Жақан Молдабеков өмірбаяны

0

Жақан Жамбылұлы Молдабеков (1943 жылы 6 қараша, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Қостұра ауылында туылған) – философия ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994). 

ҚР Әлеуметтік ғылымы (1995), Орта Азия және Қазақстандағы Халық медицинасы (2006) академияларының академигі. Мәскеу мемлекеттік университетін (1970) және аспирантурасын (1973) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) аға оқытушы, доцент (1973–85), Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (1985–95), ҚазМУ-да декан (1995–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан осы университеттің мәдени антропология кафедрасының профессор ақырыбында докторантуралық диссертация қорғады. 500-ге жуық ғылыми жарияланымның, 15 монография мен оқу-құралдарының авторы.