Уәлихан Сүлейменұлы | өмірбаяны

0

Уәлихан Сүлейменұлы 1936 жылы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Ұя ауылында туған. 

Мектепті 1953 жылы бітіріп, сол жылы Ташкенттегі ауыл шаруашылығын суландыру және механикаландыру институтына түсіп, 1958 жылы бітіреді. 1958–1960 жылдары Төле би ауданындағы Ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесінде мұғалім, директордың орынбасары болып істеген. 1960–1962 жылдары Төле би аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1962–1963 жылдары Мақтаарал аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, осы ауданда аупарткомның партиялық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, партия комитетінің хатшысы, бірінші хатшы сияқты жауапты қызметтер атқарған. Қазір Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы. 

Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордендерімен, бірнеше медальдармен, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Тыңға 50 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Мақтаарал, Қазығұрт, Сарыағаш, Төле би аудандарының Құрметті азаматы.

Шығармалары: Служение земли. А., «Қайнар», 1978; Шегір. Ш., «Шымған», 1994; Шырайлы да шұрайлы Оңтүстігім. Ш., «Шымған», 1996; Бабалар рухына тағзым. Ш., 1997; Ғұмыр белестері. А., «Қазақпарат», 2003.