Жүсіпбек Арыстанов | өмірбаяны

0

Жүсіпбек Арыстанов  (1904–1982) Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. 

1922–1925 жж. Мәскеудегі Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыған. 

1925–1926жж. «Ақ жол» газетінде редактордың орынбасары, 1926–1927 жж. Жетісу губерниялық советпартия мектебінің директоры, 1927–1928 жж. Орта Азия мемлекеттік университетінің (САГУ) оқытушысы болған. 

1930–1933 жж. Мәскеуде Қызыл профессура институтында оқыған. 

1935–1936 жж. Қазақтың марксизмленинизм институты директорының орынбасары және Бас редакторы қызметін атқарған. Кейін БК(б)П Қазақстан Өлкелік комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, «Қазақстан коммунисі» журналы редакторының орынбасары, «Социалистік Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы») редактор болып істеген.

1934 жылы Қазақ ОАК мүшелігіне, 1937 жылы Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті мүшелігіне және Орталық Комитетінің Бюро мүшелігіне кандидат болып сайланған. 

Шығармалары: Жалынды жүрек. Повесть А., «Жазушы», 1961; Сұңқар да жерді мекендейді. Повесть. А., «Жазушы», 1966; Таң жұлдыз. Роман. А., «Жазушы», 1968; 1982.