Жарасбай Нұрқанов өмірбаяны

0

Жарасбай Нұрқанов Анасұлы 1937 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданына қарасты Көктерек ауылында туған. Журналист, ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1984).

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді бітірген (1960). 

Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалімдіктен бастады (1962-1964). 

1965-1966 жж. «Тың өлкесі» газетінде әдеби қызметкер болып істеді. 1966-1974 жж. Целиноград облыстық «Коммунизм нұры» газетінде бөлім меңгерушісі болды. 

1974-1981 жж. – республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Целиноград облысы бойынша меншікті тілшісі. 

1981-1984 жж. – «Өнер» баспасының аға редакторы, 1984-1986 жж.– «Жазушы» баспасының аға редакторы. 1987 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысады.