Заһираддин Мұхаммед Бабыр | өмірбаяны

0

Заһир ад-Дин Мұхаммед Бабыр(1483-1530), қолбасшы, жазушы. Ұлы Моғолдар империясын құрушы. Империяның астанасы Аградағы сарай маңына әдебиет, өнер қайраткерлерін топтастырып, езі поэзиямен шұғылданған, түркі және парсы тілдерінде өлеңдер жазған. «Бабырнама» атты тарихи шығармасында өз жорықтарының тарихын баяндаған. Онда әртүрлі мемлекет, қоғам, әдебиет, мәдениет қайраткерлері туралы көп мәліметтер келтірілген. Қазақ еліне де қатысты деректер бар. Бұл еңбек қазақ тілінде 1995 ж. жарық керді. Әуезов Бабырдың тарихын жақсы білген. Ол езінің «Индия очерктері» деген шығармасында Бабыр жөнінде біршама мағлұматтар келтірген. 330 жыл бойында Индияның кей жерлерін билеп тұрған бір патшалар нәсілін дүние тарихында «Ұлы моғолдар нәсілі» деп атайды. Бүл патшалардың ең біріншісі, Индияны ең алғаш басып алушы Әмір Темірдің немересі Захириддан Бабұр болатын. Ол Орта Азияда Ферғананы билеп түрған жерінен Ақсақ Темір нәсілдерінің қым-куыт тартыстары кезінде өз тәж-тағынан айрылып, Индияға қарай қашып шыққан. Сонда өзіне ерген әскерімен барып, қорғану мұршасы, әзірлігі болмаған Иңдиянын терістік жағын, мол елкесін басып алған. «Заманында Европа тарихшылары Бабырды мұнғыл текті деп теріс түсінгендіктен, мүңғылды «моңғол» деп жаңсақ атап, жалпы тарихта жаңағы топ патшапардан басталған Индия әкімдерінің нәсілін «Ұлы моғолдар нәсілі» деп атандырғанын аңғартып етеді. Бабырдан тарағандар — Хамаюн, Акбар, Жиһангер, Шаһжихан, Аураңзеп, Баһадүршах – 1858 жылға дейін билік жүргізген.