Жақып Мамадияр | өмірбаяны
Жақып Мамадияр Дәлдібекұлы — 1938 жылдың 26 мамырында Арыс ауданы Байырқұм ауылында дүниеге келген. Журналист. ҚазМУ-ды бітірген (1960). 1960 – 61 жылдары «Семей таңы» газетінде еңбек етті. 1961 – 65 жылдары Семей облысы Комсомол комитетінің хатшысы, 1965 – 71 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Семей облысындағы меншікті тілшісі, 1973 жылдан газеттің ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, партия тұрмысы бөлімдерінің меңгерушісі болды. 1986 – 87 жылдары Алматы облысы «Жетісу» газетінің редакторы, Желтоқсан оқиғасынан кейін 1987 – 88 жылдары Күрті ауданы «Шұғыла» газетінде корректор, 1988 жылдан «Социалистік Қазақстан», (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет етіп келеді.
Жақыптың «Абырой», «Ұстаз» деген кітаптары бар.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1982, 1996, 2005), «Құрмет» орденінің иегері. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының құрметті азаматы.