақсыздық дертіне шалдығады, бұлшық еттері әдісізденіп, қоректенуі бұзылады, бауыр некрозына ұшырайды, организмдегі мұндай бүліну өзгерістері мембранадағы липопротеидтік компоненттердің зақымдануымен байланысты.

        Е – авитоминоз кезінде жануарлардың әрекетінің сперматозоидтары нашар қозғалады, олардың жіпше құйыршығы жойылып кетеді, сөйтіп ұрықтандыру қабілетінен айырылады.

      Ал осындай авитоминоз құбылысына ұшыраған  ұрғашы ұрықтану қабілетін сақтайды, бірақ іште пайда болған жаңа ұрпақ туу  мезгіліне жете алмай, өзінен өзі жойылып, организмге сіңіп кетеді немесе түсік болып түсіп қалады.

       Өсімдік майлары: жүгері майы, бидай майы, зығыр майы, мақта майы сияқтылар токоферолдардың  бай табиғи қоры болып табылады. Жануар тектес  өнімдерде Е витамині  шағын мөлшерде кездеседі.

        Е витаминінің берілетін тәуліктік мөлшері: сиырдың әр жүз кг тірілей 165мг, бұқа үшін – 44-176мг, шошқаға  берілетін 1кг азыққа 40мг мөлшерінде болуы тиіс.

         Адамға қажетті Е витаминінің мөлшері тәулігіне 5 мг  шамасындай және қабыладантын  полиқанықпаған  май қышқылдарының әр  грамына 0,6 мг болуы керек, /8/

pastedGraphic_4.png2.5. К витамині химиялық құрылымы және биологиялық қызыметі

 Табиғи К1 витаминіне басқа олардың синтездік аналогтары белгілі. Ондай аналогтардың  антигеморрагиялық қасиеттері  болады. Бұл аналогтар К3, К4, К5, К6 витаминдер деп аталады. К3 витамині /викасол/ медицинада қолданылады. Ұлы Отан соғысы жылдырында  жараланған көптеген Совет жауынгерлерінің өмірін сақтап қалуға себеп болды. Ол суда жақсы ериді және улы әсері жоқ.

pastedGraphic_5.png

 Биологиялық қызметі. К витаминінің жалғыз ғана қызметі – ол  қанның ұюына қатысады. Бірақ оның  өзі тікелей қан ұюы жүйесіне кірмейді. К витамині жетіспеген кезде протромбиннің, антигемофильдік глобулин  шамасы төмендейді. Протпромбин бауырда түзіледі және ол К витамині жоқ кезде оны тромбинге айналдыратын кальций иондарын байланыстыра алмайды. Фибриногеннің фибринге айналуы үшін тромбин катализ қызметін атқарады, қан ұюының мағынасы осы  негізге байланысты.

К витаминінің жалғыз ғана қызметі — ол қанның ұюына катысады. Бірақ оның өзі тікелей кан ұюы жүйесіне кірмейді. К витамині жетіспеген кезде протромбиннің, антигемофильдік глобулин шамасы төмендейді. Протромбин бауырда түзіледі және ол К витамині жок кезде оны тромбинге айналдыратын кальций иондарын байланыстыра алмайды. Фибриногеннің фибринге ауналуы үшін тромбин катализ қызметін атқарады, қан ұюының мағынасы осы негізге байланысты, /1/

      Авитоминоз. Жоғарыда айтылғандай К-авитаминоз сырқатына тән белгі – терісінің астына және бұлшық еттерге қан құйылуы  (геморраги). Ондай жағдай қан ұюы жылдамдығының төмендеуінен болады.

      Табиғатта таралуы. К витаминіне әсіресе  бұршақ тұқымдас өсімдіктер, сәбіз, капуста, томат, қалақай жапырағы бай келеді. Сол сияқты К витамині бауырда, жұмыртқада, сүтте кездеседі.

       Қажеттілік мөлшерде. К витамині жануарлар мен адамдардың ішек-қарындарында  микроорганизмдер синтездеп дайындайды. Сондықтан оның организмге қажетті тәуліктік мөлшерін анықтау қиын. Адамға  қажетті мөлшері күніне 0,2-0,3мг.

