Жюль Верн | өмірбаяны

0

Француз жазушысы, ғылыми-фантастикалық роман жанрының негізін қалаушылардың бірі — Жюль Верн  1828 жылдың 8 ақпанында Францияның Нант қаласында дүниеге келген. Мамандығы заң қызметкері. Театр директорының хатшысы (1851 – 54), қаржы-қаражат агенті (1856 – 64) қызметтерін атқарған. Әдеби қызметін шағын пьесалар (1849) жазудан бастаған. 1863ж. «Әуе шарында өткен бес апта» атты тұңғыш романы жарық көрді. Верн 65 роман, повесть, әңгіме және география тарихы туралы зерттеулер жазды. Жазушының «Капитан Гранттың балалары» (1867), «Сырлы арал» (1875), «Он бес жасар капитан» (1878), т.б. шығармаларында суреттелетін табиғат пен теңіз асты әлемінде кездесетін әр түрлі жағдайларды дәл бейнелеуі ғылым жетістіктерімен үндесіп жатыр. 

Жазушы Жюль Верн 1905 жылдың 24 наурызында  Амьенде дүние салды. Оның шығармалары көптеген әлем халықтары тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де аударылды, фильмдер түсірілді. Айдың арғы бетіндегі кратер Верн есімімен аталады.