Зылиха Жантасова | өмірбаяны

0

                                    

Жантасова Зылиха Тұрарқызы 1973 жылғы 28 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласының Ащысай кенішінде туылған.

1991-жылы Ордабасы ауданы, Қызылжар ауылындағы орта мектепті күміс медальмен бітірген.

1992-1996- жылдары Түркістан қаласындағы Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетінде оқып, үздік дипломмен тәмамдады.

2004 жылы «Сағыныш» атты әңгімелер жинағы жарық көрді.

2007- жылы 31 мамырда «Қазақ дастандарындағы Шығыс әдебиеті дәстүрінің ықпалы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап,филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

2010 –жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2011- жылы «Жанымның жаз ғұмыры» атты прозалық туындыларының жинағы «Ордабасы» баспасынан жарық көрді.

Қазіргі таңда М. О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті.

40 ғылыми мақала мен 3 оқу-әдістемелік құралдың шығармагері.