Жарас Сәрсек өмірбаяны
Жарас Сәрсек – 1968 жылы 15 мамырда Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2001). 1985 жылы Сүмбе ауылындағы орта мектепті, 1995 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1996-2000 ж. Парасат журналында, 2000-2001 жылы Жетісу газетінде жұмыс істеді. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. Керуен көшіп барады (1999), Жүрегімнің ішіндегі жүрегім (2002) атты жинақтың авторы.