Тынымбай Нұрмағанбетов өмірбаяны

0

 

Тынымбай Нұрмағанбетов (10.6.1945 жылы туылған, Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – жазушы. Қызылорда педагогикалық институтын (1968), Мәскеудегі М.Горький атындағы жоғары әдебиет курсын бітірген (1981). Қызылорда облысы радио комитетінде, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған.

 

 

1996 жылдан «Қазақ елі» газеті редакторының орынбасары. Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шықты (орыс тіліндегі нұсқасы үшін Бүкілодақтық М.Горький атындағы жастар сыйлық алды, 1979). Нұрмағанбетовтың «Қош бол, ата» (1972), «Қарлығаштың ұясы» (1975), «Ата қоныс» (1977) «Запах дыни» (1979), «Тұнық су» (1980), «Там где горел очаг» (1982), «Талисман» (1984), «Бәйтеректер» (1987), «Туған ауыл түтіні» (1989), «Балалық шақтың әуендері» (1995), «Таңдамалы» (1997), «Айқай» (2001), т.б. кітаптары жарияланған. Сонымен қатар «Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі», «Ескі үймен қоштасу», «Тырналар ұшып барады» телефильмдерінің сценарийін жазды. Жаңақорған ауданының құрметті азаматы.