Жанұзақ Қасымбаев өмірбаяны

0
116

Қасымбаев Жанұзақ Қасымбайұлы (25.12.1941 жылы туған,Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы) — ғалым, тарих ғылымның докторы (1983), профессор (1984), Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі (1986, 1988), Қазақстанның білім беру ісіне еңбегісің қайраткері (1990).

ҚазМУ-дің тарих факультеттін бітірген (1965).

Талғар қаласындағы орта мектепте мұғалім (1965-1967), ҚазПИ-дің (қаз. Абай атындағы АлМУ) гуманитарлық факультеттегі тарих кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент (1967-1973), 1982 жылдан Қазақстан тарихи кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми зерттеулерінің басты бағыттары: XVIII-XIX ғасырлары басындағы өлке қалаларының қазақ ауылдарымен және іргелес елдермен қарым-қатынасы: Орталық Азиядағы саяси және сауда байланыстары, қазақ жерін Ресей империясына қосу, қазақ мемлекетінің белгілі қайраткерлері, XIX ғасырдағы қазақтан шыққан генералдар, т.б.

500-ге жуық еңбектері жарияланған. Соның 20 жуығы ірі монограмма зерттеулер, оқу-әдістемелік басылымдар. Әсіресе қазақ хандары (Кенесары, Айшуақ, Жантөре т.б.), XIX-XX ғасырлары басындағы қазақ-қытай керуен саудасы, қалалар тарихы (Семей, Ақмола) туралы терең мазмұнды, көлемді зерттеулері елімізде және шет елдерде жоғары баға алды. Оңдаған ғылыми кандидаттарымен және доктарыларын даярлаған.

«Парасат» орденімен (1999) марапатталған.