Жақсылық Рахматулла | өмірбаяны

0

Жақсылық Рахматулла  1945 жылы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының орталығында туған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 

1979 жылдан бастап Қызылорда облысында Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы», облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), Сырдария аудандық «Сырдария» газеттерінде жауапты қызметтер атқарған. 1983–1985 жылдарда Алматы Жоғарғы Партия мектебінде оқыған. 1996 жылдан 2008 жылға дейін Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы, біріккен кәсіпорында директор-редактор міндетін атқарған. 2009 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы филиалының директоры.
Әдеби дүниелері (Бүркеншек аты – Қойлақы Сабылт) 1984 жылдан бері республикалық баспасөздерде жарияланып келеді. «Қолшатыр» (Хикая және әңгімелер. А., «Жалын», 1995), «Шырағың сөнбесін» («Сырдария» баспа кәсіпорны, 1995), «Сағым жылдар», «Кие», «Меңсұлу», т.б. кітаптары жарық көрген. 1996 жылы «Қызғалдақ қалың шыққан жыл» топтамасында «Жанымның жарығы» хикаяты басылған.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, 2005 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. 2008 жылы Қазақстанның Құрметті Журналисі атағын алған. Жаңақорған ауданының, Тасбөгет кентінің Құрметті азаматы. «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері.
Шығармалары: Алыстай берген аяулым. Хикаят. А., «Қайнар», 1996; Өмір самалы. Әңгімелер жинағы. А., «Жалын», 1996; Болашаққа сенім. Ғұмыр дария. Жібек жолындағы жұлдыздар. Хикаяттар. «Қайнар», «Өнер», «Астана», 1997–2001. Тәуелсіздік толғауы. Деректі хикаят. А., Жедел баспа, 2002.