Жан-Поль Сартр | өмірбаяны

0

Жан-Поль Сартр (Sartre)  (1905-1980) — француз философы, публицист, романист және драматург. II дүниежүзілік соғыстың кезінде неміс тұтқынында болған, одан оралған соң қарсылық көрсету қозғалысына қатысқан. Соғыстан кейін Альберт Камю, Морис Мерло-Понти және Симона де Бовуармен бірге саяси бағытталған «Les Temps Modernes» журналының негізін қалаған. Сартр отаршылдыққа ашық қарсылық көрсеткен. Ол Батыс және Шығыс лагерлерінің арасында бітімнің орнауын қолдады. АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы кезінде ол Бертран Расселмен бірге әскери қылмыстар бойынша ресми емес Трибунал төрағасы болған. Сартр өмірінің соңғы күніне дейін ғаламдық әділеттілікті қорғаушы, сол үшін күресуші ретінде танымал.