Жарылқасын Аманұлы өмірбаяны

0

Жарылқасын Аманұлы  1938 жылы 5 наурызда Жамбыл облысындағы Талас ауданында туған. 

Алматы сауда техникумын (1958), Мәскеудің сауда институтын бітірген (1965). 

Кейін көп жылдар сауда саласында, аудандық комсомол комитетінде қызмет істеген. 

1974–1991 жж. шығармашылық жұмыспен айналысты. 

1991–1994 жж. «Ислам шапағаты» газетінің Бас редакторы, 1994–1995 жж. «Қаржықаражат» журналы Бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазір Республикалық «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Республикалық «Бәйдібек баба» қоғамдық қорының президенті. 

«Жас керуен» (1969, ұжымдық), «Көкпар» (1970), «Жастық жалын» (1971), «Ынтызар жүрек» (1976), «Нұрлы әлем» (1978), «Құрыш қолдар» (1980), «Алатау аясында» (1984), «Шақырады кең дала» (1986), «Асуым, алғы күндерім» (1987), «Өмірімнің өрнегі» (1988), «Қоңыраулы керуен» (1990), «Ақ бата» (1992) өлең кітаптары, сондайақ «Қарасай баһадүр» (1998) атты прозалық кітаптары жарық көрген. «Жылыстап кеткен жылдарым» (2005), «Ақын да мен, сал да мен, сері де мен» атты әнкүйлердің жинағы (2008) шыққан. Жоғарғы оқу орындарына, арнайы музыкалық оқу орындарына арналған оқулық шығарған. Республикалық поэзия конкурстарының 4 дүркін жүлдегері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы.