Жангелді Немеребаев | өмірбаяны

0

Жангелді Немеребаев 1978 жылы Алматы облысы,Алакөл ауданында туған.Көлбай орта мектебін аяқтаған соң, Талдықорған қаласындағы Қанабек Байсейітов атындағы Саз колледжі мен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің Мәдениет және Өнер факультетін тәмәмдаған. «Ақ қайнар сезім» атты жыр жинағы мен «Бір бейне» атты аудиожазбасы жарық көрген. Қалалық,облыстық мүшәйралардың бас жүлдегері.Республикалық байқаудың лауреаты. «Отан Патриоты» медалімен марапатталған. 2013 жылы Қазақстан Телерадиокомпаниясы мен ҚР Қорғаныс Министрлігі ұйымдастырған Тұңғыш Республикалық «Әскери Әндер» радиофестивалінде «Жауынгер хаты» әні «Үздік әскери» ән номинациясын жеңіп алған. 15-тей ән шығарған.Ел ішінде «Жан сері» атанған.Жырлары Республикалық басылымдарда жарық көріп тұрады.Әндері Қазақ радиосының алтын қорына қабылданған.6 әніне бейнебаян түсірілген. Еңбек жолын Алакөл ауданы Екпінді ауылында Мәлгәждар Әубәкіров атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған.Үшарал қаласында «Балалар шығармашылық орталығында» ансамбль жетекшісі,Облыстық «Алатау» газетінде тілші, «Талдықорған Әуендері» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінде басшылық еткен. Қазіргі таңда «Сүйінбай» атындағы Алматы облыстық филармониясында Музыкалық редактор қызметін атқарады.