Заманбек Әбдешев | өмірбаяны
Заманбек Әбдешев 1949 жылы 27 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Бақасу ауылында туған.
1975 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық телевизия редакторы, республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің әдеби қызметкері, «Жазушы» баспасында редактор, сондайақ «Ақиқат» журналында бөлім редакторы болып жұмыс істеді. Қазір «Хабар» агенттігі жабық акционерлік қоғамында жауапты қызметте.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Борис Васильевтің «Тамылжыған таң» повестер мен әңгімелер жинағын, болгар қаламгері Георгий Караславовтың «Шешуші сағат» атты романын, «Қырғыз ертегілері» жинағын, «Неру» өмірбаяндық кітабын, Тәнзила Зұмақұлованың «Салтанат» атты жыр жинағын аударған. «Қазақфильм» киностудиясында көптеген фильмдерді тәржімалады. «Мектеп» баспасы қазақ тілінде шығарған С.Алексеевтің «Отанымыздың тарихы туралы әңгімелер» атты балаларға арналған кітабының тарауларын, Чарльз Диккенстің «Оливер Твистің басынан кешкендері» романын (2004), Алжирдің көрнекті жазушысы Мулуд Маммеридің екі романын (2005), Виктор Гюгоның «Аласталғандар» романын (2007) аударған. «Хабар» телеарнасынан көрсетілген «Жанды табиғат», «Жануралар әлемі», «Жоғалып жатқан жауһарлар», «Алтын маймыл және басқалар» сияқты сериялы деректі фильмдердің, көркем фильмдер мен телехикаялардың аудармашысы.