Жанат Ахмади | өмірбаяны

0

Жанат Ахмади 1943 жылы 15 қазанда Шығыс Түркістанның Құлжа губерниясы, қазіргі Іле Қазақ облысына қарасты Қорғас ауданында Үш Ақсу–Мазы деген жерде дүниеге келген. Құлжа қаласындағы 3 жылдық шаруамалдәрігерлік мектебі деп аталатын техникумның зоотехникалық бөлімін 1961 жылы тамамдайды. 

1962 жылы атамекені – Қазақстанға келеді. ҚР Мемлекеттік Орталық Ұлттық мұрағатында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып қызмет істеген. 1995 жылдан бері таза шығармашылықпен айналысады.

 

2006 жылы Шығыс Түркістан, Үрімші қаласы «Жас өрендер» баспасынан араб әрпімен «Есенгелді би» тарихи романы, 2008 жылы «Кітап» баспасынан «Жарылғап би» тарихи романы, 2009 жылы «Кітап» баспасынан «Қарадан туған хан Нұрабай» тарихи романы, «Адемпринт» баспасынан «Уақыт ырғағы» атты рецензия, әдеби сын мақалалар кітабы жарық көрген.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

 

Шығармалары: Дүрбелең. Тарихи роман. А., «Жазушы», 1990; Шырғалаң. Романдилогияның екінші кітабы. А., «Жазушы», 1997; Жүрек қартайса, ажал аңду салады. Этнографиялық көркем әңгімелер жинағы. А., «Қайнар», 2000; Зарзарауха. Хикаяттар, әңгімелер жинағы. А., «Өркен»; Өмір өткелі. Хикаятэссе. А., «Құс жолы», 2002; Есенгелді би. Роман. А., «Ана тілі», 2004.