Валерий Антонов | өмірбаяны

0

Валерий Антонов  1933 жылы 25 сәуірде Өзбек КСРнің Андижан қаласында туған. 

1957 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Баспаларда, Қазақ радиосы редакцияларында қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші болып жұмыс істеген. 

1962 жылдан «Простор» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі болған.

Қазақ тілінен орыс тіліне бірқатар өлең жинақтарын аударған. 1978 жылы «Жазушы» баспасынан қазақ тіліне аударылған өлеңдер жинағы жарық көрді. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығармалары: День рождения. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1956; Перекресток. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1961; Отзовись, назовись. Стихи. А., «Жазушы», 1967; Старый посох. Стихи. А., «Жазушы», 1976; Золотые ворота. Стихи. А., «Жазушы», 1983.