Жарасқан Әбдіраш өмірбаяны
Жарасқан Әбдіраш (1948–2001) — 7 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында туған.
1963–1965 жж. Қазалы ауыл шаруашылығы техникумында оқыған.
1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетіне қызметке орналасады. Одан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» альманағында, «Жұлдыз» журналында жұмыс істеп, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әлемдік әдебиеттер байланысы бас редакциясы төрағасының орынбасары, «Тамаша» ойынсауық телехабарының Бас редакторы болып қызмет еткен.
Ақынның алғашқы жыр жинағы – «Тұңғыш кітап» 1969 жылы жарық көрсе, онан беріде қазақ лирикасы, балалар поэзиясы, әдебикөркем сын және пародия, аударма саласында жиырмадан астам кітабы оқырман қолына тиді. Өлеңдері оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларға, хрестоматияларға енген. Шығармалары «КСРО ақындар антологиясына» енген. «Қаладан келген қыз» атты естелікпоэмасының желісімен көркем фильм түсіріліп, ол туынды халықаралық фестивальдардан бас жүлделерді жеңіп алған.
М.Әуезовтің 100 жылдығына, сондайақ Қарабура әулиеге арналған ақындар мүшәйраларының бас жүлдегері, М.Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты.
Шығармалары орыс, неміс, болгар, венгр, украин, белорус, өзбек, тәжік, әзербайжан, түркімен, саха, қырғыз тілдеріне аударылған.
Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер А., «Жазушы», 1969; Ол не?. А., 1969; Р.Тагор. А., 1969; Ақ қайрақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Саяхат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; П.Элюар. А., 1972; Что это?. А., 1972; Найзағайлы жаз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Агния Барто. А., 1974; Дала, сенің ұлыңмын. Өлеңдер. А., «Жалын», 1975; Соғыстан соң туғандар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Дәрігер айболит. А., 1978; Перзент парызы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Муин Бсису. А., 1981; Досың болғым келеді. Өлеңдер мен поэма. А., «Жалын», 1983; Парасат пен парыз. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1973; Летние грозы. Стихи. А., «Жазушы» 1985; Школьный звонок. Стихи. А., «Жалын», 1988; Вадим Скоморовский. А., 1986; Әзілің жарасса. Эпиграммалар. А., «Жалын», 1989; Наталья Орлова. А., 1989; Таңдамалы шығармаларының үш томдығы: Көңіл көкпары. Өлең, баллада, поэма, аударма. А., «Ана тілі», 1998; Сана соқпағы. Өлең, баллада, эпиграмма, аударма. А., «Жалын», 1998; Шежірелі шаңырақ. Өлең. Тақпақ, ертегі, санамақ, жұмбақ… А., «Рауан», 1998; Құлпытас. Эпитафиялар, өлеңдер, поэмалар, эпиграммалар. А., «Атамұра», 2001; Парыз, парасат, пайым. А., 2001; Саяхат. А., 2003.