Тоқтарбек Қамзин | өмірбаяны

0

Тоқтарбек Қамзин 1979 жылы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Өскемен қаласындағы мектеп-гимназияны бітірген. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2002 жылы Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын тамамдаған.

 

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік тілге жауапты қызметкері. 

 

Өлеңдері «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» (1999) атты студенттер жыр жинағына, «Жас ақындар антологиясына» (2001), «Жас толқын» ұжымдық жинағына енген. «Аспан» (2001) атты жеке жыр жинағы жарық көрген.

 

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі дүркін лауреаты (2003, 2005). «Жұлдыз» журналы ұйымдастырған Артығали Ыбыраев атындағы жыр мүшәйрасының жүлдегері. Шығыс Қазақстан облыстық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы (1999), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілген «Астана – Бәйтерек» республикалық конкурсының сын номинациясы бойынша үшінші жүлдегері (2006).