Жұмамұрат Тұяқбаев | өмірбаяны

0

Жұмамұрат Тұяқбаев (1938–2000)

10 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. 

1961 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Целиноград облысының «Тың өлкесі» газетінде, Шымкент облыстық газетінде тілшіліктен бас редакторға дейінгі жауапты жұмыстарды атқарған.

«Береке бастауы», «Жаныңда – жанашыр жақсы ағаң» секілді деректі туындылары, «Шырай», «Сыбызғы сазы» атты жеке жинақтары шыққан, шығармалары көптеген ұжымдық кітаптарға енген. 

«Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.