Жадыра Дәрібаева өмірбаяны
Жадыра Дәрібаева 1948 жылы 4 қыркүйекте Қызылорда облысының Тереңөзек ауданы орталығында дүниеге келген.
1964 жылы сондағы орыс мектебінің 8сыныбын, 1968 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қыздар педагогикалық училищесін бітірген. Одан кейін бірер жыл Қызылорда қалалық комсомол комитетінде істеген.
1968–1970 жж. Қызылорда пединститутының филология факультетінде (сырттай), 1970–1978 жж. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма бөлімінде оқыған.
1978–1991 жж. Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында (ГИТИС) қазақ актерлер бөлімінде дәріс берген.
1982–1990 жж. Қазақстан Жазушылар одағында секретариат меңгерушісі, 1991–1992 жж. «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған.
Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтіні авторларының бірі. 1996 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Шығармалары: Гүлжайна. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979; Мейір. Өлеңдер. А., «Жалын», 1988; Біздің жақтың аспаны. Өлеңдер. 1998; Қасиеттілік шырағы. Өлеңдер. А., «Балалар әдебиеті», 2007.