Владимир Гундарев | өмірбаяны
Владимир Гундарев 1944 жылы 19 шілдеде Ресейдің Новосибирск облысы, Кыштов ауданы, Большеречье селосында туған. Ақмола педагогикалық институтында оқыған. Газет, радио, телевизия редакцияларында жұмыс істеген.
1970 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болған.
1990 жылдан бері өзі ұйымдастырған «Нива» журналының Бас редакторы.
1994–1998 жж. бір мезгілде «Столичный проспект» газетінің Бас редакторы қызметін атқарған.
«Деревня моя деревянная» (1973), «Зимопись» (1976), «Светлыньрека» (1980), «Капля в море» (1982), «Продолжение жизни» (1987), «Семь дней и вся жизнь» (1987), «Ветка молнии» (1994),
«Здесь прописаны наши сердца» (1994), «В сердце и памяти поколений (2000), «Медовый месяц при полной луне» (2000), «Я живу на планете Любви» (2003), «Свет Родины, свет любви» (2003), «Исповедь сердца» (2004), «Волшебная флейта» (2004), «Какого цвета поле» (1976), «Через все испытания» (1978), «Главный агроном целины» (1979), «Жизнь на светлой земле» (1980), «С заботой о земле» (1985), «Трудовая поступь юных» (1986), «Здесь прописаны наши сердца» (1994), «В сердце и памяти поколений» (2000), «Степная страна Урания» (2006) т.б. – барлығы жиырмадан астам поэзиялық, прозалық кітаптары жарық көрген. Шығармалары қазақ, украин, неміс, корей, словак, француз, испан, португал, тілдеріне аударылған. Қазақ, түрікмен, украин тілдерінен көптеген шығармалар аударған. Деректі, көркем фильмдердің, театрлық қойылымдардың, спектакльдердің авторы. «Деревенька моя», «Цвети, моя Астана!» сияқты өлеңдеріне әндер жазылған.
Өлеңдері 2005 жылы Мәскеуден шыққан «Современное русское зарубежье» атты антологияның бірінші томына енген.
КСРО Журналистер одағының, КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Ресей поэзия академиясының корреспондентмүшесі. Новосибирск облысы, Кыштов ауданының Құрметті азаматы.
«Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Павел Васильев атындағы республикалық әдеби сыйлықтың лауреаты. Астана қаласы әкімінің «Алтын қалам» сыйлығын иеленген.