Жәрдем Тілеков | өмірбаяны

0

Жәрдем Тілеков (1911–1980) 

Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданындағы Аралтөбе ауылындағы туған. 

Орал педагогикалық институтының үш курсын бітірген соң, Қызыл Армия қатарына шақырылған. Біраз жыл Орал облыстық «Екпінді құрылыс» газеті редакциясында мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған. Осы кезде өлең-жырлары газет бетінде жиі жарияланып тұрған. Бұдан кейінгі жылдары ол Қазақстан Жазушылар одағының Орал (1939–1938), Гурьев (1938–39), Семей (1940–1941) облыстары бойынша жауапты хатшысы қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін де бірқатар жыл Семей облысындағы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының өкілі ретінде қызмет еткен. 1952–1965 жж. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында қазақ прозасы редакциясының меңгерушісі, 1965–1973 жж. «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.

Қаламынан бірнеше роман, повесть, әңгімелер туды. Очерктер жинағы шықты. А.Чехов, М.Шолохов, Н.Тихонов, т.б. шығармаларын қазақшалаған.

Қызыл Жұлдыз орденімен, үш медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары: Сырым батыр. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1946; Ақсұр ат. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1948; Жаңа жүк. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1953; Қайнар. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1953; Жоңғар даласы. Роман. А., ҚМКӘБ, 1959; Шалғай шепте. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1962; От кешу. Роман. А., «Жазушы», 1967; Қалам мен қару. Әңгімелер. Орыс тілінде. А., «Жазушы», 1965; Темір Масин. Очерктер. А., «Қазақстан», 1966; В степях Джунгарии. Роман. А., Казгосхудлитиздат, 1962; Хинган асуынан асқанда. Повесть. А., «Жазушы», 1971; Сақа солдат. А., «Жазушы», 1975; Екі томдық шығармалары. А., «Жазушы», 1981.