      К витамині тауық, қаз, үйрек, түйетауықтар үшін өте-мөте қажет.

       

 2.6. Ғ витамині, табиғаттағы таралуы және қызметі

Химиялық құрылымы. Ғ витамині  полиқанықпаған май қышқылы, ол адамдар мен жануарлар организмінде басқа заттардан  синтезделмейді және ауыстырылмайтын зат. Соңғы ғылыми мәліметтерге  қарағанда ауыстырылмайтын май қышқылдарына тек линол қышқылы ғана   жатады. Линол  қышқылы тканьда мөлшерде жиналған кезде  одан линолен қышқылы мен арахидон түзіледі деген болжам айтылады. 

Линол қышқылының молекуласында көміртегінің 18 атомы және екі қос байланыс бар:  

СН3-(СН2)-СН-СН-СН-СН-СН-(СН)-СООН 

Линолен қышқылы молекуласындағы қос байланыстың саны үшеу. Ал арахидон қышқылының молекуласын көміртегінің 20 атомнан тұрады және ондағы қос байныстың саны төртеу. /2/

Биологиялық қызметі. Полиқанықпаған май қышқылдары  клетка мембраналр құрылымның құрамына кіреді / пластикалық қызмет атқарады/. Ауыстыруға болмайтын май қышқылдарының айтарлықтай қызметі – олар простагландиндердің алғы заттары болып табылады.  Простагландиндердің көптеген биологиялық процестерді реттеуші  қасиеті бар, нерв жүйесінің қан айналу жүйесінің жұмысына, жылтыр бұлшық еттердің жиырылуына қатысады т.с.с.

Ғ витаминінен ұлпаларда простагландин гормондары түзіледі екен.

Медицинада атеросклерозбен күресу де линетол кұрамында линол, линолен, арахидон кышқылдарының эфирі бар препаратын қолданады, сонымен бірге дененің сәулеленуден және жоғары температураның әсерінен терісі күйген кезде де осы препаратты пайдаланады. Ғ витаминінін зығыр мен күнбағыс майларынан алады. Тәуліктік мөлшері 20-30 г, яғни осындай мөлшердегі өсімдік майларында шамамен 1000 мг Ғ витамині кездеседі.

Полиқанықпаған май қышқылдары клетка мембраналары құрылымының құрамына кіреді (пластикалық қызмет атқарады). Ауыстыруға болмайтын май қышқылдарының айтарлықтай қызметі — олар простагландиндердің алғы заттары болып табылады. Простагландиндердің көптеген биологиялық процестерді реттеуші қасиеті бар, жүйке жүйесінің кан айналу жүйесінің жұмысына, жылтыр бұлшық еттердің жиырылуына қатысады т.с.с.

Авитаминоз. Ауыстырылмайтын май қышқылдары организмде  жетіспеген кезде жас денесінің өсуі нашарлайды. Тері организмде  жетіспеген кезде жас малдың денесінің өсуі нашарлайды. Тері қабатының зақымдануы, бүйрегінің  дерттенуі және өсіп өну қызметінің бұзылғаны байқалады. Организмнің жұқпалы ауруларға қарсы табиғи  төзімділік қасиеті төмендейді, жануарлардың өнімділігі төмендейді. Ғ витамині жетіспеген  кезде жұмыртқалаушы тауықтың дене салмағы және жұмыртқасының ұрықтануы кемиді.

Ғ – авитаминоз  сырқаты кезінде адамдарда холестерол алмасуының бұзылуы салдарынан склероз құбылыс байқалады, бұл кезде қан тамырлары қабырғасында қатпарлар пайда болады.

Табиғатта таралуы. Линол қышқылы мен линолен қышқылы өсімдік тектес және жануар тектес өнімдерге триглицеридтер мен фосфолипидтер құтылымында болады. Арахидон қышқылы тек қана  жануарлар  липидінде кездеседі.

