Зернебек Шілдебайұлы | өмірбаяны

0

Зернебек Шілдебайұлы 1949 жылы 10 тамызда Жамбыл облысының Талас ауданындағы Бостандық ауылында дүниеге келген.

 

1967 жылы «Ойық» орта мектебін бітірген. 1967–1969 жылдары Қазақтың мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының механика факультетінде оқыған. 1969–1970 жылдары Жамбыл облысының Талас ауданындағы «Ойық совхозында аудандық байланыс торабының радиомонтері. 1970–1971 жылдары Алматыдағы №2 баспаханада жұмысшы, 1971–1976 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. 1976–1978 жылдары Жамбыл облысының Талас ауданындағы «Тамды» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 1978–1981 және 1983–1985 жылдары Жамбыл облысының Қордай ауданының «Қордай шамшырағы» газетінде аудармашы, «Білім» қоғамының Қордай аудандық ұйымының жауапты хатшысы. 1985–1987 жылдары Алматыдағы «Мектеп» баспасының корректоры, аға редакторы, 1987–1989 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, 1989–1991 жылдары «Қазақстан мектебі» журналында ғылыми редактор, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының жауапты хатшысы, 1991–2000 жылдары «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы мен оның «Ұлағат» қосымшасының бас редакторы. 2004 жылдан бастап «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры.

 

Көптеген әдеби-публицистикалық, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік мақалалары, өлеңдері мен жыр-толғаулары аудандық, облыстық және мерзімді басылым беттерінде жарияланған. 

«Кеудемдегі кептерім» атты (1999) өлеңдер жинағының авторы.

«Қазақстан Реcпубликасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен және Құрмет Грамотасымен марапатталған.