Жұмабай Шаштайұлы | өмірбаяны

0

Жұмабай Шаштайұлы (10.10.1950 жылы туылған, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы) — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Коммунизм жолы газетінде, 1980-87 жылдары республика Лениншіл жас, Социалистік Қазақстан газеттерінде, 1987-90 жылдары Жалын журналында жұмыс істеді. 

 

1990-92 жылдары Қазақ тілі қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары, 1992-96 жылдары Жас Алаш, Қазақ әдебиеті газеттерінде бөлім меңтерушісі, 1996-2002 жылдары халықаралық Заман-Қазақстан газетінің бас редакторы болды. 2002 жылдан Қазақ радиосының бас редакторы қызметінде. 

 

1982 ж. Таң нұры атты ұжымдық жинаққа Қияда атты алғашқы повесі енді. 1984 жылы шыққан Қызын кар атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға ілікті. Бұдан соң Жала мен нала (1987), Жыр жолбарыс (1996), Біздің заманның Аяз биі (1997) кітаптары жарық көрді.