Арахидон қышқылының бір тәулігінің бір тәуліктегі адамға қажет мөлшері оның рационының 0,1% немесе линол қышқылының не линолен  қышқылының  1% шамасындай, /3/

Антивитаминдер

Клетканың витаминмен қоректенуіне әртүрлі әдістермен бөгет жасайтын заттарды — антивитаминдер деп атайды. Оларды екі топқа бөледі:

  1. витамин молекулаларын бұзатын немесе оларды активсіздендіретін яғни инактивтендіретін заттар;
  2. витаминдердің структурасына ұқсас және оларды биологиялық     активтік     заттардан     ығыстырып, активсіздендіретін заттар.

Мысалы, К антивитаминіне гепарин мен дикумарин жатады. Олар протромбиннің тромбинге айналуына бөгет жасайды,  сонымен бірге қан айналу процесін баяулатады.Жұмыртқа белогі —  авидинбиотинді байланыстыруға  қабілетті.Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады, /5/

Қорытынды

Адам мен жануардар  тіршілігінде А витаминінің атқаратын  маңызы зор. Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенді организмдегі зат алмасуы, оның салдарынан өсу  кешеуілдеп, салмақ азаяды. Көздің мүйіз қабығы блүлінумен қатар, әлсіз жарық  жағдайда адамның көру қабілеті де нашарлайды, мысалы, кешке жақын  қараңғылық түсе бастағанда, оны халық арасында  «ақшам соқыр» немесе «тауық көз» дейді. Мұндай аурумен  ауыратын адамдар ымырт жабыла өте нашар көреді.

ХҮІІІ ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын  дәрігері  Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында  кездесетін ауру туралы  жазған болатын. Бұл аурумен ауырғандардың сүйектері  деформацияланатындығы анықталады, кейіннен оның  мешел (рахит) ауруы, яғни тағамда Д  витамині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі  болды.

Е витамині 1921ж. Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды тек жасанды тамақпен 54% (жүгері крахмал), 18%  (казейін), 15% (шошқа майы), 9% (сары май), 4% (тұздың тоспасы) және 5%  құрғақ сыра  ашықылармен  қоректендіргенде, олардың  ұрықтарының өсіп-өуі тоқталып,  төмендегені айқындалды. Бұл  Бұл құбылыс С витаминінің  жетіспеушілігінен екен. 1936ж.  Тванс бидай  тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ол g (д)- токоферол (грек тілінде tokos- ұрпақ, phtro- алып жүру,  жалғасытру деген мағына білдіреді) деп аталады.

1929ж.  Дат ғалымы Дам алғашқы рет  балапандарды   төмендегідей құрамынан тұратын жасанды тамақпен яғни құрамында К витамині жоқ  тағамдармен тамақтандырғанда 1-2 аптадан кейін ет пен тері  арасында немесе бұлшық еттерге, миға және ішектерге қан құйылуын байқаған. Бұл К витаминінің жетіспеуінен екен.

К витамині өсімдіктердің жасыл бөліктерінде, әсіресе беде  мен жоңышқа жапырақтарында көп кездеседі. Шіріген балық ұны құрамынан да жабады оны К2 витамині деп аталады.

Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, гер тағамның құрамында өсімдіктер майы болмаса, онда адам организмінде липидтер алмасуы бұзылып,  қантамырлары қабырғаларында холестерин заты көп  мөлшерде  жиналады екен. өсімдіктер құрамында кездесетін 18 және 20  көміртегі атомы бар қанықпаған май қышқылдары липид алмасу процесінде, әсіресе холестериннің алмасуына қажет-ақ (Ғ-витамині қанықпаған  май қышқылдары).

1955 жылы жануарлар майынан Q  липовитамині немесе убихинон бөлініп алынды. Бұл әсіресе мембрананың митохондрияларында көп кездеседі. Химиялық табиғаты жағынан  витамині хинонның туындысы болады. Оның сақинасында екі метоксилді топтар кездесумен бірге, бүйір тармағында 6-10 изопрен бөліктерінен тұратын изопрен топшасы бар. Бұл липовитаминнің структуралық формуласы төмендегідей:

pastedGraphic_6.png

       Убихинон биологиялық тотығу процестерінде үлкен роль атқарады. Мұның молекуласында карбонильды топтар болатындықтан протондар мен электрондарды тасымалдау процестеріне тікелей атсалысады. Бұл процесс клетканынн, энергетикалық станциялары болатын митохондрияларында өтеді.