Тұрсынбаев Бәдел | өмірбаяны
Тұрсынбаев Бәдел (1905–1967)
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы Батпақты Бұлақ ауылында туған.
1926–1930 жж. селолық Кеңестің хатшысы, бастауыш мектеп мұғалімі болып істеген. 1930 жылы газет қызметкерлерінің қысқа мерзімді курсынан өткен ол Семей Комвузының ауыл шаруашылығы бөлімінде оқиды. 1935–1949 жж. Алматы облысындағы Байсерке орта мектебінде мұғалім, директор болып істейді. Бұдан кейін Жамбыл мұражайына қызметке орналасады. 1952 жылдан бастап мұғалімдік қызмет атқарады. 1957 жылы ҚазПИ-ді сырттай оқып бітірген. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі атағы берілген.
Шығармалары: Базар батыр. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1942; Көңілді болашақ. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1955; Түлкі мен бақташы. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Қуыршақтар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Не қымбат? Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1961; Біздің ауылдың жігіті. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1962; Мақтаншақ қызылша жайлы хикая. Суретті кітапша. А., ҚМКӘБ, 1964; Ауыл мұғалімі. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Айнымас достар. Повесть. А., «Жазушы», 1971.