Тұрсынжан Шапай | өмірбаяны

0
61

Тұрсынжан Шапай 1957 жылы 2 ақпанда Шығыс Түркістанда дүниеге келген.

Абай атындағы ҚазПИ-дің тіл-әдебиет факультетін бітірген (1979).

1979–1984 жж. Алматы облысы, Нарынқол ауданы О.Жандосов атындағы орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1984–1985 жж. Қазақ теледидары әдеби-драмалық хабарлар редакциясында, 1985–1986 жж. «Жазушы» баспасында редактор, 1986–1988 жж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1988–1990 жж. сын бөлімінің меңгерушісі, 1990–1998 жж. ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер, 1999 жылы Абайтану бөлімінің меңгерушісі болды. «Қазақстан» теледидарында вице-президент қызметін атқарған.

1994 жылы «Қазақ поэзиясындағы лирикалық тұлға проблемасы» (80-ші жылдар) деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазіргі қазақ лирикасы, лирикалық тұлға және Абайтану мәселелеріне арналған. Жүзден астам ғылыми, әдеби және публицистикалық мақалалар авторы.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1990). «Шын жүрек – бір жүрек» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алды (2001). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Шығармалары: Ой түбінде жатқан сөз. Әдеби сын мақалалар. А., 1998; Шын жүрек – бір жүрек. Әдеби сын, зерттеу, эсселер. А., 1999.