Василий Ванюшин | өмірбаяны

0

 

Василий Ванюшин (1916–1974) — Ресейдің қазіргі Тверь облысы, Весьегон ауданы, Вауч селосында туған. 

 

1938 жылы партиялық газет мектебін бітіріп, аудандық газет редакциясында істейді. Он жылға жуық Совет Армиясының қатарында қызмет атқарады. Майдандастарының қаһармандық ерлігі туралы очерктері 1942 жылы «Московский большевик» баспасында «Под знаменем гвардейским» деген атпен жеке кітап болып шықты. 

 

1947 жылы Қызылорда облыстық «Ленинский путь» газетінің редакторы болып тағайындалады. 

 

1951 жылы Алматыға ауысқан. Ол Н.Ғабдуллиннің «Жаңа таныстар» әңгімелері кітабын, З.Шашкиннің, С.Дөнентаевтың шығармаларын орыс тіліне аударған.

 

І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және төрт медальмен марапатталған.

 

Шығармалары: Точка опоры. Роман. А., Казгослитиздат. 1956; Волчий глаз. Повесть. А., Казгослитиздат. 1957; Вторая жизнь. Науч.фантастич. роман. А., Казгослитиздат. 1962; Железный комбат. Рассказы. А., Казгослитиздат. 1958; Жизнью обязаны. Роман. А., «Жазушы», 1966; Белый скакун. Повесть. А., «Жазушы», 1972; Ветка Тамариска. Повести. А., «Жазушы», 1977.