Жақсылық Сәмитұлы өмірбаяны
Жақсылық Сәмитұлы (1940–2008) ҚХР-дың Жеменей ауданы, Ласты мекенінде туған. Шыңжаң институтының филология факультетін бітірген (1959). 1959–1979 жж. солшыл саясат кезінде «ұлтшыл» атанып, айдауда болған. 1980–1989 жж. «Алтай аясы» журналында бас редактор, 1989–1993 жж. Шыңжаң телевидениесінде редактор. 1993 жылы Қазақстанға көшіп келген. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың шығыстану факультетінде доцент, біраз жылдар ұстаздық қызмет атқарған.
1957 жылдан бастап әдебиетке араласқан. Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1985). «Сергелдең» трилогиясының бірінші және екінші кітабы (1996–2000), «Қытайдағы қазақтар» атты монографиясы (2000) басылып шықты.
Шығармалары: Атамекен. Повесть. «Үрімші», 1983; Тау самалы. Повесть. «Үрімші», 1985; Ақ тілек. Повесть. «Күйтін», 1990; Ақ сәуле. Повесть. «Үрімші», 1992; Сергелдең. Роман. 1-кітап. А., «Ана тілі», 1996.