Жәмила Мамырәлі | өмірбаяны
Жәмила Мамырәлі 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын 1990 жылы Сайрам аудандық «Еңбек туы» газетінде тілші, аудармашы болып бастаған. Кейін осы газет негізінде жеке отау тігіп шыққан «Мәртебе» газетінің бөлім меңгерушісі болады.
1993—1998 жж. Шымкент қалалық «Шымкент келбеті» газетінде қызмет атқарды.
1998 жылдан бері облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің қызметкері. Бірнеше әңгімелері жергілікті баспасөз беттерінде жарияланған. Ж.Жабаевтың 150 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасында 3-орынды иемденген.