Тұрап Айдаров | өмірбаяны

0

Тұрап Айдаров  (1933–1994) — 20 қарашада дүниеге келген. 

1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген соң Шымкент облысындағы Келес ауданына қарасты бұрынғы Ленин атындағы мектепке оқытушы болып барады. 

1957 жылдан бастап 40 жылдай Ташкенттің Низами атындағы педагогика институтында қазақ тілінен сабақ берді. Ұстаздық қызметімен қатар 1967 жылы «Өзбек ССРі Тамды ауданы қазақтары тіліндегі жергілікті ерекшеліктер» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған болса, 1981 жылы «Өзбекстан қазақ говорлары лексикасының ариалдық системасы» атты ғылымизерттеу еңбегін жазып, филология ғылымының докторы, профессоры деген ғылыми дәреже алды. Оның «Қазақ тілі лексикасының ерекшеліктері» (1975), «Лингвистикалық география» (1977), «Өзбекстан қазақ говорлары лексикасы және лингвистикалық географиялық мәселелері» (1992) сияқты монографиялық еңбектерімен бірге, «Жана бер, жұлдызым» (1975), «Қоңыр жел» (1979), «Арайлы аспан» (1980), «Шие» (1981), «Көңіл салтанаты» (1989) атты өлеңдер жинағы жарық көрген.