Жолбарыс Баязид | өмірбаяны
Жолбарыс Баязид 1934 жылы 6 мамырда Қостанай облысы, Меңдіғара ауданының «Үлгілі» ұжымшарында дүниеге келген.
1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1968 жылы Алматыдағы екі жылдық жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде бастап, ұзақ жылдар бойы Қостанай облыстық газетінде, радиосында, Жангелдин аудандық газетінде, облыстық мәдениет басқармасында, облыстық телерадио компаниясында жауапты қызметтер атқарған. Өлеңдері 1976 жылдан бері облыстық, республикалық газетжурналдарда үзбей жарияланып келеді. «Бақытымның бұлағы», «Жыр ғұмыр», «Жыр дүние», «Жыр мен сыр», «Махаббат оты сөнбейді», «Ақиқаттың ақ шыңы» атты өлең кітаптары жарық көрген.
2004 жылы Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығын алған. 2008 жылы «Астанаға – 10 жыл» медалімен марапатталған. Қостанай қаласының Құрметті азаматы. Көптеген ән текстерінің авторы.